Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Сақ патшалары. Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі


Сақ патшалары. Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі

Сабақтың тақырыбы Сақ патшалары. Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі

Сабақтың мақсаты: 
• Білімділік: Сак қоғамындағы басқару ісі, коғамдык қүрылысының ерекшелігі мен сақтардың өз тәуелсіздігі үшін жүргізген соғыстары кезеңіндегі басты тарихи тұлғалар мен олардын ерліктері туралы білім беру.
• Дамытушылық: Оқушылардың сактар туралы білімдерін одан әрі жетілдіріп, ойлау, картаны косымша көмек кұралы ретінде пайдалана білу қабілеттерін, аңыз деректері негізінде сақтар туралы, тарихи оқиғалардың тарихи шеңбері мен кеңістігі туралы білімдерін жетілдіру.
• Тәрбиелік: Отаншылдыққа, мемлекетті және тәуелсіздікті сүюге, ұлтжандылыққа тарихи тұлғалардың ерлік ісі негізінде тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интеракивті
Пәнаралық байланыс: география
Көрнекілік:
1. Карта.
2. Сақтардың жаугершілігін бейнелейтін суреттер.
3. Сақтардың саяси тарихына катысты хронологиялык кесте.
Сабақтың барысы:    I. Үйымдастыру кезеңі. 
                                    II. Үй тапсырмасы.
Алдымен «Жұмыс дөптері» бойынша берілген тапсырмаларды жаппай тексеріп шығудан бастаймын. 1-2 окушы үй тапсырмасының дұрыс жауабын оқытамын, ал қалған оқушылар көршісімен дәптерлерін алмасып, бір-бірлерінін катесін тексереді.      
Өткен сабақты еске түсіріп, жаңа сабақты айтуда оқушыларға көмек ретінде   тақтаға төмендегі «Сактар» деген тірек сөзді жазамын, оқушылар оны кезек-кезек бір-бірлеп айтып,   оны толтырып отырады.
САҚТАР

   Осы тақтада жазылған тірек сөздердің көмегімен енді окушыларға үй тапсырмасын мазмұндап беру тапсырылады.
Үй тапсырмасын   былай корытындылаймын: Сақтар ежелгі Қазақстан аумағын мекендеген көшпелі өркениеттің жоғары дәрежесіне жеткен тайпасы болды. Олар негізін салған мәдени, шаруашылықтағы жаңашылдықты кейін кұрылған тайпалық одактар мен мемлекеттер жалғастырды. Сол заманнан бері казақ даласында көшпелі мал шаруашылығы мен отырыкшы қалалық тұрмыс әдемі үйлесім тапты. Сақтар өз заманыңда отанын, жерін басқа жатжерлік шапкыншылардан қорғауда ірі-ірі шайкастарды басынан кешірді. Бүгін біз осы сақтардың көршілермен қарым-катынасы, саяси тарихы туралы мағлұмат аламыз деп жаңа тақырыпқа көшемін.
Жаңа тақырыптың жоспар:.
1. Сактардағы басқару ісі.
2. Сактар туралы аңыздар.
3. Сак патшасы Томирис.
4. Сактардың жатжерлік жаулап алушыларға қарсы күресі.
5. Парсылардың сақ жеріне жорығы.
6. Сак жауынгері Шырактың ерлігі.
7. Сактардың басқа елдердегі ірі шайқастарға қатысуы.
Сақтардың қоғамдық тіршілігінде халык жиналысы маңызды рөл атқарды. Оған бүкіл ер азаматтар катысқан. Ер адамдардың орны оның ру-тайпасының деңгейіне карай анықталды. Себебі, сак тайпалары да өркелкі еді. Олардың ішінде билікті ұстаған патша әулеттері де, катардағы көшпелі немесе егінші тайпалар да болды. Одан кейін   сақтарда билеуші әулеттің пайда болуы туралы аңыз-әңгімені оқушыларға әдемілеп айтып беремін.
Сақтар көптеген әлемдік тарихи окиғаларға катысқан. Олар Ираннан бастап Жерорта теңізіне дейінгі аралықтағы барлық елдерді бағындырған, жеңілмейтін парсы патшасы Кирді жеңіп, Ахеменид әулетінің басқа да билеушілерімен шайкасқан. Сактар мен парсылар арасындағы шайқас ұзақ жылдарға созылды. Сақтардың біраз бөлігі парсылармен соғыс одағын қүрып, Египетке жорық жасайды. Сонымен қатар тарихта сақтардың парсылармен бірігіп, гректермен шайкасканы бізге белгілі. Көшпелілердің салты, жауынгерлік дәстүрлері сол заманда өзге халықтардан үстем болды. Бұл дәстүрлер әлі де өз мәнін жоғалтқан жоқ.     Қазақтардың арғы ата-бабалары да өз отаны үшін қасық қаны қалғанша күресіп, отқа түсіп ерлігімен данқы шыққан. Бұл ерлік дәстүр атадан балаға мұра ретінде калып отырды деп, сақтардың ерлігін, батырлығын сипаттайтын оқулықтағы аңызды оқушыларға өздері оқып меңгеруді тапсырамын. Ол үшін сыныпты №1, №2, №3, №4 нөмірленген бірнеше топқа бөлемін, олардың міндеті аңыздарды оқып-түсініп, 2-3 сұрақ құрастырады, ол сұрақтар бір-бірін кайталамауы тиіс..
Осылайша тақырыпты меңгеріп шыққан оқушылардың білімін бекіту үшін өткен сабактағы хронологиялық кестемен жұмысты кайталай отырып, жалғастырады.
Болған окиға мерзімі Тарихи оқиралар
Б.з.б. VIII-VII ғасырлар - Ежелгі Ассирия мен Мидия өркениеттерімен қатынасы
Б.з.б. VI ғасырдың ортасы - Ахеменид (Иран) өулетімен карым -қатынасы
Б.з.б. 530 жыл - Парсы патшасы Кирдің сактарға жасаған жорығы

Б.з.б. IV ғасырдың 30-жылдары -Сақтардың өз жерлерін грек-македондықтардан корғауы
Б.з.б. 540, 530, 519 жылдар- Ахеменид өулеттерінін сак жеріне жорығы
Б.з.б 519-518 жылдар - Парсы патшасы Дарийдің сақтарға жойқын жорығы

Оқушылар хронологияльқ  кестені   кейінгі сабактарда пайдалану үшін артық бос жолдарды сызып калдырады.
 Қосымша дерек ретінде сак патшасы Томирис (Түмар), Зарина туралы аңыздарды, ғылыми-көпшілік әдебиеттерден әңгімелеп айтып беремін.Бұл окушыларды кызыктыра түседі.
   Қосымша дерек ретінде ұсынылатын әдебиет: ЯннисМилиадис. Истории из Геродота. М., 1983. 60
Жаңа такырыпты бекіту үшін  окушыларға төмендегі сұрақтарды қояды.
 Сұрақтар тізімі:
1. Аңыз бойынша сактардың ата-бабасы кімдер?
2. Аңыз бойынша сақтардың үш әулетінің қайсысы тұңғыш патша ұрпағы атанды?
3. Сақ коғамында абыздардың киген киімінің түсі.
4. Кирдің колынан қаза тапкан Томиристің ұлы.
5. «Сен қанға тоймаушы едің, енді той» деген сөз кімдікі?
6. Б.з.б. IV ғасырдың 30-жылдары сак-скиф жеріне грек-македондыктарды бастап келген қолбасшы.
7. Грек-македон әскерінің Үндістанға жорығына қатыскан массагет тайпасының ауыр қару-жарақты атты әскері калай аталады?
8. Парсы патшасы I Кир кай өзеннің бойына қала тұрғызды?
Бағалау:
Үйге тапсырма: 17-параграфты тақырыптың соңындағы сұрақ-тапсырмалардың көмегімен жауаптар дайындау аркылы меңгеріп шығу.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі.
Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі
Сақтардың тәуелсіздік жолындағы күресі
Сақтардың қоғамдық құрылымы және идеологиясы
Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі
Сақтардың мәдениеті
Ежелгі Қазақстан тарихы
Сақтар
Қайталау
Қазақстан тарихынан әңгімелер
Бөлім: Уроки / Тарих | Көрсетілім: 14255 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык