Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Ежелгі Үнді мәдениеті


Ежелгі Үнді мәдениеті

Сабақтың тақырыбы Ежелгі Үнді мәдениеті

Сабақтың мақсаты:
 Жалпы Үнді мәдениетіне кеңірек тоқтала отырып, Ману заңдарына, буддизмге сипаттама беру. Өнер, білім негіздерін жетілдірудегі ерекшелектерін көрсету.
Сабақтың түрі: лекция
Сабақтың әдісі: Хабарлау сабағы.
Сабақтың көрнекілігі: Кітап, дәптер, карта т.б.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
• Оқу құралын тексеріп түгелдеу
• Әнұран орындау, «Хабар»
     ІІ. Жаңа сабаққа кіріспе.
  Ежелгі дүниедегі ән-жыры көп халықтардың бірі-үнділіктер. Олардың өмірі мен тұрмысы туралы «махабхарата» және «Рамаяна» дастандарында жырланған. Бұл шығармалар-ауыздан-ауызға тарап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткен туындылар. «Махабхарата» дастаны бойынша кинофильмдер, балалар кітапшалары көп.
    Балалар «ай», «күн» әулеттері туралы сұрақ қоюы мүмкін. Сонда   оны төмендегідей түсіндіремін.
    «Махабхарата» дастанында он тайпа билік үшін күреседі. Олар абыз Вишвамитраның бастауымен Ганг өзенінің жоғарғы ағысы бойына аттанады. Олардың көбісі бхарат тайпасынан еді. Ал Ганганың жоғарғы жағын тритсу тайпасы мекендейтін.  Екі тайпаның арасындағы  соғыс ұзаққа созылды. Ақыры тритсу тайпасы шығысқа қарай шегініп кетті. Мұнда олар косал тайпасына қосылды. Сөйтіп жаңа астана негізінде өздерінің «күн» әулетін құрды. Ал бхарат тайпасы басып алған жеріне жаңа астана салып, оны «Пілдер қаласы» деп атап, «ай» әулетін негіздеді. Бхарат патшасының алты ұрпағы билік еткеннен кейін, патша Самравана «күн» әулеті патшасының қызына үйленді. Олардың баласы Каурав жаңа «ай мен күн» әулетін негіздеді. Бірақ кейіннен Кауравтың ұрпақтары екі топқа бөлініп кетті. Олардан екі тайпа қалыптасты. Кіреуі кауравтар, ал екіншісі пандавтар деп аталды. Екеуінің арасында билік үшін күрес басталды.
    Бұл сабақта   оқушылардың белсенділігін туғызатын әр-түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, жаңа білімді түсіндіруді оқушылардың дербес жұмыстарымен ұштастырамын.
     Оқу материалдарының негізгілерін ғана түсіндіремін, ал қалғанын оқушылар өткен материалдарға сүйене отырып, өздігінен меңгереді.
   «Махабхарата» және «Рамаяна» дастандарының мазмұнын әңгімелеп айтып беру.
    Ману заңлары туралы баяндап, оны қазіргі өмірмен сабақтастыру, яғни байланыстыру. Өткен тақырыпты естеріне түсіріп, салыстыру.
    Буддизм тақырышасы бойынша будданың таралуы туралы айту. Монахтар тіршілігін әңгімелеу. Қандай елдерде  тарағанын картадан көрсетіп, будданың дүниежүзілік дінге айналуын баяндау.
    Оқушылар сабақта өз бетінше орындайтын жұмысы арқылы да жаңа білімді игереді,   тапсырмалар орындайды.
     Оқушылар оқулықта  берілген сұрақтар мен тапсырмаларды орындап, сөзжұмбақ, ребус шешуге жаттығады.
    Сыныптан тыс оқуға арналған «Будда туралы аңыз» әңгімесіноқып, талдау, берілген жаңа  сөздердің мағынасын тақтаға жазып көрсету, әңгіме туралы оқушылардың  пікір, көзқарастарын тыңдап, талқылау, әңгімеде суреттелген әр кезеңдегі өмірді ретімен жазу-осының бәрі сабақ барысында атқарылатын жұмыстар.
      Сабақ аяғында жинақтап, қорытындылаймын.
   Өнер мен білім негіздері бойынша үнділіктер өнерінің тамаша туындылары-діни сарайлар мен храмдар туралы айтылады. Олардың 2 түрі болды. Біріншісі-ашық жердегі храмдар, олар тастан, кірпіштен тұрғызылған, екіншісі-үңгір ішіндегі храмдар.
    Ашық жердегі храмдардың төбесі бидай түйетін келі сияқты күмбезделіп тұрғызылған. Айналасы қоршалып, төрт жағынан сәнделген бұл храмдардың зерленген қақпасы болғанына тоқтала отырып, оқулықтағы қақпаның суретіне сипаттама жасаймын. Онда Будда мен оның мөрі бейнеленеді. Тастан күйдірілген қыштан шеберлер әр түрлі мүсіндер жасады.
    Үнділердің жыл санауы бойынша 1 жыл 360 күн, 12 айға, бір ай 30 күнге бөлінді. Б.з.V-VI ғасырларда үнді оқымыстылары Жердің шар тәріздес екенін білді. Олар ертеден санаудың ондық жүйесін пайдаланды. Қазіргі біз жазып жүрген  сандарды арабтар үнділіктерден үйренген.  
IV. Үй тапсырмасы:§19
Кітіп бойынша сөзжұмбақ құрастыру


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Ежелгі Оңтүстік және Шығыс Азия тарауын қайталау
Көшпелілер мәдениеті
Ежелгі Герман тайпасы және Рим империясы
Орта ғасырлардағы Қытайдың мәдениеті мен өнері
Көшпелілердегі қоғамдық қатынастар. Көшпелі және отырықшы мәдениеттердің өзара байланысы
Кушан патшалығы
Ежелгі Үндістан
Ежелгі Қытай
Ғұндардың тұрмысы мен шаруашылығы
Ежелгі Қазақстан мәдениеті
Бөлім: Уроки / Тарих | Көрсетілім: 9742 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык