Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Білім биржасы ойыны


Білім биржасы ойыны

Білім биржасы ойыны

Ойынның мақсаты:  Білім – іскерлік дағдыларын қорыту, бекіту
Ойынның  шарты:  Тақтаға конверттер ілінген панно бекітіледі, оларда әртүрлі деңгейдегі тапсырмалар бар. Әрбір оқушы конверттерден өз мүмкіндіктері мен қабілетіне қарай тапсырма алып, дайындалып, жауап береді. Жауаптары «акциялармен» бағаланады. «Акционер» – оқушы жауабының толықтығына қарай әртүрлі түстегі «акциялар» алады.  Мұғалім – «банкир» әрбір оқушының «түсімін» есептейді. Осы негізде баға қояды.
І деңгей тапсырмалары:
1. Қала мен дала тұрғындарының мәдени байланысын  сипатта.
2. Бүгінгі қазақтар мен көне түріктердің наным – сенімі және діни ерекшелігін сипатта.
3. Діни сәулет өнері ескерткіштерін сипатта.
4. Бейнелеу өнері мен мүсін өнері дамуы туралы айтып бер.
5. Қолданбалы өнер туралы не білесің?
6. Сауданың дамуы мен ақшаның шығуы туралы сипатта.
7. Қала тұрғындары мен дала тұрғындарының материалдық мәдениетіне сипаттама бер.
8. Күлтегін және Тоныкөк ескерткіштеріне сипаттама бер.
ІІ деңгей тапсырмалары:
1. Жартылай көшпелі мәдениет деп қандай мәдениетті айтамыз?
2. Материалдық мәдениет деген не?
3. Қолөнер дегеніміз не? Қыш құмыра жасау қалай дамыды?
4. Металл өңдеу қалай жүргізілді?
5. Ақыртас қандай құрылыс?
6. Мырзарабат, Якка сардоба ғимараттары не мақсатпен салынды?
7. Діни ғимараттарға нені жатқызуға болады?
8. Жазба әдебиеттің дамуын неден байқауға болады?
9. Жазбаша сақталған ескерткіштердің тарихи маңызы неде?
ІІІ деңгей сұрақтары:
1. Сауданың негізгі үш бағытын ата
2. Сайрам қаласы еретеде қалай аталған?
3. Түріктер асыл тастар мен металладарды қай елден әкелген?
4. Архитектура деген не?
5. Қандай қалаларда архитектуралық құрылыстар салынды?
6. Діни ғимараттарға нені жатқызуға болады?
7. Қазақстанда түрік жазуы қай кездерде пайда болды?
8. Жазудың пайда болуы нені көрсетеді?
9. Қандай әдеби ескерткіштерді білесіңдер?
10. Қолөнердің қандай салалары дамыды?

“Бас қатырғылар базары” ойыны
Ойынның мақсаты:  Білім – іскерлік дағдыларын қорыту, бекіту
Ойынның  шарты:  Оқушылар үйде сөзжұмбақтар, сөзтізбелер, тарихи домино, хронологиялық лото, викториналар, құпия сөздер және т.с.с. құрастырады да, сабақта оларды шешеді. Жүргізуші ең белсенді, кәсіпкер, тапқырларды анықтайды.
Қорытындылау. Үйге тапсырма: § 5 және 8-10 оқып, дайындалып  келу
Қорытынды  бөлімі 5 - сабақ
Тест
1. Малды қолға үйрету қай тарихи кезеңде басталды?
А) ерте палеолитте в) ерте палеолиттің мустье 
кезеңінде
с) қола дәуірінде д)темір дәуірінде
2. Сайрам қаласы ертеде қалай аталған?
А)Отырар В) Испиджаб
С)Сауран Д) Сығанақ
3. Түріктер асыл тастар мен маталарды қай елден әкелген?
А) Батыс елдерінен В) Орта және Таяу Шығыстан
С) Үндістаннан Д) Византиядан
4. Жеріміздегі сәулет өнері тамаша ескерткіштерінің бірі 
А) Қостөбе В) Ақыртас ғимараты
С) Якка сардобалары Д) Білеулі ғимараты
 5. «Сардоба» деген қандай құрылыс?
А) тұрғын үй В) құдық үстіне салынған ғимарат
С) малға арналған қора Д) мешіт
6. Түрік жазба әдебиетінің көне ескерткіштері
А) «Күлтегін» және «Тоныкөк» жазулары
В) «Оғызнама» С) «Қорқыт ата» Д) руна жазуы
7. Түріктер отбасына шапағатын тигізеді деп кімге табынған?
А) табиғатқа В) Ұмай анаға
С) Көк бөріге Д) Тәңірге
9. Сәйкестендір.
І.Сардоба а)әдеби шығарма
    ІІ. Руна в) құдық үстіне салынған 
құрылыс
    ІІІ. «Орхон - Енисей» с) көне түркі жазуы
    ІV. «Оғызнама» д) жазба ескерткіштері
10. Түрік философы, дана – ойшылы атанған Тоныкөк пе?
А) иә В)жоқ
11. Оғыздардың шаруашылығының түрлерін ата.
12. Түріктерді аварлар деп атаған қай жақтың ғалымдары?
А) Америка В) Еуропа С) Қытай Д) Қазақ 
13. Орхон – Енисей жазба ескерткіштері қай мемлекеттің жерінен табылды?
А) Қытай В) Ресей
С) Монғолия Д) Қазақстан
14. Түріктердің әліпбиі (альфавиті)..... негізінде жасалған
А) ру-тайпаларының таңбалары В) соғды жазуы
С) қытай иероглифі Д) руна жазуы
Тарихи сынақхат
................ ғасырлар аралығы Қазақстан тарихында ....... ........... ............... кезеңі деп аталады. Бұл кезеңде ............ халқы әлі қазақ деп аталмағанымен, кейін оның құрамына кірген ...................... бірігу -  бірлесу жағдайында болды. Қазақ жерінің ....... ............ .............. бойында жатуы сауда орталығына айналған ірі ...................... қатарын көбейтті. ................ Қазақстанда, .................. аймағында  қалалар саны өсті. Олардың маңайында ................., ..................... көбейіп, .................... отырықшылық мәдениет дами түсті. ............. тұрғындары мен ............... тұрғындарының арасында ..................... байланыс өсіп, .............. тілдес тайпалар арасында ......................... және ........................ отырықшылық дәстүр қалыптасты. Тұрғындардың ......................... рухани  -  .................... өмірінде көптеген жаңалықтар пайда болды. ................... де, қыш -  ............... ісі де, ................. өңдеу де жаңа тұрғыда дамыды. ...................... құрылыс жүйелерінде  жаңа ......................... бой көтерді. 
Бұл кезеңнің өзіне тән және бір жаңалығы  -   .............. тіліндегі ............... өнерінің жаңа тұрғыда өркендеп, .................. әдебиеттің дамуы. Түріктердің ............... -  ................., онымен қатар жаңа ......... ............ -  ...................... пайда болуы, .............. ................. өнерінің  дамуы да осы кезеңді қамтиды.    
Қорытындылау.

”Мектептің тірегі де, тілеуі де оқыта білетін мұғалім” деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай, білім беру саласында оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, жас ұрпаққа заман талабына сәйкес білім беру мүмкін емес. Осы мақсаттарды жүзеге асырудың алғы шарты – оқу-тәрбие жұмысын басқаруды әрі жүйелі жоспарлай білу, сол жоспарды жүзеге асыру.Біздің жалпы білім беретін орта мектеп жұмысында инновациялық процесті  жобалау және бағдарлы білім берудегі мақсатымыз – шығармашылық ізденістегі ұстаздар қатарын толықтыру, білім беру мен оқыту әдістемесін жаңа технологиялармен байыту, жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның бәсекеге қабілетті жеке тұлғасын тәрбиелеу болып табылады.

Қолданылған әдебиеттер:

1. М.М.Жанпейісова “Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде” Алматы,2002 ж 
2. “Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы оқыту әдістемесі” 
3. М.М.Жанпейісова, А.Ш.Орақова “Интерактивті оқыту әдістері”.
4. М. Ж. Абылова, Ә. Е. Бегалинова, А. З. Жәменкенова 
«М. М. Жанпейісованың модульдік технологиясын қолдану негізінде ойын арқылы оқыту.» Ғаламтор желіс


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Түріктердің рухани мәдениеті
Жартылай көшпелі және отырықшы мәдениеттердің өзара әсері
Қазақстанның көне қалалары
Архитектура және өнер (ҮІ-ІХғғ)
Ерте орта ғасырлардағы мемлекеттер.
Аукцион ойыны
VI – IX ғасырлардағы отырықшылар және көшпелілер мәдениеті
Өз жартыңды тап ойыны
Орта ғасырларда қазақ жерінде рухани мәдениеттің дамуы
Түріктердің рухани мәдениеті
Бөлім: Уроки / Тарих | Көрсетілім: 3529 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык