Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » ҰЛЫ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ АШУЛАР ХІVғ аяғы мен ХVIғ басында


ҰЛЫ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ АШУЛАР ХІVғ аяғы мен ХVIғ басында

Сабақтың атауы

ҰЛЫ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ АШУЛАР ХІVғ аяғы мен ХVIғ басында

Сілтеме

 С.М. Машімбаев,С.А.Тортаев, М.Маженова 7 сынып оқулығы. 172-179 бет.

 Слайдтар.       Сабақ жоспары

Жалпы мақсаты

 

Географиялық ашулардың мақсатын анықтау,географиялық ашулардың барысымен таныстыру,саяхатшылардың өмірі мен ашқан жерлері жайында түсінік беру.

 Міндеттер:

 

1. Оқушылардың қызығушылығын ояту

2. Жаңа тақырыпқа  оқушылардың білетін білімі арқылы кіру

3. Оқушылардың өздерін-өздері оқыту арқылы білім беруге ықпал жасау, сыни тұрғыдан ойлау процестері арқылы әр баланы қамтуға жағдай жасау

4. Жаңа сабаққа белгілі бір ой қорытындылар жасау 

Мұғалімдер үшін оқу нәтижелері

1.Оқушылардың бірін-бірі оқытуы арқылы аталған тақырыпты меңгеріп шығу

2.Мұғалім оқуға бағыттап отыру

3.Оқушылардың өзін және достарын бағалау мүмкіндіктерін жасау 

Сабақта туындаған негізгі идеялар

1.Оқушының  өмірдегі біліміне, білетініне, сүйену

2.Жаңа  теориялық ақпаратты  беру арқылы оқушыға жаңа ойлау дағдысын, мәнерін, амалдарын қалыптастыруға ықпал жасау

3. Проблемалық сұрақтарды шешуге итермелеу арқылы СТО  

Күтілетін нәтиже

1.Ұлы географиялық ашулардың мақсаттарын айқындап, бағыттарын игеру;

2.Жаңа  теориялық ақпаратты  беру арқылы оқушыға жаңа сфера жайлы білімнің басталғанын сезіндіру;

3. Жаңа білімнің өмірде бар екендігін, оны біз өмірде байланыстарда пайдаланудың мүмкіндіктері қандай деген  жаңа сабаққа үлкен қызығушылық тудыру;

Тапсырмалар

wiki  беттерінен жүктелген дереккөздер

 

 

1. «Қазақстан тарихы» журналы  №5 2010 жыл 46-51 беттер
2.  
3. А.А. Горелов «Концепции современного естествознания» М. 2002 ж
4. М.С. Панин «Химическая экология» М. 2002 ж 

1 сабақ. Тақырыбы: Ұлы географиялық ашулар

 

Үндістанға баратын теңіз жолын іздеу

Үндістанда Шығыс Азия елдерінде қымбат заттар төгіліп жатыр деген әңгіме тарады

Саяхатшылардың қайсысы қай жерді ашқанымен танысады

Ақшаның маңызы күшейіп, сауданың одан әрі дамуына себепші болды

 

Христофор Колумбтың саяхаты

1492 жылы Үндістанға бару мақсатымен саяхатқа шықты

Сорогос теңізі Сан-Сальвадор аралы, Америка құрлығын ашып оны «Үндістан» деп атады

Еуропада жоқ өсімдіктерді (жүгері, картоп,темекі) кездестірді

 

Америго Веспучи саяхаты

1497 жылы Колумбтың ашқан жерлерін зерттеді. Америка материгін ашты

Бразилия жағалауын зерттеді, «Үндістанның» жаңа материк екенін анықтады. «Америка» деп аталды

Жаңа жерлерді Еуропалықтардың басып алуы және тонауы

 

Васко да Гамма саяхаты

1497 жылы саяхатқа шығып Үндістанға баратын тура жолын ашты

«Әулие Елена» аралын, «Қайырлы үміт» мүйісін, «Санто Баре» қойнауын ашып, Үндістанға барғанын анықталды

Үндістанды Португалия кейін Испания, Франция, Англия отарына айналдырды

 

 

 

Фернандо Магеллан

1519 жылы жер шарын айналып шығу үшін саяхатқа шықты

Саяхат барысында Тынық мұхитын ашуы, тұнғыш рет жер шарын айналып шықты

Жер күнді айналатынын дәлелдеп берді

 

 

Сабақтың жүрілуі бойынша мұғалімнің жазбалары: Мұғалімдер немен айналысады және оқушылар немен айналысады.

 

Оқушыларды ұйымдастыру, сәлемдесу  1 мин

СТО сұрақтары

Сабақ барысында жасаған мұғалім мен оқушының іс-әрекеті

Сабақтың маңыздылығы не?

-оқушылар не алады?

-бұрынғы білімін қалай пайдалана алады?  

- өмірден алған тәжірибесінің әсері?  - сабақтың болашақта  оқушыға қандай пайдасы бар?

 

-оқушыларды ой қозғау арқылы тақырыпқа әкелу

-тақырып жайлы бұрынғы білетіндерін анықтау, соған сүйену  жолдарын табу

 

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: Мұғалімдер немен айналысады және оқушылар немен айналысады.        Сабақты ұйымдастыру 1 мин

 

 І. Қызығушылығын ояту

 

  Сұрақ: Адамзат қандай жаңалықтар ашты? Георафиялық ашулар қандай мақсатпен жүргізілді? Қазір Оңтүстік Америкада, Солтүстік Америкада, Үндістанда қандай халықтар тұрады? Өз ойларыңды дәптерге жаз. 

                                                                                                      /уақыт 3 мин/

 

                   

Сын тұрғысынан  ойлау үшін мүмкін-діктер

-еркін ойлауға қандай мүмкіндіктер жасалды?

-өздігінен ізденуге қандай мүмкіндіктер жасалады?

 

Мағынаны ажыра-ту сатысы (жаңа ақпарат)

-оқушыларды белсе-не қатыстыру

-стратегияларды жүйелі қолдану   арқылы оқушылар-дың жұмысын ұйымдастыру (сауал қоя білу, талдау жа-сай білу, баяндау және қызу ой талқы-сын жасай білу қабі-леттерін жетілдіру жолдарын беру)

-оқушылармен бір-лесіп жұмыс жасау, қарым-қатынас шеберлігін ұтымды пайдалана білу

-оқулықтан басқа ақпараттар көзін ашу

 

 

 

 

 

-әрі қарай  не болатынына қызықтыру, белсенділіктерін ояту

-алатын білімінің пайдалылығына көздерін жеткізу

-білімін, ақпаратты жүйелеуге үйрету

 

ІІ. Мағынаны тану

 

Өндірістің дамуы арзан шикізат қорын қажет етті. Сол кезде Батыста осы айтылған қымбат заттар – Үндістанда, Шығыс Азия елдерінде төгіліп жатыр деген әңгіме тарады. Сөйтіп, сауданың дамуы жаңа жерлерді іздеуге итермеледі. Бұл, әрине, ғылым мен техниканың дамуының арқасында ғана мүмкін болды. Теңізге жүзу үшін толқынға төзе алатын, алысқа жүзе алатын кемелер жасала бастады. Кеме жасауда Испания мен Португалия бәсекелесті. Олар Атлант мұхиты арқылы жүзіп, белгісіз аралдар мен түбектерді өздеріне тәуелді етіп, байлығын тонай бастады. Осылай Ұлы географиялық ашулар жүйенің бастамасы болып қалды.

Мәтінмен жұмыс

№1 топ

Х.Колумб – саяхатшы, оны дәлелде.

Колумбтың саяхаты 1492 ж. тамызда басталды, оның мақсаты Үндістанға бару еді. Ол үшін кемемен Испания жағалауындағы Полос қаласынан сапарға шықты. Ашқан жаңалықтарды: Сорогос теңізі, Сан-Сальвадор аралы, Америка құрлығын ашып, оны «Үндістан» деп атады. Еуропада жоқ өсімдіктерді (жүгері, картоп, темекі) кездестірді. Қиындықтар – теңізге уақыт жүру, теңізшілер арасында абыржу, еңбегінің бағаланбауы.

 

 

 

№ 2 топ

Васко да Гамманың жасаған саяхатын зерттеп, сызбасын жаса. Васко да Гамманың экспедициясын зерттей келе, оның 1497 жылы 8 маусымда төрт кемемен Лиссбоннан шыққандығы анықталды. Ол Канар аралдары арқылы Африка жағалауына келді және сол сапары барысында «Әулие Елена» қойнауын, «Қайырлы Үміт» мүйісін, «Санто Баре» қойнауын ашып, Үндістанға барғандығы анықталды. Кейін Португалия королі Эммануилдің арнайы тапсырмасымен екі рет Үндістанға әскери экспедициясымен аттанып, бейбіт елді қарудың күшімен басып алды. Осылай Үндістан елі Португалияның, кейін Испания, Франция, Англия отарына айналды.

                                                                   № 3 топ

Америго Веспучи саяхатын салыстыр. ВЕНН диаграммасы.

А.Веспучи                                          саяхатшы                      Х. Колумб

- 1497 ж. сапарға шықты.              Испания                  - 1492ж. сапарға шықты

- 3 рет аттанды.                                Америка                  - 1 рет аттанды

- Бразилия жағалауын                    құрлығын              - Сан-сальвадор аралы,

Зерттеді                                                ашты                         Сорогос теңізін ашты

-Үндістанның жаңа                                                              Жаңа жер ашып,

Материк екенін                                                                   «Үндістан» деп атады

Анықтады                                                                            - Қуғынға ұшырады

- Америка деп атады

4 топ. Фернандо Магеллан саяхатына талдау жаса.

Ф.Магеллан жер шарын айналып шығу үшін 1519ж. 20 қыркүйекте бес кемемен Испаниядан аттанды. Ол Канар аралдары арқылы Оңт. Американы жүзіп өтіп, Ұлы мұхитқа шықты. Оны Тынық мұхиты деп атады, өйткені ол Атлант мұхитына қарағанда бәсең болатын. Атлант мұхиты мен Тынық мұхитын байланыстыратын бұғаз кейіннен «Магеллан бұғазы» деп атады.

   Көп қиындықтарға ұшырай отырып, 1521 жылы 9 наурызда аралдарға кездеседі, Кейіннен Испанияға қарасты Филиппин аралдарына келіп тоқтайды. Сол жерде жерілікті тұрғындармен болған шайқаста Ф.Магеллан қайтыс юолады. Экспедиция мүшелері елге оралады.

Әрбір  топ өз жұмыстарын қорғайды.Ортаға шығып бір-біріне түсінгенін айтып талқылайды./4 мин/ (15 мин)

 

 

 

Толғаныс (рефл-я)

-сабақта үйренген-дерін бекіту, қолдану жолдарын беру

-жаңадан үйренгенін пайдалана отырып, білімін жүйелеу

жауап шешімі осыған байланысты жұмыс-тар беру арқылы түсінік деңгейін тексеру

ІІІ. Ой қорытынды

 

Интерактивті тақтада тапсырмалар орындау арқылы сабақты пысықтау

 

3 топ                                              Симантикалық карта

 

Сорогос

теңізі

«Әулие Елена»

Тынық мұхиты

Бразилияны зерттеді

Х.Колумб

         +

 

 

 

Ф.Магеллан

 

 

        +

 

А.Веспучи

 

 

 

         +

Васко да Гамма

 

         +

 

 

 2 топ                                           -Хронологиялық диктант

1.Ол үш кемемен1492 ж. Испания жағалауындағы Полос каласынан сапарға аттанды (Х.Колумб)

2.Ол 1501 ж. Португалия королінің келісімімен жаңа жерге екінші рет барды. (А.Веспуччи)

3.Оның 1497 ж. төрт кемелі экспедициясы Лиссабон портынан шықты.

(Васко да Гамма)

4.Әйгілі теңізші 41 жасында 1521 ж. дүниеден өтті. (Ф.Магеллан)

1 топ және  4 топ         Дисккуссиялық карта

Ұлы географиялық ашулардың нәтижесі оң болды.

                             Иә:                                                            Жоқ:

Сауда дамыды;                                                  Отарлық қанау күшейді;

Материктер арасында байланыс;             Америка, Азия, Африка

                                                                                      халықтарының

                                                                                  жағдайы ауырлады;

Тауар өндірісі жеделтілді;                          Ұлы жібек жолы тоқтады.

Теңіз жолы дамыды;                                          

 

 

Бағалау (түрлері)

-оқушының өзін-өзі бағалауы

-топтың өзін-өзі бағалауы

-мұғалімнің бағалауы

-жалпы бағалау

-критерийлер арқылы бағалау

Слайд 6  Бағалау: 7 мин/ Өзін-өзі және достарын бағалау парағы

Оқушының аты-жөні

Топта сөйлеп, идея айтқанды-ғын бағала

Белсенділігін бағала

Мұғалімнің бағалауы

 

 

1

 

 

 

 

2

 

 

 

 

3

 

 

 

 

4

 

 

 

 

 

-сабақты қалай аяқтауды жоспарлау

 -өз пікірін дәлелдеумен аяқтауды жоспарладым. 

Сабақты аяқтау түрлері

-бір пікірге келу...

-өз пікірін дәлелдеу...

-үйде жалғастыру...

§ 42 оқу, Американың ежелгі халықтарының (Майя, Ацтек, Инк) өмірі жайлы эссе жазу.

45 мин. Сабақтың соңы

 

     

 

 


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Ахмет Йассауи хикметтері 8-сынып қазақ әдебиеті пәнінен қысқа мерзімді жоспар.
Қаратпа сөз
Оңтүстік Америкаға саяхат
Материктер мен мұхиттардың зерттелу кезеңдері
Қалқанша бездің құрылысы мен қызметі
Гуморальдық реттелу
Алғашқы саяхатшылар
ХҮ ғасырдың соңы мен ХҮІ ғасырдың бас кезіндегі ұлы географиялық ашулар
Оңтүстік жарты шар материктерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтары
Американың қоныстану және игерілу кезеңдері. Америка елдерін топтастыру
Бөлім: Уроки / Тарих | Көрсетілім: 9447 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык