Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » ХІХ ғ 80-90 жылдарындағы әкімшілік-аумақтық реформалар


ХІХ ғ 80-90 жылдарындағы әкімшілік-аумақтық реформалар

Тақырыбы: ХІХ ғ 80-90 жылдарындағы әкімшілік-аумақтық реформалар

Мақсаты: а) ХІХ ғ 80- 90 жж. патша үкіметінің Қазақстанда жүргізген әкімшілік 
                       реформаларының мәні мен мақсаты және өзгерістер барысы туралы 
                       мағлұмат беру 
                  ә) XIX ғ бойында Қазақстанда жүргізілген реформалардың бір – бірімен 
                      байланысын, ерекшеліктерін айыра білу арқылы оқушылардың ойлау 
                      қабілеттерін дамыту 
                  б) Реформалардың отаршылдық мазмұнын айта отырып оқушыларды
                     отан сүйгіштікке  тәрбиелеу.
Түрі: дәстүрлі сабақ
Әдісі: сын тұрғыдан ойлау технологиясы элементтерімен, электронды тестілеу
Көрнекілігі: слайд, карта, кесте.
Пән аралық байланыс: география
Барысы:                                           1.Ұйымдастыру
                                                           2.Үй тапсырмасын сұрау. 
1. Ресей неліктен Қазақстанды Қытаймен саудада транзиттік аумақ ретінде 
    пайдаланды?
2. 1881 ж. Петербург келлісіміне дейінгі Қытай-Ресей саудасының даму жағдайын  
    баяндаңдар?
3. Қытаймен саудада басты роль атқарған қалалар ?
4. 1881ж. Петербург келісімі бойынша Ресей мен Қытай саудасының Қазақстанға 
    тигізген әсерін сипаттаңдар?
Электрондық тестілеу   - (10 сұрақ – 1 сұраққа-15 сек.)
 
3.Жаңа сабақ барысы
ХІХ ғ 80-90 жж. реформаның мақсаты- ХІХ ғ 60 жылдары жасалған реформаларды заңдастыру болды.
1886 ж 2 маусым «Түркістан өлкесін басқару және онда жер-салық өзгерістерін енгізу туралы» ереже
1891 ж 25 наурыз «Ақмола, Семей, Жетісу, Орал және Торғай облыстарын басқару туралы» ереже қабылданды. Оған ІІІ Александр патша қол қойды.
Топтық жұмыс (кесте, корточка) 
1) 1867-68 жж ереже бойынша Қазақ жері 3 генерал-губернаторлықтан тұрған еді. Басқару ісін одан әрі оңтайландыру үшін 1886 жылғы ереже бойынша Түркістан өлкесінде үш облыс құрылды: Сырдария, Ферғана, Самарқан. Өлкенің басқару орталығы – Ташкент қаласы болды. 
1891 ж ережеге сәйкес бұрынғы Батыс Сібір және Орынбор генерал-губернаторлықтары Дала генерал-губернаторлығына бірікті. Оған Ақмола, Семей, Жетісу, Орал, Торғай облыстары кірді.Орталығы – Омбы қаласы болды. Жетісу облысы 1897 жылы Түркістан генерал-губернаторлығының құрамына қосылды.
 
2) 1891 жылғы ереже бойынша сот істері өзгертулерге ұшырады. 17 баптан тұратын бұл жаңа заң, негізінен Ресейдегі үстем тап өкілдерінің және Қазақстандағы отарлаушы әкімшілік пен ақсүектердің мүддесін қорғады 
         Ол бойынша: 
         а) Бітістіруші сот -облыстық, уездік билеушілердің мүддесін қорғады.        
        
       ә) Соттардың төтенше сьезі -уездік, болыстық тұрғындарға қатысты  
                                                        мәселелерді шешті.
       б) «Халық-соты» -мұсылман тұрғындарының ісін қарайтын төменгі сот буыны  
          болды. Бұл арқылы Қазақстанда бұрынғы билер соты жойылды.
 
3)  Ереженің отаршылдық белгісі ашық түрде көрінді.
Ереженің 119 бабында: «Игерілген және игерілмеген жерлер де Ресей мемлекетінің меншігі» деп жарияланды.
137 бапқа сәйкес көшпелі халықтық әрбір шаңырағы 4 сомнан ақшалай салық төлеуге міндетті болды. Шаңырақ санағы 3 жылда 1 рет жүргізілуге тиіс болды. Бұл мал шаруашылығына нұсқан келтірді. Артылған жерлер қоныс аударушыларға бөлініп берілді. 
 
1867-1868 жж. реформа бойынша қазақ жері 3 генерал-губернаторлыққа бөлінді 
1886-1891 жылдардағы рефоманың нәтижесі:
1) ХІХ ғ 20 жылдарында басталған ережелердің заңды жалғасы болды;  
2) Басқару жүйесіне жаңашылдық енгізудің соңы болды;
3) Қазақ жері Ресей мемлекетінің меншігі деп жарияланды;
4) Қазақстан Ресейдің түпкілікті және ажырамас отарына айналды.
Сергіту сәті:Орнымызда тұрайық,
                       Қолды белгеқояйық
                      Алға қарай бір адым2
                      Артқа қарайбір адым2
                      Жоғары-төмен қарайық
                      Орнымызды табайық. 
 
 
 
4. Бекіту кезеңі:
1 топ. 1822-24 жж. «Ереже» мен 1886-1891 жылдардағы «Ережелердің» басты ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табыңдар.
2 топ. 1867-1868 жж. «Ереже» мен 1886-1891 жж. «Ережелердің» басты ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табыңдар?
3 топ. Бүгінгі сабақ бойынша «Ережедегі» негізгі өзгерістерді кесте түрінде бейнелеп, түсіңдіріңдер?
 
5.Үйге тапсырма: Тақырыпты оқу.
                              сұрақтарды орындау.
                              Семантикалық карта толтыру.
 
 Сот өзгерістері Шаңырақ салығы облыс округ ауыл 3 сатыл басқару 2 ген. -губ.
 
Ережелер 3 ген. - губ. 5 сатылы басқару болыс уезд Дистанциялық  басқару Хандық  билікті жою Халық санағы
+ + + + + 1822-1824 + + + +
+ + + 1867-1868 + + + +
+ + + + + 1886-1891 + + + +
 
6. Бағалау кезең

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
ХІХ ғасырдың 80-90 жылдарындағы әкімшілік-территориялық реформалар
XIX ғ. 60-90 жж әкімшілік реформалар Орал, Торғай, Маңғыстау көтерілісі
Ресейдің қазақ жеріне әкімшілік-саяси басқару жүйесін енгізуі
XIXғ 60-90 жылдарындағы Ресейдің Қазақстандағы әкімшілік және сот реформалары
1867-1868 жылдардағы реформа
1867-1868 жылдардағы Қазақстандағы реформалар
1867-1868 жылдардағы Қазақстандағы реформалар
Қазақстандағы 1867-1868 жылдардағы реформа
1867-1868ж " Басқару туралы уақытша ережелер"
Қазақстандағы 1867- 1868 жылғы әкімшілік реформа
Бөлім: Уроки / Тарих | Көрсетілім: 9338 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык