Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Тарих |
Көрсетілім: 2288 |
|
|
|
ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ТАРИХИ ҒЫЛЫМДАРДЫ ЖАҢҒЫРТУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ТАРИХИ ҒЫЛЫМДАРДЫ ЖАҢҒЫРТУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
2013 жылдың 5 маусы¬мын¬¬¬да Астанадағы Л.Н. Гу¬ми¬лев атындағы Еуразия ұлт¬тық универ¬си¬те¬тінде ҚР Мем¬лекеттік хат¬шы¬сы Марат Тә¬жиннің төраға¬лы¬ғы¬¬мен Қа¬зақстан Рес¬¬¬пу¬бликасының та¬рихын зер¬делеу жөніндегі вед¬ом¬ство¬аралық жұмыс то¬бының кеңейтілген оты¬рысы өтті. Тарихшылардың осы ал¬қалы мәжілісінде елдің блашағы үшін тарихымызды жа¬ңаша көзқарас тұрғысынан зер¬делей түсу, ұлттық сананы ны¬ғайту, өзекті тақырып¬тар¬ды зерттеу және жаңа за¬ман¬ға сай оқулықтар жазу сияқты нақ¬ты міндеттер жүктелді.
Қазақ елінің тарихы патшалық және кеңестік билік заманында бұрмаланып, дұрыс жазылмай келді. Тек еліміз еркін¬дік¬ке қол жеткізгеннен кейін ғана «ақтаңдақ» бет¬тері ашылып, ұлттық тарих жазыла бас¬тады. Қазақ елі Тәуелсіздігінің 20 жыл¬ды¬ғына дейін көптеген зерттеу еңбектері жа¬рыққа шықты. Бірақ әлі де зерттеуді қажет ете¬тін өзекті тақырыптар бар. Соның бірі – тарих ғылымының теориясы мен ме¬то¬дологиясы. Себебі теория-методология мә¬селесін көтермейінше, зерттеу жұ¬мыстары да өз дәрежесінде болмайды. Қазіргі жаһандану заманында қазақ хал¬қының ұлт болып сақталуы үшін ұлттық құн¬дылықтары насихатталып, төл де¬ректері, құнды мұралары зерттеле түсуі қа¬жет. Әлемдегі өркениетті елдердегі сияқ¬ты тарих ғылымының теориясы мен ме¬тодологиясы біздің еліміздегі отандық та¬рих ғылымы бойынша дұрыс жолға қо¬йылуы керек. Осы аталған тақырыпқа қа-тыс¬ты бірқатар зерттеушілердің шағын ма¬қалалары мен жинақтары жарық көр¬ге¬німен, арнайы нұсқаулық немесе оқулық ретінде жазылған теория-методологияға қатысты іргелі зерттеу еңбектер жоқ.
Қандай да болмасын зерттеу жұ¬мы¬сы, зерттеу нысанын дәл анықтаудан бас-талады. Зерттеу нысаны дәл анық¬тал¬май, зерттеу мақсатына жету мүмкін емес. Ол тарих ғылымына да тән заң¬ды¬лық. Кеңейтілген отырыста дәл осы аса ма¬ңызды методологиялық мәселе то¬лы¬ғымен айқындалды десек те болады.
Негізі кеңестік кезеңде қаланған Қазақ¬станның тарих ғылымының басты зерт¬теу нысанын большевиктік билік кезінде «Қазақ ССР тарихы» деп ұлттың емес, мемлекеттің тарихын анықтап берсе, 1991 жылдың соңынан бастап, яғни тәуе묬сіздік жылдары, Қазақстан тарих¬шылары «Қазақстан тарихын», яғни тағы да мемлекет тарихын зерттеп, «Қазақстан тарихын» оқытып келеді. Ал тарихты мемлекет жасамайды, сол мемлекетті құрушы ұлт жасайды. Демек, қай мем¬лекеттің болмасын тарихшылары ал¬дымен сол мемлекетті құрушы ұлттың тବрихын зерттеулері керек. Бізде де со¬лай болуы тиіс. Ол туралы Мемлекеттік хат¬шы өз сөзінде: «Қазіргі күні мем¬ле¬кетіміздің қалыптасқан белесінде біз өз тарихымызды осы заманғы ғылымның биі¬гінен пайымдауға және ұлттық тарих¬тың бөлінбейтін бейнесін қалыптастыруға тиіспіз» деді. Бұл жерде Мемлекеттік хат¬шының «ұлттық тарих» деп қазақ та¬ри¬хын айтып отырғандығына еш күмән бол¬мау керек. М.Тәжин баяндамасында: «Кең-байтақ жеріміздің иесі де, киесі де қазақ екендігіне дау жоқ. Ата-бабала¬ры¬мыз бұл жерді бізге аманат етіп қалдыр¬ған. Біз – мемлекет құрушы ұлтпыз» деп атап айтуы – соның дәлелі. Мемлекеттік хатшының бұл пікірінің шын¬дыққа толық сай келетіндігін, қа¬зақтардың автохонды, яғни текті, өзінің атамекенінде тұрақты өмір сүріп отырған ұлт екендігін, біріншіден, ҚР ҰҒА ака¬де¬мигі Оразақ Смағұл ағамыз: «Қазақтың биологиялық, генетикалық, антро¬по¬ло¬гия¬лық тарихы оның денесі мен қаңқа сүйек¬терінде жатыр. Ол туралы қытай не ай¬тады, орыс не дейді, парсылар қандай пі¬кір білдіреді, ендігі уақытта оның ма¬ңызы жоқ. Себебі 40 ғасырдан бері осы атамекенде тіршілік етіп, ұрпақ жал¬ғас¬тырып келе жатқан бізден өзге ұлт жоқ» деп, антропология ғылымы негізінде тай¬ға таңба басқандай етіп дәлелдеп бер¬ді («Қазақ әдебиеті». 7. 06. 2013 ж.). Екін¬ші¬ден, Алаш ардагерлері бұдан бір ға¬сыр бұрын тарихымызды өз атымен «Қа¬зақ тарихы» деп атап, еңбектер жа¬рия¬лады. Атап айтқанда, 1913 жылы «Қа¬зақ» газетінің бірнеше санында Түрік ба¬ласы (М. Дулатов) «Қазақтың тарихы» де¬ген мақала жарияласа, 1925 жылы Қош¬ке Кемеңгерұлы Мәскеуде «Шығыс бас¬пасынан» «Қазақтың тарихынан» ат¬ты кітап шығарды. Үшіншіден, қандай да болмасын нәр¬се белгілі бір уақыт пен кеңістікте бо¬лады. Уақыт пен кеңістіктен тыс еш¬нәр¬¬се де болмайды. Уақыт пен кеңістіктен шығу – жалпы ғылыми-зерттеудің ең бас¬¬ты ұстанымы. Бұл – тарихқа да тән ұс¬та¬ным.
Қазақстанның тарих ғылымы¬ның зерттеу нысанын – «Қазақ тарихы» деп алу, осы ұстанымға да толық сай ке¬леді. Ол, біріншіден, уақыт жағынан қବзақ тарихын оның шыққан тегі: сақ, үй¬сін, ғұн, түрік дәуірлерінен бастауға мүмкіндік берсе, екіншіден, кеңістік жа¬ғынан алғанда тағдырдың тәлкегімен бүгінде әртүрлі мемлекеттердің аумағын¬да қалып қойған, бірақ байырғы ата-баба жерін мекен етіп отырған 5 миллионға жуық қандастарымыз тарихын да толық қамтуға мүмкіндік береді. Олай болса, біз неге әр нәрсені өз атымен атап, тари¬хы¬мызды «Қазақ тарихы» деп зерттеп, «Қазақ тарихы» деп жазбаймыз?! Әрине, ол, мемлекет тарихы арнайы зерт¬телмесін деген сөз емес. М.Тәжин мем¬лекет тарихын, атап айтқанда Қа¬зақ¬стан Республикасының тарихын арнайы зерт¬теудің қажеттігіне де ерекше тоқ-талды. Қазақстанның қазіргі заман тари¬хы – тарих ғылымында салыстыр¬ма-лы түр¬де алғанда жаңа бағыт екендігін айта келе, Мемлекеттік хатшы: «Біз өзіміздің қа¬зіргі тарихымыздың басты мән-ма¬ғы¬насын жүйелі, ғылыми негізде түсініп алуға тиіспіз» деп, тарихшылар алдына нақ¬ты міндеттер қойды. Осылай, Мем¬ле¬кеттік хатшы түйінді мәселені тарқа¬тып, тарих ғылымының басты зерттеу нысандарын айқындап берді. Олар: тамыры тереңнен тартылған ұлттық тарих – Қазақ тарихы мен өзіндік ерек¬ше-ліктерге толы – Қазақстан Респуб¬ли¬касының тарихы.
Патшалық және кеңестік империяның тұ¬сында ұлттық тарихымыз бұрмаланғаны белгілі және оны бас¬қа ұлт өкілдері жазды. Қазақ зиялы¬ла-рының да ел тарихына байланысты қалам тар¬тып, зерттеулер жазғаны болды. Бірақ оларға шектеу қойылып, қуғындалды. Тек саяси идеология құралына айналдырылған тарих жазылды. Бір сөзбен айтқанда, үл¬кен қиянат жасалып, тарихымыз таптаурын күй¬ге түсті. Соның салдарынан осы күнге де¬йін Отандық тарих ғылымының тео¬рия¬сы мен методологиясы қалыс қалып келді. Мы¬салы, Қазақстан бойынша Қаз КСР Ғы¬лым академиясы төралқасының 1978 жылғы 7 қыркүйектегі №131 қаулысымен Та¬рих институтында «Қазақстанның та¬рих¬на¬масы» деп аталатын бөлімі ғана ашылған екен,оның өзі кеңестік идеологияның шең¬бе¬рінен шығып, зерттеулер жасай алмады. Ал басқа институттар мен университеттерде ар-найы Отан тарихының теория-мето¬до¬ло¬гиясымен айналысатын кафедралар мүл¬дем ашылған жоқ. Сондықтан тарих¬шы¬ларымыздың алдында тұрған үлкен бір міндет осы салаға қатысты болып тұр.
Тарих ғылымының теориясы мен ме¬тодологиясына қатысты ұғымдар және тү¬сініктеріне тоқтала кетсек. Тарих теориясы – жалпы тарих туралы теория жа¬йында. Қалай айтқанда да, тарих теориясы – бұл жоғары, тарихи танымның дамыған деңгейі. Яғни нақты тарихи оқиғалар мен құбылыстардың сипатталу деңгейін көр¬се¬теді. Тарихи зерттеу теориясында тарихтың жал¬пы проблемалары, шындығы және танымы қарастырылады.
Тарих методологиясы – (грек тіл. met¬hodos – әдіс, таным жолы logos – сөзі) – та¬рих ғылымының әдістемелік таным ту¬ралы пәні және тарауы болып табылады. Әдіс¬теме – тарихи зерттеудің құралы ре¬тінде пайдаланылады. Әдістемелер ар¬қылы тарихшы жаңа білім алып, оқиғалар ту¬ралы мәліметтерді нақтылайды.
Қазіргі заманда «методология» ұғымы бас¬тапқы мағынадағыдай ғана аясы тар емес, тарихи танымның жалпы негізін құ¬райды. Бір сөзбен айтқанда, тарих мето¬до¬логиясы нақты тарихи зерттеу тә¬жі¬ри¬бе¬сінің теориялық көрінісі ретіндегі әдіс¬¬¬¬те¬мелер, ұстанымдар, ғылыми тарихи тү¬сініктер т.б. Тарихшының зерттеу жұ¬мысының тәжірибесін баяндай отырып, методология танымға жетелейтін ойға мүмкіндіктер береді. Демек, методология та¬рихи зерттеуде жеке және жалпы про¬бле¬маларға сараптама жасайды. Бірақ кез кел¬ген проблемаға нақты жауапты даяр¬лап тұрмайды. Оны қарастырудың, зерт¬теудің жолдарын көрсетеді.
Қазақ зиялысы А. Байтұрсынов былай деп жазған еді: «Өзінің тарихын жоғалтқан жұрт, өзінің тарихын ұмытқан ел қайда жүріп, қайда тұрғандығын, не істеп, не қойғандығын білмейді, келешекте басына қандай күн туатынына көзі жетпейді. Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынан өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады». Демек, Отан тарихын тарихшылар өз дәрежесінде зерттеу үшін тарих ғылымының теориясы мен методологиясына баса назар аударуы қажет.
Деректанушы ғалым Қ.М. Атабаев Отан тарихы ғылымының методология мә¬селесіне байланысты мынадай тұжырым жасаған: «Отандық тарих ғылымындағы бас¬ты кемшілік – методологиялық кем¬ші¬лік. Барлық ғылымның негізі мето¬до¬ло¬гияда жатыр. Методологиялық, теориялық мә-селелерді анықтап алмай, басқа ғы¬лым¬дар сияқты, тарих ғылымының да өз дә¬режесінде дамуы мүмкін емес. Қа¬зақ¬станда тарих ғылымының міндеті, функ¬циясы не болуы керек? Алдымен осыны анық¬тап алуға тиіспіз. Ең бастысы, мето¬до¬ло¬гиялық проблема – осы. Қазақстан та¬рихы ғы¬лы¬мы¬ның міндеті қазақ ұл¬тының та¬рихын зерттеу болуы керек».
Қазіргі заманда «тарихтан тәрбие», «тବрихтың тәрбиелік күш-қуаты» деген негізді ұғымдар біздің мәдениетіміз бен қоғамдық өмірімізде қолданысқа енген. Әсіресе Тәуелсіздік алған уақыттан бері мемлекеттің алдында жас ұрпақты жаңаша тарихи көзқарас тұрғысынан оқыту мен тәрбиелеу міндеті қойылды. Ондағы мақ¬сат тарихын білетін, ұлты мен мем-лекетін сыйлайтын жас ұрпақты тәр¬биелеуге бай¬ланысты еді. Міне, осындай рухани ұлттық құн¬дылықтар мен тарихын терең білетін ұрпақ қана ұлтжанды болып өсетіндігі сөзсіз. Дегенмен, ұлттық тарихты да, Қа¬зақ¬стан Республикасының тарихын да за¬ман талабына сай зерттеп, жазу үшін біз¬дегі тарих ғылымына үлкен өзгерістер қажет. Атап айтқанда, тарих ғылы¬мын құбылыстың тек сыртқы суретте¬ме¬сін ғана сипаттауға қабілетті қазіргі эм¬пи-рикалық, яғни әдеттегі іс-тәжірибелік деңгейден, тарихи құбылыстың ішкі мән-мағынасын аша алатын, түсіндіре алатын теориялық деңгейге көтеру қа-жет.
Тарихшылардың атқарар функциясы түбірімен өзгертілуі керек. М.Тәжиннің айтуынша: «Ендігі жерде тарихшы фак¬тілерді тізбелеп, суреттеп отырушы, оқ謬ғаларды тек «тіркеуші» емес, тарихшы «пайымдаушыға» – зерттелетін уақыттың ішкі мағынасына ой жіберетін ғалымға, фактілерді жай зерттеп қана қоймайтын, нақты қоғамның құндылықтарын, жөн-жосықтарын, моралін «түсінуге» қол жеткізетін ғалымға айналуға тиіс».
Қолданылған әдебиеттер:
[1] «Қазақ әдебиеті». 7. 06. 2013 ж.
[2] Деректану пәнін оқыту методикасы. – Алматы: 2011 ж. 14 б.
[3] ҚР Мемлекеттік хатшысы М.Тажиннің баяндамасы. 5 маусым 2013 ж.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |