Кеңес Нұрпейісовтің азаматтық бейнесі
Абылханов Қ.Е.
Тарих пәнінің мұғалімі
Абай атындағы мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын мектеп интернат
(Алматы, Қазақстан)
Кеңес Нұрпейісов қазақ болашағы үшін тарих шындығын білудің қаншалықты маңызды екенін түсіне отырып, ұрпақ алдындағы жауапкершілікті сезіне білген ұлт қайраткері. Бұрын соңды зерттеп, зерделеуге, қазбалауға екінің бірінің дәті бармайтын талай тың тарихи оқиғаларды, белгісіз құжаттарды тарих қойнауынан суыртпақтап, ғылым айналымына қосу үлкен еңбекті, шыдамдылықты, жүректілікті қажет етеді.
Оны ең алдымен ұлт жанашыры деп ауыз толтырып айтуга турарлык ірі тұлға. Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсыновтардың зерттеп, жаңғыртуға, тарихи шындық бетінің ашылуына ұйытқы болған солардын ізін жалғаушы іспетті.
Нұрпейісов Қазақстан тарихы, ұлттық мемлекеттік құрылым проблемалары жқнінде бірнеше монография, кітапша және 400 жуық ғылыми зерттеу мақалаларын жариялады. Қазақстан мен Орта Азиядағы Азамат согысы туралы екі томдық құжаттар жинағын, Қазақстандағы Қазан революциясының шежіресін, Қазақстандағы тарихының бес томдық ұжымдық жинағын шығаруға қатысты.
Академик «Алаш һәм Алашорда» еңбегінде деректерді төрт топқа бөліп көрсетеді:
1) 20-30- жылдарда жеке жинақтарда жарияланған деректер;
2) 1913-1918- жылдарда қазақ ұлттық баспасөзінде жарық көрген деректер;
3) Қазақстанның, Ресейдің, Америка Құрама Штаттарының, Фрнацияның, Туркияның т.б. елдердің мұрғаттары мен кітапханаларында сақталған деректер;
4) Алаш қозғалысының Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Халел Досмұхамедов, Мұстафа Шоқайұлы, Мұхаметжан Тынышпаев сияқты жетекші қайраткерлерінің жеке мұрағаттары мен жарияланған еңбектерінде кездесетін деректемелер.
Қарап отырсақ ғалым қыруар, терең ғылыми жұмыстар атқарған. Тіпті, өз әкесінің де саяси қуғын сүргін құрбаны болғаны оның жігерін жасытпай, керісінше қайрай түскендей болды. Ол бір әкенің ғана емес, дүйім бір қазақ жұртының басына түскен ауыртпашылығын, өткен өмірін бұрмаламай жеткізуге барынша ат салысты. Оның жемісін бүгінгі ұрпақ көріп отыр.
Осы тұста қайраткердің шәкірт тәрбиелеудегі, ізденістегі жастарға қамқорлық көрсетудегі еңбегі ерен екендігін атап өтуіміз қажет сияқты. Ол 3 ғылыми доктор, 25 аса ғылым кандидатын даярлады. Тарих ғылымдарының докторы, профессор С.Ф.Мәжитов академик туралы өз сөзін былай жалғайды «.. Кенекеңнің мыңдаған жақсы қасиеттерінің бірі әріптестерін жасына қарап бөлмей, жастардың болашағына сеніммен қарап, қолынан келіп жатса жәрдемін амастан, қол ұшын беретіндігінде еді. Қашан да болсын қазақтың, басқа ұлттың балаларын бәйтеректей өзінің саясына жинап, оларға ақыл кеңесін берумен шектелмей, керек болса орнынан тұра салып найзадай өткір сөзімен ақ қорғап шығатын.
Адами қасиеттерді жоғары қоятын Кеңес Нұрпейісұлы тырнақ астынан кір іздеп, майда іс әрекеттерге көңіл бөліп адамдарды қинайтындарды ашығымен жек көретін...». /1/ Академиктің азаматтық тұлғасын, адамгершілігін Түріктанушы, венгр ғалымы Иштван Мандоки Қоңырдың академикке жазған хаттарынан да аңғаруға болады. Будапешт қаласынан 1976 жылы қарашаның 30-күні жазған хатынан ғалымның адамгершілік болмысын айқын тани аласыз. «..Сізбен бірге болған кезімді үнемі еске аламын. Маған ұсынған кітаптарыңыз үшін тағы да көп көп рахмет айтамын. Бізге қазақ тарихын және мәдениетін әңгімелейтін кітаптардың өте қажет екендігін түсінетін боларсыз. Бірнеше ғасырдан бұрын өз қандастарымыз қазақтардан айырылып, Мажарстан жеріне қоныс тепкен қыпшақтар, бізге ұмыт болған ана тілімізде сөйлеп білім алуымызға қаншалықты таңсық екеніміз айқын ғой. Сол себепті мен сіздермен байланыста болуды бала кезден армандап едім. Ол арманыма жиырма екі жылдан соң биылғы күзде Алматыға барған сапарымда жеттім. Бәрақ Алматыда өте аз кұн болдым. Мен үшін бірнеше жылмен Қазақстанда болсам да аз болар еді.
Мені қазақ халқының рулық қарым қатынастары және де бұл төңіректегі мәселелер ерекше қызықтырады. Сол туралы және революция кезіндегі қазақ зиялыларының істері жөнінде толық жазылған кітаптар жіберсеңіз деп өтінемін...» 1977 жылы 29-қаңтарда жазған енді бір хатында Қоңыр «...Және маған қажетті адамардың адресін жібергеніңіз үшін, әсіресе Арғынбайұлы Халел, Мұқан Сәбитұлы Мараттың адрестерін жолдағаныңыз үшін ерекше рахмет айтамын..» деп алғысын білдіреді. 1977 жылы 27 ақпанда Қоңыр Мандоки тағы бір хат жібереді. Онда: «Аса қымбатты Кеңес! Сіздің маған жіберген кітаптарыңыз және онымен бірге салынған мақалалар, хаттарыңызды алып қуанышым қойныма сыймайды. Көп рахмет! Әсіресе Арғынбайұлы Халел ағайдың тартуға берген кітабының бірінші бетіндегі маған деп арналған балдай тәтті сөздері қатты қуантты..» делінген. /2/ Көріп отырғанымыздай, венгр ғалымының қазақ тарихын зерттеп, тануға құлшынысын байқаған Кеңес Нұрпейісұлы оған барыншы қол үшын созып, ақыл кеңесі арқылы, құнды материал, мақалала, кітаптар жіберіп отыру арқылы қолдау көрсеткен.
Ол өмірінен өнеге аларлық талай тарихи тұлғаларымыздың, тарландарымыздың шынайы бейнесін жарқыратып, шындыққа тіке қарай білген, тарих ғылымына адал болған азамат. Қазақтың бірнеше ұлт жанашырларымен қоса Елбасына және ел зиялыларына жолдаған ашық хатында Кеңес Нұрпейісовтің де азаматтық бейнесі ашыла түседі. Көңіл жықпастықпен шығарылған үкіметтің кейбір шешімдеріне ашық наразылығын білдіріп, сын таға хат жолдайды.
«Тарихи әділеттілік қажет» атты тақырыпта «...Еліміздің ұмытшақтау, көңілшектеу тарих ғылымы осы күнге дейін сол алапат қасіретке іргелі, ұлттық, мемлекеттік деңгейде баға бере алмады. Жекеленген тарихшы ғалымдардың , мәдениет, қоғам қайраткерлерінің үндері халық құлағына бірде жетіп, бірде жетпеді. Екі миллион, екі жүз мыңнан астам аштан қырылған бауырларымыздың мезгілсіз мерт болған арман зары іздеусіз, сұраусыз, ескерусіз қалды. Қанқұйлы Голощекинге және оның сыбайластарына халықтық сот жасалмады. Сондықтан да олардың көпшілігі ұлттық батырлар, елін сүйген ерлер қатарында аталып жүр.» деп өкінішпен жазады. «Олардың заманы қиын болды ғой» деп сұрқия патша саясатының жандайшаптарын ақтай жөнелетін кейбір жақтаушыларға да айтары жоқ емес тін. «...Жоқ, сондай қиын заманның өзінде С.Садуақасов, С.Қожанов, Ж.Мыңбаев, Ы.Мұстамбаев, С.Асфендияров және басқалараы Голощекин саясатына ашық қарсы шықты. Т.Рысқұлов пен Ғ.Мұсірепов сынды ұлтымыздың біртуар перзенттері намысын жалау етіп, басын бәйгеге тікті. Сөйтіп ұлтжандылық қасиетке, азаматтық өреге қай кезде де мүмкіндік бар екенін дәлелдеді. Соған қарамастан кезінде тоталитарлық жүйеге қарсы тегеурінді позиция ұстанған қайраткер ұрпақтың айтулы еңбегі өз деңгейінде бағаланбады.» /3/ Осылайша екі миллион екі жүз мыңнан астамы қолдан жасалған геноцидтің, мыңдаған саяси қуғын сүргін құрбандарының есіл өмірлерін шыбын жаны құрлы көрмеген солақай саясатты орындаушылардың іс әрекеттеріне баға беру үшін комиссия құру жөнінде ұсыныс тастады.
«Ұлттық рухты құрайтын компоненттердің бірі әлсіресе, ол ұлттық рухты белгілі деңгейде әлсіретеді. Ұлттық рухтан айырылған халық ел болудан қалып, жігерсіз, еріксіз тобырға айналмақ. Басқаның ұүрыңына мойынсұнып, оның жетегінде кете бермек. Сондықтан халқымызыдың ұлы перзенттері тарихтың түрлі алмағайып кездерінде биік рухты ұрпақ тәрбиелеуге мән берген.
Ата бабаларымыз рухы биік, намысы мен жігері берік халқымыздың қандай қиыншылық пен қасіреттерге кездессе де, түбінде қайта түлеп, іргелі ел болатынына, беріктігін сақтап қалатынына сенген. Мұны өткен тарихымыз сан рет дәлелдеді.» /4/ деген академиктің ұлттық рухы биіктен көрініп тұр. Оның тарих ғылымында ізденген бағыты да осы тақырыпты қамтиды. Талай тарихи нәубетті басынан өткерген қазақтың жасымаған жігерін, құлдиламаған рухын ашу арқылы өзінің ұлттық рухтық келбетін, азаматтығын танытты. Оны Қазақстанның сонау ашаршылық жылдардан жазған «Көмусіз қалған боздақтары» болсын, «Тұтқындалған «Оян, қазағы» болсын, Алаша арыстарының қасіреттері жайлы жиған деректерінен бастап бүгінгі руға бөлінушілік, тарихты өз ыңғайына бұрмалаушылық тұрғысынан жазған зерттеулері, ой пікірлері ел болашағына деген қамқорлығын айқын танытып тұрғандай.
1. Нұрпейісұлы К. Алаш ақиқаты. 2010
2. Егемен қазақстан. 2002 29-мамыр.
3. Ана тілі газеті. № 3 Ұлу жылы, 18-қаңтар 2001
4. Кеңес Нұрпейісов. Алаш һәм Алашорда.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Статьи / Баяндама |
Көрсетілім: 2374 |
|
|
|
К.Нүрпейісовтің азаматтық бейнесі

Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.

Бөлімдер
Ұстаздарға |
Ата-аналарға |
Біздің мектеп |
Баяндама |
Эссе |
Оқушыларға |
Конкурс ең үздік шығарма Ең үздік шығарма конкурсына арналған. Шығармаларды осы жерде жазамыз |