Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Тарих |
Көрсетілім: 6441 |
|
|
|
Абылайдың хандығы
Сабақтың тақырыбы: Абылайдың хандығы
Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушыларға Абылайдың өмірін, саяси тұлға
болып қалыптасуын, билігі кезіндегі ішкі және сыртқы
саясатын ұғындыру.
Дамытушылық: оқушыларға тарихи оқиғаларды, саяси
өмірдегі өзгерістерді дұрыс талдай, тұжырымдай білуге үйрете
отырып, қосымша деректермен таныстыру.
Тәрбиелік: Балаларды Отан сүйюге, адамгаршілікке,
батылдыққа, ерлікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас.
Сабақтың әдісі: сайыс.
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, кесте, карта, тест.
Пәнаралық байланыс: география, әдебиет.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды түгелдеп, сабаққа ендіру,
сыныпты екі топқа бөлу.
ІІ. Сабақтың жоспары. 1. Екі топ дайындаған рефератты талдау.
2. Кім жылдам (Мәтінді толықтыру).
3. Цифрлар сыр шертеді.
(Хронологиялық жұмыс)
4. Білім пирамидасы (Сұрақ-жауап).
5. Тест тапсырмасы.
6. Картамен жұмыс.
7. Қорытынды(Кестемен жұмыс).
8. Бағалау.
1. І топ дайындаған реферат. Абылайдың өмірбаяны.
Абылай (Әбілмансұр) хан — (1733—1737) билік құрғаны. Абылай хан (1711-1781) Қазақ Ордасының ханы, қазақ мемлекетінің тарихындағы аса көрнекті мемлекет қайраткері, арғы тегі Жошы хан, бергі бабалары қазақ ордасының негізін салған Әз-Жәнібек, одан соң еңсегей бойлы ер Есім хан, Салқам Жәңгір хан. Абылай – Жәңгір ханның бесінші ұрпағы. Жәңгір ханның Уәлибақы, Тәуке деген екі ұлы болады. Жәңгір қайтыс болып, таққа Тәуке отырғанда Уәлибақы хандыққа өкпелеп, Үргенішті билеген нағашы атасы Қайып ханның қолына барады. Уәлибақының баласы
Абылай жекпе-жекке шыққанда жауы шақ келмейтін батыр болып, қанішер Абылай атаныпты. Осы Абылайдан көркем Уәли туады. Оның баласы Әбілмансұр (кейін қазаққа хан болып Абылай атанған) «ақтабан шұбырынды» жылдарында жетім қалып, үйсін Төле бидің қолына келеді. Аш-жалаңаштықтан жүдеген өңіне, өсіп кеткен шашына қарап Төле би оған «Сабалақ» деп ат қойып, түйесін бақтырады. Әбілмәмбет төренің жылқысын да бағады. Бұл, Ш.Уәлихановтың айтуына сүйенсек, Абылайдың 13 жасар кезі болса керек.
Төле бидің тәлім-тәрбиесінде болуы Абылайға зор ықпал жасады. Қазақ даласының даналығын бойына жинаған баба ақылы мен парасатын, ел билеу қабілетін, анталаған жауға қарсы қазақ халқы басы біріксе ғана тойтарыс бере алатынын жас баланың санасына ұялата білген. Оған қоса бала кезінен көрген жұпыны тіршілік, өмірлік тәжірибе Абылайдың ел өміріне ерте араласуына себепші болды. Бұқар, Үмбетей жыраулардың, т.б. ауыз әдебиетінің ірі өкілдерінің мәліметтеріне қарағанда, Абылай жиырма жасында қан майданда ерлігімен танылған. Бұқардың Абылайға «Сен жиырма жасқа жеткен соң, Алтын тұғыр үстінде Ақ сұңқар құстай түледің» деуі осының дәлелі. Абылай билігінің күшейге түсуінің жаңа кезеңі 1744ж. Әбілмәмбеттің Түркістанға көшіп кетуі уақытына саяды.Абылай көреген саяси қайраткер бола отырып, қалмақтармен аса ауыр соғыстардан қалжыраған елінің есін жиғызу үшін дипломат жолдарды да тиімді пайдалаңды. 1740 ж. тамызда ол Орта жүз ханы Әбілмәмбетпен, тағы да басқа 120 старшынмен Орынборға келіп, орыс өкіметінің «қамқорына» кіруге келісім білдіреді. Сонымен бір мезгілде қазақ халқының тұтастығын сақтау мақсатында Шың империясымен де қарым қатынасын суытпады. Петербург пен Пекинге елшіліктер аттандырды. Ол Ресей мен Қытай империяларының өзара қайшылықтарын қазақ хандығы мүддесіне пайдаланып отырды. Абылай 1745 ж. Қалдан Серен дүние салғаннан кейін, Жоңғарияның билеуші топтарының тақ таласынан әлсіреп, бұрынғы әскери қуатынан айырыла бастауын және жоңғар-қытай соғысын Шығыс Түркістанмен іргелес өңірдегі ойраттардың уақытша билігінде қалған казақ жерлерін қайтаруға, елдің дербестігін толық қалпына келтіруге пайдалану үшін барынша күш салды. Абылай қазақ елінің тәуелсіздігіне нұқсан келтіретін жағдаяттармен аянбай күресіп, дербес сыртқы саясат ұстанып өтті. 1745ж. Орта жүздегі Әбілмәмбет, Абылай және Барақ сұлтан қатар аталса, 3-4 жылдан кейін мұндағы жағдай мүлдем өзгерді. 1749ж. тамыз айында Неплюевпен кездесуінде Жәнібек тархан: «бұрын Орта жүзде Әбілмәмбет хан болған, бірақ ол біраздан бері Ташкентте тұрып жатыр, ел басқарудан қалған. Бірақ сұлтан зұлымдық ісі үшін қашып жүр. Онда жалғыз Абылай сұлтан ғана билік жүргізіп отыр»,- деп көрсетті.
Жазба деректерде Абылайдың шетел басқыншыларына қарсы табанды соғыс жүргізгендігі айқын көрсетіледі. 1752ж. ол бастаған қазақ әскері шамасы 15-20 мың адамдай ойраттар қолының шабуылына тойтарыс берді. 1753ж. желтоқсанда Абылай 5 мың жауынгерімен жоңғар әскерлерімен шайқасып, бірталай қазақ жерін азат етті. 1754ж. сәуірде Абылай бастаған 1700 қазақ әскері 10 мың қалмақпен соғысуға мәжбүр болса, (Қаратал өз бйынша), сол жылдың шілде-тамыз айында 4 мың әскермен Жоңғарияға жорық жасап, 3000 қалмақты тұтқынға алып келген. 1756ж. Абылайдың бастауымен қазақтар қытайлар мен қалмақтардың біріккен күшімен екі рет шайқасып, оның бірінде жеңіліп, екіншісінде жеңіске жетеді. 1757ж. Абылайдың 6 мың әскері Қытайдың 40 мың әскерімен шайқасынан соң, қытайлар Абылайдан бітім сұрады. 1753-1754 жылдардағы шайқастарға Қабанбай, Бөгенбай, Жанатай, Керей Жәнібек, Өтеген батырлар қысы – жазы үзбестен қатысады. Абылай бірде Қалдан Серенмен бітімге келсе, бірде Дабашыны шауып, бірде оны және Әмірсананы өзіне паналатты. Сөйтіп Ойрат ұлысының бөлшектене беруін көздеді. Тегеурінді әскери қимылмен қатарластырыла жүргізілген дипломатиялық әрекеттері Абылайды өз заманының ұлы қайраткерлері деңгейіне көтерді. Осының нәтижесінде Абылай әскері 1771ж. Мойынты өзенінің бойында болған қалмақтармен ауыр шайқаста жаңа жеңіске жетті.
Саяси ахуал тұрақталған шақта Абылай қазақ жерінің бүтіндігіне қол сұққан басқалармен де ымырасыз күрес жүргізді. 1754-55 және 1764 ж. қырғыздар Жетісуда біраз ауылдарды шауып, Жауғаш, Көкжал Барақ пен Шынқожа батырлар бастаған әскерлерді Ақсу, Көксу және Шу бойында талқандайды. Осы себепті Абылай 1755, 1765 жылдары Қырғыз ұлысына қарсы жорық жасап, Іленің сол жағасын, Шу бойын тазартады, қазақ пен қырғыздың Нарынқолдан Қордайға тартылған, күні бүгінге дейін сақталып отырған шекарасын анықтайды.
1771 жылы жасы жеткен Әбілмәмбет хан дүние салды. Қалыптасқан дәстүр бойынша Орта жүздің ханы болып не Әбілмәмбеттің інілерінің бірі, не үлкен ұлы Әбілпейіз сайлануға тиіс еді. Алайда басты сұлтандардың, старшындардың, Әбілпейіздің өз қалауымен үш жүздің басшы өкілдері Түркістанда Абылайды хан көтерді. Абылай іс жүзінде жалғыз Орта жүздің ғана емес, бүкіл Қазақ ордасының ұлы ханы болды.
ІІ топ дайындаған реферат. Абылай хан саясаткер.
1738-1741 ж. Абылай бастаған қазақ қолы жоңғар басқыншылырына бірнеше мәрте соққы берді. 1742 ж. Абылай тұтқиылдан шабуыл жасаған жоңғарлардың қолына тұтқынға түседі. Сол кездегі ойрат басқыншыларына қарсы күрестің ең белсенді ұйымдастырушыларының біріне айналған Абылайдың жау қолына түсуі қазақ қоғамында абыржушылық туғызып, Абылайды босатып алу үлкен саяси мәселеге айналады. Тарихи жырларда қазақ билеушілерінің атынан Төле би мен Әбілқайыр хан Орынбор әкімшілігінен Абылайды тұтқыннан босатып алуда ара түсуге өтініш жасайды. Бұл деректің шындық екенін осы кезеңде Орынбор губернаторы И.Ш.Неплюев пен Әбілқайырдың өзара жазысқан хаттары да дәлелдей түседі. Қазақтың үш жүзінен Төле би бастап 90 адам елші барып, келіссөз жүргізіп, 1743 ж. 5 қыркүйекте Абылайды тұтқыннан шығарып алады. (Кей деректерде 1743жылғы тамыз айында Аьылай тұтқыннан босатылды)
Абылай Ресей мен Қытай империяларының арасында орналасқан Қазақ елінің геосаяси жағдайына икемделген саясат жүргізді. Қытай әскерлері жоңғарларды жойып, Орта Азия мен Қазақстанға ене бастаған кезде мұсылман елдерінің басын қосуға ұмтылып, Ауған шаһы Ахмад Дурранимен келіссөз жүргізді. Түркияға елшілік жіберу ниеті де болды. Қытаймен қатынас жақсара бастаған кезде орыс бодандығынан бойын тартып, патша әкімшілігінің шақыруымен хандық белгілерді қабылдау үшін 1779 жылы қазан айында Петропавл бекінісіне барудан бас тартты. Пугачев соғысы кезінде 3 мың әскерімен «Қасірет белдеуі» бойындағы орыс бекіністерін шапты.
Абылай дарынды хан, аса ірі қайраткер, қолбасшы болды. Әбілмәмбет ханның тірі кезінде қазақ халқы оны өзінің қорғаушысы, көсемі санады. Ол патша өкіметінің губернаторларының ыңғайына жүрмеді. Елінің еркіндігін, бостандығын қорғай білді.Әрине, бір мақаланың көлемінде Абылай ханның қазақ халқына сіңірген еңбегін толық қамту мүмкін емес. Дегенмен де нақты құжаттарға сүйене отырып, біраз өмір жолына шолу жасап көрелік.Абылай сұлтан өзінің ақылды, сабырлы мінезі мен адамгершілігінің арқасында тек бір орда емес, үш орданың сыйлы ханы атанды. Абылай қаһарлы хан болуымен қатар, қазақ халқының рухани қасиетінен еркін сусындаған дарынды күйші ретінде де белгілі. Ол «Ақ толқын», «Ала байрақ», «Бұлан жігіт», «Дүние қалды», «Жетім торы», «Қайран елім», «Қара жорға», «Қоржынқақпай», «Майда жел», «Сары бура», «Шаңды жорық» т.б. күйлердің авторы.
Абылай өмір жолын ат үстінде, жорықтарда өткізіп, Арыс өзені жағасында қайтыс болды. Сүйегі Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Иасауи кесенесінің ішінде Қабырхана мен Ақсарай арасындағы дәлізде жерленген. Абылайдың артында 12 әйелінен 30 ұл, 40 қызы қалды. Қазақ халқының жадына Абылай қажырлы мемлекет қайраткері, батыл қолбасшы, дарынды дипломат ретінде сақталып келді. Оның есімі тәуелсіздік символында жауынгерлік ұранға айналды.
Қазақ халқының аса көрнекті ақыны Мағжан Жұмабаев «Батыр Баянда» Абы¬-лайдың саясаткерлігін былай суреттепті:
«Алыстан орыс, қытай - ауыр салмақ.
Жақыннан тыншытпайды қалың қалмақ.
Артында ор, алдында көр, жан-жағы жау
Сол кезде елге қорған болған Абылай,
Көп жаудың бірін шауып, бірін арбап».
Абылайдың хандық құрған дәуірін Шоқан Уәлиханов «Абылай дәуірі - қазақтың қаһармандық дәуірі,» -дәуірі десе, академик В.В. Бартолье «ХVІІІ ғ. Орта жүз хандарының ішіндегі ең айбындысы Абылай хан» деді.
2. Кім жылдам (Мәтінді толықтыру)
І топ
1. Әбілмансұр әкесі Орта жүздің сұлтаны « ................... » Уәли. (Көркем)
2. 13 жасында жетім қалып, ................. паналады. (Әбілмәмбетті)
3. Әй, Абылай, Абылай!
Сені мен алғаш көргенде
................ ұл едің. (Тұрымтайдай)
ІІ топ
1. 18 жасында ............... шайқасына қатысып аты шықты. (Аңырақай)
2. Абылай атың жоқ еді,
3. ................атпен жүр едің. (Сабалақ)
4. Абылай ........................ 1743 жылы босатылды. (Жоңғар тұтқынынан)
.
3. Цифрлар сыр шертеді (Хронологиялық жұмыс)
І топ.
1. 1724 жыл 13 жасында жетім қалып, Орта жүз ханы Әбілмәмбетті паналады.
2. 1726 жыл 15 жасынан жоңғар шапқыншылығына қарсы күреске қатысты.
3. 1729 жыл 18 жасында жоңғарлармен болған Аңырақай шайқасында Сабалақтың аты шығып, алғаш көзге түсті.
4. 1731 жыл жоңғарларға қарсы соғыста жоңғар баһадүрі Шарышты жекпе-жекте жеңіп, жеңіске жетті.
ІІ топ.
1. 1733 жыл жоңғарларға қарсы қол бастап барып, жеңіспен елге оралды.
2. 1740 жыл Абылай сұлтандық дәрежеге жетті.
3. 1743 жыл тамыз-қыркүйек айында Абылай тұтқыннан босатылды.
4. 1771 жылы Абылай хан сайланды.
4.Білім пирамидасы (Сұрақ-жауап)
І топ.
1. Үш жүз өкілдерінің Абылайды барлық қазақтың билеушісі деп тануының себептері?
Жауабы:
• Жоңғарияға қарсы азаттық күресін басқаруы
• Үш жүздің басын біріктіруі
• Ресей мен Қытай қыспағына қарамастан, іс жүзінде елдің дербестігін сақтауы
ІІ топ.
1. Абылай хан хан билігіне және ел шаруашылығына қандай өзгеріс енгізді?
Жауабы:
• Хан билігін шектеусіз етті
• Ірі ұлыстарды билеуге өзіне жақын сқлтандарды тағайындады
• Билер қызметіне шек қойды
• Сауда қатынасына көңіл бөлді
• Ертіс, Есіл бойы, Көкшетау, Тарбағатай өңіріне егін шаруашылығын енгізді.
• Қазақ жерінің шекарасын қалпына келтірді.
Тест тапсырмасы
І топ
1. Абылай қай жылы дүниеге келді?
а) 1871ж. ә) 1873ж. б) 1870ж. в)1869ж.
2. Абылай қай жылы жоңғарлардың тұтқынына түсті?
а) 1841ж. ә) 1842ж. б)1845ж. в)1843ж.
3. Қай жылы қалмақтар Орта жүзге басып кірді?
а)1752ж. ә)1750ж. б)1751ж. в)1755ж.
4. Лама Доржы қай жылы қаза болды?
а) 1753ж. ә)1751ж. б)1750ж. в)1754ж.
5. Абылай жастайынан қай елге қарсы күреске қатысты?
а) Жоңғария, ә)Қырғыз, б)Моңғол, в)Қытай
6. Әмірсана бастаған Маньчжур Цин қарулы күші қай жылы жоңғарияға басып
кірді? а) 1755ж. ә)1751ж. б)1750ж. в)1754ж.
7. Қытай мен Ресей қыспағындағы Абылайдың басты мақсаты?
а) Қазақ хандығының дербестігін сақтау.
ә)Көрші жатқан жерлерді қосып алу
б)Ташкент хандығын қосу
в) Орта Азия хандығына Түркістанды беру
8. 1757 -60 жылдары қазақ елінің дербестігін, бірлігін қамтамасыз ету мақсатында
Абылай қай елдің билігін мойындады?
а) Қытай ә)Ресей б)Жоңғария в)Орта Азия хандықтары
9. Абылай қайтыс болғаннан кейін оның орнына хан болған баласы:
а) Уәли. ә)Бөкей. б)Қасым. в)Есенгелді.
10. Абылай хан билігіне қандай өзгеріс енгізді?
а) Хан билігін шектеусіз етті
ә)Билер кеңесін құрды
б)Хан билігін шектеді
в)Билер қызметін күшейтті
ІІ топ
1. Әбілмәмбет хан мен Абылай сұлтан Ресей билігін қашан моыйндады?
а) 1740ж. 28 тамыз
ә) 1742ж. 28 тамыз
б) 1744ж. 28 тамыз
в) 1745ж. 28 тамыз
2. 1771 жылы Әбілмәмбет қайтыс болған соң дәстүр бойнша кім хан болу керек еді?
а) Әбілпайыз ә) Сәмеке б) Әбілмансұр в) Уәли
3. Абылай хан жер өідеу шаруашылығын қай өңірлерде дамытты?
а) Ертіс, Есіл, Көкшетау, Тарбағатай
ә) Жетісу, Оңтүстік Қазақстан
б) Түркістан, Тобыл
в) Маңғыстау, Жетісу
4. «Қанішер» Абылай қай қаланың билеушісі болған?
а) Түркістан ә) Сайрам б) Созақ в) Ташкент
5. 1741-1743 жылдары Абылай сұлтан кімдердің тұтқынында болды?
а) Жоңғарлардың
ә) Ресейдің
б) Қытайдың
в) Хиуаның
6. «Ақ толқын», «Қайран елім», «Шаңды жорық» күйлерінің авторы кім?
а) Абылай хан ә) Әбілмәмбет б) Қасым в) Уәли
7. Қай жылы жоңғар қонтайшысы Қалдан- Серен қайтыс болды?
а) 1745ж. ә) 1743ж. б) 1753ж. в) 1754ж.
8. Абылай хан қай жылы дүние салды?
а) 1781ж. ә) 1782ж. б) 1771ж. в) 1770ж.
9. Абылай хан қанша жыл хандық құрды?
а) 10 ж. ә) 12 ж. б) 15 ж. в) 30 ж.
Картамен жұмыс
1. Абылай хан тұсындағы жоңғарлардан қайтарылып алынған жерлерді көрсет.
2. 1771 жылғы Еділ қалмақтарының жоңғарияға көшуі «Шаңды жорық» бағытын көрсет
3. Абылай хан тұсындағы Қазақ хандығының шекарасын көрсет
4. Жоңғарлармен ірі шайқас болған жерлерді көрсет
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |