Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Сақтар. Олардың орналасуы


Сақтар. Олардың орналасуы

Тақырыбы: Сақтар. Олардың орналасуы

Мақсаттары:
1.Білімділік:сақтар,олардың орналасуы,шығу тарихы туралы ашып көрсету.
2.Дамытушылық:ойлау қабілеттерін,білімге құштарлықтарын дамыту.
3.Тәрбиелік:оқушыларды өжеттікке,батылдыққа,елін,жерінсүюге,патриотизм рухында тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:қалыпты сабақ.
Сабақтың типі:аралас сабақ.
Әдіс-тәсілдері:сұрақ-жауап,пікірталас,тестжұмыстары,ынталандыру әдістері.
Пәнаралық байланыс:қазақ әдебиеті,география,құқық негіздері.
1.Ұйымдастыру кезеңі.
2.Үй тапсырмасын сұрау кезеңі:
а)Сұрақ-жауап.
3.Жаңа тақырыпқа көшу кезеңі:
а)Мұғалімнің баяндау кезеңі.
Сақтар-б.з.б 1-мыңжылдықта Орта Азия мен Қазақстанды мекен еткен тайпа. «Сақ» сөзінің мағынасы парсы жазбаларында құдыретті еркектер,ал,Иран жазбаларында жүйрік атты турлар,грек авторлары «Азиялық скифтер» деп атады.
Б.З.Б484-425 жылдарда өмір сүрген  грек тарихшысы Геродот сақтарды массагеттер деп атаса ,ал енді бір грек деректемелерінде дай атымен белгілі.Гректер сақтарды «дұшпанға қатал,досқа-адал болған» дейді.Ал,грек авторы 
 Ктесий: «Сақ әйелдері ержүрек келеді,соғыс қаупі төнгенде соғысқа қатысқан.»
Парсылар сақтарды 3топқа бөлген:
Шошақ төбелі сақ деген атау күні кешеге дейін қазақ халқының өздерін «шошақ төбелі қазақпыз» дегнін еріксіз еске түсіреді.Сақтар өте өжет,батыр халық болған,қастасқан жауын аямаған,соғыста өлтірген  жауларының бас сүйегінен ішімдік ішетін ыдыс істеген.Жауларының жон терісінен шылбыр  жасаған. Олар батыр жауынгерді ардақтап құрметтеген.Сақтарды патшалар билеген,олардың әмірі өте күшті болды.Патша өлсе ,оның өлігін арбаға салып ,ел аралатқан.Патшаның өлігін көргенде бұхара қатты қайғырып ,өз қүлағын қанатып,шашын жұлып,бетін жыртып,көзін тырнаған.Қаза болған патша үлкен қорғандарда жерленген,өлікпен бірге алтын,күміс ыдыс жабдықтарды,сойылған аттарды да бірге көмген. Тіпті патшаның әйелін де,қызметкерлерін де өлтіріп,онымен бірге жерлейтін жоралғылар болған.
Тайпа көсемдері жауынгерлер тобынан сайланған.Сақ қоғамы
-*демократиялық қоғам. 
Әр топтың дәстүрлі түстері бар.
 
1 Абыздар Ақ түс
2 Жауынгерлер Қызыл түс
3 Қауым мүшелері Сары және көк түс
Мейрамда ең мерген жауынгер көсем сайланды. Сақ қоғамында әйелдерді құрметтеп,қастерлеген,сыйлаған.Сақ әйелдері тайпа көсемдері болып та сайланды.Мысалы,патшайым Томирис сақтарды басқарған.Ежелгі деректерде: «Егер сақ жігіті қызға үйленгісі келсе,онымен әуелі күш сынасуы керек.Қыз жеңсе,жігіт оның тұтқыны болып есептеліп,оған толық тәуелді болған.Тек жеңген жігіт қана өз билігін жүргізе алды.»Тайпа өміріндегі маңызды оқиғаларды қарайтын халық жиналысына ерлер мен  бірге әйелдер де қатысуға құқылы болды.
1.Дұрыс жауап таңдау тесті:
1.Геродот Қазақстанның ежелгі тұрғындарын массагеттер деп атады ма?
а)иә ә)жоқ
2.Жетісуді мекендеген сақтар тиграхауда сақтары деп аталды ма?
а)иә ә)жоқ
3.Сақ қоғамында ақ түсті киімді жауынгерлер киді ме?
а)иә ә)жоқ
4.Гректер сақтарды азиялық скифтер деп атады мы?
а)иә ә)жоқ
5.Тайпа көсемдері егіншілер тобынан сайланды ма?
а)иә ә)жоқ
2.Толықтыру тесті:
Парсылар сақтарды---------------топқа бөлді.Мургаб аңғарына орналасқан сақтардың хаумаварга аталуы------------------байланысты айтылған.Сақ әйелдеріерлермен қатар------------------қатысқан.Сақтар-------------қатал,-----------адал болған.
3.Сөзжұмбақ шешу.
Сұрақтары:
1.Сақ патша әйелі.
2.б.з.б1-мыңжылдықтаОрта Азия мен Қазақстанды жерінде мекендеген тайпа.
3.Арал өңірін мекендеген сақтар.
4.Жетісу сақтары.
5.Мургаб өңіріндегі сақтар
4.Венн диаграммасы:
5.Кластерді толтыр.
 
Сақтар Қазақстан жерін қашан мекендеді? Сақтар туралы жазған грек тарихшысы Сақ қоғамы неше топтан тұрады?
 
Ойлан,тап:
1.Массагеттер киімі мен өмір сүру дағдысы скифтерге ұқсас.Олар ат үстінде де ,жаяу да соғыса береді--------------
2.Массагеттер  Кирге қарсы соғыста өздерінің ержүректігін көрсетті,оларды көпшілік мақтайды.Құдай деп олар күнді есептейді және оған жылқыны құрбандыққа шалады.Олар ат құлағында ойнайды және тамаша  жаяу жауынгерлер-----------------
3.Үйсін халқының ішінде өмір сүрген сақ тайпалары да ұлы тайпалар-----------4.Сабақты бекіту:
а)1-деңгей-оқулықпен жұмыс.
ә)2-деңгей-топтастыру стратегиясы
 
Сақтар 
 
б)3-деңгей-қорытынды жасау.
5.Үйге тапсырма:Деңгейлік тапсырмалар.
6.Оқушылар еңбегін бағалау

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі.
Сақ қоғамы
Сақтардың мекендеген орны Сақ қоғамы
Орталық Қазақстандағы сақтар
Сақтар
Сақтардың мекендеген жері. Сақ қоғамы
Сақтардың мекендеген жері, Сақ қоғамы
Сақтардың мекендеген жері, сақ қоғамы
Сақтардың мекендеген жері, қоғамы
Cақ
Бөлім: Уроки / Тарих | Көрсетілім: 2603 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык