Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Тарих |
Көрсетілім: 6126 |
|
|
|
Киіз үй –көшпелілердің баспанасы
Тақырыбы: Киіз үй –көшпелілердің баспанасы
Мақсаты: Оқушыларға көшпелілер өмірінен деректер беру, киіз үйдің ерекшеліктерімен таныстыру.
2.Оқулық пен қосымша деректерді пайдалануға, өз ойларын еркін айтуға, өз пікірлерін қорғап6әдеби тілмен сөйлеуге дағдыландыру.
3.Ұлтжандылыққа, батылдыққа, бірлікке, туған жерін, елін сүюге тәрбиелеу.
Түрі: жаңа сабақ
Әдісі: СТО стратегиялары
Көрнекілігі: суреттер, тақырыпқа арналған слайдтар.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, музыка
Барысы:
1.Ұйымдастыру
-Сәлеметсіздер ме балалар. Отырыңыздар.
-Оқушылар назарын сабаққа аудару.
1. Тренинг «Жүректен шыққан жылы сөз».
Оқушылар сабақты бір - біріне жылы сөз айтып, жаңа сабақты меңгеру барысында көңіл - күйлерінің жақсы болуына тілек білдіреді.
- Балалар, қазақта мынадай сөз бар «Жылы сөз жанға қуат береді» дейді. Ендеше бүгін сабағымызды бастамас бұрын бір - бірімізге жылы сөз айтып, бүгінгі күнге жақсы тілек айтып бастайық.
2. Үй жүмысын тексеру Жұптық жұмыс
2.1 Сұрақ жауап ( Блум токсономиясы)
1. Темір дәуірі неше кезеңнен тұрады?
2. Тарихтағы дәуірлердің атауы нені білдіреді?
3.Тарихта еңбек құралдарын жасаудың адам өмірінде қандай маңызы болды?
4. Көшпелі мал шаруашылығы дегеніміз не?
5. Көшпелі мал шаруашылығының пайда болуының негізгі себептері
6. Ат әбзелдерін атаңдар
2.2 Сызбаны толтырыңдар (Тірек сөздер стратегиясы )
2.4 Суретпен жұмыс
Пеш көріктің жұмыс істеу принципіне сипаттама бер
2.5 Отырықшы шаруашылық пен көшпелі мал шаруашылығын салыстырыңдар
(Венн диаграммасы )
Айырмашылығы Ұқсастығы Айырмашылығы
Отырықшы шаруашылық Көшпелі мал шаруашылығы
І.Қызығушылықты ояту.
Ой шақыру стратегиясы.
Мұғалім: Жұмбақ шешкізу
Төбедегі көзінен
Күн сәулесі түседі
Бұрышы жоқ төрінен
Самал еркін еседі
Жаңа тақырып
Жоспары: 1. Дәстүрлі мал шаруашылығындағы көші- қон
2. Көшпелілердің баспанасы
ІІ. Мағынаны тану ( Түртіп алу технологиясы )
Көшу ұраны: Тек қажеттілерді алу. (пирамида стратегиясы )
(Тірек сөздер стратегиясы )
Видеоролик көру
ІІІ. Ой толғаныс:
Киіз үй маңызы мен көлеміне қарай бірнеше түрге бөлінеді. Орда - салтанатты, жоғары мәртебелі адамдар бас қосатын, аса құрметті хан, би, сұлтандар отыратын үй. Мүның да бірнеше түрі бар. Алтын орда - 30 қанаттан тұратын ханның мәжіліс ордасы. Ақ ала орда - 8 қанатты дәулетті бай, үй. А қ үй - 6 қанатты дәулетті адамдар тұратын үй. Боз үй, қоңыр үй, қараша үй - 4 - 5 қанатты қарапайым адамдар тұратын киіз үй. Отау үй - жас жұбайлар үйі. Жолым үй, абылайша үй, жаппа – уақытша ғана отыратын шағын немесе жартылай тігілетін үй. Ақ шаңқан үй - сүттей ақ, аппақ киіз үй. Ұраңқай - уық тәрізді сидам ағаштардан басын түйістіріп тігілген киіз үй.
Бекіту : Тест сұрақтары
1. Көктемгі жайылым қалай аталды ?
2. Киіз үйдің бөліктер
3. Малшылар қыс жақындағанда қай жерге жақындаған ?
4. Отырықшы шаруашылық қазақстанның қай жерінде қалыптасты?
5. Үйсіндердің баспаналары неден салынған ?
«Бес жолды өлең құрастыру»
1. Зат есім Киіз үй
2. Қандай?
3. Не істейді
4.Түйін:
5. Синоним
Қорытындылау: (Эссе технологиясы)
Мына ойды жалғастыр
Егер мен киіз үйде тұрсам......................
Үйге тапсырма беру: §13 оқып келу. Диаграмма сызу, киіз үйдің ішкі бөлігі туралы қосымша мәлімет жинау
Рефлексия: Шаттық шеңберін құру бір біріне тілек білдіру.
(Геометриялық фигуралар стратегиясы )
Егер бүгінгі сабақ ұнаса қолдарыңдағы фигураларды тақтаға әкеліп жапсырыңдар
VI. Бағалау. Оқушылардың үй тапсырмасы мен жаңа сабақты игерумен белсенділіктерін бағалаймын.
Сабақтың соңында мына слайдды шығару.
«Біле бер қанша білсең, тағы тіле.
Жетерсің мақсатыңа біле-біле». Ж.Баласағұн
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |