Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Құныскерей туралы тарихи ақиқат


Құныскерей туралы тарихи ақиқат

Құныскерей туралы тарихи ақиқат

Ғылыми жұмыс
  «Құныскерей туралы тарихи ақиқат» тақырыбындағы ғылыми жұмыс сонау XX ғасырдың бірінші ширегінде болған әлеуметтік және саяси құбылыстарды ашуға арналған. 1917жылы ақпан айында болған төңкеріс Ресей империясына жаңа саяси дағдарыс науқанын алып келді. Патша үкіметінің орнына келген буржуазиялық–демократиялық үкімет пен жұмысшы,шаруа депутаттар кеңесі көптеген жаңа заңдар енгізді. Сөйтіп халықты патша үкіметінің ғасырдан бері келе жатқан бұғауынан азат етті. Буржуазиялық-  демократиялық  үкімет Еуропа елдерінің даму жолын таңдады. Ал, жұмысшы- шаруа  депутаттар кеңесі болса әлемде бұрын-соңды болмаған әділетті қоғам орнатуды мақсат етті. Сөйтіп қос үкімет барынша саяси аренада бірімен-бірі білек сынасты. 
             Ақырында Кеңес өкіметі жеңіп бүкіл елді өзі басқарады. 20-шы жылдардағы елдің ішінде болған дүрбелең осы кеңес өкіметінің жүргізген саясаты. Қызыл әскерді азық –түлікпен қамтамасыз ету керек-деп халықтың қолындағы малын бір жинап, кейін халық шаруашылығын қалпына келтіру үшін екінші рет салық саясатын жүзеге асырды. Енді міне қазақ малшыларының арасынан орта дәулетті жағдайы жетерлік адамдарға көбірек салық салып оларды тәркілеу әрекеті басталды. Мұның бәрі халықтың Кеңес үкіметіне деген сенімсіздігін тудырған болатын. Бас көтеріп үкіметтің саясатына қарсы келген адамды «Банды»атап қуғындай бастады. Өз заманының таңдаулы азаматы болған Құныскерей бабамыз осындай тағдырдың тәлкегіне түскен адам.  
           Ғылыми жұмыс осы Құныскерейдің өмірбаянын, қызметін, кейінгі Кеңес өкіметімен арада болған кикілжіңін, сол 20-шы жылдардағы ішкі саясатпен байланыстырып баяндайды. Осы бағытта ғылыми жұмыс өз табысына сай жазылған жұмыс.
Тақырыптың өзектілігі  20-шы жылдардағы саяси-әлеуметтік жағдай мен Кеңес өкіметінің жүргізген құйтырқы саясатының еш уақытта айтылмауы. Құныскерей сияқты «банды» атанған ел азаматтарының халық жауы болып саналуы. Міне осы екі мәселенің бүгінгі күнде жаңа заман талабымен қайта қаралуы және тарихи шындыққа ие болуы болып   табылады. Намысына ғана құл болған туған өлкенің мінезді қайсар ұлдарының  бірі Құныскерей Қожахметовтың бүгінде аты халық арасында қол жетпес өнеге, айтып бітпес аңыз. Асылында оны осы күнге дейін ешкім ғайбаттап, жазықсыз қанды мойнына жүктеді, бейкүнә жанды бекерден-бекер өлтірді дей алмайды.Осындай алып тұлғаны қасиетті қаламгер Хамза Есенжанов өз еңбегінде жоғары бағалаған болатын. Сондықтан да     «Жүнісовтер трагедиясын» Құныскерей жайлы ең өміршең дүние деп атауға болар еді. Бар айыбы қазақы дәстүрді қадір тұтқан Құныскерей кер заманның тар ноқтасына алтын басын қор қылмай арда пейіл, асқақ тұлғасымен кіндік кескен кең өлкесінен ертерек жырақтады. Әйтсе де жусанды даланың жомарт жандары оның тарихи бар болмысын баяғы күйінде баянды түрде есте ұстап келеді.
Зерттеу бөлімі
1.20-шы жылдардағы Қазақстанның саяси әлеуметтік жағдайы
 
           Қоғамымыз бүгін басынан өткізіп отырған қиындықтар сонау 20-30 жылдардан бастау алады. Өмірдегі барлық құбылыстардай саясаттың да өз түп төркіні, сабақтастық байланысы бар. Қазақ Өлкелік Комитетін  1925-1933 жылдары басқарған, іс жүзінде осы мезгілде Қазақстанның жеке дара  әміршісіне айналған  Ф.И.Голощекиннің  ұстанған саяси бағытын тура түсіну үшін оған тарихи тұрғыдан қарау орынды болар еді. Түптеп келгенде, мәселе Қазақстандағы социалистік құрылыстың өзіндік жолдары мен әдістеріне келіп тірелетіндіктен, Голощекиннің бұл тұрғыдан, белгілі дәрежеде, өзінен бұрын басталған саяси  бағыттың жалғастырушысы болғанын есепке ала отырып, оған дейін-ақ жаңа қоғамды құрудың әдістері арнайы  және принципті сөз болған облыстық III партия конференциясына тоқталу қажет. РКП(б) Қазақ бюросының мүшесі А.И.Вайнштейн «Қазақстандағы партия және Совет жұмысына әлеуметтік база құрудың әдістері» атты баяндамасында: «Біз осы уақытқа дейін белсенді жүргізген жұмысымызда, әсіресе қазақ тұрғындарының арасында, негізінен ұлттық мәселелерді көздедік. Бұл кезең аяқталғандықтан, енді оны екінші кезекке ығыстырып (ұлттық саладағы бірде бір жұмыстан бас тартпай, қатар жүргіземіз), салмақты жұмысымыздың әлеуметтік базасы жағына аударуымыз керек» деп, ондағы негізгі мақсат «кедейдің  әлі оянбаған  таптық  инстинктін шайқау, көтеру», тіптен «...ең дұрысы кедейді байларға тік қарсы қою, сол  арқылы  кедейлерге кіріптарлықтан құтылу дегеніміз осы екендігін сездіру» де баса көрсетті. [М.Қойгелдиев, Т.Омарбеков «Тарих  тағылымы не дейді?» А.1993,8-бет].  
Бұл іс жүзінде мүлдем жаңа кезең, яғни байлар меншігіне    «қызылгвардиялық шабуылға» өту еді. Қоғамды  Социалистік негізде қайта құрудың алғы шарттарының  бірі есебінде  қойылған бұл күрделі және ауыр шараны  іске  асыру  үшін  қазақ  қоғамы  әлеуметтік-экономикалық, саяси және рухани кемелдік  тұрғысынан  даяр  ма  еді?  Жоқ,  даяр  емес  болатын. Экономикалық мешеулік, таптық жіктелудің, еңбекші бұқараның өзінің таптық мүддесін түйсініп, ол үшін күресуге даярлығының   төменгі  дәрежеде болуы бұл мәселені  шешуде көлденең  тұрған  негізгі  кедергілер еді. 20-шы  жылдардың  басында  Қазақстанда  экономикалық  жағдай  тым ауыр  болды. Бұл арада үлкен адам  шығыны мен арты ашаршылыққа ұласқан 1916 жылғы ұлт азаттық көтерілісті, қазақ қоғамын адам және мал шығынына   ұшыратқан Азамат соғысын айтпай кету мүмкін емес. Осы азапты оқиғалардың артын ала келген 1921-1922 жылдардағы ашаршылық қоғамды  біржола тұралатып кеткен еді. Демограф Т.Тәтімовтың есебі бойынша 1916-1921 жылдар аралығында аштықтан қырылған және оққа ұшқан  қазақтардың саны 800 мыңға, ал ата-мекенінен біржола көшіп кеткендердің  саны 200 мыңға жеткен.[«Ислам шапағаты»газеті,1991,24 мамыр,12-б]. Бұл сол тұстағы қазақ елінің шамамен бестен бірі еді. Ауыр шаруашылық дағдарысына ұшырап отырған қазақ шаруасына жедел жәрдем беруге жаңа биліктің де мүмкіншілігі жоғары еместін. Өз кезегінде бұл  жағдай  кедейлердің Совет  өкіметіне  деген  сеніміне  секем  түсірді. Шаруашылық дағдарысы жұмыссыздық санын күрт өсіріп, кедей-жатақтардың қоғамдағы үлес салмағын көбейтіп жібергендігі мәлім. Басым   көпшілігі кедей және орта  шаруалардан   тұрған   қазақ ауылында, сондай–ақ саяси билік солардың мүддесін қорғайтын советтердің қолында тұрғанда байлармен күресті революциялық төтенше шаралар арқылы емес, экономикалық және саяси әдістер арқылы жүргізуге толық жағдай бар еді.  Басқаша айтқанда, сол тарихи  кезеңдегі Қазақстан жағдайында байлар мен  буржуазиялық элементтерге қарсы күресте революциялық зорлықты  жалғыз   күрес   құралы деп   тану   жергілікті  жағдайда терең түсінбеуден туған ірі саяси қателік болатын. Сонымен, партияның Қазақ облыстық III конференциясында қазақ ауылын социалистік  негізде қайта құру жолдары туралы пікір алысу қызу айтысқа ұласты. Солай болуы да заңды еді. Өйткені, қарсы келген  позициялардың арасы тым алшақ-ты, ал олардың өмірде жүзеге асу мүмкіншілігі де әрқилы болатын. Кейінгі уақыт оны анық   көрсетіп  те берді.
Осы арада  түрлі себептерге  байланысты  өз  дәрежесінде  жетерліктей  көңіл  бөлінбей  келе жатқан  бір мәселеге тоқталуға тура келеді.  Революция жеңісінен кейінгі кезеңде Қазақстан үшін аса маңызды мәселелердің бірі өлкедегі революциялық өзгерістерді басқаруға лайықты кадрлардың тапшылығы еді.Совет билігі орнағаннан кейінгі уақытта орталықтан Қазақстанға біраз кадрлар жіберілген. Олардың арасында революция  идеяларына шын ниетімен берілген,  соған  сай  өзгерістерге, өз үлесін   қосуға   даяр большевиктер аз болған жоқ. Сондай–ақ, олардың  қатарында жергілікті ерекшеліктермен  есептесуге  аса құлықты емес, өз міндетін орталықтың  нұсқауын  бұлжытпай, тіптен  реті  келсе асыра орындау деп түсінген солақайлар да жеткілікті еді. Өздерін бұрынғы патша  шенеуініктерінен кем сезінбеген олар жергілікті халыққа тек бағынуға  жаралған  бұратаналардай, ал жергілікті ерекшеліктерге назар аударуды талап еткен ұлттық интеллигенция өкілдеріне ұлы революциялық өзгерістерді қабылдауға даяр емес, білімсіз тар өрісті интеллигентсымақ «ұлтшылдар» есебінде қарады. Өз кезегінде большевиктердің идеологиялық күрес арсеналында реакциялық «ұлтшылдық» туралы бір жақты пікір  қалыптастыруға ерекше еңбек сіңірген де осы топ болды. Өз  ретінде  олар  жергілікті  тұрғындардың  және  орталық  басқару аппараты арасындағы ұлы державалық  шовинизммен  уланған элементтердің  қолдауына  сүйенді.  Ықпалды   орындардағы осы позициядағы   адамдардың   белсенді әрекеттерінің арқасында патшалық империя тұсында  «сепаратистер»  ретінде  айыпталып,  қуғын  көрген А.Байтұрсынов  сияқты көрнекті  қайраткерлер енді Совет билігі тұсында «ұлтшылдар» атанып жатты. Элементтердің қолдауына сүйенді. Ықпалды орындардағы   осыпозициядағы адамдардың  белсенді  әрекеттерінің  арқасында патшалық империя тұсында «сепаратистер» ретінде айыпталып, қуғын көрген А.Байтұрсынов сияқты көрнекті қайраткерлер енді Совет билігі тұсында «ұлтшылдар» атанып жатты. Қазақстанда совет билігі  орнағаннан  кейін,  бірінші   кезекте  өз шешімін табуға тиіс бірнеше мәселелер тұрды. Қазақ бұқарасының тұрмыс жағдайының түбегейлі өзгеруі сол мәселелердің тура шешілуіне тікелей тәуелді болды. Олар жерді пайдаланғанда бұрынғы әділетсіздікті жою, жергілікті халыққа жақын,  түсінікті  және  оған  қызмет  ететін  мемлекеттік аппаратты құру,  жаңа  қоғамды  құрудың  әдістері  мен жолдары (коллективтендіру, индустрияландыру, мәдени революция т.б)  сияқты мәселелер еді. Бұл  міндетті шешуде «ұлтшыл-уклонистер», «ұсақ буржуазиялық-ұлтшылдар бірінші кезекке таптық принципті емес, жалпыұлттық-жалпы демократиялық принциптерді қойды. Қазақ шаруалары үшін Қазан революциясы қарсаңында да, одан кейінгі жылдары да егіншілікке  жарамды жер тапшылығы үлкен мәселеге айналды. Осы мәселеге  байланысты патшалық билік тұсындағы әділетсіздікті біржола  жою  мақсатында бесінші өлкелік партия конференциясы жер мәселесін арнайы қарап, қарарында «жерге  орналастыру саласында ең алдымен байырғы халық, әсіресе олардың отырықшыланып жатқандары жөнінде міндет  қойылатын  болсын» деп көрсетті.    
            Егер, жергіліктендіру төңірегінде қызу айтыс жүрген 20-шы жылдардың орта  тұсына  келсек, Қазақстанда бұл міндетті іске асыру жолында көлденең тұрған екі ірі кедергіні байқауға болады. Біріншіден, жергілікті халықтың арасында жаңа қалыптаса бастаған советтік аппаратта істей алатын сауатты адамдардың,  білгір  мамандардың  тым   тапшылығы болса, екіншіден, ескі мемлекеттік аппараттан қалып, жергіліктендіру процесіне шама-шарқынша қарсы әрекет жасаған европалық   қызметкерлердің болуы еді.
 
  2 .Қазақ шаруаларының мал-мүлкін тәркілеу және қуғын-сүргін 
 
        Қазақ  әрбір күрделі де  ірі тарихи оқиғаларды белгілі бір  атаумен, әдеби көркем теңеумен  немесе мақал- мәтелдермен бейнелеп отырған халық. Мысалы, біз әңгіме етіп отырған қазақ шаруалары  қожалықтарын зорлап коллективтендіру жылдары  ел  арасында   үкіметтің  ет  және  астық  даярлау  науқанымен:  «Қайдан  тапсаң   одан  тап,  қаптың  түбін  қақ!» деген  мәтелмен, айшықты тілмен  беру байқалса, ал  осы  коллективтендіру  жылдарындағы асыра сілтеулер: «Асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын!»,-деген  тәрізді  өткір, әжуа теңеумен  нақты көрсетті. Соңғы жылдары біз әңгіме етіп отырған зұлматты кеңінен зерттеген белгілі қазақ демографы М.Тәтімов «қызылтабан» шұбырынды» деген терминнің  голощекиндік геноцидті  дәлме-дәл бейнелейтінін жақсы дәлелдеп жүр    [«Лениншіл жас»,1991,26 шілде].
Қазақстандағы  шаруалар  қожалықтарын коллективтендіруде  өрескел қателіктерге  жол беріліп  қазақ халқына жантүршігерлік   материалдық   және    рухани  алапат қиындықтар  алып келгені  белгілі. Бірақ көшпелі қазақ ауылына қайғы-қасірет бұлтын шоғырландырған Голощекиннің коллективтендірудегі  жартылай әскери тәртібін ғылыми тұрғыда айыптау   ресми қолға алынбай отыр.  Қазақстандағы  ол   жүргізген барлық  қауырт  та  асығыс, берекесіз де жанкешті науқандар тәрізді қазақ шаруаларының  қалың бұқарасына қарсы бағытталған ет дайындау, астық даярлау әрекеттері күштеу жолымен жүргізілді.  Осылардың бәрі,  яғни  күштеп  жер  аударулар, мал- мүлікті   тартып   алулар,  жергілікті  жерлердегі  қарулы бас көтерулер ,   жартылай әскери   киініп, «шолақ  мылтық» асынған жергілікті жерлерге  жіберілген уәкілдер, «шаш ал десе бас алған» шолақ белсенділер,  Қазақстандағы  коллективтендіруге  әскери сипат  берді. Ірі  мал  иелерінің    малын тәркіге салу мәселесі 20-шы жылдардың бірінші жартысынан  бастап,  Кеңес өкіметі назарында болды. Егер сол жылдары елдің байлығын   арттыру, шаруашылығын көтеру-негізгі мақсат болды деп қарастырғанның  өзінде  күштеу бағытын ақтап алу аса  қиын. Осы міндетті орындауға  тіпті мемлекет қаржысы жетіспей жатқан жағдайлардың өзінде ауқаттыларға салық  салып, байлар қаржысын осылай пайдалану жолымен кедейлерге  көмек  қорын жасауға, индустрияландыруға қажетті ауылшаруашылығы өнімін алуға болар еді.  Байларды  жер аудару 1928 жылдарға дейінгі кезде де кей жерлерде ішінара жүргізілгендіктен архив қойнауындағы құжаттар растап отыр. Мысалы осы мақсаттармен 20-шы жылдардың бірінші   жартысында Жетісу облысында советтік  құрылысқа  қатерлі  элементтерді  анықтау және оларды  жер  аудару  жөнінде  арнай  комиссия жұмыс  істеді.  1928 жылдардың  қарсаңында  кейбір қазақ зиялылары Қазақстандағы   мал    шаруашылығының жағдай және қазақ байларына жасалған алғашқы  қысымдар ірі мал  иелерін  тәркілеуді  неге  жақтамады десе, мәселенің  басы әріде.  Қазақ халқы  баяғы заманның бері мал шаруашылығымен үздіксіз айналысатын  ел. Мал шаруашылығымен  айналысуға табиғи жағдайлары, жердің кеңдігі,  далалы  таулы аймақтардың жайылымға  өте  қолайлы  болуы да  ықпал  етті. Қазақ  ауылында  мал  атадан  балаға мұра болып  қалған   байлық.  Ауқаттыларды тап  ретінде  жою  большевиктердің басты  мақсатына  айналады.  Осының  көздеген   ашық   шабуыл көп   кешікпей-ақ  1927  жылы  басталды.  Алғашқы нысана байларды саяси  құқығынан   айыру болды. Қазақ байларының шаруашылығын әлсіретуге бағытталған шаралардың бірі ірі үздіксіз салынған ауыр салықтар еді. Жалпыға бірдей міндетті  ауылшаруашылығы салығын, өздерінің табыстарымен  қатар «олардың еңбексіз табылу сипатымен»ерекшеленген  шаруашылықтар үшін жеке  дара   салықтар  ауыртпалығын негізінен  бай  қожалықтар  көтереді. Көп  жағдай да  жеке  дара салықтар бір екі сиыры, сүт  тартқышы,  кең   ауласы   бар  қожалықтарға  да  қазір  кедейленсе де  бұрынғы бай тұқымынан тарағаны үшін деп салынды. 20-шы жылдардың бірінші жартысында  Жетісу   облысында   советтік құрылысқа қатерлі  элементтерді анықтау және оларды жер аудару жөнінде құрылған комиссияның  жұмысының  нәтижесінде  1924 жылы тек бір ғана Жетісу облысынан тыс жерлерде   Кеңес өкіметіне   қарсы  күрес   жүргізді  деген сылтаумен  32 адам,  ал осы  облыс  ішінде  бір уезден екінші уезге 20 адам жер аударды. Мұндай жағдайлар  Қазақстанның     басқа   жекелеген  аудандарында  орын  алды.  [М.Қойгелдиев, Т.Омарбеков «Тарих тағылымы не дейді? А.1993,98-бет»].
Республика округтеріне тәркілеудің өткізу жөніндегі нұсқаулар жіберіліп, Республика округіне тәркілеуді басқаратын уәкілдер тағайындалып, ауылға мыңнан астам уәкіл жіберілді. Ал тәркілеу комиссиясы құрамында 4700 адам жұмыс істейді. Тәркілеу науқаны барысында жаппай жүгенсіздік жайлап, байлар Кеңес өкіметі тарапынан озбырлыққа тап болды. Тәркілеу нәтижесінде Қазақстан округінде 148 адам тұтқындалды. Олардың 69-ның ісі прокуратураға берілді. Тәркілеу тек оң іс деп танылып, ауылды «қансорғыш қанаушылардан» азат ету мақсатын көздеді. Тәркілеу туралы ереже бойынша жер аударылғандардың бәрі сайлау құқығы жоқ адамдардың тізіміне енгізілді. Қазақ байларын жер аудару адамдардың басына түскен үлкен қасірет болды. Жазылған деректер мен архив мәліметтерінен біз тәркілеу ісінде жаппай заңсыздықтардың орын алғанын көреміз. Көбінесе тәркілеуде бұрынғы малдың санын есептеді. Мысалы, 1927 жылғы жұтта қырылған мал басы да ессепке алынды. Осылайша, байлардың ұзақ жылдар бойы тырнақтап жинаған малдары өздеріне пәле болып жабысты.[М.Қозыбаев «Қазақстан тарихы»А.2009,      58-59 беттер].
 Ресми деректерге сүйенсек осы малдар негізінде жаңадан 292 колхоз ұйымдастырылды. Нұсқауға сәйкес әр қожалыққа бөлініп, берілген мал 12 тұяқтан аспауы тиіс бола тұрса да, батырақ пен кедейлердің көбі мұндай мал үлесін алған жоқ. Малдың едәуір бөлігін 25,7 процентін жаңа құрылған колхоздар алып қойғандықтан, тәркіленген мал кедейлердің жеке қожалықтарына берілмеді. Мұның өзі өкіметтің шын мәнінде кедейдің емес, колхоздың қамын ойлағанын көрсетеді. Мал үлесіне алған кедей батырақтардың қожалықтары тез өсіп, жетіле қоймады.  
1928 жылы  әкімшіл-әміршіл тоталитарлық жүйе жүзеге асырған     қазақ  байларын күштеп  кәмпескелеу және оларды  зорлап  жер аудару тұтас бір халықты  ашықтан ашық қуғын–сүргінге ұшыратудың және  бұқараны жаппай қырудың бастауы  болды. [«Қазақстан»Ұлттық энциклопедиясы].
Қазақ ауылында қара шаруа, кедей, жалшы, малшы, қойшы тәрізді топтардың бір сөзбен айтқанда қазақ кедейлерінің, негізінен бірлі жарым болса да мал ұстап, өз күндерін өзі көргенін және өздерінің материалдық мұқтаждықтарын бай көршілерінің немесе туыстарының малын бағу, оларға өз еріктерімен жалдану есебінен толықтырып отырғанын ескермесе болмайды. Бай мен кедейді өзара жақындастыра түскен тағы бір басты нәрсе-көшпелі өмірдің қиыншылықтары болды. Табиғаттың әр түрлі, күтпеген кездейсоқ кедергілері көшпелілерді қиындыққа ұшырата берген соң, мұндай өмір өзара күш біріктіруді әрқашан тізе қосып әрекет етуді қажет етті. Қазақ байларын күшпен тәркілеу туралы шешімнің қабылдауы табиғи даму жолымен келе жатқан қазақ ауылында түсінбеушілік туғызды. Бұл кезде кеңес өкіметіне ашық қарсы шыға қоймаған ауқатты қаза шаруалары бұл саясаттың байыбына бара алмай дал болды. Оның үстіне байлардың ғана емес, орташалардың да мал-мүлкін тартып алатындығы туралы «ұзынқұлақ» хабары елді дүрліктірді. Адамдар ішінара малдарын сатып, буынып-түйініп, басқа жаққа қашып кетуді ойлады. Төтенше тәркілеу «ірі бай жартылай феодалдардың ауыл еңбекшілеріне жасап отырған ықпалын жою» мақсатында бірден жүзеге асырылатын революциялық әрекет болса, ал ауыл шаруашылығын  жаппай ұжымдастыру жаңа зкономикалық саясаттың негізінде революциялық заңдылықты сақтай отырып, кедейлермен орта шаруашылықтардың бай кулактарға қарсы шабуылын ұйымдастыру бірнеше жылдарға созылатын шара болып табылды. Тәркілеуге байланысты деректерде көшпелі аудандардағы қожалықтарға шектен тыс қатал көзқарас айқын сезілді. Осы көшпелі аудандағылардың малын кәмпескелеу мөлшерінен аз болған күннің өзінде  кеңестендіруге қарсы қауіпті элемент ретінде жер аудару тиіс болды. Тіптен мал басы тәркілеу заңында көрсетілгендкй көлемде болып, кәмпескеге ілініп тұрса да бұларға қосымша жала жауып, «кеңес өкіметіне жау» деп көрсетуге тырысу фактілері жиі кездеседі. Мұндай көп жанұялы шаруашылықтарды, әсіресе жас балаларды аяу, оларға адамгершілікпен қарау деген бола қоймаған. Тәркілеуді өткізу барысында негізінен ауыл белсенділерінен тұратын қол ұшын беруіщілер комиссиясы кеңес өкіметінің нұсқауларының өзінде сақтай бермей шектен шығып кетіп отырған. Нәтижесінде қауымдық кооперациядан тыс күн көре алмайтын,  қауымда 300-400 қаралы қойы бар, ортаң қолды дәулетті кісілер де қыспаққа түсіп, келген уәкілдер оларға қиғылық салды. Байларды тәркілеуді жүзеге асыру үшін Қазақ ОАК –нің арнайы уәкілдер де жан-жақтағы округтерге аттанды. Орталықтан келген уәкілдер жергілікті жерлерге барып, округ және аудандық уәкілдерді ауылдардағы байларды тәркілеуге жіберді. Жергілікті жерден тәркілеу жүргізетін комиссия ұйымдарының уәкілдері әділ шешімге шақырған нұсқауды тыңдамай қазақтардың өз арасында бұрыннан келе жатқан дәстүрлі даулы мәселелерге мән бермей, ел арасында кек қайтару үшін ұйымдастырылған жалаларға сүйеніп шаруаларды тәркілеп жер аударған. 
Кеңес өкіметі қазақ даласын ежелден дамыған дәстүрлі экономикадан тайдырып,  дамудың басқа жолын қабылдауға күштеп көндіріп,  қазақ ауылын тұйыққа тіреді.
Сонымен, қорытып айтар болсақ, сол кездері көшпенді қазақ шаруашылығы дамудың ең төменгі сатысында тұрды деген большевиктік көзқарасты қолдауға болмайды. Көшпелі шаруашылықта адамзат жасаған, айналадағы орта ерекшеліктерін туғызған әлеуметтік-экономикалық дамудың бір түрі. Олай болса, осы кезге дейін тарихшылар бір жақты қарап келген көшпелі тұрмысты адамзат өркениетіне де, дамуына да, озық мәдениетке де қарсы қоймай, оны балама даму жолы ретінде қараған жөн. Осының нақты дәлелі-большевиктердің Қазақстандағы көшпелі тұрмысын, мал шаруашылығын күйзелтіп, дәстүрлі қазақ шаруашылығын жойып жіберуі, адамдардың жаппай қырылуына, шөлейт жерлердің адам да, мал да өмір сүре алмайтын қу мекенге айналуы еді. 
Индустрияландыру үшін қаржы іздестіру мақсатында мемлекет 20-шы жылдың аяғында салық тәртібін қатайтты.Салықтың қатаюы Қазақстанның ауылдарының еңсесін басты. 1927-1928жылдары 4пайызы ауқатты және кулак шаруашылықтары шаруалар қожалықтарына есептелген ауыл шаруашылық салығының бүкіл сомасының 33 пайызын төлеуге мәжбүр болды.
Тарихи құжаттарға қарағанда 1925-1926 жылдар Қазақстандағы барлық партия ұйымдары мен советтердің атқару комитеттері арақатынасындағы өзара келісе алмаушылықтың, жиі шиеленістерге ұласып отырғанын байқауға болады.
Коллективтендірудегі Голощекиннің ОГПУ күштеріне сенген әскери режиміне, зорлық-зомбылығына наразы болған қарапайым халықта көтеріліске белсене қатысты.
Адамдарды колхоздарға еріксіз күштеп кіргізу, жалған колхоздар құру жолына түскен жергілікті голощекиншіл, мылтығы шошайған, астындағы жүрдек аттарына дейін елден тартып алынған нәрселермен жабдықталған шолақ белсенділерді естерінен тандырды. Үкіметтің ресми мәліметтерін басшылыққа алатын болсақ, жоғары да шекаралық аудандарда тұратын қазақтың ең көп дегенде 150-160 мыңдай ғана Қытайға көшіп кеткен. Шетелдегі қазақтардың санының көптігін бетке ұстап, оларды түгелдей дерлік коллективтендіру жылдарында өтіп кеткендер ретінде біздің алдымызға көлденең тартып жүргендер баршылық. Сондай-ақ шетелдегі қазақтар санын біздегі коллективтендіру апатынан кейінгі үш онжылдық бойына өсе қоймауы бұл пікірді 1959 жылы Қытайдан небәрі 580 мың, ал Монгнлияда 40 мың ғана, қоса есептегенде 620 мың қазақ өмір сүрген. Коллективтендіру жылдарында қазақтардың Қытай шекарасынан өтуі азамат                    
                
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Ө.Әлімгереев «Құныскерей» А.2003ж
2. Л. Жолдиев  «Қызылқоға» газеті 1995ж.28 қаңтар
3. Х. Есенжанов «Ақ Жайық» трилогия А. 1988ж. Бірінші кітап «Төңкеріс үстінде»
4. Х. Есенжанов «Ақ Жайық» трилогия А. 1988ж. Екінші кітап «Шыңдалу»
5. Х. Есенжанов «Ақ Жайық» трилогия А. 1988ж. Үшінші кітап «Тар кезең»
6. М. Қойгелдиев. Т. Омарбеков «Тарих тағылымы не дейді?»А. 1993ж.
7. Қ. Хасанов. «Қос батырдың хикаясы» А. 2000ж
8. М. Қозыбаев «Қазақстан тарихы» А. 2009ж
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Қаракөл орта мектебі
Тарих пәнінің мұғалімі Суатова Фарида Болатовна
 

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Жұмабек Тәшенев және Қазақстан мәселесі
Қазақстанда ауыл шаруашылығын ұжымдастыру
Қазақстандағы ұжымдастыруға қарсы шаруалар көтерілісі
Отызыншы жылдардағы қоғамдық саяси өмір
Кеңес одағы
Қытай, Моңғолия
Индустрияландыруға бағыт алу және оның барысы
1930 жылдардағы аштық, шаруалар көтерілістері
Қазақстанда ауылшаруашылығын ұжымдастыруға көрсетілген қарсылық
Қазақстанда ауылшаруашылығын ұжымдастыруға көрсетілген қарсылық
Бөлім: Уроки / Тарих | Көрсетілім: 1650 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык