Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Жұмабек Тәшенев және Қазақстан мәселесі


Жұмабек Тәшенев және Қазақстан мәселесі

Жұмабек Тәшенев және Қазақстан мәселесі

ХХ ғасырдың 30 жылдарының ортасынан 80 жылдардың ортасына дейін Қазақстанда қызмет атқарған Жұмабек Ахметұлының заманы Қазақ елінің тарихында аумалы – төкпелі кезеңдермен тұспа – тұс келді. Бұл уақытта саяси – қуғын сүргін, соғыс, тың игеру, халық шаруашылығын қалпына келтіру сияқты науқандар жүрген кез еді. Міне, дәл осындай күрделі де қиын кезде балалық шағы өтіп, еңбекке араласатын кезінде халықтың адал перзенті өмір жолында осындай өткелеңдерді басынан өткерді. Міне, сол кеңестік дәуірде Қазақстанда  қарапайым жұмысшыдан бастап, жоғары қызметтерге  өз еңбегінің арқасында көтеріліп, елдің елдігін сақтау үшін империя басшыларымен тайталасқа түсіп, басын бәйгеге тіккен, қайсар рухты қазақ азаматы – Жұмабек Ахметұлы Тәшенев болды. Қайраткер қазақ жері мен елі үшін еңбек етіп, күресе білді. Жастайынан еңбекке араласып, елдің өсіп – өркендеуіне өзіндік үлесін қосты. Қазақ халқының басына сын сағат келгенде қасқайып тұрып, елге қорған болды. Қарсыластары қатардағы  қара жаяу емес, империяның азулы басшылары болатын. Қайраткерлік танытып, саяси өктемдіктің қыспағына төзімділік танытты.
Қазақтың осы бір біртуар ұлы 1915 жылы 20 наурызда Ақмола облысының Аршалы ауданындағы Александровка селосында  дүниеге келген. Жұмабектің әкесі Тәшен (азан шақырып қойған аты Тәшмұхамбет) қарапайым шаруа адамы болса да, ауылдастарына сөзі өтімді, беделді адам болыпты. Жұмабек Тәшенев өмірге Кеңес үкіметі орнағанға дейін, Ресейді оған қоса қазақ елін патша билеген кезде өмірге келген. Жұмабек Ахметұлы еңбекке ерте араласады. Жасынан әкесіне көмектесіп мал бағады. Сол кездегі қазақ ауылдарын жайлаған ауыр тұрмыс, жоқшылық Жұмабекті еңбекке ерте араласуына мәжбүр етті. Әкесімен бірге 9 жасынан бастап Бабатай ауыл шаруашылық фермасының, « Борьба с засухой» колхозының малдарын бағады. 
Жұмабектің жастайынан батыл да, өжет мінезінің қалыптасуына өмір сүрген ортасы, сол өңірден шыққан әйгілі адамдардың үлгі-өнегелері өз әсерін тигізді. Таршылықта болса да ешкімнен де қорықпай, еш нәрседен қаймықпай еркін өскені сондықтан да болатын. Жұмабек Ахметұлы ешкімнің алдында бас имейтін, бірақта ешкімді кемсітпейтін, сыйластықты сақтай білетін ашық, ақжарқын ер мінезді азамат болып қалыптасты.
Қашанда ел өмірінде елеулі орын алатын тұлғалар болады. Олар өздерінің қажыр – қайратымен, перзенттік борышын адал атқаруымен, халыққа қалтықсыз қызмет етуімен елден ерек, жұрттан бөлек болып келеді. Міне, осындай азаматтардың бірі – Жұмабек Ахметұлы Тәшенев еді. Өкінішке орай, кезінде кеңестік билік қайраткерді қызметінен алып, есімін ел арасынан ұмыттыруға барын салды. Бұл сол кеңестік билік үстемдік құрған заманның құқайы болатын. Бірақ, қайсар рухты қазақ қайраткері ешқашан мұқалған емес. Қайраткер 70 жылдан аса өмір сүрген ғұмырында бүкіл саналы өмірін елге қызмет ету, қорған және қамқорлық жасау мақсатына арнады. Өмірден өткенше еңбекке араласып, өмірлік тәжірибесін елдің өсіп-өркендеуі мақсатында қызмет атқарды. 
Осы уақытқа дейін қазақ халқының абзал азаматы жайлы көлемді ғылыми зерттеу еңбектерінің жазылмай келгендігі ойланарлық жағдай болды. Себебі, тәуелсіздіктен бергі уақыттарда жарық көрген мақалалар, естеліктерден құралған жинақтар ғана бар. Олардың өзінде ғылыми құндылығын көрсететіндей мұрағат деректері жеткіліксіз. Сондықтан, тақырыптың зерттелу деңгейіне шолу жасап, тарихнамалық талдаулар, жүйелеу аса қажет мәселе. Еліміздің тәуелсіздік алған уақыттың алғашқы жылдарында тарихты ұлттық мүдде тұрғысынан қайта саралап, ой елегінен өткізіп, ашып жазуда академик Манаш Қозыбаевтың атқарған еңбегі ерен болды. Ғалым «Дерек – тарихи дәлел» атты дөңгелек үстелде «Тарих эпизодтардан ғана тұрмайды» деп аталатын мақаласында сөйлеген сөзінде кеңестік тоталитарлық жүйенің саяси өктем саясат жүргізгені және оған қарсы шығып, ел мен жер, ядролық сынақтарды жасатпау үшін күрескен Ж.А.Тәшенев сияқты азаматтардың қайраткерлігін әділ бағалап жазған. Қазақ халқы жерін, ұлтын қорғаған, елінің ар – намысына айналған азаматтарын лайықты құрметтеп, әрқашан ілтипатпен еске алып ұрпағына үлгі етіп отырған. Қайраткер туралы ресми тарихта әлі жазылмаса да Қазақстанның өткен ғасырдың 50 – 60 жылдарынан бастап халық зердесінде орын алған айтулы тұлға. Қазақ халқының қайсар рухты қайраткері еңбек жолымен өрлеп, 1960 жылы Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы қызметіне тағайындалды. Ел өмірінде ерекше маңызға ие қоғамдағы әрбір маңызды салалардың министрліктеріне басшылық жасау, бағыт көрсету, дұрыс шешімдер қабылдаудың басы қасында жүріп, әділдік пен ел басқарды. Аса маңызды және халықтың өміріне қажетті сұраныстарға жауап беріп, республиканы өркендетуге ат салысты. Бір кезде өз орынына лайық қызмет жасап жүрген қайраткерлердің ел мен жер үшін Н.С.Хрущевтің саяси өктем әрекеттеріне қарсы шығуы қызмет орнынан түсуіне себепші болды. Бұл оқиға 1961 жылы 6 қаңтарда Қазақстан КПОК жанындағы Саяси Бюро мүшелерінің жабық мәжілісінде жүзеге асты. Осындай жиынды Қазақстан басшылары еріксіз егіле отырып, орындауға мәжбүр болды. Олай жасамайынша өздерінің бастарына да қауіп төнді. Нәтижесінде Жұмабек Ахметұлы қызметтен босатылды. Осылайша Кремль басшыларының саясаты бойынша қазақ арысының рухын сындырып, мұқатқысы келді. 
ХХ ғ. қазақ елінің кеңестік қызыл империя құрамында болған уақытындағы тарихи оқиғалар мен құбылыстардан мәлімет беретін тарихи құжаттық деректер мұрағат қойнауында сақталған және олар мазмұны жағынан сан алуан болып келеді. Мысалы, Кеңестік Қазақстанда басшылық қызметтерге араласып, ел басқаруда ерен еңбек сіңірген қайраткер Жұмабек Ахметұлы Тәшеневке қатысты да тарихи деректердің ізі сайрап тұр. Тек, бір ескерілмей келген мәселе қайраткер жөнінде кеңестік дәуірде және тәуелсіздіктен бергі уақыттарда толыққанды ғылыми еңбектерінің жазылмай келгендігі. Оның өзіндік себептері болды. Мәселен, тоталитарлық әміршіл-әкімшіл жүйе басшылары өз айтқандарына көнбегендерді жоғары қызметтен шеттетіп, тұқыртып тастауға дайын тұрды. Сол себепті, оның атын атауға немесе қоғамдық – саяси қызметі туралы жазуға келмейтін заман болды. 
Тек еліміз егемендікке қол жеткізген уақыттан бері қарай ғана ғалымдар, жазушылар, қоғам қайраткерлері мен бірге қызметтес болған замандастары мақалалар, естеліктер, жинақтар шығарды. Бұл заңды құбылыс еді. Өйткені, қазақ халқының: « Алтынды құм бүркей алмайды» - деген даналықпен айтылған сөз бар. Ол көрегендікпен айтылған аталы сөздің астарлы сипаты осы қазақ қайраткерінің өмірі мен қызметіне қатысты айтылғандай көрінеді. Зерек, алғыр, білікті мамандарға қандай қоғам болсын зәру болады. Жұмысқа құлай берілген, еңбекқор Жұмабек Ахметұлы республиканың бірінші басшысының назарына ілігуі заңды да, өйткені ол кезде екі тілге бірдей жүйрік, қолынан іс келетін қазақ кадрлары тапшы болатын.
Сөйтіп, коммунистік жүйеде оқып білім мен тәрбие алған, тәжірибесі толысқан Ж.А.Тәшенев 50 – ші жылдары биліктің жоғары сатысына қарай өрледі. « Бағың өскенше тілеуіңді ел тілейді, өзің де тілейсің, бағың өскен соң өзің ғана тілейсің» - деген хакім Абайдың дана сөзі осы ұлт қайраткерінің өмір жолына арналғандай.  Азаматтың бағының өсуі деген, өзі өмір сүрген қоғамның қажетіне жарап, лайықты орынын иеленіп, лауазым биігіне жетуі болар. Бір кезде әділетсіздікпен қызметінен тайдырылып, саяси өктемдік көрсетіп, тұқыртқан империя басшыларының әрекетіне уақыт төреші болып, халықтың беретін бағалауларының сәттері келетіні хақ еді. Міне, осындай халықтың қайсар ұлы Жұмабек Ахметұлы Тәшеневтің өмірі мен тарихын тұтастай сол дәуірдің оқиға, құбылыстарымен байланыстыра қарастырғанда тұлға және елдік мәселесі ғылыми тұрғыдан саралана түседі. 
Қорытындылай айтқанда, тұлға және елдік мәселесін жан – жақты  қарастыру бүгінгі күннің қойған талабы екендігі анық. Жалпы, қазақ халқы еліне ерен еңбек сіңірген қайраткерлерін жадынан шығармай, елдікті сақтау үшін үлгі, өнеге етіп отыруы парыз. Оның ерліктерін көзімен көріп куә болған аға ұрпақ, тарихтағы еңбегін енді біліп жатқан кейінгі буын өкілдері аңызға айналған қаһарманның рухына бас иеді. 

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Тарихи тұлға – Ораз Жандосов
К.Нүрпейісовтің азаматтық бейнесі
Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы
Ел тарихы ертеңге керек
Қазақстанда ауыл шаруашылығын ұжымдастыру
Ахмет Байтұрсынұлы және «Қазақ» газеті
Кеңес одағы
ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ТАРИХИ ҒЫЛЫМДАРДЫ ЖАҢҒЫРТУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
XX ғасырдың 20-80 жылдарындағы наразылықтар, көтерілістер, қозғалыстар.
« Елі сүйген ер »
Бөлім: Уроки / Тарих | Көрсетілім: 2218 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык