Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Иммунитет, иммунитет түрлері. ЖҚТБ (СПИД). ЖҚТБ-ның алдын алу


Иммунитет, иммунитет түрлері. ЖҚТБ (СПИД). ЖҚТБ-ның алдын алу
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
«Ынтымақ» негізгі орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі



Пәні: Биология
Сыныбы: 8
Тақырыбы: Иммунитет, иммунитет түрлері. ЖҚТБ (СПИД). ЖҚТБ-
ның алдын алу
Пән мұғалімі: Н. Абзалов

Сабақтың тақырыбы: Иммунитет, иммунитет түрлері. ЖҚТБ (СПИД). ЖҚТБ-ның алдын алу
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Адам ағзасының аурулардан қорғану жүйесі туралы, оның орналасуы және қалай жұмыс жасауы туралы жан-жақты білімдерін көтеру ;
2. Тәрбиелік:гигиена ережелерін сақтауға, өз күтіміне көңіл бөлуге,адамгершілікке, СӨС ұстануға тәрбиелеу;
3. Дамытушылық: Оқушының зейін тұрақтылығын,есте сақтауын, ойлануын дамыту
Әдісі: топпен жұмыс, сұрақ-жауап, баяндау,ұжымдық ойлау;
Түрі: ойын
Көрнекілігі: слайд, суреттер, плакаттар, маркерлер
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру
а) сәлемдесу ;
ә) оқу құралдарын түгелдеу;
Саламатсыздарма ұстаздар мен оқушылар
- Қайырлы таң, оқушылар!
- Бүгінгі ашық сабағымыз ойын түрінде өтпек.
Топтық жұмыс орындаймыз және жеке жұмыста мен жұптық жұмыстарда орындаймыз.
Алдымен сыныптан 3 топ жасақтаймыз.
ІІ. Топқа бөлу
Түсті қағаздар арқылы топ мүшелерін және қағаздардың түсіне қарай топтың атын анықтау.
Ал енді сабағымыз басталып та кетті
1 топтың аты - Донорлар
2 топтың аты - Иммунитет
3 топтың аты - Көмекшілер
Сабақтың барысы оқушыларға түсіндіріліп, әр топқа тапсырмалар бөліп беріледі.
І. Үй тапсырмасын үшке бөлеміз, әр топ өздеріне берілген тақырыпшаларға тоқталып,плакатқа, суреттерге қарап түсіндіреді,
1. Қан топтары
2. Қан құю
3. Резус-фактор
ІІІ. Негізгі бөлім
ІІ. Тапсырма.Әр топ өз тапсырмасын орындайды
1. Иммунитет
2. Табиғи иммунитет
3. ЖҚТБ ның алдын алу жолдары
Осы тақырыпқа тірек сызбаны толтырылады


Оқушылар жазған жұмыстарын қорғайды және толықтырады.
ІІІ. Тапсырмалар жағдаяттан шығу
І топқа
Сергей сабақтан келеді жолда оның 18-19 жасар достары кездеседі. Олар Сергейге инені беріп, өзіне есірткі салуды талап етеді.Ол бұрын ешқашан инемен есірткі қолданбаған және естуі бар бірлесіп қолданған инеде АҚТҚ\ЖҚТБ ауруы болуы мүмкін?
Оған не істеу керек
ІІ топқа
Алуа 25 жаста екі жылдан бері онда мынадай белгілер байқалды : шаршау,терлеу, тоңу, лимфа түйіндері ұлғайюы- бірақ ол тұмаумын деп ойлады.Қазір ол мүлдем жүдеді. Қалай ойлайсыңдар ол ЖҚТБ мен ауруы мүмкінбе? Ол оны қалай анықтайды ? Алуада қандай белгілер бар? Әрі қарай онымен не болуы мүмкін
ІІІ топқа
Марат темекі шегеді, арақ ішеді, бұзықтық көп жасайды. СӨС ұстанбайды. Тазалық сақтамайды. Бірақ ол есірткі қолданбайды. Ол АҚТҚ/ЖҚТБ жұқтыруы мүмкінбе ? Қалай ойлайсыңдар, не кеңес бересіңдер?

ІV. Тапсырма . «Кім көп алма жинайды» ойыны Жеке жұмыс

Алма талда түрлі – түсті алмалар бар, ол алмаларда сұрақтар берілген :
Сол алмаларды кім көп жинаса, әр топтан бір оқушыдан келесі турға өтеді.
Ол алмалардағы сұрақтар
Қан топтары қандай?
Қандай белгілеріне байланысты топқа бөледі?
Резус – фактор деген не ?
Агглютинация деген не?
Донор деген кім?
Реципиент деген кім?
Иммунитет деген не ?
ЖҚТБ – дан қалай сақтанамыз?
ЖҚТБ-ның белгілері қандай?
ЖӨТБ қол алысқанда жұға ма?
Әр топтан сайысып бір оқушыдан шығады және келесі турға өтеді?
қызыл- 1. Иммундық жүйенің шеткі мүшелерін сипаттандар.
2. Т- лимфоциттері қандай қызмет атқарады ?
3. В- лимфоциттері ағзада қандай рөл атқарады ?
көк- 1. Кемік майының қызметі
2. Жұтқыншақтағы лимфа сақинасында қандай бадамша бездер бар?
3. Т-лимфоцит жасушалары қандай иммунитетттің қалыптасуына әсер етеді ?
сары- 1.Көкбауыр қай жерде орналасқан ?
2. Қарсыденелер дегеніміз не?
3. Иммундық жүйеге қандай мүшелер жатады ?

V. Тапсырма. «Ғажайып алаң» ойыны
Бұл ойында оқушылар барабанды айналдырады ,оған сұрақтар беріледі, сұрақтың жауабы торкөзде жасырылған.
1. Лейкоциттердің микроорганизмдер мен басқа бөгде денелерді белсенді қоршап алу, сіңіру және қорыту процесін не дейді ? (Фагоцитоз)
2. Эритроциттердің бірігіп қалуын не дейді (агглютинация)
3. Барлық ағзаны байланыстырып тұратын жылу реттеп, қорғанатын не? Қан
Үш оқушыдан біреуі ақтық супер ойынға шығады. Және сыныптағы ең күшті жас биолог атанады

Қорытынды: Бүгінгі ашық сабағымызды денсаулық туралы мақал- мәтелдермен қорытындылаймыз. «Денсаулық зор байлық, ауырып ем іздегенше , ауырмайтын жол ізде, тазалық денсаулық кепілі, тәні саудың –жаны сау, ».
Бағалау.
Үйге тапсырма. Бүгінгі өткен сабағымыздан «не көрдік, не үйрендік, не түйдік, не ұнады және не ұнамады» тақырыбында эссе жазып келеміз
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Сақтан ұрпақ СПИД деген қатерден
Думан сайыс
Қанайналым жүйесі. Жүректің құрылысы.
Организмнің ішкі ортасы
Иммунитет, иммунитет түрлері ЖИТС
ЖИТС-21 ғасыр дерті
Сақтан ұрпақ СПИД деген қатерден
Топ жарған интеллектуалдық сайысы
Тұқым тозбасын, ұл-қыз азбасын
Асқорыту мүшелерінің аурулары және олардың алдын алу жолдары

Автор Н. Абзалов

«Ынтымақ» негізгі орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Бөлім: Материалы / Биологиядан ашық сабақтар | Көрсетілім: 4224 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
Авторлық бағдарлама
Коучинг жоспарлары
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер
Сыныптан тыс жұмыс
Оқушымен жұмыс
Тәрбие сағаты
Ата-аналармен жұмыс
Қосымша жинақтар
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Қазақ тілінен ашық сабақтар
Әдебиеттен ашық сабақтар
Открытие уроки по русскому языку
Уроки литературы
Ағылшын тілінен ашық сабақтар
Биологиядан ашық сабақтар
Химиядан ашық сабақтар
Физикадан ашық сабақтар
Математикадан ашық сабақтар
Информатикадан ашық сабақтар
Тарихтан ашық сабақтар
Географиядан ашық сабақтар
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар
Психологиядан ашық сабақтар
АӘД пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
Құқықтан ашық сабақтар
Экономикадан ашық сабақтар
Музыкадан ашық сабақтар
Технологиядан ашық сабақтар
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар