Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Биология |
Көрсетілім: 8075 |
|
|
|
Буылтық құрттар типі
Сабақтың тақырыбы Буылтық құрттар типі
Мақсаты: 1.Білімділік: Оқушыларды буылтық құрттар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері, ішкі құрылысы, тіршілік әрекетімен таныстыру. 2. Тәрбиелік: Оқушыларды сүліктің халықтық медицинада емдік мақсатта пайдасы жайында айта отырып, табиғаттағы жәндіктерді қорғауға баулу 3. Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілеттерін, дамыта отырып, байқампаздыққа, өздігінен қорытынды жасауға дағдыландыру
Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту. Сабақтың түрі: зерттеушілік тұрғыдан сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі көрнекілік. Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, компьютер, суреттер.
Пәнаралық байланыс: жаратылыстану пәні, медицина.
I. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Сәлемдесу, түгелдеу
2. Оқушылардың құрал – жабдығын тексеру
3. Оқушылар назарын сабаққа аудару
II. Үй тапсырмасын сұрау
1. Жұмыр құрттар типіне жататын жәндіктердің пайда-зияны туралы әңгімелеңдер.
2. Жалпақ құрттар мен жұмыр құрттарды салыстырып, типтік атауының неге негізделгенін дәлелдеңдер.
III. Жаңа сабақты түсіндіру
Буылттық құрттар – денесі шұбалыңқы, үш қабаттан тұратын көпжасушалы жәндіктер. Олардың денесі буылтықтарға бөлінген, соңғы қуысы бар, екі жақты симетриялы болып келеді. Денесі сақина тәрізді буылтықтарға бөлінгендіктен, бұлар буылтық құрттар типі деп аталған. Бұлардың 9 мыңға жуық түрлері теңіздерде, тұщы суларда, құрлықты мекендейді.
Буылттық құрттардың кластары
1. Қозғалыс кезінде тірек болып, сұйықтық күйдегі қаңқа қызметін атқарады;Буылтық құрттарда тұңғыш рет тұйық қанайналым жүйесі пайда болған. Соңғы қуыс - целом деп аталады. Целом аралық қабаттан пайда болған. Құрттар денесіндегі соңғы қуыстың қызметі:
2. Ішектің және дене қабырғасының өз алдына жеке жұмыс атқаруына мүмкіндік жасайды;
3. Ішкі мүшелердің және дененің мөлшері жағынан едәуір ұлғаюына көмектеседі;
4. Қуыс ішіндегі сұйықтықтың көмегімен құнарлы заттарды, зат алмасудың соңғы өнімдерімен газды тасымалдайды.
5. Зат алмасудың соңғы өнімдері мен сұйықтықтың артық мөлшері жинақталатын орын бола алады;
6. Ағзадағы қысымды реттеуге қатысады.
Буылтық құрттарда қантарату жүйесі жақсы дамыған. Олардың көпшілігінде қанның түсі қызыл болады. Қан тарату жүйесі арқа және құрсақ қан тамырларынан құралады. Қанның ағуын арқа және құрсақ қантамырларын сақина тәрізденіп жалғастыратын «жүрекше» реттейді. Буылтық құрттардың жүйке жүйесі жұтқыншақ маңындағы бірімен-бірі жалғасқан екіжұп жүйке түйінінен және қатарласа созылған құрсақ жүйке тізбегінен тұрады. Үстіңгі екі түйін – жұтқыншақүсті жүйке түйіні. Ал астыңғы екеуі жұтқыншақасты жүйке түйіні деп аталады. Құрттың бас бөлігінде орналасқандықтан, жұтқыншақүсті жүйке түйіні кейде «ми» деп те аталады.
Буылтық құрттарға тән ерекшеліктердің бірі – айрықша қозғалыс мүшелерінің болуы. Мұндай мүшелер құрт денесіндегі буылтықтардың әрқайсысының екі қапталын бойлай орналасады. Оны параподия дейді. «Параподия » сөзі «аяққа ұқсас» деген ұғымды білдіреді.
Параподия дегеніміз – ұшында бір буда қылтандары бар денеден бұлтиып шыққан өсінді.
Буылтық құрттардың көбеюі
Денесінде кірпікшелері бар дернәсіл пайда болады. Ол трохофора деп атайды. Сүліктердің құрылысы мен тіршілік әректі ерекше назар аударады. Сүліктердің бас бөлігі нашар ажыратылады. Олардың денесінде буылтықтары болады. Қылтандары да жоқ. Жұмыртқасын пілләге салады. Тура дамиды – ұрықтанған жұмыртқалардан жас сүліктер өрбиді.
IV. Жаңа сабақты бекіту
Төмендегі берілген әріптердің орындарын алмастыру арқылы биологиялық терминдік сөздер құрастыру керек.
Р Е О Ф О Р А Т Ы Қ
Е И Х С І Т Я Л С Ү
Н Д О Ц Е Л И Ы У Л
П А Р А Н О Д У Я І
Ш Ү Т К Е М И Б А К
Жауаптары: 1. Нереида 2. Параподия 3. Трохофора 4. Целом 5. Сүлік 6. Буылтық 7. Баяу 8. Имек 9. Үш
V. Үй тапсырмасы:
1. §46. Буылтық құрттар типі.
1. Шұбалшаңның ішкі құрылысының суретін салып,атауларын жаз
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |