Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Жұмыр құрттар типінің жалпы сипаттамасы


Жұмыр құрттар типінің жалпы сипаттамасы

Жұмыр құрттар типінің жалпы сипаттамасы

Сабақтың тақырыбы: Жұмыр құрттар типінің жалпы сипаттамасы. Ішексорғы, үшкірқұрт, олардың құрылысы, тіршілік әрекеттері және адам мен жануарлар үшін маңызы. «Паразитизм» түсінігі және оның биологиялық мәні. Паразит пен иесінің өзара қарым — қатынасы.

 Сабақтың мақсаты: Оқушыларға жұмыр құрттар типінің жалпы сипаттамасын түсіндіру.

Сабақтың міндеті:

1. Білімділік: Оқушыларға жұмыр құрттар типіне жататын ішексорғы үшкірқұрттардың құрылысын, даму циклын және тіршілік әрекеттерін түсіндіру.

2. Дамытушылық: Оқушыларды есте сақтау және логикалық ойлау қабілетін дамыту.

3. Тәрбиелік: Оқушыларды тазалыққа және өз денсаулықтарын сақтауға, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Білім, білік дағдысын қалыптастыру.  

Сабақтың түрі: Аралас

Сабақтың әдіс- тәсілдері: сөзжұмбақ, биологиялық диктант, сызбанұсқалар.

Сабақтың көрнекілігі: слайд

Сабақтың пәнаралық байланысы: валеология

Сабақтың жоспары:  І. Ұйымдастыру бөлімі. 1 мин.

II. Үй тапсырмасын сұрау. 15 мин.

III. Жаңа тақырыпты түсіндіру. 20 мин

IV.  Білімді бекіту. 6 мин

V. Үйге тапсырма беру. 1 мин.

VI. Оқушылардың білімдерін бағалау. 1 мин.

VII. Қорытынды сөз. 1 мин.

Сабақтың барысы:

І. Амандасу. Сабаққа әзірлеу. Түгелдеу.

II. Үй тапсырмасын сұрау. (сөзжұмбақ, сызбанұсқа арқылы)

III. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Жұмыр құрттар типі (нематодтар).

Жұмыр құрттар — денесі созылыңқы, буылтықтарға жіктелмеген, цилиндр немесе ұршық пішінді, көлденең кесіндісі дөңгелек, теңіздерде, тұщы суда, топырақта, кейбір түрлері адамда, жануарлар мен өсімдіктерде паразиттікпен тіршілік ететін жәндіктер. Бұлар денесінде буылтығы болмағандықтан, жұмыр құрттар деп аталады. Жер жүзінде жұмыр құрттардың 20000-ға жуық түрлері тіршілік етеді.

Ішексорғы мен үшкірқұрт — адамның денесінде тіршілік ететін паразит жұмыр құрттар. Жұмыр құрттардың көпшілігі паразиттікпен тіршілік етеді, солардың бірі — адам ішексорғысы мен үшкірқұрты.

Адам ішексорғысының тіршілігі мен сыртқы құрылысы. Ересектерден гөрі жасөспірімдер мен балалардың аш ішегінде орнығатын, екі ұшы да сүйірленіп келген, дене тұрқы 20 сантиметрге дейін жететін ақшыл немесе сарғыш түсті құрт ішексорғы деп аталады. Ішексорғы екі сүйір ұштарын қадап, ішекте тіршілік етеді.

Ішексорғының алдыңғы ұшында аузы, соңғы бөлігінде аналь тесігі болады. Аналь тесігінен кейінгі дене бөлігі құйрық деп аталады. Ішексорғының аузында үш ерін бар, құрт сол еріндері арқылы ішектің қабырғасына қадалып, зақымдаған жерінен қан соралы. Оның денесі тығыз қабықшамен — кутикуламен қапталған, кутикуланың астында ұзын салалы бұошықеттері болады. Көлденең жолақты бұлшықеттері болмағандықтан, ішексорғы денесін жиыра, қысқарта алмайды, оның денесі созылмайды да, сондықтан пішінін өзгертпей, жан жағына иіледі.

Ішексорғыгың денесін қаптаған тығыз қабықша тері бұлшықет қапшығы деп аталады. Асқорыту және басқа мүшелері тері бұлшықеттің астындағы сұйықтыққа толы қуыста орналасады. Сондықтан жұмыр құрттарды ілкіқуыстылар деп те атайды.

Қоректенуі. Ішексорғының қорегі аузынан түтік тәрізді ішекке өтеді. Ішек үш бөліктен құралады: алдыңғы, ортаңғы және соңғы. Қорытылған қоректі ішектің қабырғасы сорып, дене қуысын толтырып тұрған сұйықтыққа жеткізеді де, оны дененің жасушалары сіңіреді. Қорытылмай қалған қорек қалдығы дененің соңғы бөлігіндегі аналь тесігі арқылы сыртқа шығады.

Ішексорғыда қанайналым және тыныс алу мүшелері болмайды, ол таспа құрттар тәрізді тыныс алады.

Жүйке жүйесі және сезім мүшелері. Жүйке жүйесі жалпақ құрттарға ұқсас. Сезім мүшелері өте нашар дамыған, дененің алдыңғы жағында терідегі ойықта химиялық сезім мүшесі болады. Ішексорғвда көз болмайды.

Көбеюі. Ішексорғылар — дара жынысты жәндіктер аналығынан аталығы қысқа болады және аталығының құйрық бөлігі ішке қарай имектеніп тұрады. Ішексорғының аналығында екі жұмыртқабез, ал аталығында бір аталықбез орналасады. Ұрықтанған жұмыртқалар ішекке бөлініп шығып, қорытылмаған тамақ қалдығымен бірге сыртқа шығып қалады. Ондай ортаға түскен жұмыртқалар (олардың саны 200 000 — ға деін жетеді) бірнеше күннен соң дернәсілдерге айналады. Осылай дамыған жұмыртқалар қолдың кірі және жуылмаған көкқністерден адамның аузына түсіп, одан ішекке өтеді. Ішекте жұмыртқаларды жарып, дернәсілдер ішектің қабырғасына қадалады, сөйтіп бөсір (аскаридоз) ауруы пайда болып, ішексорғы бөлген улы заттардан ішектің қызметі бұзылады.

     Дернәсілдердің қанмен бірге өкпеге де енуі мүмкін, ондайда қақырық бөлініп, адам жөтеледі. Қақырықпен бірге ішексорғының дернәсілі ауызға, адам жұтынғанда қайтадан ішекке түседі. Енді ол даяр азықпен қоректеніп, жетіледі де, үш айдан соң ересек ішексорғы жұмыртқалайды.

     Үшкірқұрт. Адамның, әсіресе жас баланың тік ішегінде паразиттікпен тіршілік ететін жұмыр құрттардың бірі — үшкірқұрт. Оның пішіні де ішексорғыға ұқсас, аталығы аналығынан екі есе қысқа болады. Үшкірқұрттың тұрқы 10 миллиметрге дейін жетеді және сыртқа аналығы ғана тірідей шығады. Құрттың құйрық бөлігі өте жіңішкеріп бітеді, сондықтан құрт үшкірқұрт деп аталады. Оның аналығы жұмыртқасын аналь тесігінің шыға берісіне салады да, денені қышытады. Оны қасығанда тырнақ астына жабысып, қайтадан ауызға түседі. Ол аш ішекке, бүйенге және соқыр ішекке өтіп, оларды қабындыру арқылы соқыр ішек ауруына шалдықтырады.

     Ішексорғы мен үшкірқұрттан сақтану жолы — тазалық сақтау: тамақтану алдында міндетті түрде қол жуу, көкөністерді тек жуған соң ғана тамаққа пайдаланып, суды қайнатып ішу.

     Паразит жұмыр құрттарды бір бірінен ажырата білген жөн. Тоқтау сулардан шумақталып жатқан жылқының құйрық қылы тәрізді қоңыр түсті, ұзындығы бір метрге дейін жететін жіңішке құрттарды көргенде үлкендердің әлдеқандай күшпен жылқының қылы тіріліп, адам денесіне бұралып енуі ықтимал деген әңгімесі еске түседі. Бұл — жұмыр құрттарға жататын,  дернәсілі бунақденелілерде паразиттікпен тіршілік ететін қылқұрт деген жәндік. Мұның адамға ешқандай да зияны жоқ. Шумақталып жатқан ұзын құрттар — жұмыртқалау үшін шыққан ересек қылқұрттың аналығы.

     Жұмыр құрттардың дәл қылқұртқа ұқсас тағы бір түрі бар, ол суыртқы деп аталады. Оның ұзындығы 150 см, жуандығы 1,5 мм. Бұл — адам үшін өте қауіпті паразит, бұрын Бұхара маңында өте көп таралған. Суыртқының аналығы көбінесе адамның аяқ терісінің астында паразиттік тіршілік етеді. Сол кезде аяқтың еті қышып, қызарады және ісініп, соңы іріңді жараға айналады. Суыртқыны жарадан жіңішке шырпыға орап суырып алады, сондықтан құртты суыртқы деп атайды. Бұл Иранда, Үндістанда және Африка елінде көп кездеседі. Оның көбею айналымы да, басқа жұмыртқа құрттардан ерекше — аралық иесі болады. Науқас адам аяғын хауыздағы суға жуғанда, аналық суыртқының дернәсілі суға түседі де, оны циклоп жұтып (циклоп — суыртқының аралық иесі), ал ішінде дернәсілі бар циклопты су ішкен кезде адам қайта жұтуы мүмкін. Адамның ішіне түскен дернәсіл қан арқылы аяқтағы терінің астына жетіп, 8 — 10 айда ересек суыртқығаайналады. Бұл ауру адамды әбден қажытады. Ауруды дракунлез деп атайды.

IV. Білімді бекіту.

Жұмыр құрттар денесінің ең сыртқы қабаты - ________________________________________.

Жұмыр құрттар типі латын тілінде_______________________________________деп аталады.

Ішекте жұмыртқалар жарылып, дернәсілдер ішектің қабырғасына қадалады, сөйтіп ауруын _____________________________ туырады.

Үшкірқұрттың дене тұрқы _____________________________________________дейін жетеді.

Аналь тесігінен кейінгі өте үшкір дене бөлігі - _______________________________________.

______________________________________ - денесі созылыңқы, цилиндр пішінді жәндіктер.

Жер жүзінде жұмыр құрттардың ____________________________________жуық түрлері бар.

Жұмырқұрттар денесінің екінші қабаты - ____________________________________________.

Жас баланың тік ішегінде паразиттік тіршілік ететін жұмыр құрттардың бірі - ____________.

Ішексорғыңың аналығының дене тұрқы __________________________________дейін жетеді.

V. Үйге тапсырма беру. Жұмыр құрттар типінің жалпы сипаттамасы. Ішексорғы, үшкірқұрт, олардың құрылысы, тіршілік әрекеттері және адам мен жануарлар үшін маңызы. «Паразитизм» түсінігі және оның биологиялық мәні. Паразит пен иесінің өзара қарым — қатынасы.

VI. Оқушылардың білімдерін бағалау.

VII. Қорытынды сөз. 

Жұмыр құрттар — еркін қозғалатын, денесі буылтықсыз, созылыңқы, көптеген түрлері өсімдіктер мен жануарларда паразиттікпен тіршілік ететін цидиндр пішінді жәндіктер. Бұлардың дене тұрқы 1 миллиметрден 8 метрге дейін жетеді.

Ішексорғы және үшкірқұрт — адамда тіршілік ететін нағыз паразит құрттар. Жұмыр құрттардың денесі кутикуламен қапталған, денесінде қуысы болдаы, ауыз қуысы дененің алдыңғы жағында, ал аналь тесігі артқы жағында орналасады. Көптеген жұмыр құрттарда тері бұлшықет қапшығы болады. Көлденең жолақты бұлшықеттері болмағандықтан, жұмыр құрттар денесін қысқарта да, соза да алмайды, тек жан жағына иіледі.

Жұмыр құрттарда тыныс алу және қанайналым жүйесі болмайды. Бұлар — дара жынысты жәндіктер, олардың арасында қосжыныстылары да болады. Жұмыр құрттардың аталығынан аналығы ұзын. Көбінесе жұмыртқа арқылы көбейеді, дернәсілін тірі туатын да түрлері бар


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Жұмыр құрттардың жалпы сипаттамасы. Ішексорғы, үшкірқұрт, олардың құрылысы, тіршілік әрекеттері және адам мен жануарлар үшін маңызы. «Парази
Буылтық құрттар типі. Шұбалшаң
Паразит құрттар.
Тест. ІІ тоқсан аралық бақылау жұмысы
Жұмыр құрттарға жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері
Сүлік. Шұбалшаңның тіршілігі
Буылтық құрттар типі
Жалпақ, жұмыр, буылтық құрттар типін қорытындылау сабағы
Қазақстанда жиі кездесетін паразит құрттар
Шұбалшаң. Тіршілік ортасы. Сыртқы және ішкі
Бөлім: Уроки / Биология | Көрсетілім: 31837 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
avatar
• 29 октября 2015 16:18
jumir kurttardin paidasi barma
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык