Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Буылтық құрттар типі. Шұбалшаң


Буылтық құрттар типі. Шұбалшаң

 Буылтық құрттар типі. Шұбалшаң

Сыныбы: 7

Күні: 3.11.14ж

   

Сабақтың аты

Буылтық құрттар типі. Шұбалшаң

Сілтеме

Жоспар

Жалпы мақсаты

Оқушыларға буылтық құрттардың көптүрлігі, шұбалшаң мысалында олардың мекен ету ортасы, сыртқы және ішкі құрылысы, қозғалуы, асқорытуы, қан айналымы, зәр шығаруы, тыныс алуы, көбеюі және дамуы туралы ақпараттар беру; топта бірлесіп жұмыс жасауға дағдыландыру, өзін-өзі және сыныптасын бағалауға үйрету.

Күтілетін нәтиже

Оқушылар буылтық құрттардың көптүрлігі, шұбалшаң мысалында олардың мекен ету ортасы, сыртқы және ішкі құрылысы, қозғалуы, асқорытуы, қан айналымы, зәр шығаруы, тыныс алуы, көбеюі және дамуы туралы білетін болады; топта бірлесіп жұмыс жасауға дағдыланады, өзін-өзі және сыныптасын бағалауға үйренеді.

Негізгі  идеялар

Шұбалшаңның сыртқы, ішкі құрылыстарын біле отырып, жануралар дүниесінің біртіндеп күрделенуін ұғыну

Тапсырмалар

Жұптық жұмыс «Жауынқұрт»

Шағын жұмыс тобының тәжірибесі

Тапсырмалар

Жеке жұмыс «Деңгейлік тапсырманы орындау»

Сабақ бойынша мұғалімнің  жазбалары:  (мұғалім және оқушы  немен айналысады)

І.Сынып оқушыларына  жағымды ахуал туғызу, назарын сабаққа аудару,  топқа бөлу (2-3 минут)

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау

1. «Биологиялық диктант»

 

Биологиялық диктант

1.Жұмыр құрттардың денесі ____________ симметриялы

2. ______________         денесі буылтықтарға бөлінбеген, шұбалаңқы, цилиндр пішінді немесе ұршыққа ұқсас жәндіктер.

3. ________ суды ішкенде адамдар ауруды көбірек  жұқтырады.

4.Жұмыр құрттардың денесінде алғаш қуыс пайда болғандықтан  ___________ деп те атайды.

5.Сиыр цепенінің көзге байқалмайтын, мойынға жалғасқан басы бар кішкене көпіршігі _____________________ деп аталады.

6.Паразит жалпақ құрттардың жыныстық ұрпақтары-  ______________________ , ал дернәсілдік ұрпақтары _____________________ мекендейді.

7. Көбінесе жасөспірімдердер мен балалардың тоқ ішегіне  ________орнығады.

8. Жұмыр құрттардың сірқабық тастауы _______         деп аталады.

9. Жылқының құйрық қылына ұқсас шумақталған  жіңішке құрт _________ деп аталады

10. Жалпақ құрттар мен жұмыр құрттардың басым бөлігі ____________ құрттар.

                  ІІІ. Жаңа сабақ.

«Жауын құрттың тіршілігі»  бейнеролик көру.

Талқылау үшін сұрақтар беріледі:

Неге тип буылтық құрттар деп аталады?

Оларға қандай жәндіктер жатады?

    ІҮ. Жұптық жұмыс  «Жауын құрт» (бағалау критерийлерін (өлшемдері)айқындау): Жауын құртттың пайдасы мен зиянын айтып, екі бағбан айтысып жатыр. Біреуі жауын құрттың топыраққа, қала берді онда өсетін дақылдарға пайдасын айтса, екіншісі құрттардың бақша дақылдарының тамыртүйнектерін, пиязшықтарын тамыржемістерін жеп, зиян келтіретінін айтады.

Қай бағбанның айтқаны дұрыс?

Мазмұны

иә

жоқ

 дәлелдеу

Жауын құртының пайдасын жақтаған бағбандікі дұрыс

 

 

 

Жауын құрты зиян деген бағбандікі дұрыс

 

 

 

Дақылдардың өнімділігі атрады

 

 

 

Жауынқұрт тамыртүйнектер мен пиязшықтарды жейді

 

 

 

1.Иә/жоқ бағанының дұрыстығына -1 ұпай

2. Дәлелдеу бағанының дұрыстығына -2 ұпай

Жұптың пікірлерін тыңдау,барлық айтылған ой-пікірлерді бағалаудың мақсатына сәйкестендіру (10 минут)

ІV. Топтық жұмыс. Сіздің тобыңызда 6  рөлді: лидер, баяндамашы, хатшы, уақытсақшысы және ішкі және сыртқы бақылаушыларды анықтаңыз. Жұмыс төмендегідей жоспармен жүреді:

Топтардың орналасуы

І топ:Жалпақ құрт. 1,1– үй иелері. Қонақтар: 3,3, 2,2

ІІ топ: Жұмыр құрт. 2,2 –үй иелері. Қонақтар:  1,1,3,3.

ІІІ топ: Буылтық құрт.  3,3– үй иелері. Қонақтар:2,2,

№1: Шұбалшаңның тіршілігі мен сыртқы құрылысы, қозғалуы,соңғы қуысы

№2: Шұбалшаңның қоректенуі, тыныс алуы, қан айналымы, зәр шығаруы

№3: Шұбалшаңның жүке жүйесі, сезім мүшелері, көбеюі, регенерациясы

Әр оқушы өзіне жүктелген рөлдің міндеттерін атқарады.

Топ пікірлерін тыңдау (20 минут)

Жеке жұмыс: Мұғалім төмендегі сөздерді ауызша оқиды, оқушылар есте сақтап жазады. Содан соң анықтау кезеңінде сол сөздерге анықтама жазады.

«Есте сақтау»,

               1. Ауыз -
               2. Жүйке түйіні -
               3. Жұтқыншақ -
               4. Жүрекше -
               5. Өңеш -
               6. Жемсау-
               7. Қарын –

               8. Құрсақ қан тамыры –
               9. Ішек-
              10. Құрсақ жүйке тізбекшесі –

«Анықтау»

1. Ауыз -қоректену
2. Жүйке түйіні -тітіркенгіштерге жауап беру
3. Жұтқыншақ -қоректі ауыздан өңешке өткізу
4. Жүрекше -қанды айдау
5. Өңеш -қоректі жұтқыншақтан жемсауға өткізу
6. Жемсау- қоректі жұмсартады
7. Қарын -қоректі араластырады
8. Құрсақ қан тамыры -ішкі мүшелерге оттекті және қоректік заттарды тасымалдауқанайналым
9. Ішек- қоректі қорытып, сіңіреді
10. Құрсақ жүйке тізбекшесі -ішкі мүшелер жұмысын реттеу

Кейінгі тапсырмалар  

17 беттегі сұрақтарға жауап беру, 4 тапсырманы орындау

Кейінгі оқу

«Буылтық құрттар. Шұбалшаң»  параграфты оқу

Өтілген  құрттардың аттарынан анаграмма, ребус, кроссворд құрастыру.

 

         

 


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Шұбалшаңның асқорытуы, қан айналымы, зәр шығаруы, тыныс алуы, оның көбейуі және дамуы
Тест. ІІ тоқсан аралық бақылау жұмысы
Жұмыр құрттар типінің жалпы сипаттамасы
Жалпақ құрттар типі
Буылтық құрттар типі
Сүлік. Шұбалшаңның тіршілігі
Буылтық құрттар типі
Жалпақ, жұмыр, буылтық құрттар типін қорытындылау сабағы
Қазақстанда жиі кездесетін паразит құрттар
Шұбалшаң. Тіршілік ортасы. Сыртқы және ішкі
Бөлім: Уроки / Биология | Көрсетілім: 7306 | Қосты: Досмағанбетова Фарида Қалдыбайқызы | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык