Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Биология |
Көрсетілім: 12312 |
|
|
|
Өсімдіктердің жынысты көбеюі, Тозаңдану мен ұрықтану
Сабақтың тақырыбы Өсімдіктердің жынысты көбеюі, Тозаңдану мен ұрықтану
Сабақтың мақсаты: Білімділік:Өсімдіктердің жынысты көбеюі,тозаңдану оның түрлерімен таныстыру,ұрықтану туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Ойлау қабілетін,сөйлеу,есте сақтау қабілеттерін дамыта отырып шығармашылыққа тәрбиелеу.
Тәрбиелік: Табиғатты қорғауға,қоршаған ортаны аялауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:Ойын сабақ.
Сабақтың көрнекіліг: Плакаттар, кеппешөптер, суреттер, үлестірмелер, жетондар, жемістер.
Сабақтың жүрісі
1.Ұйымдастыру.
Оқушылармен сәлемдесу.
Кезекшіні анықтау,түгендеу.
Оқу құралдарын тексеру.
Сынып оқушыларын бес топқа бөлу.1 - топ «Тамыр», 2 - топ «Сабақ» ,3 - топ «Жапырақ», 4 - топ «Гүл»,5 - топ «Жеміс».
Ойын барысында тауға шығамыз.Ол үшін 4 жолдан өтеміз.
1.Тау етегі
2.Сарқырама
3.Тайғақ тас
4.Биік шың
1.Үй тапсырмасы.
&24 Гүлшоғырлар, олардың биологиялық маңызы.
Әр топқа сұрақтар беріледі.Сұраққа дұрыс жауап берген оқушыларға гүлдер беріледі.Сабақ соңында сол гүлдермен бағалаймыз.Көп гүл жинаған топ тау басына жетеді.
1- топ
1.Гүлшоғыры дегеніміз не?
2.Гүлшоғырдың саны нешеу?
3.Тамырдың атқаратын қызметі қандай?
4.Мына суретте не көрсетілген?
2 - топ
1.Гүлшоғырлар неше топқа бөлінеді?
2.Жай гүлшоғырларды ата?
3.Сабақтың ішкі құрылысы неше қабаттан тұрады
4.Мына суретте қандай гүлшоғыр бейнеленген?
3 - топ
1.Күрделі гүлшоғырларды ата?
2.Бидай,қарабидай,бидайық қандай гүлшоғырына жатады?
3.Жапырақта күн энергиясының қатысуымен жүретін құбылыс?
4.Жапырақтары аулағыш құралға айналған өсімдіктер?
4 - топ
1.Шашақ гүлшоғырына қандай гүлшоғырлар жатады?
2.Мына гүлдің гүлшоғырын ата?
3.Гүл құрылысын ата?
4.Мына гүлдің формуласын жаз?
5 - топ
1.Гүл, гүлшоғырлардың маңызы қандай?
2.Сырға гүлшоғырына қандай өсімдіктер жатады?
3.Мынау қандай жеміс?
4Жасушаны кім ашты?
2. Үй тапсырмасын бекіту.
Тау етегінен гүл жинадық, енді сарқырамаға келіп өсімдіктердің гүлшоғырларын айырамыз.Әр топқа екеуден кеппешөптер беріледі.Қай гүлшоғырына жататынын айтамыз.
3.Жаңа сабақ.
&25 Өсімдіктердің жынысты көбеюі.Тозаңдану мен ұрықтану.
Жынысты көбею дегенім - аталық және аналық жыныс жасушаларының қосылуы.Тозаңдану – аталық тозаңның аналық аузына түсуі.
Өздігінен тозаңдану дегеніміз бір гүлдің өз аталық тозаңының сол гүлдің өз аналығының аузына түсуі.Өздігінен тозаңданатын өсімдіктер гүл жармай тұрып және гүл жарған кезде тозаңданады.Мыс; жер жаңғағы, шегіргүл, саумалдық,бетеге, тары
Айқас тозаңдану – бір гүлдің аталық тозаңының екінші гүлдің аналығының аузына түсуі.Бунақденелер арқылы айқас тозаңданатын өсімдіктердің гүлдері ашық реңді,хош иісті, тозаңдары өте ірі және тәтті шірне бөледі. Жел арқылы айқас тозаңданатын өсімдіктердің тозаңдары өте майда, жеңіл көп болады. Жел арқылы айқас тозаңданатын өсімдіктерге қант қызылшасы,құлмақ, қарасора, жүгері,қарабидай,қайың,емен.
Ұрықтану – аталық және аналық жыныс жасушаларының қосылуы. Жатында жұмыртқа жасушасы және тұқымбүршігінің ең ірі жасушасы болады.Тозаң түтікшесінің ұшында 2 жасуша болады.Оның біреуі жұмыртқа жасушамен екіншісі ең ірі жасушамен қосылады.Мұны қосарлы ұрыұтану дейді.Бұл құбылысты ашқан ғалым С.Г. Навашин.Ұрықтанғаннан кейін тұқымбүршігінен тұқым, жатыннан жеміс дамиды.
4.Жаңа сабақты пысықтау.
Оқушылар енді тайғақ тасқа келдік.Бұл жерде тапсырмалар орындаймыз.1- топқа Топтастыру тесті.2- топқа Биологиялық диктант3- топқа Сәйкестендіру тесті4- топқа Суретке қарап әңгімелеу5- топқа Топтастыру тесті5.Жаңа сабақты бекіту. Әр топ өздері алып келген плакатқа бүгінгі сабақтан түсінгендерін сурет, сызбанұсқа кесте арқылы түсіреді.Енді биік шыңға шығып сурет саламыз . Салып болғасын әр топтан бір адам шығып түсіндіреді.
6.Үй тапсырмасы.
& 25 Өсімдіктердің жынысты көбеюі.Тозаңдану мен ұрықтану.81-83 б.б
Біліміңді сына орындау. 83-84 б.б
Гүлдер туралы,бунақденелермен,желмен тозаңданатын өсімдіктердің гүлдері туралы қысқаша мазмұндама жазу.
7.Бағалау.
4-5 жетон алғандарға «5»
2-3 жетон алғандарға «4»
1 жетон алғандарға «3» Жетонды көп жинаған топ таудың басындағы жемісті алады. Бұл жеміспен келесі сабақтарымызда танысатын боламыз.
Маңғыстау облысыЖаңаөзен қаласы№2 орта мектепБиология пәнінің мұғаліміӘбілхасова Дәмен
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
|
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |