Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Жемістер



Сабақтың тақырыбы Жемістер

Мақсаты: оқушылардың жемістер туралы ойларын қалыптастыру

 Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: топтық, жұптық және жеке жұмыс. Сұрақ-жауап, сәйкестік тест, кестемен жұмыс, тірек-сызбалар, слайд, зертханалық жұмыс

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.

«Күн бейнесі» Психологиялық дайындық жүргізу.

Оқушыларды түгендеп, үш топқа бөлу, бағалау парақтарын тарату

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

А. Өсімдіктердің жыныстық көбеюі.Тозаңдану мен ұрықтану

 «Кім жылдам?».

І топ

1.Аталық және аналық жыныс жасушаларының қосылуы.

2.Гүлдің көбеюге қатысатын бөлімдері.

3.Қосарлы ұрықтануды ашқан ғалым.

4. Жынысты көбею дегеніміз не?

5.Белгілі ретпен орналасқан ұсақ гүлдер тобы.

ІІ топ

1.Аталық тозаңының аналықтың аузына түсуі.

2.Ұрықтанған соң түқым бүршігінен дамиды.

3.Бір гүлдің аталық тозаңының екінші гүлдің аналығының аузына түсуі.

4. Жай гүлшоғыр дегеніміз не?

5.Аналықтың тозаңды қабылдайтын бөлігі.

ІІІ топ

1.Бір гүлдің өз аталық тозаңының сол гүлдің аналығының аузына түсуі.

2.Ұрықтанған соң жатыннан дамиды.

3.Жыныс мүшелері бар,бұтақтанбайтын түрі өзгерген,қысқарған өркен.

4.Аналықтың ең жуан жері

5.Тозаңдану түрлері.

Б.Сәйкесін тап.

ЕРЕКШЕ БЕЛГІЛЕРІ

ДҰРЫС ЖАУАП

ТОЗАҢДАНУ ТҮРЛЕРІ

1.Гүлдері өте ұсақ, реңсіз.

Б

 

А) Өздігінен

Ә)Бунақденелілер арқылы 

Б) Жел арқылы

 

 

2.Гүлінде шірнесі бар.

Ә

3.Тозаңдану бір гүлдің ішінде болады.

А

4.Тозаңдары ірі,сырты кедір-бұдырлы.

Ә

5.Тозаңы құрғақ өте ұсақ.

Б

6.Гүлі аңқыған хош иісті.

Ә

7.Гүлдері ірі,күлтелері ашық реңді.

Ә

8. Бітеу  гүлдің тозаңдануы.

А

9.Гүлдерінде иісі болмайды.

Б

10.Майда гүлдері ірі гүлшоғырына жиналған.

Ә

ІІІ. Жаңа сабақты меңгеру алдындағы білім мен білігін тексеру

- Ұрықтану дегеніміз не?

- Тұқымбүршіктен не дамиды?

- Жатыннан не дамиды?

- Жеміс

Жынысты көбею – аталық және аналық жыныс жасушаларының қосылуы

ІҮ. Оқушылар алдында сабақ мақсатын қою

Миға шабуыл. «Жемістер» презентациясын көрсету.

- Жеміс туралы не білеміз?

- Алдарыңызда қандай жеміс түрлері бар?

- Қандай жеміс түрлері болады?

Ү. Жаңа ақпаратты қабылдау мен тұжырымдауды ұйымдастыру

Зертханалық жұмыс орындату.

ҮІ. Қызықты және қосымша мәліметтер

Діңде өсетін жеміс

Әдетте ағаштардың болсын, шөптесін өсімдіктердің болсын, гүлдері мен жемістері бұтақтарына бекініп өсетіні белгілі. Біздің сөз етіп отырған өсімдігіміздің жемістері бұтақтарына емес, бірден жуан діңіне сағақсыз бекінген. Сырттан қарағанда діңге әдейілеп жабыстырып қойғандай көрінед. Бұл ағаш жаботикаба немес бразилия жүзімі деп аталады. Ол Бразилияда өсетін, биіктігі 11 метрге жететін, мәңгі жасыл өсімдік. Гүлдері ақ түсті, жемістерінің қабығы қалың, жылтыр, хош иісті, тәтті, диаметрі 3-4 см, жүзімге өте ұқсас, әр жемісінде 1-ден 4-ке дейін тұқымдары болады.

Қанжар жеміс

Малайяда биіктігі 18 метрге жететін орохсилок ағашы өседі. Оның қанжар пішіндес бұршаққынының ұзындығы 0,6-1,2 м, ені 8 см, бұтақтарының ең ұшында салбырап тұрады. Білмеген адам оны қанжар деп қалады.

Дүние жүзіндегі ең үлкен бұршаққап пен бұршаққын

Гвианада өсетін мора ағашының бұршаққабының ұзындығы 25 см, ені 8 см, салмағы 100 г. Оңтүстік Азияда өсетін ентада ағашының бұршаққынының ұзындығы  1,8 м,  ені 1,5 м

Түймеге ұқсас жемістер

Нигерияда биіктігі 15 м-ге жететін түйме ағашы өседі.Бұл ағаштың діңіне үлкенді-кішілі ұзындығы 10-25 см, ені 5-10 см келетін түймеге ұқсас жемістер айнала жабысып өседі. Жемістерін үзген кезде одан қоймалжың, ашыған иісті шырын ағады. Әр жемісте 60-қа жуық тұқым бола

ҮІІ. Пысықтау

Берілген жемістерді кестеге топтастырып бөліп жаз.

1. қауашақ                           4. дәнек                   7. алма жеміс

2. жидек                               5. бұршаққап          8. асқабақ жеміс

3. сүйекті-шырынды          6. жидек тәрізді       9. жаңғақ                 10. бұршаққын

Шырынды жемістер

Құрғақ жемісер

 

 

ҮІІІ. Сабақты қорытындыау.

- Жеміс дегеніміз не?

- Жемістің қандай түрлері бар?

- Жеміс неден дамиды?

- Ең үлкен жемісті ата

- Құрғақ және шырынды жемістер атаңдар.

ІХ. Үйге тапсырма беру. Жемістер

  • Біліміңді тексер
  • Жемістердің маңызы туралы хабарлама жазу

Х. Оқушыларды бағалау, жеңімпаз топты анықта


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Жемістер
Жемістер
Жемістер
Жемістер
Өсімдік жасушасының құрылысы
Жемістер
Жемістер
Өсімдіктердің жынысты көбеюі, Тозаңдану мен ұрықтану
Тұқым. Тұқым құрылысы
Гүлдің құрылысы
Бөлім: Уроки / Биология | Көрсетілім: 5067 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык