Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Биология |
Көрсетілім: 4553 |
|
|
|
Сабақтың түр өзгерістері
Тақырыбы Сабақтың түр өзгерістері
Мақсаты:
А) білімділік: Оқушыларға түрі өзгерген сабақтар,олардың құрылыс ерекшеліктері
туралы мағлұмат беру.
Ә) дамытушылық: Оқыту барысында оқушыларға түрлі тапсырмалар бере отырып,
олардың ойлау қабілеттерін арттыру.
Б) тәрбиелілік: Оқушыларды өз бетімен жұмыс жасай білуге,алған білімдерін
іс – жүзінде қолдана білуге,интерактивті тақтамен тиімді жұмыс істей
білуге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Аралас сипатта.
Сабақтың өту әдәстері: Сұрақ – жауап, баяндау,тест сұрақтары,салыстырмалы
кестемен жұмыс, деңгейлік тапсырмалар.
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, электронды оқулық, интерактивті тақта библиотекасы,
кеппешөптер, бөлме өсімдіктері, суреттер.
Пәнаралық байланыс: геграфия, экология.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, деңгейлік тапсырмалар.
І топқа.
1.Лездемелік сұрақтар.
1. Жапырағы мен бүршігі бар бұтақтанбаған жас сабақ . (өркен)
2. Өсімдіктің орталық тірек бөлігі. ( сабақ)
3. Сабақтың жапырақ өсетін жуан жері. ( буын)
4. Жапырақтың сабаққа орналасқан жері. ( жапырақ қолтығы)
5. Өсімдікті ұзартып өсіретін бүршік. (төбе бүршігі)
6. Ұзарған өркенде орналасатын бүршік. (өсу бүршігі)
7. Гүл шығарып,жеміс береді. (гүлшанақ)
8. Тоздағы төмпешік тәрізді жасушалар. (жасымықша)
9. Қабықтан кейінгі қабат. (камбий)
10.Сабақтың орталық бөлігі. (өзек)
Интерактивті тақтамен жұмыс.
. 2. Сабақтың атқаратын қызметі.
1 (сабаққа – бүршік,жапырақ ,гүл,жеміс бекінеді)
2 (қоректік заттар сабақ арқылы қозғалады)
3 (органикалық заттар қорға жиналады)
4 (көбеюге қатысады)
ІІІ топқа. Оқушыларға кеппешөптер үлестіру.
Тік Жатаған Өрмелегіш Шырмалғыш Қысқарған
Оқушыларға кеппешөптер,суреттер үлестіру арқылы олардың сабақтарының түрлерін анықтау және сабақтың әр түрлі болу ерекшеліктерінің себебін түсіндіріп,сипаттама беру.
ІІІ. Жаңа сабақ .
Жоспар: І Түрі өзгерген жер үсті сабақтар.
Сұрақ: Мыналар қандай өсімдіктер? Мұқият қарап қандай ерекшелігі бар екенін айтып беріңдер?
1. Сояу сабақтың бұтағына жатады,оны бөліп алу қиын. Сабақтың сояуға айналуының себебі:
1) Ылғал жетіспегендіктен.
2) Жабайы өсіп,қолайсыз жағдайға бейімделуінен.
2.Шырынды сабақтар.
Кактус – бұл өсімдік ылғал жетіспегендіктен сабағына су және еріген заттарды жинайды. Органикалық заттар жасыл түсті сабақтарында жиналады.
3. Бұл түрі өзгерген алып бүршік шырынды жапырақтарына жинайды,қауданы жеміс емес жемісі құрғақ ,бұршаққын деп аталады.
ІІ Түрі өзгерген жер асты өркендер.
Мәтінді оқыту.
І топқа «Тамырсабақ» мәтінді пайдалана отырып салыстырмалы кесте толтыру.
( интерактивті тақтаны пайдалану арқылы)
Тамырсабақ Тамыр
ІІ топқа «Түйнек»
Түйнек Тамыр
ІІІ топқа «Пиязшық »
Пиязшық Тамыр
1 Ұшында қысқарған сабағы,түбіртегі бар. Тамыр оймақшасы.
2 Қосалқы шашақ тамырлары бар. Жанама тамырлары.
3 Төбе және қолтық бүршіктері бар. Бүршіктері болмайды.
ІY Бекіту.
І топқа. Суреттер тарату оларды өркендеріне қарай топтастыру.
Жер үсті өркендер Жер асты өркендер
ІІ топқа. Кесте толтыру.
Тамырсабақ Түйнек Пиязшық
1. Картоп 6. Құртқашаш
2. Інжугүл 7. Қазжуа
3. Шыршай 8. Лалагүл
4. Сарымсақ 9. Бидайық
5. Жералмұрт 10. Қамыс
ІІІ топқа.
Биология кабинетінде өсіп тұрған тамырсабақты,пиязшықты,түйнекті өсімдіктерді анықтап,сол өсімдіктер жөнінде әзірлеген хабарламаларын таныстыру.
Қорытынды:
Әр топтан белсенді қатысқан оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма:
1 пиязды тек түбіртегі батып тұратындай етіп ыдыстағы суға салып тамырлары мен бүршіктері қанша күнде дамып шығатынын бақылау
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |