Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Өсімдіктердің өсімді мүшелері арқылы көбею жолдары


Өсімдіктердің өсімді мүшелері арқылы көбею жолдары

Өсімдіктердің өсімді мүшелері арқылы көбею жолдары

Сабақтың тақырыбыӨсімдіктердің өсімді мүшелері арқылы көбею жолдары

 Сабақтың мақсаты:

1. Түрі өзгерген мүшелер арқылы көбейту жолдарын түсіну, пиязшық арқылы көбейтетін өсімдіктер туралы түсінік беру.

2. Өсімдіктердің өсіміді мүшелері арқылы көбею ерекшеліктерін түсіну.

3. Өсімдіктердің пайдасын түсіне отырып,оларды қорғауға тәрбиелеу

Сабақтың көрнекілігі:  Өсімдіктердің өсу мүшелері мен көбейту суреттері.

Сабақтың әдістері: сұрақ-жауап, кестемен жұмыс, тірек сызба, талдау, жинақтау, салыстыру әдістері

Сабақтың түрі: дамыта оқыту

Сабақтың барысы:

І Кіріктірілген бөлім

Бағдарлау-мотивациялық кезең

-         Мұғілім:Бір жылдық өсімдіктерден басқалары өсу мүшелері арқылы көбейіп,жаңа өскін береді.Көбею  тәсілдері:Түрі өзгерген мүшелер арқылы көбею:а)тамырсабақ;ә)түйнек;б)пиязшық;в)мұртша

Берілген суреттерге қарап өз ойларыңды айтыңдар,сұрақтарға жауап беріңдер

-         Көбеюдің өсімдік тіршілігіндегі маңызы қандай?

-         Суреттегі өсімдіктер қалай көбейеді,оларды өсіріп көрдіңдер ме?

-         Өсімдіктердің мүшемен көбеюі қалай жүреді деп ойлайсыңдар?

  ІІ. Сараланған бөлім

Операциялық-орындаушылық кезең

Оқулықтан мәтінді оқып тапсырмаларды орындаңдар

1 - тапсырма Тірек сызбаны аяқтаңдар

Өсімдіктерді өсу мүшелерінен көбейту түрлері

2 – тапсырма  Мына ұғымдарды түсіндіріңдер                                                                                                            

Телу

Жанастыра телу

Көзшелеп телу

Оқулықтан тыс тапсырмалар

3 - тапсырма Кестеден дұрысын + белгісімен белгіле

Өсімдік

аттары

Пиязшық

түйнек

Тамыр сабақ

Мұртша

Картоп

Пияз

Жатаған

бидайық

Қойбүлдір-ген

 

+

 

 

 

4 – тапсырма

Зертханалық жұмыс

Бөлме өсімдіктерін қалемшеле

1.Қазтамақ өсімдігінен қалемше дайындау

2.гүл құмырасын дайындау

3.Құмырадағы топыраққа қалемшені отырғызып

шыны банка төңкеріп қою керек

шыны ыдыс қоймай мұқият күтуге болады

Ой тұжырымдамасы                                                                                          

Өсімдік мүшелері арқылы көбейетін      өсімдіктер жылдам таралып,жаңа жерге оңай жерсінеді.Өсімдік мүшелері тамырсабақ,түйнек,қалемше,мұртша,телу арқылы көбейед

ІІІ. Кіріктірілген бөлім:

 Рефлексиялық – бағалау кезеңі.

5 – тапсырма Сұрақтарға жауап беріңдер                                                  

1.Тамыр сабақ арқылы қандай өсімдіктер көбейеді

2.Түйнек пен пиязшық арқылы қандай өсімдіктерді көбейтеді

6 - тапсырма

Тест сұрақтары

1. Жатаған бидайық қалай көбейеді?

а) пиязшық

ә) тамырсабақ

б) түйнек

в)тамыр 

  2. Фикус өсімдігі қалай көбейеді?

а) сабақ өркенінен

ә) түйнек

б) телу

в)пиязшық

3. Мұртша арқылы көбейетін өсімдікті тап

а) қарақат

ә) қойбүлдірген

б) картоп

в)алма

4. Қарақат қалай көбейеді

А) сабақ қалемшесінен

ә) тамыр қалемшесінен

б) түйнек арқылы

в)тамырсабақ арқылы

5.Сарымсақ қалай көбейеді

а.түйнек

ә.пиязшық

б.мұртша

в,тамыр

Тест жауаптары

1-ә 2-а 3-ә 4-а

Тесттің жауаптары кодоскоп арқылы тексеріледі. Өзін-өзі бағалау жүйесі бойынша оқушылар өз жауаптарын жинаған ұпайлары арқылы мұғалімнің берген бағалау анықтамасына сүйене отырып, өзін-өзі бағалайды

Өзін-өзі бағалау парағы:                                                         

р/с

Тапсырмалар

Мұғалімнің берген ұпайы

Оқушының жинаған ұпайы

Баға

1

Сызбаны аяқта

4

 

 

2

Мына ұғымдарды түсіндіріңдер

3

 

 

3

Кесте толтыру

4

 

 

4

Зертханалық жұмыс

3

 

 

5

Сұрақтарға жауап беру

2

 

 

6

Тест сұрақтары

4

 

 

 

Барлығы

 

20

 

 

 

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Организмдердің жыныссыз көбею формалары:жасушалардың митоздық бөлінуі,споратүзу,бүршіктену,вегетативтік көбею.Жыныссыз көбеюдің эволюциялық
Қосжынысты және дара жынысты гүлдер
Гүлдің құрылысы
Тамыр . Тамыр жүйесі
Тамыр . Тамыр жүйесі.
Сабақтың түр өзгерістері
Сабақтың түр өзгерістері
Білгір биолог
Білгір биолог
Гүлдің құрылысы
Бөлім: Уроки / Биология | Көрсетілім: 15990 | Қосты: Елеусизова Ақмоншақ Мұханбетқызы | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык