Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Кластың жалпы сипаттамасы


Кластың жалпы сипаттамасы

Сабақтың тақырыбы Кластың жалпы сипаттамасы. Бақаның сыртқы және ішкі құрылысы. Оның қосмекенді тіршілігі. Жылдық тіршілік циклы. Қоректенуі. Көбеюі және дамуы

Мақсаты
Оқушыларға бақаның сыртқы және ішкі құрылысы мен көбею ерекшіліктері туралы,  баланың тіл байлығын, шығармашылық қабілеттерін, ой- өрісін дамыту. 
Күтілетін нәтижелер
Қосмекенділер жалпы сипаттамасы туралы  мағлұмат  алады. Өздігінен   жұмыс  істеуге үйренеді. Шығармашылық    қабілеті   қалыптасады.  
Керекті жабдықтар Интерактивті   тақта,   оқулық әдістемелік  әдебиеттер,    дидактикалық тапсырма.  
Қолданылатынәдіс-тәсілдер Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту үшін
  жоғары, төменгі дәрежелі сұрақтар, 
АКТ:
Жаңа тақырыпқа қызығушылығын ояту, бақаның тіршілік циклы берілгенін жазу.
Жаңа тәсілдер:
Зерттеушлік әңгіме, визуалды оқыту, топтық әңгіме
Кері байланыс .
Сабақбарысы:
Сабақкезеңдері Мұғалімәрекеті Оқушы әрекеті
Кіріспе
1.Ұйымдастыру кезеңі
а)Оқушылардың      сабаққа     назарын   аудару.
ә)  Психологиялық      тұрғыдан       дайындау.
б)Топтастыру .
 Топтарға бөлу:
Үстел үстіндегі кез-келген сандар жазылған  қиықшаларды   таңдайды,   оқушы сол реттілікпен топқа отырады.
в) Топтың лидерін  сайлау 1.Сабаққа әзірлеу
 
2. Топқа бөлінеді
Ітоп  1 саның алған балалар топтасады
II топ 2 саның алған балалар топтасады   
III топ 3 саның алған балалар топтасады 
IV топ  4 саның алған балалар  топтарына топтасады.
Үй тапсырмасын анықтау
15 мин АКТ-ны пайдалану арқылы өткен тарауды топтарға «Миға шабуыл» әдісі арқылы  үй тапсырмасын сұрау.
Сұрақтар  қою :  
Ітоп  «Балықтардың сыртқы құрылысы»
II топ «Балықтардың ішкі құрылысы»   
III топ «Балықтардың  көбеюі» 
IV топ  « Балықтардың маңызы» туралы постер арқылы қорғату.
 
Оқушылар берілген тапсырмаларды постер қорғау арқылы орындайды 
 
 
Жаңа тақырыппен жұмыс.
Қосмекенділер — алғаш құрлықта өмір сүруге бейімделген төртаяқты омыртқалы жануарлар. Олар екі ортала: суда да, құрлықта да кездесетіндіктен, қосмекенділер деп аталады. Қосмекенділер суда көбейеді және дернәсілдері сулы ортада дамиды. Қазіргі кезде қосмекенділердің 4 000-нан астам түрі  Жер шарының тропиктік, субтропиктік және қоңыржай аймақтарында кездеседі. Қазақстанда қосмекенділердің 12 түрі таралған. Оның 3 түрі сирек кездесетіндіктен, Қазақстанның Қызыл кітабына (1996) тіркелген.
Қаңқасы балықтармен салыстырғанда күрделі, 4 бөлімге бөлінеді. Олар: бас-сүйек, омыртқа жотасы, иық белдеуі мен алдыңғы аяқтарының және жамбас белдеуі мен артқы аяқтарының қаңкасынан құрал ады. Омыртқа жотасы мойын, тұлға, сегізкөз және құйрық бөлімдеріне бөлінген. Мойын мен сегізкөз бөлімдерінде бір ғана омыртқадан болады.
Құрлыққа шығуына байланысты, аяқтарының сүйектері бірімен-бірі буын арқылы қозғалмалы байланысқан. Алдыңғы аяқтары тікелей иық белдеуімен байланысады. Жамбас белдеуі артқы аяқпен байланысқан. Жамбас белдеуі екі жамбас сүйегінен түрады. Саусақтарында мүйізді тырнақтары болмайды. Аяқтарында жеке-жеке бұлшықеттер жақсы дамыған.  Аузы өте үлкен. Сілекей бездері ең алғаш қосмекенділерде пайда болды. Оның өзектері ауыз қуысына ашылады. Қысқа өңеші кеңейіп, қарынға, ол аш ішекке жалғасады. Аш ішекке бауырдан келетін өт және ұйқыбездің өзектері ашылады. Тоқ ішектің соңғы бөлігі тік ішек деп аталады да, ол кеңейіп келіп, клоакаға айналады.
Дернәсілдері суда тек желбезектері арқылы тыныс алады. Ересектерінде құрлыққа шығуына байланысты өкпе пайда болған. Бірақ өкпесі нашар дамығандықтан, терісі арқылы қосымша тыныс алады. Ауыз-жұтқыншақ қуысының қозғалуы арқылы ауа өкпеге өтеді.
Құрлықта атмосфералық ауамен тынысалуына байланысты қантарату жүйесінде күрделі өзгерістер пайда болған. Қосмекенділердің жүрегі үш қуысты (2 құлақша, 1 қарыншадан тұрады), екі қанайналым шеңбері бар. Қосмекенділерде алғаш рет кіші қанайналым шеңбері пайда болған.   Үлкен шеңбер - оң құлақшаға, ал кіші шеңбер сол жақ қүлақшага келіп аяқталады. Қосмекенділерде, ішкі құлақтан басқа, ең алғаш ортаңғы құлақ қуысы пайда болған. Ортаңғы құлақ қуысында бір ғана үзеңгі сүйегі болады. Оның сырты дабыл жарғағымен қапталған. Ортаңғы құлақ қуысы арнайы түтік арқылы ауыз-жұтқыншақ қуысымен де байланысады. Дәм сезуі, тері арқылы сезуі нашар дамыған.  
 
 
7 мин Сабақты  қорыту.
«Зерттеушілік әңгіме» әдісі арқылы топтық жұмыс. Топтарға тапсырмалар беремін:
Оқушылар «Зерттеушілік әңгіме» әдісі арқылы әр топтан бір оқушыдан шығып кішкене мәлімет береді. Содан кейін оқушылардың қойған сұрақтарына жауап беру арқылы тақырыпты түйіндейді. 
Бағалау
3 мин « Екі жұлдыз, бір тілек » Оқушылар рефлексия жазады
Үйге тапсырма беру
2 мин 1. § 44. Кластың жалпы сипаттамасы. Бақаның сыртқы және ішкі құрылысы. Оның қосмекенді тіршілігі. Жылдық тіршілік ци¬клы. Қоректенуі. Көбейуі және дамуы  тақырыбын оқып келу.
Оқушылар  үй тапсырмасын дәптерлеріне жазып алады.

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Жорғалаушылар класы
Қосмекенділердің көптүрлілігі
Қосмекенділер класын қайталау
Сүйекті балықтардың құрылысы және тіршілік әрекеті
Жорғалаушылардың дене құрылысы және тіршілік әрекеті
Қосмекенділер түрінің сан алуандығы
Қосмекенділер класы
Қосмекенділер түрінің сан алуандығы
Қосмекенділердің көптүрлілігі
Жорғалаушылар класы
Бөлім: Уроки / Биология | Көрсетілім: 4022 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык