Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Ай – Жердің серігі


Ай – Жердің серігі

Сабақтың тақырыбы: Ай – Жердің серігі

 Жалпы мақсаты:

* Ай туралы жалпы түсінік алады.

* Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттері дамытылады.

* Өзара ынтымақтастыққа, бірлікке үйренеді.

Оқу нәтижелері:

Оқыту үрдісінде оқушылардың әрқайсысына жеке тұлға ретінде қарап, өздеріне деген сенімдері, оқушының білімге  ынтасы артады.Топтық жұмысқа қалыптасады, өз ойларын еркін жеткізеді, мақсатқа жетуге  топ болып ұмтылады, бірін-бірі бағалайды, шығармашылыққа ұмтылады, пәнге деген қызығушылықтары артады.

Түйінді идеялар:

Сыни тұрғыдан ойлай отырып, ой-пікір, пайымдары қалыптасады.

Ресурстар:

Интерактивті тақта, компьютер, слайд, маркер, плакат, магнит, бағалау және кері байланыс (көңіл-күй) парағы 

Жаттығулар және бірлескен жұмысқа негізделген тәсіл:

І. Топқа бөлу. Ай, Жер, Күн сөздері бойынша 3 топқа бөлу.

Әр топтың топ басшылары тағайындалады.

ІІ. Сергіту сәті. «Сергіту» клипі бойынша.

ІІІ. Өткенді қайталау: «Ыстық орындық» стратегиясы

Оқушылар өткен сабаққа байланысты әрбіреуі бір-бір сұрақтан жазып қобдишаға салады. Жеребе бойынша 1 оқушы ортадағы орындыққа келіп отырады. Қобдишаға салынған сұрақты таңдау арқылы сол сұраққа жауап береді. Жауап бере алмаса келесі оқушы алмастырады. Осылайша бірнеше оқушыдан үй тапсырмасын тексеру.

ІҮ. «Миға шабуыл» стратегиясы

   Серік деген не? Серік деген сөзді қалай түсінесің? Ғалымдардың ішінде кім ең бірінші ғаламшардың серіктерін байқады? Бұл қай ғаламшар? Ал олай болса Жердің серігі не деп ойлайсыңдар?

Оқушылардың ой-пікірлерін білу.

Яғни оқушылар «Ай – Жердің серігі» деген қорытындыға келеді.

Ү. Мағынаны тану. «ББҮ» стратегиясы

Бұл тақырыпты «ББҮ» стратегиясы бойынша өткізу.

Білемін

Білгім келеді

Үйрендім

 

 

 

    Ең алдымен оқушылар жеке «Білемін» графасын 2 минут ішінде толтырып шығады. Содан соң жұппен талқылайды, кейін топқа салады. Әр топтан 1оқушы ортаға салады.

    Содан соң «Білгім келеді» графасын толтырады 2 минутта.

Оқушылардың  білгісі келетін сұрақтарын интербелсенді тақтаға жазып қою. Бұдан соң осы сұрақтардың жауабын кітаптағы мәтін бойынша іздеу. Ол үшін топтарға мәтіндерді бөліп беру. Әрбір топ өздеріне берілген мәтіндер бойынша жұмыс жасап, ойларын плакатқа түсіреді. Соңынан топтардан баяндамашы шығып түсіндіреді. Болған соң оқушылар не үйренгендігі жайлы «Үйрендім» графасын толтырады.

Ү. Ой толғаныс. «Рөлдік ойын» стратегиясы.

1-топ. Күннің тұтылуын

2-топ. Айдың тұтылуы

3-топ. Айдағы фазалардың ауысуын рөлдік ойын түрінде көрсету.

ҮІ. Бағалау: топбасшылар бағалайды

ҮІІ. Кері байланыс. Бүгінгі сабаққа байланысты көңіл күйлерін стикерге жаза отырып тақтадағы плакатқа ілу арқылы білдіреді.

ҮІІІ. Үйге тапсырма: «Айға сапар» эссе жазу


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
"Мен соғысты жек көрем"
Көктем сәні
Тарих пәнінен Өрлеу бағдарламасы бойынша оқытылған әдіс арқылы жұмысымды бастадым. Оқушылар жеке, жұппен, топпен жұмыс жасауды үйренді
Білім берудегі Кембридж тәсілінің теориялық негіздері
Біріккен сөздер
Дауыссыз қ мен ғ, к мен г.
Ондық бөлшектерді азайту
Біліміңді пайдаға асыр
Ш.Айтматов "Найман-Ана"
Графикалық және мәтіндік ақпараттарды өңдеу
Бөлім: Уроки / География | Көрсетілім: 2417 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык