Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Көктем сәні


Көктем сәні

Көктем сәні

Сабақ тақырыбы:  Көктем сәні

Сабақтың мақсаты:

а) Ертегіні оқи отырып,табиғаттағы аң-құстардың тыныс-тіршілігімен, түрлерімен таныстыру

ә) Жыл мезгілдері туралы түсінік, табиғат құбылыстарының ерекшеліктері, олардың бір-бірімен байланысты екенін аңғарту.
б) Оқушылардың сөздік қорын молайту,түсініктерін айта білуге,табиғатқа деғен сүйіспеншілігін, қызығушылығын, табиғатты қамқорлауға, қорғауға баулу.

Күтілетін  нәтиже: Оқушылар ертегіні оқып, мазмұнын ашады, табиғаттағы аң-құстардың тыныс-тіршілігімен танысады, топтық жұмыс жасап, рөлдік ойындар көрсетеді.

Сабақ әдіс-тәсілдері: диалог, топпен жұмыс, жеке жұмыс, ой қозғау, әңгімелеу, сұрақ-жауап, суреттеу

Оқуда қолданылған модульдер: СТО, АКТ, диалог арқылы оқыту, жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту, өзін-өзі бағалау, көшбасшылық, дарынды оқушылармен жұмыс

 Негізгі деректер, ресурстар: интербелсенді тақта, Power paint, оқулық, кестелер, суреттер, кеспе қағаздар, бор, стикерлер, плакат, маркер, түрлі-түсті қарындаштар,аңдар суреті

 

Сабақтың кезеңдері

Уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Негізгі деректер, ресурстар

Ұйымдас-тыру кезеңі

5 мин

1.«Шаттық шеңбері» жаттығуы. (Оқушылардың арасында сенімділікті арттырып, бір-біріне деген жылы сөздерін айту арқылы достықтарын арттыру  үшін шаттық шеңберге тұрып, айналамызға жылу сыйлайық деген ұсыныспен бір-бірлеріне жылы сөздер айтқызу)

2. «Гүлдер әлемі» жаттығуы арқылы оқушыларды топқа бөлу. (оқушыларды  гүлдердің суреттері арқылы төрт топқа бөлемін.)

Бағалау критерийімен таныстыру (топтарға бағдаршамның көздері таратылып, сол бойынша әр топ бір-бірлерінің жауаптарын бағалап отырады)

Оқушылар шеңбер бойына тұрады. Алдымен бір-бірімізбен амандасып алған соң, жанымызда тұрған досына, сыныптасына жылы сөздер айтады.

 

 

 

Оқушыларға шеңбер бойында тұрған бойда сандар таратылып, сол арқылы әр оқушы өз тобын табады.

Интербелсенді тақтада оқушыларға бағдаршам көздері арқылы бағалаумен танысады.

Интербелсенді тақта

 

 

 

 

 

 

 

 

Қима қағаздар, гүлдердің  суреттері

 

 

Интербелсенді тақта, бағдаршамның  көздері

Қызығушы-лықты ояту

5 мин

1.«Сен маған , мен саған» жаттығуы арқылы оқушылардың үй тапсырмасының орындалуын тексеру.

1).Абайдың «Жазғытұрым» өлеңін мәнерлеп оқу

2).І.Жансүгіровтың «Жазғытұрым» өлеңін жатқа айту

3). «Автор орындығы» стратегиясы (өлең мазмұны бойынша жазған эсселерін оқыту).

4). «Галереяға саяхат » стратегиясы (өлең мазмұнына сай салған суреттерін тамашалап,бағалау).

2. «Сұрақтар бұрқасыны» жаттығуы. Оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында қызықты  сұрақтар беру

Әр топ таңдау әдісі арқылы үй тапсырманың орындалуының ретін анықтайды (интербелсенді тақтада әр топтың тапсырмасы беріледі) жауаптарын бағдаршаммен  бағалайды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Интербелсенді тақтада берілген сұрақтарға жылдамдатып  жауап береді.

 

Интербелсенді тақта, дәптер, суреттер, бағдаршам көздері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Интербелсенді тақта, сұрақтар

Мағынаны тану

5 мин

1.«Ерте, ерте, ертеде» жаттығуы арқылы өтілетін сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау. (интербелсенді тақтада ертегілердің кейіпкерлері мен ертегі кітаптарының бейнелері берілген) Әр топ өз ойларын ортаға салып, топтасып , ортаға салады.

 

 

2. «Араласып кеткен оқиғалар»  жаттығуы

А)Әр топқа бөліктері араласып кеткен ертегі таратылады.

Ә)Әр оқушы бір бөліктен алып түсініп оқиды. (2 рет)

Б)Топта өзі оқыған бөлігінің мазмұнын айтады.

В)Ертегі бөліктерін ретімен орналастырады.

Г)Ертегі бөліктерінің орналасу реті дұрыс па деген мақсатпен әр топ дауыстап тізбектей оқиды.

 (топтардың жауаптарын смайликтермен бағалап отырады)

Оқушылар интербелсенді тақтада, сонымен қатар әр топқа берілген суреттер арқылы ертегі дегеніміз не? қандай түрлері бар екендігі туралы еске түсіреді.Топтасып, ойларынмен өзара бөліседі. Әр топтың жауабын бағдаршаммен бағалап отырады.

 

Интербелсенді тақтада  суреттер беріледі , сол суретке сүйене отырып оқушылар ертегідегі оқиғаларды орнымен орналастырады

 

 

Интербелсенді тақта, суреттер,  қима қағаздар, бағдаршам көздері

 

 

 

 

 

 

 

Интербелсенді тақта, сандар, бор, дәптер

Сергіту сәті

2мин

Сергіту сәті: Сұр қоян.

Ұзын құлақ,сұр қоян,

Естіп қалып сыбдырды.

Ойлы-қырлы жерлермен,

Ытқып,ытқып жүгірді.

Қарап еді артына

Қиығын сап көзінің

Келе жатқан томпаңдап

Көжегі екен өзінің.

Оқушылар интербелсенді тақтада берілген сергіту сәтін қимыл іс-әрекеттерімен көрсетеді.

Интербелсенді тақта, суреттер, өлең

Ой қозғау

20 мин

1.« Оқиы, көрсетейік, бөлісейік» жаттығуы (интербелсенді тақтада ертегіге байланысты әр топқа тапсырмалар беріледі)

1)Ертегіні рөлге бөліп оқу керек;

2)Ертегіні сахналап көрсету керек;

3)Ертегідегі аңдардың жауаптарына қарай сурет салу керек;

4)Ертегідегі жауабы ұнаған аңның суретін салу керек;

 

3.«Көктем сәні» жаттығуы. (оқушыларға түрлі түсті қағаздар , қарындаштар беріледі. Олар қағаздан түймедақ гүлін жасап, ертегіге сүйеніп, гүлдердің күлтешелерін толтырады. Тапсырманы топтасып орындауға бағытталады. Жасап, күлтешелерін толтырып топтар  қорғайды, өзара бағдаршаммен бағалайды)

Топтарға берілген өрнектерді жазып, қосындаларды санға бөлу ережесін пайдаланып, мәндерін қалай тапқандарын әр топтан оқушылар шығып айтады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Әр топқа түрлі-түсті қағаздар, қарындаштар, қайшы, желім таратылады. Топтасып плакатқа орындайды. Топтардың алдында әр топтан бір оқушы шығып қорғайды. Өзара бағдаршаммен бағалайды.

 

Интербелсенді тақта, қима қағаздар, плакат, маркер, бағдаршам көздері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Түрлі-түсті қағаздар, қарындаштар, интербелсенді тақта, плакат, маркер, қайшы желім, бағдаршам көздері

 

 

 

Ой толғаныс

6 мин

«Бағалай білейік»  (оқушыларға таратылған стикерлерге өздерін бағалауға мүмкіндік беру. Баға қойылған стикерлерді, плакатқа өз есімдерінің жанына жапсыртып, неге ол бағаны қойғандығын анықтау)

«Рефлексия» жүргізу. (оқушыларға интербелсенді тақтада, алдарына таратылған парақшаларға бүгінгі сабақтың ұнаған, ұнамағанын , сабақ соңындағы көңіл-күйін білу мақсатында алынады )

Алдын ала таратылған стикерлерге  әр оқушы өздеріне баға қойып, плакатқа өз есімінің тұсына жапсырады.

 

 

 

Интербелсенді тақтада үлгісі көрсетіліп, алдарына әр оқушыға парақшалар таратылып, өз ойларын жазып, сабақтың соңындағы көңіл-күйлерін білдіреді.

Плакат, стикер, маркер

 

 

 

 

 

 

Интербелсенді тақта, парақшалар, қалам,  стикерлер

Үйге тапсырма беру

2 мин

Өзің осы гүлді тағы қандай гүлшоғымен толықтырар едің?

Өз ойларын ортаға  салады

Интербелсенді тақта, күнделік

 

 

Оқу ісінің меңгерушісі:______________Б.Абдрахманова

 

 


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Үш амалдан тұратын жақшасы бар өрнектерде арифметикалық амалдардың орындалу реті
Механикалық қозғалыс. Санақ денесі. Қозғалыстың салыстырмалылығы
Түйе- төрт түліктің төресі
Мұғалім ол біздің. Сөйлем түрлерін қайталау
Көктем сәні. Заттың сынын білдіретін сөздер
Электрондық кесте ұғымы. MS Excel редакторы
Химиялық байланыстардың түрлері
Лалагүл тұқымдасы
Біліміңді пайдаға асыр
Квадрат түбірі бар өрнектерді түрлендіру.
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 7354 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык