Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » САУД АРАБИЯСЫ КОРОЛЬДІГІ


САУД АРАБИЯСЫ КОРОЛЬДІГІ

САУД АРАБИЯСЫ КОРОЛЬДІГІ

Сабақ мақсаты:
 А) білімділік: Сауд Арабиясы Корольдігінің  географиялық орны, табиғат жағдайлары, ресурстары, халқы, саяси жағдайы мен экономикасы туралы білім қалыптастыру;
Ә) тәрбиелік: саяси саналылыққа, экономикалық-экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу;
Б) дамытушылық: дүниетаным, ой-өрісін, картамен жұмыс және өздік жұмыс жасау дағдыларын арттыру; 
Сабақ түрі: лекция
Құрал-жабдықтар: Дүние жүзінің саяси картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы, атластар, кескін карталар

Жаңа сабақ:                      Сауд Арабиясы Корольдігі
Ресми атауы - Сауд Арабиясы Корольдігі.
Тәуелсіздік күні – 23 қыркүйек 1932 ж.
Жер аумағы – 2,15 млн. км2 (дүние жүзінде 14 орын).
Халқы – 24 млн адам.
Астанасы – Эр-Рияд.
Мемлекеттік тілі – араб тілі.
Ұлттық валютасы – сауд риалы.
Басқару формасы – абсолюттік монархия.
  Географиялық орны. Сауд Арабиясы Корольдігі Арабия түбегінде орналасқан. Шектесетін мемлекеттер – Ирак, Иордания, Оман, БАӘ, Йемен. Солтүстік-шығысын Парсы шығанағы, батысы мен оңтүстік-батысын Қызыл теңіз сулары шайып жатыр.
Сауд Арабиясының 50%-ға жуығын шөлдер алып жатыр. Қалғандары шөлейттер, шұраттар (оазис) және Қызыл теңіз жағалауында аздаған ауыл шаруашылығына жарамды жерлер таралған.
Климаты- ыстық, құрғақ. Қаңтардың орташа температурасы +150С, шілдеде +300С-тан жоғары.Жылдық жауын-шашын мөлшері – 100 мм төмен, кейбір таулы аудандарда 400 мм-ге дейін. Ұлттық паркі – Асир.
   Әкімшілік жағынан 13 минтакатқа (провинция) бөлінген.
   Ұлттық және діни құрамы: жергілікті арабтар (Сауд арабиялық) – 87,5%, басқа ел арабтары - 9 %. Мемлекеттік тілі – араб. Мемлекеттік діні – ислам.
   Саяси жағдайы. Сауд Арабиясы абсолюттік теократиялық монархия. Оны  корольдіктің негізін қалаған  Абдель Азиз ибн Абдель Рахман аль-Фейсал Аль Сауд корольдің балалары мен немерелері ұрпақтан-ұрпаққа мұрагер ретінде басқарады. Қасиетті құран мемлекеттің конституциясы болып есептеледі және ислам шариғаттары елдің заңы ретінде қабылданған. Мемлекет басшысы да, діни басшы да король болып табылады, сонымен қатар король премьер министр, қарулы күштер қолбасшысы мен жоғарғы сот қызметтерін де атқарады. Оның құзыреті тек шариғат нормалары мен Сауд салт-дәстүрлерімен ғана шектеледі.Саяси партиялар мен ұйымдарға тыйым салынған. Сауд Арабиясы БҰҰ-ның, Араб мемлекеттер лигасының, ОПЕК т.б халықаралық ұйымдардың мүшесі. 
   Экономика. Экономикасының негізі – мұнай мен газ өнеркәсібі. Арабия дүние жүзіндегі мұнайға ең бай мемлекет. Елде ірі мұнай өңдейтін, мұнай-химия кәсіпорындары, сонымен қатар химикаттар, пластмассалар, газ өнеркәсіптері, болат және басқа да металдар өңдейтін кәсіпорындар жұмыс істейді. Тамақ және жеңіл өнеркәсіптер, құрылыс материалдарын өндіретін өнеркәсіп салалары да жақсы дамыған.Алтын, күміс және мыс өндіреді.Ауыл шаруашылығы және балық аулау, сонымен қатар туризм саласы да дамыған. 
  Экспорты: мұнай және мұнай өнімдері, бидай, сүт өнімдері, жұмыртқа, балық, құс, көкөністер мен гүлдер т.б
  Импорты: өндірістік құрал-жабдықтар, машиналар, қару-жарақтар, ЭЕМ, құрылыс материалдары, маталар мен киімдер т.б


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
БАХРЕЙН ӘМІРЛІГІ
ИРАК
СИРИЯ
ТАЙЛАНД
КАМБОДЖА
БУТАН КОРОЛЬДІГІ
ПӘКІСТАН
ШВЕЙЦАРИЯ
ИСЛАНДИЯ
ҚОРЫТЫНДЫ САБАҚ
Бөлім: Уроки / География | Көрсетілім: 6321 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык