Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Аустралия материгінің географиялық орны, жер бедері, пайдалы қазбалары мен зерттелу тарихы


Аустралия материгінің географиялық орны, жер бедері, пайдалы қазбалары мен зерттелу тарихы

Аустралия материгінің географиялық орны, жер бедері, пайдалы қазбалары мен зерттелу тарихы

Сабақтың мақсаты: Аустралия материгінің географиялық орны мен жер бедері туралы түсінік беру.Картамен жұмыс істеу шеберлігін арттыру .Өз бетімен оқуын ұйымдастыру .

Сабақтың түрі: Өткен материалды бекіту, жаңа сабақты игеру.

 Сабақты өткізу әдісі: ACTIVstudio бағдарламасы бойынша

 Оқу жабдығы : Интерактивті тақта , дүние жүзінің , Аустралия материгінің  физикалық картасы .

Жүру барысы : Ұйымдастыру

А) сынып оқушыларының сабаққа қатысын тексеру

ә) көңіл-күйлерін анықтау

Көңіл- күй парағы

Көңіл күйі

Түсі

Шаттанған күйде

қызыл

Қуанышты

Көк

Жағымды

жасыл

Алаңдаулы

сары

Мұңды

Қара

Бағалау бетшесі:

№1

№2

№3

№4

№5

№6

Қорытынды ұпай

 

 

 

 

 

 

 

Мен сұрақтың жауабын таба алмадым,қиналдым-1 балл

Мен сұрақтың жауабын білдім,бірақ жауап бермедім-2 балл

Мен жауапты біліп,өз тобымда талқылауға араластым-3 балл

Мен сұрақтың жауабын білдім,өзімнің білгенімді басқаға айттым-5 балл

25-30 балл-«5»

20-25 балл- «4»

15-20 балл- «3»

Өткенді қайталау

Осыған дейін өткен Еуразия ,Африка,Солтүстік Америка ,Оңтүстік Америка материктерінің қиықша картасын тақтаға орналастыра отырып сипаттама беру. 

(интерактивті тақта мүмкіндіктерін пайдала отырып)

 Мұғалім:Оқушылар дүние жүзінде 6 материк бар екенін жақсы білесіңдер,жаңа ғана өздерің өткен материктерге қысқаша сипаттама бердіңдер,яғни әр материк өзіне тән қайталанбас табиғат жағдайларымен ерекшеленетінін айтып өттіңдер.Бүгін өтейін деп отырған материк «Үлкен жүректі кішкентай материк». Ол жақта бақтар қазан айында гүлдейді,өзендері сусыз ағады,кейбір жануарлар жұмыртқадан шығады.Сонымен қатар ,бұл материкте дүние жүзінің барлық елінен жиналған ұлт өкілдері  тату- тәтті өмір сүріп жатыр.Сонымен біздің бүгінгі өтейін деп отырған жаңа тақырыбымыз: «Аустралия материгінің географиялық орны ,жер бедері ,пайдалы қазбалары мен зерттелу тарихы»

Сабағымыздың негізі ұстанымы : «Естідім-ұмыттым, көрдім –еске сақтаймын,жасадым-мәңгілік менікі»

І бөлім «Менің білетін деректерім» деп аталады.

Сұрақ:Аустралия материгі туралы кім не біледі ?

Оқушы жауаптары :

  • Ең кішкентай материк.
  • Ең оңтүстікте орналасқан материк.
  • 2000 жылы Аустралия материгіндегі Сидней қаласында өткен олимпиада ойындарында ,қазақтың біртуар ұлдарының бірі Б Саттарханов алтын иеленді.
  • Бұл материкте қалталы жануарлар қөп. Соның бірі кенгуру .Оның баласы туғанда жаңғақтың үлкендігіндей ғана болады екен.Содан ол үлкен болғанша анасының қалтасында жүреді .
  • Бұл материкте өмір сүретін коала да ерекше жануар. Ол бейбіт сүйгіш аң.Ол еш ызылынбайды.Егер ренжісе алдыңғы аяғымен көзін басып «жылай салады».Бір зоопаркте мынадай қызық жағдай болған.Бір коаланың баласы өліп қалыпты.Ол қатты қайғырып екіші коаланың баласын ұрлауға әрекет жасаған.Ақыр соңында зоопарк директоры оған ойыншық аюдың баласын бергенде ғана тынышталған екен. Олар өте балажан, баласын қолына алып,тербетеді де.
  • Елтаңбасында Эму құсы мен кенгуру бейнеленген.

ІІ бөлім «Менің мұны білгенім жөн»

Бұл бөлімде тақырыпқа сай жаңа  мәліметтермен танысамыз .Ол үшін әдеттегіше төмендегіше жоспар бойынша жұмыс жасаймыз.

Жоспар :

Материктің экваторға,бастапқы меридианға ,тропик шеңберіне қатысты орны.

  1. Шеткі нүктелері ,координатасын анықтау.
  2. солтүстіктен оңтүстікке ,батыстан шығысқа км мен алғандағы қашықтығы.
  3. Материктің мұхиттарға қатысты орны , жағалық сызығы .
  4. жер бедері .
  5. Пайдалы қазбасы .
  6. Зерттеушілер.

Оқушылар физикалық картаның көмегімен жоспардағы №1,2,3,4 тапсырмаларды орындап анықтама береді.

Күтілетін жауап:

  1. Материк түгелімен оңтүстік жарты шарда ,түгелімен бастапқы меридианның шығысында орналасқан,оңтүстік тропик шеңбері оңтүстігінен кесіп өтеді.
  2. Шеткі нүктелері:Солтүстік -Иорк-10 о.е;142 ш.б

 3. Батыстан шығысқа-

1)а) 153°–113°=40° 

 б) 100 км Х 40* =4000 км;

2)  Солтүстіктен оңтүстікке-

а) 39°–10°=29°;

 б) 111 км Х 29* = 3219 км.

 4.  Материктің мұхиттарға қатысты орны , жағалық сызығы,теңіздерімен шығанақтарын анықтап ,кескін картаға түсіреді.

5. Жер бедері:

Мұғалім: Оқушылар,казір сіздерге мәтін беремін және «Жер қыртысының құрылысы» картасын пайдалана отырып жер бедеріне сипаттама бересіңдер.Сонымен қатар Аустралия мен Африка жер бедерін салыстыра отырып оқып үйренесіңдер.

 Оқушыларға Аустралияның жер бедері жазылған шағын мәтін беріледі . Мәтінді  оқып,картадан тауып, төмендегі кестені толтырады :

 

Африка

Ұқсастығы

Аустралия

 

 

 

 

 Үлкен су айрық жотасы,Косцюшка тауы,жергілікті тұрғындар қасиетті санайтын Айерс-рок жартасы  атауларын түрткенде сілтемелер арқылы  видеоролик көрсетіледі .

Пайдалы қазбалары :

Материктің пайдалы қазбалар картасынан қандай пайдалы қазбалар бар екенін оқушылар өздері анықтап тақтадағы материктің картасына шартты белгілерін салады. (интерактивті тақта мүмкіндігін пайдалану арқылы )

Зерттелу тарихы:

  • Б Янсзон
  • Л Торрес
  • А Тасман
  • Дж Кук

Флипчартта сілтемелер арқылы суреттері,қысқаша өмірбаяндары және жүріп өткен жолдары картадан көрсетіледі.

Мұғалім жаңа тақырып бойынша   мәтіндік,  бейне құжаттарды  және Интернет ресурстарын қолдана отырып қорытындылап өтеді.

ІІІ бөлім: «Өзіңе сен,өзіңді алып шығар білімің мен еңбегің»

 Бүгінгі сабағымызды қорытындылауға арналған тапсырмалар мен сұрақтар беріледі .

1.Суреттер көрсетіледі ,оқушылар қорытынды жасайды .

  • Ең кішкентай материк
  • Ең оңтүстіктегі материк
  • Ең жазық материк
  • Жануарлар дүниесі ерекше материк
  • Бір ғана мемлекет орналасқан материк

2.«Ол кім? Бұл не?»

  • Иорк-?
  • Коала-?
  • Тасман-?
  • Жаңа Гвинея-?
  • Торрес-?
  • Тимор-?

3.Тақтаға назар аударайық!

Тест сұрақтары (ACTIVote құрылғысын пайдалану арқылы тест жүргізу)

4.Сабақтың басында оқушылар өздері   сипаттама берген 4 материк орналасқан флипчартты ашып ,бүгін өткен Аустралия материгінің қиықша картасын  сипаттама бере отырып орналастыру.

  • Бағалау парағын тексеру.
  • Көңіл күйлерін анықтау

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Африканың георафиялық орны мен ашылу тарихы
Аустралия және мұхит аралдары. Географиялық орны. Жер бедері мен пайдалы қазбалары
Оңтүстік жарты шар материгі бойынша қорытынды сабақ
Аустралияның физикалық-географиялық орны. Ашылу және зерттелу тарихы
Оңтүстік Американың географиялық орны, ашылуы және зерттелу тарихы
Антарктика материгінің зерттелу тарихы
Аустралия
Африкаға саяхат
Африка Материк жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер. Зерттелу тарихы
Оңтүстік Американың жер бедері мен пайдалы қазбалары
Бөлім: Уроки / География | Көрсетілім: 3179 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык