Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Африканың георафиялық орны мен ашылу тарихы


Африканың георафиялық орны мен ашылу тарихы

Африканың георафиялық орны мен ашылу тарихы

 
Мектебі: Ақтөбе  облысы, Хромтау ауданы, Қопа  орта мектебі

Мұғалімі: Бримтаева Гүлжанат Жанагуловна

Класы:  7

Пәні: Материктер мен мұхиттар география

Сабақтың тақырыбы: Африканың георафиялық орны мен ашылу тарихы
 

Сабақтың мақсаты: Африка табиғаты және халқы туралы түсінігін қалыптастыру.

 

Білімділік: 1. Географиялық орнының ерекшелігі мен жағалау сызықтарының тілімделу

ерекшеліктерін анықтау;

2. Материктің географиялық орнының табиғатына әсерін анықтау;

3. Білім алушыларды материктің ашылу тарихымен таныстыру;

Дамытушылық:

1. Материктің географиялық орнын анықтай білу қабілеттерін жетілдіру;

2. Атласпен, кескін картамен жұмыс жасауға үйрену;

3. Ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтай білу, салыстыра алу

қабілеттерін жетілдіру;

Тәрбиелік: 1. Саяхатшылардың батылдығы мен ержүректілігі туралы айта отырып, саяхат

жасау мен географиялық ашылуларға білім  алушылардың  қызығушылығын  туғызу, әлемді танып білуге баулу.

 

Сабақ түрі: Әдістемелік  тақырыптық  панорамалық  сабақ  сайысы  бойынша

 

Сабақтың әдісі:  Иллюстрациялар арқылы түсіндіру, анықтау, салыстыру.

 

Сабақтың тәсілі:   Сұрақ-жауап, жеке және топпен жұмыс.

 

Көрнекілігі:        Африканың физикалық картасы; Жарты шарлар картасы; 

                      Африка табиғаты туралы иллюстрациялар; саяхатшылар суреттері.

 

Сабақ жоспары

І.Ұйымдастыру.
ІІ. Үй  тапсырмасын  сұрау  кезеңі
:

  1. «Кім көп біледі?» ойыны.

 

ІІІ. Жаңа сабақ:

  1. «Эстафета»  ойыны 
  2. «Саяхаттар  сыр  шертеді» слайдтар
  3. «Африка  ерекшеліктері»  слайдтар
  4. «Өзіңді  көрсет» Материктің географиялық орнын анықтау.
  5. «Сен  мені  білесің бе?»  ойыны
  6. Сөзжұмбақ шешу

ІV.Бекіту.
V. Үйге тапсырма

VI. Бағалау.

                                                             

Сабақ барысы:

 

І. Ұйымдыстыру:

Оқушылармен  амандасып,  жаңа  сабаққа  даярлау

 

ІІ. Үй  тапсырмасын  сұрау:

  1.  «Кім  көп  біледі?» :             

Cұрақтар. (  қосымша)

Географиялық қабықтың заңдылықтары  тақырыбы бойынша  сұрақтар береді, қай топ алдарындағы жетонды бұрын көтерсе, сол жауап береді.    

                                                                             

ІІІ. Жаңа  сабақ:

Алдымен балалар мына сұраққа жауап берейікші неліктен Африка материгі жер шарындағы ең ыстық материк?

Бүгін біз Африканың георафиялық орны мен ашылу тарихын өтеміз.
(Тақырыпты дәптерге түртіп алу).

Мұғалім:  Сіздердің басты мақсаттарыңыз –материктің географиялық орнын анықтай алу, басқа материктерден қайталанбас ерекшеліктерін табу, географиялық орнының материк табиғатына тигізіп отырған әсерін анықтай білу. Сонымен бірге сіздер материктің зерттелуіне үлкен үлес қосқан зерттеушілер және саяхатшылармен танысасыздар.

 

  1. Эстафета ойыны:

 Шарты:

А) Сыныпты 2 топқа бөлеміз.

Б) Тақырып беріледі де оны оқушылар мұқият өз бетінше оқып шығады.  (5 мин)

1. Мұғалім екі парақ таратып береді де, ал оқулықтан оқыған деректерді , уақиғаларды, даталы жылдарды, мерзімдерін берілген параққа түсіреді.

2.Тірек конспектіні дәптерге түсіру үшін 3 минут уақыт беріледі. Бір оқушы тірек конспекті арқылы өз түсінігін ортаға салады.

3. Африка концептуалды кесте таратылып беріледі.

Концептуалды кестені топта әр оқушы жеке орындайды, яғни олардың ойлау қабілеті дамып өзіндік жеке пікірі қалыптасады.

Өзін –өзі бағалау түрі:

«Сабақтың жұмыс картасына» жаңа сабақты түсінгендіктері туралы өзін –өзі бағалауы.

Консептуалды кесте  

 

  1. «Саяхаттар  сыр  шертеді»:

Интерактивті тақтада Африканың зерттелу тарихы туралы мағлұматтар беріледі.

ХІVғасырда Мароккалық Әбу ибн Баттута саяхаттары;
Васко да Гама ( 1497-1499 жж.);

Давид Ливингстон (1849 – 1855 жж..);

Николай Иванович Вавилов  (1926 – 1927жж..).    

 

  1. «Материк  ерекшеліктері»:

Мұғалім: Әрі қарай баяндау слайдтар арқылы жүреді.

(Оқушылардың  жоғарыда  айтқан  мәліметтерін  пысықтау)

  • Африка – экватор сызығы мен бастапқы меридиан кесіп өтетін бірден-бір материк. Сондықтан оның шеткі нүктелері дүниенің төрт бұрышына да бағытталған;
  • Материк арқылы Жер шарындағы ең ұзын Ніл өзені ағып өтеді, өзеннің Кагера саласымен қосып есептегендегі ұзындығы 6671 км-ге тең;
  • Африкада жер шарындағы ең үлкен тропиктік континенттік шөл Сахара орналасқан, оның ауданы 7 млн. км2-ден артық;
  • Сахараның солтүстігіндегі Әл-Азизия қаласында 1933 жылы +58°С тіркелген, бұл-Жер шарындағы ең жоғары температура;
  • Африкада құрлықтағы ең ірі жануар-Африка пілі жабайы күйінде тіршілік етеді, олардың ең ірілерінің салмағы 7,5 тоннаға жетеді;
  • Материктің теңіз деңгейінен ең биік орналасқан нүктесі-Шығыс Африкадағы Килиманджаро жанартауы, оның биіктігі 5895 м, ең төмен жатқан нүктесі Ассаль көлінің деңгейі -153 м;
  • Африкадағы ең ірі көл – Викторияның ауданы 68 мың км^2, ал ең терең көл – Танганьиканың тереңдігі 1470 м, ол тереңдігі жөнінен Байқалдан кейінгі екінші орын алады. 

 

 

«Өзіңді  көрсет» Материктің географиялық орнын анықтау: (‚ қосымша)

 

  1. Сен мені білесің бе?  (ƒ  қосымша) 

 

ІV. Бекіту:

 

Сөзжұмбақ «Африка» /Интерактивті тақтада сөзжұмбақ шешіледі/.  („  қосымша)

 

1. Африканың географиялық орнының қандай ерекшеліктері бар?

2. Виктория сарқырамасын ашқан саяхатшы?

3. Материктің оңтүстігіндегі ең ірі аралы?

4. Еуразия мен Африканың бөліп тұрған бұғаз?

5. Материктің батыс жағалауын шайып жатқан жылы ағыс?

6. Жер шарындағы ең ірі тропиктік континенттік шөл?

7. Үнді мұхитына енетін тектоникалық терең жарықта орналасқан теңіз?

8. Жер шарындағы ең ұзын өзен?

Біз не оқып білдік?

V. Бағалау:

Оқушыларға  бағалау  парағы  таратылады

VI. Үйге тапсырма:

Жағалауындағы мұхиттар мен теңіздерін, шеткі нүктелерін кескін картаға түсіру.

«Өзіңді  көрсет» Материктің географиялық орнын анықтау: (‚ қосымша)

№1 тапсырма

1.  Материктің бастапқы меридианға , экваторға, торопиктік және поляр шеңберлеріне қатысты орнын анықтау. Географиялық орны материктік климатына қалай әсер етеді?

Материктің қандай климаттық белдеулерде орналасқандығын анықтаңдар.

Анықтама нәтижелері: Африканы - Экватор сызығы мен бастапқы меридиан да кесіп өтеді. Сондықтан оның шеткі нүктелері дүниенің төрт бұрышына да бағытталған.Солтүстік тропик шеңбері кесіп өтетін материктің ең енді бөлігі Сахара шөліне сәйкес келеді. Оңтүстік тропик сызығы өтетін бөлікте материктің енінің тарылуына байланысты мұхиттардың ықпалы күшейе түседі. Екі тропик шеңберінің аралығында орналасқандықтан материк күн сәулесін мол алады, сондықтан да Африка Жер шарындағы ең ыстық материк.

№2 тапсырма/Интерактивті тақтада орындалады/.

  Материктің шеткі нүктелерін, олардың координаттарын анықтау, оларды кескін картаға түсіру. Материктің ( Градус және километр есебімен) солтүстіктен оңтүстікке дейінгі қашықтығын 15° меридианы бойынша және батыстан шығысқа қашықтығын 10° ендік бойынша есептеу.

Анықтама нәтижелері:

Шеткі нүктелері:

Солтүстік шеткі нүктесі- Бен-Секка м.  38ºс.е.  10° ш.б.

Оңтүстік шеткі нүктесі- Игольный м. 35°о.е.   20ºш.б.

Батыстағы шеткі нүктесі- Альмади м.  15º с.е.  17º б.б.

Шығыстағы шеткі нүктесі- Рас-Хафун м. 11º с.е.  52º ш.б.

  Солтүстіктен оңтүстікке 38º + 35º = 73º * 111 км.═ 8 103 км.

Батыстан шығысқа 17° + 52° ═ 69° * 109 км. ═ 7521 км.

№3 тапсырма/Интерактивті тақтада орындалады/.

 Сендердің міндеттерің Африка жағалауын қандай мұхиттар мен олардың теңіздері шайып жатқандығын анықтау. Оларды кескін картаға белгілеу. Қай мұхиттың материкке әсері күшті және неліктен олай екендігін айта аласыздар ма? Материк жағалауында қандай ағыстар бар екенін анықтап кескін картаға түсіру. Олар материк климатына әсер ете ме, әсер етпей ме соны білу.

Анықтама нәтижелері:

  Батысын Атлант мұхиты, ал солтүстігін Атлант мұхитының Жерорта теңізі шайып жатыр. Ал метериктің шығысы мен оңтүстік шығыс жағалаулары Қызыл теңіз бен Үнді мұхитының суларымен ұласады. Суық ағыстар өтетін тропиктік жағалық бөліктерде Оңтүстік Америкадағы Атакама шөлі тәрізді Батыс Сахара және Набиб жағалық шөлдері қалыптасқын. Ал жылы ағыс өтетін Гвинея шығанағы жағалауы Африкадағы ең ылғалды жер болып табылады

№4 тапсырма/Интерактивті тақтада орындалады/.

  Сендердің міндеттерің Африканың басқа материктер мен аралдарға қатысты орнын анықтау. Африканың маңындағы ірі аралдар, архипелагтар, бұғаздар мен шығанақтарды кескін картаға түсіріңдер. Африкаға жақын орналасқан материктер мен аралдардың Африка табиғатына қаншалықты әсері бар екендігін айта аласыздар ма?

Анықтама нәтижелері:

  Сахара климатының қалыптасуына оның солтүстік-шығысында Гибралтар бұғазы арқылы жалғасқан аса ірі Еуразия материгінің жақын жатуы әсер етеді. Ірі аралдарының көпшілігі Үнді мұхитында орналасқан, оларға Мадагаскар, Занзибар, Сокотра аралдары мен Комор, Сейшель, Маскарен аралдарының тобы жатады. Африканың батысында Мадейра, Канар, Жасыл мүйіс аралдары мен Гвинея шығанағының аралдары орналасқан.

Оқушылар өз жұмыстары бойынша қорытынды жасайды, ақпараттарымен алмасады. Мұғалім дұрыс қорытынды жасауға көмектеседі.

 

 

  1. Сен мені білесің бе?  (ƒ  қосымша) 

/Интерактивті тақтада сұлбалар көрсетіледі. Білім алушылар сұлба арқылы көрсетілген бейнені анықтауы қажет./

1-сурет. Әйгілі орыс жазушысы А.С. Пушкин бейнесіндегі ел (Италия) 

2-сурет. Орамалды әйел бейнесінде қандай ел бейнеленген? (Португалия, Испания).

3-сурет. Көңіл күйі болмаған адамның бейнесінде қандай материк бейнеленген? (Африка)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Сөзжұмбақ «Африка» /Интерактивті тақтада сөзжұмбақ шешіледі/.  („  қосымша)

 

 

 

 

 

 

А

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ф

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Р

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

И

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

К

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

А

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. Материктің ең үлкен аралы (Мадагаскар).                                                                                       2. Материктің шығысындағы шеткі нүктесі (Рас-Хафун).                                                                  3. Әлемдегі ең үлкен шөл (Сахара).                                                                                                             4. Материктің ең биік шыңы (Килиманджаро).                                                                                       5. Давид Ливингстон ашқан сарқырама (Виктория).                                                                                6. Материктің мәдени өсімдіктерін зерттеп, топтаған ғалым (Вавилов).


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Африка материгі тарауы бойынша қайталау
Еуразия материгінің географиялық орнының ерекшелігі. Материктердің қоныстану тарихы
Африка материгі. Географиялық орны
Климаты
Оңтүстік Африка мен Африка
Аустралия және мұхит аралдары. Географиялық орны. Жер бедері мен пайдалы қазбалары
Еуразияның географиялық орны. Қоныстануы және зерттелу тарихы
Африканың физикалық – географиялық орны, материк жағалауын шайып жатқан мұхиттар мен теңіздер, Африканың зерттелуі
Африка жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер
Африкаға саяхат
Бөлім: Уроки / География | Көрсетілім: 11797 | Қосты: Бримтаева Гүлданат Жанагуловна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык