Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Биосфера туралы ұғым


Биосфера туралы ұғым

Биосфера туралы ұғым. Тірі ағзалардың алуан түрлілігі және таралу заңдылықтары. Тірі ағзалардың жер қабықтарына әсері

Мақсаты:

Білімділік мақсаты – Биосфера тіршілік ортасы екендігін дәлелдей отырып, табиғаттағы тіршіліктің бір-бірімен байланыстылығын анықтау. Дүниетану пәні бойынша табиғат туралы байланысты еске түсіру. Неліктен әр жерде әр түрлі тірі ағзалар таралған, оның басты себептерін түсіндіру. Қоршаған ортаға бейімдеушілік қасиеттеріне тоқталу. Ағзалар мен жер қабықтары арасындағы байланысты ашу. Биосфера туралы түсінікті дамыту.

Дамытушылық мақсаты – Оқушылардың географиялық ой-өрісін жоғарылату, таным белсенділіктерін арттыру, тірек білімдерді есте сақтауға үйрету, жер қабықтарының арасындағы байланысты сипаттай алу, жаңа ұғымдарды түсіндіре алу қабілеттерін және қызуғышылықтарын дамыту, экологиялық білімдерін жетілдіру.

Тәрбиелік мақсаты – Оқушыларды ынтымақтастыққа, дербестікке, шығармашылық ойлауға тәрбиелеу. Өз ойлары мен пікірлерін еркін жеткізе алуға, тапқырлыққа, ізденушілікке үйрету. Экологиялық тәрбие.

Оқу құралдары: Оқулық, 6 сынып Атлас, дүние жүзінің жарты шарлар физикалық картасы, Қазақстанның физикалық картасы

Сабақ түрі: Аралас сабақ 

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндірмелі-иллюстративті әдіс

Сабақ жоспарыІ кезең – ұйымдастыру (3мин)

ІІ кезең –  жаңа тақырыпты меңгеру (15 мин)

ІІІ кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (10 мин)

ІV кезең – бағалау кезеңі (3 мин)

V кезең – үй тапсырмасын беру (2 мин)

VІ кезең – қорытынды кезеңі (2 мин)

Сабақ барысы:

Кезең

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

І

Мұғалім оқушылармен амандасып, сабақта кім бар-жоғын тексереді. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

Оқушылар мұғаліммен орындарынан тұрып  амандасады. Бүгінгі сабақта кім жоқ екенін тексереді.

ІІ

Мұғалім Жер шары қабықтарын сұрай отырып жаңа тақырыпты түсіндіруді бастайды. Жер планетасындағы биосфера географиялық қабықтың тірі ағзалар мекен ететін, қоныстанған және өзгерткен бөлігі. Биосфера атмосфера қабығының төменгі бөлігін, гидросфераны толықтай, литосфера қабығының беткі бөлігін қамтиды.

Тірі ағзалардың жер бетінде таралу заңдылығын талқылай отырып, биогеография ұғымымен таныстырады.

Кейін тірі ағзалардың географиялық қабықтарға әсерін қарастырады. Осыдан топырақтың түзілуіне тоқталады. Топырақ құнарлығы туралы айтып кетеді.

Оқушылар Жер қабықтарын еске түсіріп, биосфера Жердің тіршілік қабығы екенін айтады. Оқушылар «тіршілік қабығы», «тірі ағзалар» ұғымдарын ашып, өз ойларын айтады. Табиғат – қоғам – адам арасындағы байланысты түсіндіреді.

Тіршілік бірлестігі, биоценоз ұғымдарымен танысып, анықтамаларын дәптерлеріне жазып алады. 

Кейін мұғаліммен бірлесе өсімдіктер мен жануарлар карталарын талқылай отырып, биогеография ұғымына анықтама береді.

Оқушылар тірі ағзалардың атмосфераға, гидросфераға, литосфераға әсерін мысалдар келтіре отырып сипаттайды. Осыдан шығып, топырақтың түзілу процесін сипаттайды. Мұғалімнің айтуымен топырақ түрлерінің ішіндегі ең құнарлысы – қара топырақ екенін анықтайды. Топырақтың қарашіріндісі қалай түзілетінін сипаттайды. Оның маңызын ашып түсіндіреді.

ІІІ

Тақырыпты бекіту үшін «биосфера» түсінігін ашатын сызбанұсқа салу тапсырмасын береді. Кейін жаңа ұғымдардың анықтамаларын сұрайды. Сабақтың соңында тест тапсырмаларын береді.

Оқушылар «биосфера» тақырыбына байланысты сызбанұсқа салады. әрбір сурет салған оқушы өз сызбасын түсіндіреді. Олар өз сызбаларының негізінде Атмосфера – гидросфера – жануарлар дүниесі – биосфера - өсімдіктер дүниесі – литосфера – сызбасы  шығу керек.

Кейін жаңа тақырып бойынша танысқан ұғымдардың анықтамаларын айтып, мазмұнын ашады. Ең соңында тест тапсырмаларын орындайды.

ІV

Оқушыларды сабақта көрсеткен белсенділігіне қарай, жауаптарының дұрыстығына қарай бағалайды. Тақырыптық карталармен жұмыс істеу икемділіктерін және шығармашылық деңгейлерін ескереді.

Оқушылар алған бағаларын тыңдап, күнделіктеріне қойдырады.

V

Үй тапсырмасына «Биосфера» тақырыбын қайталауға арналған тапсырмаларды береді.

Оқушылар үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады. Түсінбегендерін мұғалімнен сұрап, анықтап алады.

Сабақтың артықшылықтары мен кемшіліктерін оқушылармен бірге анықтай отырып, сабақты қорытындылайды.

Оқушылар мұғаліммен бірге сабақтың артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтай отырып, сабақты қорытындылайды.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Биосфера туралы ұғым
Биосфера тарауын қайталау сабағы
Қазақстанның топырақ жамылғысы
Қазақстанның өсімдіктер
Қазақстанның табиғат зоналары. Орманды дала және дала зоналары
Жер асты сулары
Мұздықтар, олардың маңызы
Географиялық белдеулер мен зоналар
Биоэкология қолданбалы курсы
Жердің құрылысы
Бөлім: Уроки / География | Көрсетілім: 5916 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык