Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Жанартаулар, ыстық бұлақтар, гейзерлер


Жанартаулар, ыстық бұлақтар, гейзерлер

Жанартаулар, ыстық бұлақтар, гейзерлер

Мақсаты:

Білімділік: «Жанартау» және «гейзер» ұғымдарын қалыптастыру. Оқушыларға жанартау үрдісінің  жер қойнауынан магманың шығуымен байланыстылығын және жанартау әрекетінің жер қабықтарының (ЛГА) қалыптасуына әсері туралы білім беру.

Дамытушылық: жанартауларды картадан көрсету арқылы икемділіктері мен дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік: Жанартаулар, ыстық бұлақтар, гейзерлер туралы оқып қызығушылықтарын тудыру арқылы пәнге деген сүйіспеншіліктерін арттыру, картамен жұмыс істету арқылы географиялық мәдениетке баулу.

Сабақтың түрі: жаңа тақырып

Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: репродуктивті, проблемалық

Құрал-жабдықтар: Жарты шарлар картасы, атлас, суреттер: «Жанартау құрылысы»,  «Жанартау атқылауы»

Негізгі ұғымдар: литосфералық тақталар ұғымы, тау жыныстары

Сабақтың кезеңдері:

Сабақтың барысы

Кезеңдер

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

1

Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық дайындығын тексеру.

Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау. Сабаққа дайындалу. 

2

Кіріспе сұрақтар:

1. Литосфералық тақталар дегеніміз не?

2. Олардың шекаралары материктердің шекараларымен сәйкес келе ме?

3. Литосфералық жарықтарды бойлай жер бетіне қандай қоймалжың зат шығады?

Оқушылардың жауаптары:

1. Жер қыртысын құрайтын орасан зор қатты тақталар

2. Олар материк маңайындағы мұхит алқаптарымен қоса ірі тақталарды құрайды. Мысалы, Еуразия тақтасына осы материкпен бірге Атлант мұхитының солтүстік-шығысы және Солтүстік Мұзды мұхитының үлкен бөлігі кіреді.

3. Жердің терең қойнауынан жоғары температура мен үлкен қысым жағдайында түзілетін, газға бай, балқыған зат - магма.

3

Жаңа материалды төмендегі жоспар бойынша игеру қажет:

1. Жанартаулардың пайда болуы және құрылысы.

2. Сөнген және сөнбеген жанартаулар.

3. Жанартаулрды зерттеу.

4. Ыстық бұлақтар, гейзерлер.

- Оқулықты, карта,суретті пайдалана отырып,тақырыпты меңгеру.

- Картадан сөген және сөнбеген жанартауларды анықтау, көрсету.

Оқулықтың «Таулардың, сейсмикалық аймақтардың және жанартаулардың таралу картасы» атты иллюстрация бойынша жер бетіндегі жанартаулардың таралуы, жер сілкіну және тау аймақтарының байланыстылығын анықтау тапсырмасын береді.

 

Оқулықтың «Жанартау және оның құрылысы» суретті талдайды. Суреттен магма ошағын, жанартаудың көмейін, кратерді, лаваны көрсетіп сипаттайды. Сонымен қатар жанартаулар сөнген және сөнбеген болып бөлінетіндігі айтылады.

Гейзер ұғымын түсіндіргеннен кейін оқушылар әдетте қандай жерлерде болуы мүмкін деген сұрақтарға жауап береді: олар картадан Камчатканы және Жапония, Жаңа Зеландия, Исландия аралдарын көрсетеді.

Оқулықтың «Таулардың, сейсмикалық аймақтардың және жанартаулардың таралу картасы» атты иллюстрация бойынша жер бетіндегі жанартаулардың таралуы, жер сілкіну және тау аймақтарының байланыстылығын анықтау тапсырмасын орындайды.

4

Жаңа тақырыпты бекіту сұрақтары:

  1. Жанартау қалай пайда болады?
  2. Жанартаудың құрылысын сипаттап беріңдер.
  3. Жанартау қалай атқылайды?
  4. Жанартаулардың қандай түрлері бар?
  5. Жанартауды не үшін зерттеу қажет?
  6. Ыстық бұлақтар мен гейзерлер қандай жағдайда пайда болады?

Тақырыпты бекіту сұрақтарына жауаптары:

1. Тереңде орналасқан магма жер қыртысында пайда болған жарықша саңылаулар арқылы жоғары қарай зор қысыммен атқылап, жер бетіне шығып төгіледі.

2. Магма ошағынан жоғары қарай көмейі, одан жоғары кратер.

3. Ең алдымен гүріл естіледі, кейін газ бен бу шығады, кейін жаңбыр суы мен күл араласқан лай тасқыны, лава ағады.

4. Сөнген және сөнбеген жанартаулар.

5

«Жанартау әрекеттерінің маңызы» тақырыбына ойды қорытындылау.

Мұғаліммен бірге «Жанартау әрекеттерінің маңызы» тақырыбына ойларын айтып, сабақты қорытындылайды.

6

Оқушылардың белсенділігіне қарай бағалайды.

Күнделіктеріне бағаларын қойдырып алады.

7

§21   54-57 б.б.

Тақырып соңындағы сұрақтар.

38-сурет салу.

Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алады, түсінбеген жерлерін мұғалімнен сұрап, анықтайды.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Литосфера
Тірек – сызбаларын сабақта пайдалану
Жер қыртысының қозғалысы. Жел сілкіну
Таулар. Таулардың биіктігіне қарай бөлінуі
Таулардың пайда болуы. Қатпарлы және қатпарлы-жақпарлы таулар. Таулардың өзгеруі
Мұхит түбіндегі таулар мен жазықтар. Жер бетін шаруашылықта пайдалану және қорғау
Жанартаулар, ыстық бұлақтар, гейзерлер.
Жанартаулар. Ыстық бұлақтар. Гейзерлер
Әлемдік география
Еуразия материгінің жер бедері
Бөлім: Уроки / География | Көрсетілім: 4238 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык