Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Африка материгі жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер. Зерттелу тарихы


Африка материгі жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер. Зерттелу тарихы

Сабақтың тақырыбы:

Африка материгі жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер. Зерттелу тарихы

Ресурстар:

7-сынып оқулығы, Атлас, кескін карта,компьютерлік тұсаукесер,видео, интерактивті  тақта ,маркер,  стикерлер, А3, А4

Мақсаты:

Африка жағалауындағы мұхиттар мен теңіздердің  материк табиғаты үшін маңызы туралы түсініктерін кеңейту арқылы жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер  туралы білімдерін толықтыру.Сыни ойлау арқылы ой қорытуға үйрету.

Оқыту нәтижесі:

Жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер туралы білімдері толығады.

Сипаттама бере біледі.

Салыстыру, талдау, жинақтап қорыту, дәлелдер келтіру, сыни тұрғыдан ойлауы дамиды.

Негізгі идеялар

Бірлескен топтық жұмыстың тапсырманы қорғау кезіндегі ынтымақтастығы

Тапсырмалар

1-тапсырма. «Кім көп біледі»

ойыны. Әр топқа 1 сұрақ жазылған парақ беріледі, сол сұрақтарға топ болып ақылдасып жауап береді.

 2- модуль. Сыни тұрғыдан ойлау.  5 минут

2-тапсырма.

Әр топ  мәтінді өз бетінше оқып, сол мәтіннен түсінгенін постерге салып қорғайды. 5-модуль Талантты және дарынды балаларды оқыту.

10 минут

 

3-тапсырма.

Кескін картамен жұмыс

7-модуль оқытуды басқару және көшбасшылық

3 минут

 

Сергіту сәті

4- модуль.АКТ. интерактивті тақта 3минут

4- тапсырма.

Сәйкестендіру.

Берілген тапсырманы сәйкестендіреді.

1-модуль.Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. Диалог (топтық әңгіме)

 5 минут

5- тапсырма Сөзжұмбақ

2- модуль . Сыни тұрғыдан ойлау. 5 минут

 Кейінгі тапсырма

Мәтінді оқу. Африка тақырыбына шығарма жазу

Бағалау

Мадақтау, топтық бағалау, мұғалімнің бағалауы .

Кері байланыс

1.Мен білдім  2.Маған қиындық туғызды. 3.Мен үшін жаңа ақпарат. 4.Мені таңғалдырды.         5. Менің көңіл күйім.

       

 

Мұғалім жазбалары

Оқушыларды  интерактивті тақтадан ұяшықтардағы түрлі –түсті жұлдыздарды  таңдау арқылы төрт  топқа бөлдім. Оқушылар таңдаған жұлдыздарының түсі бойынша өз орындарына отырды.

 Бағалау бетшелерін таратып тақтадан бағалау критерийлерімен таныстырдым. Бағалау бетшелерімен танысты.

Үй тапсырмасын «Кім көп біледі» ойыны арқылы сұрадым. Сұрақ жазылған кеспе кағаздарын таратып  топ болып ақылдасып бір оқушы жауап беретіндігін айтып, жауап берген оқушыларға ұпай санын бердім. Үй тапсырмасын оқып жауап берген оқушыны басқа топтың  оқушылары бағалап отырды.

Қызығушылықты ояту. Миға шабуыл. Жаңа  сабақты  өлең жолдарын оқып, бұл өлең жолдары қай материкті бейнелейтінін сұрау   арқылы аштым. Жауап айтқан оқушыларды мадақтап отырдым. Өлең жолдарын оқып тыңдай отырып  жаңа тақырыпты ашты.

Мәтінмен танысуға 8минут уақыт бердім. Уақыт болған кезде топ болып ақылдасып не түсінгенін айтып, қорғау керектігін айтып отырдым. Топтар мәтіннен түсінгендерін  постермен қорғап шықты. Басқа топтар мадақтап отырды.

Кескін картамен жұмыс жасатып сергіту сәтін ұйымдастырдым. Сәйкестендіру тесті жазылған ресурстар таратып бердім. Топтар орындаған жұмыстарын оқып, басқа топтар дұрыс-бұрыстығын  айтып отырды. Барлық топ орындап болғаннан кейін топтар бір-бірін бағалады.

Сабақ соңында оқушылар тапсырмаларды орындауда азда болса сыни тұрғыдан пікірін айтты.Бағаларын  қосып, қорытынды бағалары  журналға қойылды.

Қолданылған модульдер:

2- модуль. Сыни тұрғыдан ойлау.

5-модуль Талантты және дарынды балаларды оқыту.

1-модул.Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер

4- модуль.АКТ. интерактивті тақта

7-модуль оқытуды басқару және көшбасшылық

 

Қолданылған ресурстар мен тапсырмалар

Сәйкестендіру  тесті.

Шеткі нүктелері бойынша:

  1. Солтүстігінде                          а) Альмади
  2. Оңтүстігінде                            ә) Эль-Абияд
  3. Батысында                               б) Рас-Хафун
  4. Шығысында                             в) Ине

                         1-ә,     2-в,     3-а,    4-б

Зерттелу тарихы бойынша:

  1. Әбу ибн Баттута                     а) Көлдерін
  2. Васко да Гамма                       ә) Замбези өзені, Виктория сарқырамасы
  3. Давид Ливингстон                  б) Мәдени өсімдіктерін
  4. Генри Стэнли                          в) Сомали, Тимбукту, Мали жерлерін
  5. Н.И. Вавилов                           г) Бүкіл құрлықты, Сомали түбегін

                          1-в,     2-г,    3-ә,     4-а,     5-б

                              Рефлексия (Кері байланыс)

Мен білдім

Маған қиындық туғызды

Мен үшін жаңа ақпарат

Мені таңқалдырды

Менің көңіл- күйім

 

 

 

 

 

 

Бағалау  критерийлері

Топтардың аты  №

Білу және түсіну

Эстетикалық талғам

Қорғауы

Шығармашылығы

Қорытынды баға

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 І топ

1.Климаттық белдеулер сияқты табиғат зоналары да Күн сәулесінің түсу бұрышының азаюы мен ылғалдануының әркелкілігіне байланысты экватордан полюстерге қарай бірін-бірі алмастырады. Осы заңдылықты не деп атайды?  (Ендік зоналылық)

ІІ топ

2.Таудағы табиғат кешендері оның етегінен биік шыңдарына дейін температура мен қысымның төмендеуіне, белгілі бір биіктікке дейін жауын-шашын мөлшерінің артуына, тау беткейлері түсетін жарық мөлшерінің әр түрлілігіне байланысты алмасады. Бұл зоналар тауды әр түрлі биіктіктегі белдеулер түрінде көмкере орналасатындықтан, оларды не деп атайды?  ( Биіктік белдеулер)

ІІІ топ

3.Литосфераның жоғарғы бөлігі, атмосфераның төменгі бөлігі және гидросфера мен биосфераның өзара күрделі байланысы мен әрекеттесуі нәтижесінде қалыптасатын ғаламшарлық дәрежедегі табиғат кешені не деп аталады?  (Географиялық қабық)

ІҮ топ

4.Өзара күрделі байланыста әрекет ететін табиғат компоненттерінің өзіндік ерекшкліктерімен көзге түсетін жер бетінің бір көрінісі недеп аталады?  (Табиғат кешені)

І топ

1.Климаттық белдеулер сияқты табиғат зоналары да Күн сәулесінің түсу бұрышының азаюы мен ылғалдануының әркелкілігіне байланысты экватордан полюстерге қарай бірін-бірі алмастырады. Осы заңдылықты не деп атайды?

ІІ топ

2.Таудағы табиғат кешендері оның етегінен биік шыңдарына дейін температура мен қысымның төмендеуіне, белгілі бір биіктікке дейін жауын-шашын мөлшерінің артуына, тау беткейлері түсетін жарық мөлшерінің әр түрлілігіне байланысты алмасады. Бұл зоналар тауды әр түрлі биіктіктегі белдеулер түрінде көмкере орналасатындықтан, оларды не деп атайды?

ІІІ топ

3.Литосфераның жоғарғы бөлігі, атмосфераның төменгі бөлігі және гидросфера мен биосфераның өзара күрделі байланысы мен әрекеттесуі нәтижесінде қалыптасатын ғаламшарлық дәрежедегі табиғат кешені не деп аталады?

ІҮ топ

4.Өзара күрделі байланыста әрекет ететін табиғат компоненттерінің өзіндік ерекшкліктерімен көзге түсетін жер бетінің бір көрінісі не деп аталады?


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Жанашырлық –жанға қуат
Табиғат кешені
Географиялық зоналылық
Африка жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер
Африка материгі. Географиялық орны. Жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер. Зерттелу тарихы
Африка Материк жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер. Зерттелу тарихы
Қазақстанның XVI-XVII ғасырлардағы мәдениеті
Табиғат кешені ашық сабақ
: Оңтүстік Американың географиялық орны.Материк жағалауындағы мұхиттар. Ашылу және зерттелу тарихы.
"Математикалық кокпар" ойыны
Бөлім: Уроки / География | Көрсетілім: 2181 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык