Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Гидросфера - жердің су қабығы


Гидросфера - жердің су қабығы

 

Тақырыбы

Гидросфера  - жердің су қабығы

Сілтеме

Календарлы -  тақырыптық жоспарлау,   6 сынып оқушыларына арналған «Физикалық география» оқулығы,жүз бір жұмбақ ,мың бір мақал кітабы, Ы. Алтынсаринның өлеңдер  жинағы.

Мақсаты

Оқушыларды топпен жұмыс істеуге ұйымдастыру, атмосфера туралы ғылыми түсінік қалыптастыру. Әр түрлі білім көздерімен жұмыс жасауға дағдыландыру. Оқушылардың өз беттерінше жұмыс істеп шығармашылық  ойларын өсіру. Өз ойларын еркін жеткізуге, қорытынды жасай білуге дағдыландыру. 

Күтілетін нәтиже

«Судың да сұрауы бар» деген мақалдың мазмұнын түсіну. Мәтінді толық талдай білу, өз пікірлерін еркін жеткізу, өз ойларын дәлелдей алу, тату болып, бірігіп істеген жұмыстың нәтижелі болатынын ұғыну.

Ресурстар

Жарты  шарлар картасы, глобус, плакат, фломастер, таратпа материалдар, стикер, «идеялар корзинасы», презентациялар, интерактивті тақта, флипчарт.

Қолданылған модульдер

Сыни тұрғыдан ойлау, ақпаратты коммуникациялы технологияларды пайдалану,

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен  амандасу,  сабаққа психологиялық дайындық жасау. Көңіл күйді көтеру.

1 мин

Миға шабуыл

 Жерде неше географиялық қабық бар?Біз үлкен жер қабығын оқып бітірдік. Ол қандай жер қабығы? Дұрыс атмосфера, яғни ауа қабығы.

(1 слайд)

1 мин

                   Сыныпты   4 топқа бөле отырып  үй тапсырмасын тексеру

Сұрақ жауап

Әр топқа 2  сұрақтан беріледі. Интерактивті тақтада жер ғаламшары шыққан сұраққа жауап береді.(2 слайд)

 

3 мин

Түрлі тапсырмалар

1 топ – кроссворд «Барометр»

2 топ – географиялық диктант

3 топ – сиқырлы сандық «иә», «жоқ»

4 топ – синквейн «Ауа»

Топтар жұмыс жасағанша топбасшылар флипчартпен сәйкестіктіктерді табады.

(1 флипчарт)  

7 мин

Жұмбақтар сайысы

Атмосфера тарауына байланысты жұмбақтар беріледі.(4,5,6.7,8,9 слайдтар)

 

2 мин

                                                      Сергіту сәті.                                                 

Ғарыш кеңістігіне кімнің  сапар шеккісі келеді? Олай болса ғарыш кемесіне мінейік. Барлығымызға сәт сапар тілейік. Жерді ғарыштан тамашалағанға не жетсін балалар?! Қараңдаршы  біздің ғаламшар басқа ғаламшарлардан әдемі емес пе?! Қарайықшы, жердің басым бөлігі қандай түспен берілген? Дұрыс көк түспен, жерге қайта оралатын уақыт келді. Сәл сергідік пе балалар? Тамаша.

(10 слайд)

2 мин

Жаңа сабақ

Таулардан өзен ағар сарқыраған

Айнадай сәуле беріп жарқыраған

Жел соқса, ыстық соқса бір қалыпта

Аралап тау мен тасты арқыраған

Көңілің суын ішсең ашылады

Денеңде бар дертіңді қашырады

Өксіген оттай жанып жануарлар

Өзеннен рақат тауып басылады.

- Балалар бұл кімнің  өлеңі білеміз бе? Дұрыс, ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің өлеңі. Жалпы суретке қарап, оқылған өлеңге қарап қандай қабықты өтетінімізді біліп отырған сияқтымыз. Яғни ғарыш кемесінен білім - теңіз кемесіне мініп сапарымызды жалғастырайық. (11 слайд) 

2 мин

   Әр оқушыға кеменің суреті  беріледі. Бірдей кемелері бар оқушылар топқа бірігуі керек. Нәтижесінде сынып 4  топқа бөлінеді. Жер бетіндегі бар тіршілік иесі үшін гидросфераның маңызы өте зор екендігін барлығымыз өте жақсы білеміз, дегенмен де соны түсіндіру оқушылардың міндеті болмақ.  

1 мин

Топтық жұмыс

Тынық мұхит тобы  - Табиғаттағы су

Атлант мұхиты тобы –Табиғаттағы су айналым (Үлкен және кіші су айналым)

Үнді мұхиты тобы - Судың маңызы мен ластануы, оны қорғау.

Солтүстік мұзды мұхит тобы -  Венн диаграммасы бойынша атмосфера мен гидросфера  қабықтарын  салыстыру. (12 слайд)

7 мин

Кластер құру

Әр топтан бір оқушы шығып флипчартпен жұмыс жасайды (2,3 флипчарт). 4 оқушы атмосфералық жауын шашын және бұлтқа кластер құрады.

 

Постер қорғау

Әр топ өздеріне тиесілі берілген тапсырма бойынша өз ойларын, пікірлерін айтып  еңбектерін қорғайды.

3×4=12 мин

Синквейн

Әр топ «Су» деген сөзге синквейн (бес жол өлең )құрайды.  

  

3 мин

Бағалау

Бағалауды  келесі параметрлер бойынша топбасшылар  жүзеге асырады. (15 слайд)

Оқушының   аты- жөні

Өткен сабақ

Жаңа сабақ

Қорытынды баға

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 мин

Рефлексия

Қандай әсер алдық? Қандай қорытынды шығарар едің?

1 мин

Қосымша оқу және қосымша тапсырма

§ 35 оқу және сұрақтарға жауап беру, «Су  -тіршілік көзі» эссе жазу, сурет салу. Жұмыс дәптерін толтыру. (16 слайд)

1 мин

       

Ұйымдастыру кезеңі: Сәлеметсіздер ме балалар. Сабақты бастамас бұрын бір-  бірімізге көтеріңкі  көңіл күй сыйлап, сәттілік тілейік.

Мен саған.... тілеймін

   Үй тапсырмасын тексеру: - Балалар біз қандай жер қабығын оқып бітірдік? Атмосфера, яғни жердің ауа қабығы. Енді осы тарауда оқып білген білімімізді тексеретін уақыт келді. Сыныпты төрт топқа бөле отырып үй тапсырмасын тексеру. Яғни интерактивті тақтаға жер ғаламшары шыққан сұраққа топтар ретпен жауап береді.

  • Әр топқа екі сұрақтан келеді.
  1. Атмосфераның құрамы қандай?
  2. Атмосфера қандай қабаттардан тұрады?
  3. Атмосфералық қысым дегеніміз не?
  4. Атмосфералық қысымды немен өлшейді?
  5. Бұлт деген не және түрлерін ата?
  6. Туман қалай пайда болады?
  7. Ауа райы деген не?
  8. Ауа райы мен климаттың айырмашылығы қандай?
  • Үй тапсырмасын тексерудің келесі кезеңі «Түрлі тапсырмалар» кезеңі. Әр топқа келесі тапсырмалар беріледі:
  1. Судың сұйық күйден газ күйге өтуі.
  2. Жер шарын қоршап жатұан ауа қабығы.
  3. Ауа қысымын немен өлшейді?
  4. Тропосфера үстіндегі ауа қабаты.
  5. Ылғалдылық қандай құралмен өлшенеді?
  6. Ауаның горизонталь бағытта бір жерден екінші жерге орын ауыстыруын не дейді?
  7. Ауа райын болжайтын станция.
  8. Тәулігіне екі рет бағытын өзгертетін жел.

Метеостанция  Жалаңаш   ауылында   орналасқан, аспанды түгелге жуық бұлт басқан.  Жел  оңтүстік шығыс   бағыттан  соғып тұр. Желдің жылдамдығы 5 м\с .Ауаның температурасы  + 8 °, қысымы 1014.7 с.б.  Бұршақ аралас жауын жаууы мүмкін.

3 топқа сиқырлы сандық «иә», «жоқ»

Мазмұны

Иә

Жоқ

Ауа кез келген жерде болады

 

 

Атмосфера басқа ғаламшарларда кездеседі

 

 

Жанартаулар оттегі бөледі

 

 

Жер бетінде бар тіршілік тропосфера қабатында

 

 

Тропосферада бұлт жауын шашын болмайды

 

 

Ауа құрамында азот, оттегі, тағы басқа газдар бар

 

 

Атмосфера метеориттердің жерге түсуінен қорғамайды

 

 

 

                         4 топқа «Ауа» сөзіне синквейн құру

  1. Ауа
  2. Мөлдір, түссіз
  3. Өзгереді, ластанады, көрінбейді
  4. Таза ауа денсаулыққа пайдалы
  5. Атмосфера

Топтар жұмыс жасағанша  топбасшылар  интерактивті тақтамен жұмыс жасайды. Тақтаға шыққан сөздердің сәйкестіктерін  тауып, қаламмен сызу   керек.

  • «Сөзжұмбақтар сайысы» кезеңінде топтарға жұмбақтар беріледі. Жұмбақтардың шешімі атмосфера тарауына байланысты.

1.Қоя алмайсың байлап

   Табаны тым тайғақ    (Мұз)

2.Мөлдіреген жүзімді

   Қозғап едім үзілді   (Шық)

3.Шашылды жерге ақ моншақ

   Жоғалды бірден тапқанша - ақ  (Бұршақ)

4.Қағазсыз ақ, қаламсыз ақ

   Сурет салар адамға ұқсап   (Аяз)

Ал бесінші жұмбақ біздің ақылды ұстаздар қауымына  арналады.

5.Желіні толы сүт

   Жерге тамса құт   (Бұлт, жауын)

Үй тапсырмасын тексеріп болғаннан кейін  жаңа сабақты бастамас бұрын  оқушылармен сергіту сәтін өткізу керек.

Сергіту сәті 

Ғарыш  кемесіне отырып ғарыш кеңістігіне кімнің  сапар шеккісі келеді? Олай болса  барлығымыз ғарыш кемесіне мінейік. Сәт сапар балалар. Жерді ғарыштан тамашалағанға не жетсін, балалар?! Біздің ғаламшар басқа ғаламшарлардан әдемі емес пе?! Қарайықшы, жердің басым бөлігі қандай түспен берілген? Дұрыс көк түспен, жерге қайта оралатын уақыт келді балалар. Сәл сергідік пе? Тамаша.

Ой тастау

Жаңа сабақ тақырыбын  айтпас бұрын оқушыларға ой тастау керек. Ыбырай Алтынсариннің  «Өзен» өлеңін оқу арқылы қандай қабатты оқитынымызды  өздері пайымдау керек.

Таулардан өзен ағар сарқыраған

Айнадай сәуле беріп жарқыраған

Жел соқса, ыстық соқса бір қалыпта

Аралап тау мен тасты арқыраған

Көңілің суын ішсең ашылады

Денеңде бар дертіңді қашырады

Өксіген оттай жанып жануарлар

Өзеннен рақат тауып басылады.

Жаңа сабақ

-Жер бетіндегі бар тіршілік иесі үшін гидросфераның маңызы өте зор екендігін барлығымыз өте жақсы білеміз, дегенмен де соны түсіндіру оқушылардың міндеті болмақ. Қане балалар ғарыш кемесінен түсіп, білім - теңіз кемесіне мініп Гидросфера  қабатына  сапарға аттанайық.

Әр оқушыға кеменің суреті  беріледі. Бірдей кемелері бар оқушылар  бір топқа бірігуі керек. Нәтижесінде сынып 4  топқа бөлінеді. Топтарға мұхиттар аты беріліп, тапсырмалар беріледі.

Тынық мұхит тобы  - Табиғаттағы су

Атлант мұхиты тобы - Су айналымы

Үнді мұхиты тобы - Судың маңызы мен ластануы

Солтүстік мұзды мұхит тобы -  Венн диаграммасы бойынша атмосфера мен гидросфера қабықтарын салыстыру.

Топтар жұмыс жасағанша әр топтан еріктілер шығады. Төрт оқушы «бұлт» және «атмосфералық жауын шашынға» кластер  құрулары қажет. «Жұмыла шешкен жүк жеңіл» дегендей ақылдасқан түрде ойланып жазуларың керек.

Қорытындылау ретінде топтарға «Су» сөзіне синквейн (бес жолды өлең) құрастыру керек. Мысалы :

Су

Тұнық, мөлдір

Ластанады, қатады, ағады

Бұлақ көрсең көзін аш

Гидросфера

Бағалуды топбасшылар қайталау  және жаңа сабақтар бойынша қорытынды баға шығару арқылы бағалайды.

Рефлексия: Әр топтан бір оқушы сабақтан алған әсерін, болашақта  суды қорғауда қандай үлес қосады пікірлерін ортаға салады. Ал қалған оқушылар стикерге өз ойларын жазып  «Идеялар корзинасына» жабыстырады.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Гидросфера туралы ұғым. Дүние жүзілік су айналымы.
Қазыналы аралға саяхат
Гидросфера тарауын жинақтап қайталау
Гидросфера - жердің су қабығы
Атмосфераның құрамы мен құрылысы. Атмосфералық қысым
Ауа райы
Гидросфера
Жер бетіндегі тіршілік үшін ауаның маңызы
Жердің құрылысы
Жер- шар тәріздес дене. Глобус- Жердің дәл үлгісі
Бөлім: Уроки / География | Көрсетілім: 5549 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык