Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Ғабит Мүсіреповтің «Жапон балладасы» әңгімесі


Ғабит Мүсіреповтің «Жапон балладасы» әңгімесі

Ғабит Мүсіреповтің «Жапон балладасы» әңгімесі

Сабақтың мақсаты: 1) әңгімелердің тақырыбын айқындап, идеялық мәнін ашу, маңызын түсіндіру; 2) оқушылардың қоғамдық-саяси көзқарасының қалыптасуына ықпал ету, тіл байлығын дамытып, өз ойларын еркін жеткізе білуге, мәнерлеп оқуға жаттықтыру; 3) оқушылардың адамгершілік қасиеттерін қалыптастырып, адалдыққа, бауырмалдыққа тәрбиелеу, экологиялық тәрбие беру.

Қолданылатын көрнекілік:    буклет, слайд, тірек-сызбалар, Ғ.Мүсіреповтың шығармашылық жинағы, үн қабылдағыш.

Сабақ түрі: жаңа әдеби шығарманы меңгеру сабағы.

Әдіс-тәсіл:интерактивтік әдіс (пікірлесу, сұрақ-жауап, талқылау)

Сабақ барысы.

1.Ұйымдастыру кезеңі.  Оқушылардың сабаққа қатысы, даярлығы тексеріліп, назарлары сабаққа аудартылады.

2.  «Қандай іске кіріссең де таза қолмен кіріс».  Үй тапсырмасы бойынша Ғабит Мүсіреповтің «Автобиографиялық әңгімесіне» талдау жұмыстары жүргізіледі.

а) Бір оқушы тақтаға Ғабит Мүсірепов туралы сызба сызады.

ә) Екінші оқушы «Автобиографиялық әңгімеде» жазушының суретіндегі сүйікті ұстазы Б.Өтетілеуов туралы тірек-сызбаны сызады.

3. «1945 жыл Қас қағым сәттегі алапат».

1945 жылғы 6 және 9-тамыздағы Америка Құрама Штаттарының II дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін Жапонияны тізе бүктіру мақсатындағы Хиросима, Нагасаки қаларына атом бомбасын тастағаны жөнінде мұғалімнің кіріспе әңгімесі тыңдалады.

(Үнқабылдағыштан мұңды саз естіледі).

1945 жыл 6-тамыз. Таңертеңгі 8 сағат 15 минут. Хиросима.

1945 жыл 9-тамыз. Нагасаки.

Бомба күші 20 мың тонна тринитротолуола.

Апат отының ыстықтығы – 300 000 градус.

Екі қалада 300 мыңнан астам адам 2 секундта қырылып қалды. Әлі күнге дейін радиоактивтік сәуле өткен адамдардың балалары, немерелері ауруға шалдығып өмірімен қоштасуда.

а) «Жапон балладасы» - атом апаты туралы шығарма.

б)«Арқаның әңгімесі»

Бірінші қатарға алдыңғы сабақта «Арқаның әңгімесін»оқып келу тапсырылған. Оқушылар әңгіме мазмұнын қысқаша көркем әңгімелейді. Адамның арқасының суреті...

в) «Көздің әңгімесі».

Екінші қатар «Көздің әңгімесін» мазмұндап әңгімелейді. «Көздің үлкейтілген суреті тақтаға ілінген).

г) «Тастың әңгімесі».

 

Үшінші қатар «Тасытың әңгімесін» әңгімелейді. «Ескерткіш қара тас столдың үстінде!.

4. Сынып жұмыс «Терең сыршыл сезімталдықпен жазылған туынды».

Мәтін бойынша жұмыс.

Сұрақтар мен тапсырмалар.

5. «Қазақстан – бейбітшілікті сүйетін ел».

а) Семей полигонының жабылуы.

Олжас сүлейменовтің «Невадв-Семей» қозғалысын ұйымдастыруы.

ә) Кейіпкер адамзат баласына қандай тілек тіледі? (Мәтін бойынша теріп жазу).

6. «Бейбітшілік – халық ұраны».

а) «Ақ көгершін» әні орындалады.

ә) Мұғалім сабақты қорытады.

б) Оқушылар білімі бағаланады.

7. «Адамзат, атом апатынан сақтан!» Үйге осы тақырыпта шағын ойтолғау жазып келу.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Жаңалық жаршысы.
Ғабит Мүсіреповтің «Ананың анасы» әңгімесі
Ғ. Мүсіреповтың аналар тақырыбындағы әңгімелері
Ғ. Мүсірепов «Ананың анасы» әңгімесі
Жапония
Жапония. Қытай. Монғолия
Қытай, Монғолия
Бейімбет Майлин Түйебай әңгімесі
Ғабит Мүсірепов Ананың анасы
Оралхан Бөкей " Апамның астауы" әңгімесі
Бөлім: Уроки / Әдебиет | Көрсетілім: 5093 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык