Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Елі үшін туған ер


Елі үшін туған ер

Елі үшін туған ер

(«Ер Тарғын» жырындағы Тарғын бейнесі)

Мақсаты: Батырлар жырының жанрлық ерекшелігін таныту;

Жыр негізіндегі басты ой батырлар бейнесі арқылы берілетінін ұғындыра отырып, толық әдеби талдау жасауға үйрет;

Түрі: Ізденіс сабақ

Әдісі: Дамыта оқыту

Көрнекілігі: Компьютер, эпиграф, шиырма, кесте

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру

Бақыт іздеп ғасырлар бойы сахараны шарлап шарқ ұрған қазақ халқы бізге ең асыл мұра жыр мұрасын мирас етті. Біз сол рухани қазынамыздың ең асыл мүліктерінің бірі батырлар жырын оқып танысып жатырмыз.

Ең әуелі Ой шақыру стратегиясын пайдаланып, батырлар жыры дегенде ойымызға не түседі? Сол ұғымдарды айтайық. Сөз сырына үңіле отырып, бағыттас ұғымдарды топтастырайық.

Балалар, өткен сабақта батырлар жырының ішінде бәрінен бұрын хатқа түсіп жарық көрген, идеялық мазмұнымен де, көркемдік құрылымымен де ерекше, ең таңдаулыларының бірі – «Ер Тарғын» жырымен танысқан болатынбыз.

  1. Жырда қандай мәселелер сөз болады? Жырдың негізінде жатқан басты ой неде?
  2. Жырдың өзге жырлардан қандай ерекшелігі бар?
  3. Жырдың негізгі ойы қай бейне арқылы көбірек көрінеді?
  4. Тарғын бейнесі, оның адамнершілік қадыр-қасиеті жырда қалай суреттелген?

 

Оқиға

Тарғынның іс-әрекеті

Мінездеме

Жорық

Жау қамалын бұзады

Тарғынның асқан ерлігі, батырлығы, қамал бұзар аруақты батыр екені көрінеді

Қашқын

Хан қызын қорықпай алып қашады

Ештеңеден тайынбайтын өр мінезі байқалады

Қуғын

Қуғыншыны қорықпай қарсы алады

Ер жүрек

Қарт Қожақпен бетпе-бет

Кішілік жасап, әдеп сақтап, кезегін береді

Тарғын - үлкенді сыйлай білетін, өзгенің артықшылығын мойындай алатын ер. Ол – намысты батыр. Жүректі ерен ерлік иесі

Ханзада ханның опасыздығы

Ханның жауын жеңіп береді. Қиын сәтте өзін ғана емес, сүйген жарының қамын жейді.

Шыдамдылық, адамгершілік, үлкен жүрек иесі.

Жекпе-жек

Жауды жеңеді

Батырлық тұлғасы, қайтпас қайрат ерлігі

Сыпыра жырау тоқтамы

Жырау сөзіне құлақ қояды, райынан қайтады.

Үлкенді сыйлауы, ел қамын жеген ел қорғаны батыр.

Кубизм

  1. Суреттеу Батырлар жырының жанрлық ерекшелігі
  2. Салыстыру Батырлар жырын өзге ауыз әдебиеті үлгілерімен салыстыру
  3. Зерттеу Жырдың зерттелуі туралы хабарлама
  4. Қолдану Жырдан үзінді
  5. Талдау Жырдың көркемдік ерекшелігі
  6. Талқылау Батырлар жырының маңызы

Батыр бейнесін жасай отырып, халық не айтпақшы болған?

Жырдан көрінген халық арманы туралы не айтар едің?

Шығармашылық жұмыс 5 жолды өлең

Батырлар жыры - өнерімізде

Үй тапсырмасы Тарғын бейнесі


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
"Қозы Көрпеш - Баян сұлу" жыры
«Қыз Жібек» жырының көркемдік ерекшелігіне талдау.
«Қыз Жібек» жыры Лиро-эпостық жырлардың батырлар жырынан ерекшелігі
Эпостық аңыздар мен ақын-жыраулар
Қазақ тілі мен әдебиетінен өткенді қайталау сабағы
Оғыз қаған жыры
Түрік қағанаты дәуіріндегі әдебиет
ЕР ТАРҒЫН
Лиро-эпостық жырлар туралы
«Қыз Жібек» жырынан үзінді
Бөлім: Уроки / Әдебиет | Көрсетілім: 3627 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык