Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » М. Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясындағы қазақ әйелдерінің бейнесі


М. Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясындағы қазақ әйелдерінің бейнесі

М. Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясындағы қазақ әйелдерінің бейнесі

Тақырыбы: М. Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясындағы қазақ әйелдерінің бейнесі ашық сабақ

Мақсаты: 1. Абай шығармасын, өмір жолын тереңдеп оқып үйрету; Қазақ әйелдерінің бейнесін ашып, мәлімет жинақтау;

2. Оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілетін, өмірге көзқарастарын дамытып, шығармашылық белсенділіктерін шыңдау;

3. Сөз өнеріне, қызығушылыққа баулу, анаға, әйелге, деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу;

Сабақ түрі: дамыта оқыту

Сабақ типі: жаңа білім үйрететін сабақ

Әдісі: ой қозғау, сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, мәтінмен жұмыс, топпен жұмыс, баяндау, талдау, көрініс қою, венн диаграммасы, қосымша әдебиетпен жұмыс, проблемалық сұрақтарды шешу, іздену.

Көрнекілігі: Абай, Мұхтар портреттері, буклеттер, қосымша әдебиеттер, магнитафон, карта, қанатты сөздер:

«Абай жолы» - ХХ ғасырдағы ең мәнді романдардың бірі

Л. Арагон.

«Абай жолындағы» әйелдер бейнесі.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру. (оқушыларды түгелдеп, топқп бөліп отырғызу)

ІІ. Кіріспе сөз.

Жүрегіңнің түбіне терең байла,

Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла,

Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,

Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма, - деген ұлы Абайдың өмірінің қыр-сырын, өсу жолдарын, қоршаған ортасын заманының заңғар биік академик – жазушысы М.Әуезов: «Абай жолы» эпопеясында жан жақты суреттеген. Бағдарлама бойынша 4-сағатын өткелі отырмыз. Мақсатымыз: Абай өмірін тереңдей оқып, қайнарына бас қою, үйрену, талдау, әйелдер бейнесін ашу, 4 топқа бөлініп, жұмыс жасаймыз.

1. Этнографтар

2. Лингвистер

3. Әдебиетшілер

4. Дарын (шығармашылық топ)

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау.

Танымдық қабілетін анықтап, сабаққа ынтасын тудыру мақсатымен тапсырмалар беріледі.

1. Абайдың ата-тегі туралы не білесіңдер? Жеті атаңды ата.

2. Романдағы оқиға болған жерді картадан көрсет.

Этнографтар

1. Мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндір.

2. Диалог дегеніміз не? Мәтіннен тауып оқыңдар.

Лингвистер

1. Шығарма бөлімдері мен оқиғаларын атаңдар.

2. Құнанбай мен Абайға венн диаграммасы бойынша мінездеме

Әдебиетшілер

1. Дискуссиялық карта құрастыру.

2. Ұнамды, ұнамсыз бейнелер.

Дарын

І. Дискуссиялық карта құрастыру.

1. Ұнамды халық өкілдерінің бейнесі

2. Ұнамсыз үстем тап өкілдері.

ІҮ. Абайдың 17 қара сөзінде ақыл, қайрат, жүрек туралы пікір айтылады. (мазмұны)

-         Сендердің ойларың? Адамға қайсы қасиет аса қажет деп ойлайсыңдар? (пікір тыңдалады)

-         Абайдың ақылына ақыл қосып, ең алғаш махаббат сезімін оятқан, қайратын танытып, жүрегін тебіренткен тағы бір топ бар. Ол кімдердің тобы деп ойлайсыңдар?

-         Әйелдер тобы. Бүгінгі жаңа сабағымыз М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы қазақ әйелдерінің бейнесі.

-         Помандағы әйелдер туралы қандай деректер жинақтадыңдар? (кезектесіп оқиды)

Ү. Мәтінмен жұмыс. Әйелдер бейнесін ашу.

«Абай жолы» романы І том

1. Ұлжан,Айғыз, Зере. 10 бет, 41 бет, 71-72 бет

2. Ділдә. 187-188 бет

3. Шүкіман. 310-311 бет

4. Керімбала. 362-бет

5. Нұрғаным. 231-бет

6. Үмітей. 445-бет.

7. Салтанат. 413-бет.

ҮІ. Шығармашылық топпен жұмыс.

Көрініс: «Көзімнің қарасы» әні баяу айтылады да, Абайдың монологы оқылады... Кездесу... Жарқ етпес қара көңілім...

Қатысушылар: Абай, Тоғжан, жеңгесі, Ербол.

ҮІІ. Бекіту. Алған білім, білік, дағдыларын тексеру, жүйелеу, жинақтау.

Топпен жұмыс.

І. Тақырыпқа сай әйелдер бейнесін топтаңдар.

ІІ. Кестені толтырыңдар.

       Әйелдер

Абайдың көзқарасы

Өзіңнің көзқарасың

Ұлжан

Тоғжан

Ділда

Салтанат

Әйгерім

 

 

ІІІ. Қазақ әйелдерінің тағдыры қалай суреттелген?

ІҮ. Өздеріңнің өмірлеріңдегі әйелдердің орны қандай?

ҮІІІ. Үйге тапсырма: Романды оқу, әйелдер бейнесін талдау, көркем сөздерді табу.

ІХ. Бағалау.

Х. Қорытынды.

Әйел жерден шыққан жоқ-

Ол да еркектің баласы

Ерлер көктен түскен жоқ- 

Әйел оның анасы – демекші, Абайдай дүниеге ұл әкеліп, өмір сыйлаған ата-анаға, жаны жомарт әйел-аналарға бас иеміз!

Сабақ аяқталды.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Абайдың қара сөздері
Құнанбай бейнесі жағымды кейіпкер ме, әлде озбыр жан ба?
Құнанбай бейнесі жағымды кейіпкер ме, әлде озбыр жан ба?
"Абай жолы" романы
Ғ. Мүсіреповтің шығармаларындағы аналар бейнесі
Абай Құнанбаев-қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы
Әуезов Ақын қонақтар
Абай
Абай жолы роман – эпопеясы
Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы
Бөлім: Уроки / Әдебиет | Көрсетілім: 26974 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык