Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » А. Құнанбайұлы “Ескендір” дастаны


А. Құнанбайұлы “Ескендір” дастаны

А. Құнанбайұлы “Ескендір” дастаны

Тақырыбы: А. Құнанбайұлы “Ескендір” дастаны

Білімділік мақсаты: Оқушыларға Абай шығармаларының ішінде поэмаларының алатын орны және олардың тақырыптары жайлы білімдерін толықтыру. «Ескендір» поэмасын оқыта отырып, басты кейіпкердің тарихи тұлға екендігіне  көз жеткізу. Поэмадағы Ескендір - Александр Македонский өз заманында қанішер қатыгездігімен аты шыққан тұлға болғанын тарихи деректер арқылы түсіндіру.

Дамытушылық мақсаты: Оқушыларды өз ойын сауатты жеткізе білу дағдыларын жетілдіру. Кейіпкерлердің әрекеттері арқылы жақсылық пен жамандықты айыра білуге, олардың әрекеттеріне баға беріп, талдау  дағдыларын дамыту. Білімділік танымдарын, жалпы дүниетанымдарын дамыту.

Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды Абай поэзиясының идеясын түсіндіре отырып, адамгершілікке, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.  Өз халқының мәдени және тарихи мұрасын құрметтеуге, сақтауға және сол арқылы патриоттық сезімдерін жетілдіруге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа  сабақ

Сабақтың әдісі: топпен жұмыс, сұрақ-жауап,іздену,салыстыру.

Пәнаралық байланыс: тарих, этнография, музыка.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

Экраннан слайдтар арқылы ұлы ақынның өміріне, шығармашылығына шолу.

I топ  “Ақыл”

II топ “Қайрат”

III топ“Жүрек”

Әр топқа жеке-жеке тапсырма беріліп,  оқушылардың білімін бағалау.

Тапсырмалар:

І. Абайдың өлеңдерінен үзінділерді мәнерлеп жатқа оқу.

ІІ. Берілген үзінділер ақынның қай шығармаларынан алынған?

1. Жоқ,болмаса, не қылып өткізгеніңді өзің білмей қалыпсың?

2. Естілердің  айтқан сөздерін ескеріп, кісі өзі де есті болады.

3. Тегінде адам баласы

Жақынын жалға міндейді.

Ол-арсыздық белгісі.

4. Бұл сөзді тасыр ұқпас, талапты ұғар. Адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрсемен озады.

5. Өзін-өзі күндейді,

Көңілімнің көзі ашық,сергек үшін.

6. Оқалы тон тола ма

Ар-ұятын сақтағанға?!

7. Қайнайды қаның,

Ашиды жаның,

Мінездерін көргенде.

8. Өткірдің жүзі,

Кестенің  бізі.

Өрнегін сендей сала алмас.

9. Естілген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: әуелі көкірегі байлаулы берік болмақ керек;

Жауаптары:

  1. Он бесінші қара сөзі.
  2. Он тоғызыншы қара сөзі
  3. Он сегізінші қара сөзі
  4. Сабырсыз,арсыз,еріншек.
  5. Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін
  6. Мәз болады болысың
  7. Сегіз аяқ
  8. Сегіз аяқ
  9. Отыз  бірінші сөз

III. Жаңа сабақты түсіндіру.

1) Мұғалімнің кіріспе сөзі. “Ескендір”дастаны туралы түсіндірмесі

Поэмадағы Ескендір тарихта болған атақты Александр Македонский патша екенін білеміз. Ол - өз заманында бүкіл әлемді жаулап алуды мақсат еткен қанішер патшалардың бірі. Абай Александр Македонский туралы орыс әдебиетін оқу арқылы танысып, оны қазақшалап отырып, дастан жазады. Ұлы Абай поэмада  Ескендірдің зұлымдығын, қатыгездігін айта келе, оны тоқтатын  бір күш іздейді. Ол күш  - ұлы ғұлама Аристотель.

2) Поэманы оқып талдау. Сұрақ-жауап әдісі.

А). Поэманы талдау. Оқулықтан  ақын  оқырманды Ескендірмен таныстыруын оқып, талдау. (Бір оқушы оқиды).

Ә). Поэмада Ескендірдің қандай әрекеттері суреттеледі? (Топтар Ескендірдің жағымсыз әрекеттері туралы айтады).

Б). Ескендір қандай қақпаға келді және ол неге ашылмайды?

В) Қақпаға  кіре алмаған Ескендір не сұрайды?

Г). Ескендір сұраған сыйына не алды?

Д) Ескендірдің Аристотельмен кездесуі (оқулықтан іздеп, оқып, түсіндіру, Аристотельдің ақылы). 

IY .Ұжымдық жұмыс

1) Ескендір қандай адам? -  Ескендір  портретін жасау.

Y. Топтастыру стратегиясы

YI. Сабақты бекіту. Венн  диаграммасы.

Ескендір Аристотель

Тойымсыз

Қатыгез

Мақтаншақ

Патша

 

 

 

 

 

 

    

екеуі де атақты  тұлғалар

кемеңгер

Білімді

Ғалым

 Кемеңгер

 

YII. Сахналық көрініс:

Кейіпкерлер:  Автор –Еренғайып Диана

Ескендір- Рахметолла Батыл

Аристотель –Тлеулинов Дидар

Күзетші- Ахметқанафия Аргынбеков

YIII. Сабақты қорытындылау.

IX. Үйге тапсырма: “Ескендір ”дастанынан Аристотельдің сөзін жаттау.

X.Бағалау.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
«Сен де бір кірпіш дүниенің кетігін тап та, бар қалан...»
Абайдың қара сөздері
Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе.
Абай Құнанбаевтың «Ескендір» поэмасы
Абайдың дастандары “Ескендір” дастаны
Әдебиет пәнінің орта мерзімдік жоспары
Шәкәрім өмірі мен шығармашылығы
Абай Құнанбайұлы “Әсемпаз болма әрнеге”өлеңі
А.Құнанбаев "Ескендір" поэмасы
Ғ.Мүсірепов "Жаңа достар" әңгімесі
Бөлім: Уроки / Әдебиет | Көрсетілім: 6953 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык