Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Халық ауыз әдебиеті


Халық ауыз әдебиеті

Халық ауыз әдебиеті

Сабақтың тақырыбы: Халық ауыз әдебиеті

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Оқушылардың ауыз әдебиеті туралы  білімдерін тексеру, өткен материалды қайталау,сұраққа дұрыс жауап беру дағдысын қалыптастыру.

2. Дамытушылық.  Нақты мысал келтіру арқылы  оқушының сөйлеу дағдысын дамыту, қисынды ойлау қабілетін қалыптастыру.

3. Тәрбиелік: Әдептілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: бақылау сабағы.

Сабақтың әдісі: сұрақ- жауап, әңгімелеу, ойын.

Сабақтың көрнекілігі: слайд, суреттер, сағат

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды сабаққа дайындау

Сабақтың мақсатын айту

Сәлеметсіңдер ме, балалар?

Сабағыңды жөндеп

Әзірленсең-еңбек.

Қиындықтың бәрін,

Еңбек қана жеңбек!

2.Үй тапсырмасын тексеру. Әбділда Тәжібаев туралы әңгімелеу

3. Пысықтау сабағы.

І. Сұрақтарға жауап беру

1. Әдебиет деген не?

2. Ауыз әдебиеті қалай тараған?

3. Ауыз әдебиетінің қандай түрлері бар?

4. ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінің қандай айырмашылықтары бар?

5. «Фольклор» сөзінің мағынасы қандай?

6. Халық ауыз әдебиетінің манызы қандай?

  1. Әдебиет   Әдебиет- араб сөзі, аударғанда улгілі сөз деген мағынаны береді. Әдебиет оқиғаны сөзбен суреттеп  жеткізетін сөз өнері.
  2. Қазақ халқының ауыз әдебиеті . Қазақ халқының ауыз әдебиеті- ауыздан- ауызға ауызша тарап, біздің дәуірімізге дейін жеткен шығармалар. Ауыз әдебиеті ғылымда фольклор деп аталады. Фольклор ағылшын сөзі. Дәлме- дәл аударғанда «халық шығармасы», «халықтың ауызша шығарған көркем сөздері»  деген мағынаны береді.

Ауыз әдебиет түрлері:

  • Ертегілер
  • Мақал- мәтелдер
  • Жұмбақтар
  • Эпостық жырлар ( батырлар жыры) Қобыланды батыр жыры
  • Лиро-эпостық жырлар. Қозы Көрпеш – Баян сұлу
  • Айтыс өлеңдер
  • Тарихи жырлар
  • Тұрмыс салт жыры

3 . Ертегілер адам қиялынан туған шағын шығармалар.

Қазақ ертегілері мазмұнына байланысты 4 –ке бөлінеді

  • Қиял- ғажайып ертегілер. Олар қиалға, фантазиаға құрылады. Өмірде болмайтын нәрселер туралы айтылады.  (Алтын сақа, Ер Төстік)

Қиял- ғажайып ертегілер екіге бөлінеді

Қазақ ертегілері

Сырттан келген ертегілер

  • Хайуанаттар туралы ертегілер. Олардың кейіпкерлері үй жануарлары, құстар мен аңдар болып келеді. Халық жануарлардың мінездері, қылықтары арқылы адам бойындағы жақсы мен жаманды танып білген. «Аю түлкі және арыстан», «Күшік пен мысық»
  • Тұрмыс- салт ертегілері . Тұрмыс- салт ертегілері қойшы, малшы, бақташылардың тұрмысы бейнеленген. Бұл ертегіде өмірде болатын оқиғалар мен болмайтын оқиғалар араласып отырады. «Арыстан мен кісі», «Аю, түлкі және қойшы»
  • Шыншыл ертегілер.  Шыншыл ертегілердің қаһармандары қиялдан туған бейнелер емес, қарапайым еңбек адамы  (Алдар көсе, Дүмше молда)
  1. Мақал-мәтелдер.

Отан туралы

Еңбек пен кәсіп

Батырлық

Оқу, білім, ғылым туралы

Тіл өнері сөз өнері

Тәлім- тәрбие, әдептілік туралы

Достық пен жолдастық туралы

Адам туралы

  1. Аңыз- әңгімелер.  Аңыз- тарихта болған белгілі бір адамдардың атына, іс әрекетіне байланысты туған шығарма. Мұнда адамдардың халық үшін еткен еңбегі, іс  әрекеттері ұрпақтан ұрпаққа жеткен. Аңыз әңгіменің ерекшелігі тарихи шындық пен қиял араласып жүреді.
  2. Жиреншешешентуралы

ІІ.  Сұрақтарына жауап беру:

1.Ауыз әдебиетінің ғылыми атауы:

2.Ауыз әдебиетінің түрлері:

3.Шыншыл ертегілердің кейіпкері:

4.Қиял-ғажайып ертегісінің кейіпкері:

5.Қиял-ғажайып ертегілерінің неше саласы бар?

6.»Алтын сақа» қай ертегі түріне жатады?

7. «Алтын сақа» ертегісінде бала қандай тайды таңдап алады?

8. «Алтын сақа» ертегісінде бала жұрттан несін іздейді?

9. Әдеби ертегінің ерекшелігі қандай?

ІІІ. «Шеңбер бойымен әнгімелеу» ойыны

Ойын шарты: барлық оқушылар шеңбер бойымен отырады. Араларынан бір жүргізушіні сайлап алады. Ойын басында тақырып таңдап алынады. Жүргізуші ортаға шығып , көзін жұмып, кез келген ойыншыға нұскайды. Жүргізуші нұсқаған оқушы алынған тақырып бойынша бір сөйлем айтады. Бұдан әрі сағат тілінің бағытымен әр ойыншы бір-бір сөйлемнен айта береді. Егер жауапта қате жіберілсе, келесі оқушы түзетуге тиіс. Жауаптарды толықтыруға болады. Ойын сонында ең белсенді оқушы анықталады.

 ІV. Қорытынды Балалар, біз бүгін ауыз әдебиеті туралы білімдерімізді пысықтадық.

V. Бағалау.

Үйге тапсырма: 34 бет кесте толтыру


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Ертегі
Қазақ әдебиеті пәнінен тест тапсырмалары
Халық ауыз әдебиетінің бала тілін дамытудағы ролі Халық ауыз әдебиеті – халық шежіресі
Менің атым-Бөлтірік
Халық ауыз әдебиеті
Ертегілер туралы түсінік
XY-XYIIIғ қазақ ауыз әдебиеті. Қазақ фольклоры
Қазақ халқының әдебиеті мен мәдениеті
Алтын Орда дәуіріндегі әдебиет
Бала тілін дамытудағы көркем әдебиеттің маңызы
Бөлім: Уроки / Әдебиет | Көрсетілім: 55507 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык