|
|
МИФ мейрамханасы, білімді достар ортасы
Тақырыбы: МИФ мейрамханасы, білімді достар ортасы
Мақсаты:
1) Оқушылардың білімдерін жүйелеу.
2) Оқушылардың ойлау, логикалық ойлау қабілеттерін, білім бағдыларын дамыта отырып, интеллектуалдығын қалыптастыру.
3) Еңбекке, өзін-өзі басқаруға, ұйымшылдыққа ұқыптылыққа және дәлдікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Безендірілген зал, нақыл сөздер, карточкалық тапсырмалар, логикалық есептер, әр топқа даярланған үстел.
Түрі: топтық сайыс сағаты
Мұғалім:
Уа, халайық, халайық
Бәріне жар салайық
Бүгінгі ойын төрінде
Есеп шешіп жырысып
Жұмбақ шешіп аңдысып
Шабыт тасып шалқысып
Көңілді ойын жасайық
Мұғалім: Біреуінің жүрегінің түгі бар Біреуінің қоғамдық арқалап жүрген жүгі бар Біреуінің күмбірлеген күйі бар Енді біреуінің қатты істейтін миы бар – демекші, «МИФ мейрамханасы, адал достар ортасы» атты 7-10 сыныптар арасында өткізгелі отырған сайысымызды бастаймыз. (Бүгінгі кештің қонақтарын ортаға шақырамыз. Даряшылар қонақтардың сыртқы киімдерін шешіп, орындарына отырғызады)
Кешті өткізуге бағыттама және оның мақсаты (ойының түрі, ережесі т.б. хабарландыру). а) Кешке 7-10 сынып оқушылары қатысады. 1-үстел (қонақтар саны 5) 2-үстел (қонақтар саны 5) 3-үстел (қонақтар саны 5) 4-үстел (қонақтар саны 5) б) Кештің барысында: 1.Толық жауапқа 5 ұпай 2.Толық емес жауапқа 3 ұпай 3.Қате жауапқа 0 ұпай в) Даяршылар мейрамхананың бүгінгі күннің ас мәзірін қонақтарға ұсынады. Бүгінгі ас мәзірі. 1. Топтың өзін таныстыру, амандасу рәсімі 2. Дәмді сұрақтар мен сусындар. 3. Жұмбақтармен әшекейленген қуырдақ. 4. Физикалық ребустар қосылып пісірілген бауырсақ. 5. Тәжірибемен әзірленген винегрет салаты. 6. Ғалымдар үлес қосқан қияр салаты. (МИФ ғалымдары). 7. Ғажайып десерт ( Қызықты сұрақтар) Мұғалім: Армысыздар,қымбатты төрешілер, Сайысын әрбір топтың көрерсіздер. Таразының екі басын тең қойып, Сіздерде әділ баға берерсіздер- дей келіп, мейрамханадағы қонақтарымыздың бүгінгі тапсырыс берген тағамдарын есептеп отыру үшін сіздерді мейрамханамыздың «Бухгалтерлік кабинасына» шақырамыз.Білімі мен өнеріне баға беретін әділ қазылар алқасымен танысып өтейік:
1. Топтың өзін таныстыру, амандасу рәсімі 1 үстел: ___________________________________________ 2 үстел: ___________________________________________ 3 үстел: ___________________________________________ 4 үстел: ___________________________________________
2 Дәмді сұрақтар мен сусындар. 1 –топ сұрақтары
1.Энергияның дененің көбірек қозған бөлігінен азырақ қозған бөлігіне қарай таралуы. – Жылу өткізгіштік
2.Заттың сұйық күйден қатты күйге ауысуы – Қатаю, кристалдану.
3.Тұтас алғанда бүкіл атом заряды-Бейтарап
4.Тізбектегі ток күшін өлшейтін құрал-Амперметер
5.Ток тудыратын электр өрісін сипаттайтын шама.-Кернеу.
6.Қуат бірлігі-Ватт (Вт)
7.Бойымен жарық таралатын сызық-Сәуле
8.Сандық мәнімен, бағытымен сипатталатын физикалық шамаларды басқаша қандай шамалар деп атайды?-Векторлық
9.Материяның ажырамас қасиеті?-Қозғалыс
10.ХБЖ жылдамдық бірлігі-(м/с)
11.Жылдамдықтың өзгеру шапшаңдығын сипаттайтын физикалық векторлық шама – Үдеу
12. Еркін түсу үдеу неге тең ?- 9,8м/с2
13.Период қандай әріппен белгіленеді ? – Т
14.Бұрыштық жылдамдықтың бірлігі ? – (рад/с)
15.Сызықтық жылдамдық пен бұрыштық жылдамдық арасындағы қандай байланыс бар -
2 –топ сұрақтары
1.Цетрге тартқыш үдеу қалай бағытталған ? – Центрге қарай 2. ненің графигі ? – Парабола 3.Материалық нүктенің айналу центрінің маңында 1 с. ішінде жасайтын айналым саны - Жиілік 4. Жылдамдық қандай әріппен белгіленеді ? - 5.Жол қандай шама ? – Скаляр 6.Жұмыс істемей – ақ дененің ішкі энергиясының өзгеру процесі – Жылу берілу 7.Заттың қатты күйден сұйық күйге ауысуы – Балқу 8.Дененің электрленгенің анықтауға арналған прибор – Электроскоп 9.Атомдағы теріс зарядталған бөлшек – Электрон 10.Зарядталған бөлшектердің реттелген қозғалысы – Электр тогы 11.Кернеу бірлігі – Вольт (В) 12.Тоқ күші кернеуге тура кедергіге тура пропорционал.Бұл кімнің заңы ?- Ом заңы 13.Қарастырылып отырғын жағдайда өлшемі мен пішінің ескермеуге болатын дене ?- Материалық нүкте 14.Векторлардың проекциялары қандай шамалар болады ?-Скаляр 15.Жылдамдық қандай прибормен өлшенеді ?-Спидометр
3 –топ сұрақтары
1.ХБЖ үдеудің бірлігі ?- (м/с2) 2.Еркін түсу үдеуі қандай әріппен белгіленеді ? - g 3.Нүктенің шеңбер бойымен 1 айналым жасауға кеткен уақыты ?-Период 4.Шеңбердің 2 радиусының арасындағы центрлік бұрыш – Радиан 5.Орын ауыстыру қандай шама ? –Векторлық 6.Уақыт қандай әріппен белгіленеді ? – t 7.Шеңбер бойымен қозғалған дененің бұрыштық жылдамдығы қалай бағытталады? - Шеңбердің бір нүктесінен жүргізілген жанама бойымен бағытталады. 8.Уақыт қандай прибормен өлшенеді ? – Сағат 9. қандай қозғалыстың теңдеуі ?- Бір қалыпты үдемелі 10.Өте аз орын ауыстырудың осы орын ауыстыруға кеткен өте өз уақытқа қатынасы не болып табылады – Лездік жылдамдық 11.Жылу берілу кезінде дененің алған немесе жоғалтқан энергиясы – Жылу мөлшері 12.Сұйықтың бетінде болатын булану құбылысы – Кебу 13.Электр зарядының бірлігі – Кулон (Кл) 14.Ядродағы бейтарап бөлшек – Нейтрон 15.Кернеуді өлшейтін прибор – Вольтметр
4 –топ сұрақтары
1.Тоғы бар өткізгіштен бөлініп шығатын жылудың мөлшері тоқ күшінің квадраты, өткізгіштің кедергісі және уақыттың көбейтіндісіне тең – Джоуль-Ленц заңы 2.Ішінде темір өзегі бар катушка – Электромагнит 3.Қозғалыс траекториясының бойымен дененің жүріп өткен арақашықтығын не дейді ? – Жол 4.ХБЖ уақыттың бірлігі – (с) 5.Қозғалыстың шапшаңдығын және бағытың сипаттайтың физикалық векторлық шама – Жылдамдық 6.Жиілік қандай әріппен белгіленеді? - 7.Дененің орнын қандай үш тәсілмен анықтайды ?- Векторлық, координатолық және траекториялық 8.Период пен жиілік бір- біріне қандай шамалар? – Кері 9. Үдеу қандай әріппен белгіленеді? – а 10.Физикалық шамаларды өлшеудің қандай түрін білесің –Тікелей және жанама өлшеулер 11.ХБЖ бұрыштық ығысу немен өлшенеді ? –Радиан 12. әрпімен қандай шама белгіленеді ?- Бұрыштық жылдамдық 13.Центрге тартқыш үдеуді басқаша қалай атайды? – Нормаль үдеу 14.Акселерометрмен қандай шама өлшенеді?-Үдеу 15. қандай қозғалыстың теңдеуі?-Бір қалыпты кемімелі. 3 Жұмбақтармен әшекейленген қуырдақ.
1 –топ
1) Жердің жүзін шарлайсың Онсыз еш жерге бармайсың Көлікпен де, жаяу да Саралайсың, таңдайсың. (Жол) 2) Көп болса алыстайсың мезетпен қашықтайсың Асықсаң аз болады Табасың мұны қайсысың? (Уақыт)
2 –топ 3) Жылдамдықты өзгертеді Қозғалысты тездетеді Қарсы шықса қозғалысқа Тоқтарына көз жетеді. (үдеу) 4) Сипаттайды жұмысты Тындырады көп істі Ол көп болса ширақсың Кімдер әлсіз, кім күшті? (Қуат)
3 –топ 5) Көтерілсе жоғары Ерітеді мұхит Төмен түссе шамала Сездірер суық ызғарын (Температура) 6) Жәй уақыттын “ артық ” Өзгеріске орнатады тәртіп, Процесстің толық бір Қайталануына кететін уақыт (Период)
4 –топ 7) Барлық денелерге тән, Онсыз болмайды сән. Әр затта болады әр түрлі, Өлшеуге болады дәл. (Масса) 8)Бірдей санды бірнеше рет Көбейтуден тұрады Егер оны ықшамдасаң Қандай атау болады? (дәреже) Мұғалім: Ойын толқын айналған қатты ағысқа Табылғандай танымда жат дауыста Біреу озып келеді қатарынан Біреу қалып жатады асығыста 4 Физикалық ребустар қосылып пісірілген бауырсақ.
1 –топ масса дисперсия 2 –топ анод градус 3 –топ ваккум ток 4 –топ Ампер Вольт 5. Тәжірибемен әзірленген салаттар. 1 – топ: Диффузия құбылысы 2 –топ Масса және жылдамдық. Импульстің сақталу заңы 3- топ: Денелердің өзара әрекеттесуі 4- топ: Паскаль заңы Мұғалім: Ойын толқын жатқандай асып тасып Біреу мығым, біреулер шалыс басып Бұл ойынан өтеді ғұлама ойлар Жеңсең де жеңілсең де қал ма жасып 6. Ғалымдар үлес қосқан қияр салаты. (МИФ ғалымдары). 1-топ: Физика. 1775 жылы 20 қаңтарда Лион маңындағы Полимьеде дүниеге келген. Электромагнетизм саласында бiрнеше жаңалық ашқан, Француз ғалымы. Электр және магнетизм саласы бойынша өте маңызды мақалаласы 1827 жылы жарық көрген “Электродинамика құбылыстарының математикалық теориясы туралы мемуар" – болып табылады. /Андре Мари Ампер/ 2 –топ Физика. Ағылшын физигi, дәрiгер және астроном, жарықтың толқындық теориясының негiзiн салушысының бiрi. Лондондың корольдiк ұйымның мүшесi (1794), 1802-29 оның хатшысы. /Юнг Янг Томсон/ 3 –топ Физика. 1821 жылы ол магниттiң токтағы өткiзгiш бойымен айналатынын және токтағы өткiзгiштiң магнит бойымен айналатынын бақылап, электр қозғағыштың алғашқы моделiн жасады. 1831 жылы барлық тұрақты және айнымалы ток генераторларының жұмысы негiзделген – электромагниттiк индукцияны ашты. /Майкл Фарадей/ 4 –топ Физика. 1811 жылы жай газдардың молекуласы бiр немесе бiрнеше атомдардан тұрады деген жорамалды айтты. Осы жорамал негiзiнде Амедео негiзгi идеал газ заңдарының бiрiнiң айтылуын (өрнектелуiн), атомдық және молекулалық массаны анықтау әдiсiн анықтады. /Авогадро Амедео/ 7. Ғажайып десерт. (Қызықты сұрақтар). 1. Аспан неге көк? /Атмосфера көк түсті көп жұтады/ 2. Әлемдегі ең бай адам кім? /Билл Гейтс/ 3. Тақтада көрсетілген 81 санына 63-ті алып, ал 86 санына 12-ні қосу керек. Сонда біріндегі азайтқыш пен екіншісіндегі қосындыны қағаз бетіне жазбастан қалай көрсетуге болады? /қағазды төңкереміз/ 4. Жүрегіңнің қуаты 2.2 Вт Ғұмырында 40 тонна тамақ жейді / адам/ 5. Адам организмнің 65 процент / су/ 6. Беттік ауданы ең аз геометриялық фигура , Шар тәріздес / доп / 7. Кило грек сөзі / 1000 есе / 8. Килограмдық гір тасының массасы қай уақытта көп болады: қыста ма. жазда ма? / бірдей / 9. Архимед ғажайып құрал жасап, римдіктердің теңіздегі флотын өртеп жіберген. Ол қандай құрал? / айна, оптика заңы / 10. қандай фигура күннің көзімен достасқан? / сәуле / 11. Математика жағынан қарастырғанда бір поездың екінші поезден айырмашылығы неде? / поезд номерінде / 12. Балаларды жазалау үшін қандай геометриялық фигура қолданылады? / бұрыш / Мұғалімі: Олар жайлы төреші, Көрермендер өздерің. Ақ – қарасын айырып, Куә болды көздерің. –деп әділ қазылар алқасына сөз беріледі.
Мұғалім: Ержетеміз ертең-ақ бізде өсеміз! Ғұламалар дәстүрін үлгі етеміз Ермеков пен Жәутіков Амановтар Ортамыздан шығады іздесеңіз! Осымен бұл қызықты тамадасақ, Бұл жайды айтамыз ба жаман болсақ?
Үйрендік білмегенді осы жолы Тағы да үйренеміз аман болсақ. Тағы да үйренеміз аман болсақ, Шыңымыз биік болар, білім қусақ. Өмір деген өнермен үйлеспей ме?
Жадыратар жанымызды ән тыңдасақ. Көңіл бөліп бұл кешке, Келгендерге көп рахмет. Шын сезінген көрерменге, Мың рахымет, мың рахымет!
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |