Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Физика пәнінен жарыс


Физика пәнінен жарыс

Физика пәнінен жарыс

Мақсаты:  физика пәнінен  алған білімдерін жан-жақты, өмірде қолдана білу шеберліктерін арттыруға үйрену.
- оқушыларды ұйымшылдыққа, достыққа, айналасындағы ортамен қарым - қатынас жасауға, адамгершілікке, ана тілін сүйіп, қастерлеуге тәрбиелеу.
- Тапқырлық, шапшаңдық, дарындылық, есте сақтау қабілеттерін шыңдау, сөздік қорын молайту.
Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі  физика пәні бойынша болатын сайысымызға қош келдіңіздер! Сіздерді сайыстың жоспарымен таныстырып кетейін. Сайыс екі топ, яғни  9-10 кластар арасында өтеді. 
 Жоспары:
1. Білгірлер
2. Дәлеледер
3. Бедерлер
4. Жеделдер
Ойын толқын, айналған қатты ағысқа
Табылғандай танымда, жат дауыста.
Біреу озып келеді қатарынан,
Біреу қалып жатады асығыста.
Қазылар орнықтырар әділдікті,
кімдердің жауаптары кәдік шықты.
Білім мен тапқырлықтың жарысында,
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты-дей отырып әділ-қазылар сайланады.
1.Білгірлер бөлімінде әр топқа 10 сұрақтан  қойылады:
Физиктер тобына:
1.Жаңғырық қандай құбылысқа тән?  (толқындық құбылыс) 
2.Еркін түсу үдеуі нешеге тең?   (9,8 м/с) 
3.Қандай жолмен ешуақытта адам жүре алмайды?  (Құсжолымен) 
4.Спидометр нені өлшейтін құрал?  (жылдамдықты) 
5. Ньютонның неше заңы бар? (үш) 
6.Камертон деген не?  (дыбыстың анықтайтын құрал)
7.Толқынның қандай түрлерін білесіңдер? (Көлденең және бойлық)
8.Материяның негізгі қасиеттерінің бірі?( Қозғалыс)
9.Тербелмелі қозғалысқа мысалдар?( Әткеншек, есік, бесік)
10.Шоқжұлдыздар мен жұлдыздардың айырмашылығы? (Орналасу ретіне байланысты)
Энергия тобына:
 1.Жылулық қозғалыс деген қандай қозғалыс?  (молекулалардың ретсіз қозғалысы) 
2. Бір дененің молекулаларының  басқа дене молекулаларына енуі? (диффузия) 
3.Заттың күйлерінің бір-бірінен айырмашылығы?  (молекулаларының орналасу ретіне байланысты) 
4.Психрометр нені өлшейтін құрал?  (ауа ылғалдылығын) 
5.Изохорада қандай шама тұрақты болады?   (көлем, V )
6.Термодинамика нені зерттейді?
           (жылу энергиясының механикалық энергияға айналуын ) 
7.Будың сұйыққа айналуы?  (конденсация) 
8.Жылу берілудің қатты заттардағы түрі? (жылуөткізгіштік) 
9.Қыздыру лампасын кім ойлап тапқан?  (Лодыгин) 
10.Гипотеза (болжам) қай елдің тілінен алынған?  (грек) 
2. Дәлелдер бөлімінде қойылған сұрақтарға ия немесе жоқ деп жауап беру керек.
Физиктер тобына:
1.Күштің өлшемі Ньютон ба?  (ия) 
2.Темірқазықтың басқаша атауы, Жетіқарақшы ма?  (ия) 
3.Тастардың патшасы, алтын ба?  ( жоқ) 
4.Периодтың өлшем бірлігі метр ме?  (жоқ) 
5.Ең үлкен ғаламшар Жер ме?  (жоқ) 
6.Жерден көлеңкені көтеру мүмкін бе?  (жоқ) 
7.Температураны өлшейтін құрал, термометр ме?  (ия) 
8. Абсолюттік температура нөлге тең бе?  (жоқ) 
9.Елеуішпен су әкеліне ме?  (ия, мұз немесе қар күйінде) 
10.Желді күні асфальт беті тез кебе ме?   (ия) 
Энергия тобына:
1.Қысымның өлшем бірлігі Паскаль ма?  ( ия)
2. Заттың үш күйі бар ма?  ( ия)
3.Мұз ерісе энергия шығарылады ма?  (жоқ)
4. Заттың қатты күйден сұйыққа өтуі кристалдану ма? (жоқ)
5.Ауа заттың сұйық күйі ме? ( жоқ)
6. Энергияның үш күйі бар ма?  жоқ
7. Жер з-ші планета ма?  Ия
8. заттың 4-ші күйі  Плазма ма? (ия)
9. қатты күйден сұйық күйге өтуі балқу ма? (Ия)
3. Бедерлер бөлімінде әр топқа  физикалық құралдар көрсетіліп, олардың атын және атқаратын қызметін айту керек.
1.Амперметр, вольтметр, катушка, магнит, компас, реостат, ток көзі, өткізгіш сымдар, электроскоп.
4. Жеделдер  бөлімінде әр топ физикалық жұмбақтардың шешуін табуы керек.
Физиктер тобына:
 1. Жердің жүзін шарлайсың, 
Онсыз еш жерге бармайсың. 
Көлікпен де, жаяу да, 
Саралайсың, таңдайсың. ( жол) 
2. Көп болса, асықпайсың, 
Мезеттен қашықтайсың. 
Асықсаң аз болады, 
Табасың мұны қайсың?  (уақыт)
3.Алтын теңге кетеді, күміс теңге келеді?  (Күн мен ай)
4. Отқа салса жанбайды, суға салса батпайды?  ( мұз)
5. Жылт-жылт етеді, жылғалардан өтеді? ( су)
6.Мөлдір көкте бір ғана, шоқтай жайнап, тұр дара? ( шолпан) 
7. Қозғалыста сипаттар шапшаңдықты, 
Тағы да бір белгісіз шама шықты. 
Ол болмаса денелер қозғалмайды, 
Шешеді бұл жұмбақты қандай мықты? ( жылдамдық)
Энергия тобына: 
 1. Жылдамдықты өзгертеді, 
Қозғалысты тездетеді. 
Қарсы шықса қозғалысқа, 
Тоқтарына көз жетеді  (үдеу)
2. Қозғалысқа келтіріп, 
Жылдамдығын береді. 
Өлшемдерін қарасаң, 
Ньютонға ол келеді  ( күш)
3. Күш көбейсе артады, 
Аркадан артқа тартады. 
Жүзі жұқа үшкір зат, 
Одан бірақ қорқады? ( қысым)
4. Барлық денелерге тән, 
Онсыз болмайды сән. 
Әр затта болады әр түрлі, 
Өлшеуге болады дәл? (  масса)
 5. Айсыз түнде қараңғы, түнекте де боранды.бір орнынан жылжымай, бағыт бере жылжымай, қандай жұлдыз шырағы, жол көрсетіп тұрады?
 (  жетіқарақшы)
6. Жартысы жадыратып нұр себеді, қалғаны қара мақпал бүркенеді?
   ( күн мен түн)
7. Табаныма байладым, қос таяқпен айдадым? ( шаңғы)
Айыс соңында сөз әділқазыларға беріледі
 

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
«Қазына» танымдық сайысы.
Заттың агрегаттық күйлерінің өзгеруі
Ойлан, тап! ойыны
«Физика және табиғат» физикалық сайыс
МИФ мейрамханасы, білімді достар ортасы
Молекулалық физика негіздері
Физика пәнінен формулалар жинағы
Физика - әлем кілті
Физика - әлем кілті
Физика - әлем кілті
Бөлім: Уроки / Физика | Көрсетілім: 6546 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык