Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Ойлан, тап! ойыны


Ойлан, тап! ойыны

Ойлан, тап! ойыны

КММ “№19 жалпы орта білім беретін мектеп”

Математика, информатика, физика» апталығында

«Физика» пәнінен

«Ойлан, тап!» ойыны

Семей-2013

Өткізілетін орны: акт залы

Ойынға қатысушылар: Ойынға әр бір сыныптан 3 оқушы қатысады. Әр бір команданың аты,эмблемасы сәлемдесуі болу керек.

Ойынның мақсаты: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, ұлы физиктер мен физикалық құбылыстар, формулалар жайында мағлұмат беру, білімдерін дамыту, білімге деген құштарлығын ояту.

Сабақ әдісі: Практикалық, эксперименталдық.

Сабақ көрнекілігі: карточкалар, тақта, т.б.

Ойынның барысы

1) Сәлемдесу.

2) Оқушыларға сайыстың түрі мен мақсатын хабардар ету.

II. Оқушыларды үш топқа бөлу. Әр топқа капитандар сайлау.

III. Сайысты өткізу.

Жүргізуші: Армысыздар, ағайын

Ағайын тілін табайын

Есенбісіз ұстаздар

Шаршамайтын қыс-жаздар

Кешке келген аман ба,

Отырамын деп жайланып.

Көрермендер аман ба,

Отырған анау сайланып,

Бәріңізге бір сәлем!

Онда кешті бастайық.

1-тур«Топтардың сәлемдесуі»

2-тур.«Сұрақ-жауап»

3-тур. «Формулалар әлемінде»

4-тур«Физикалық жұмбақ»

5-тур. «Капитандар сайысы»

1-тур«Топтардың сәлемдесуі»

Әр топ кезекпен шығып, өздерінің топтарын таныстырады.

2-тур.

«Сұрақ – жауап».

 Капитандар тақтаға шығып,  жасырын тұрған сұрақтар тобын таңдап алады.

 Әр командаға сұрақтар оқылады және жауаптары тыңдалады. Әр бір дұрыс жауапқа  1ұпай беріледі.

1-сұрақтар тобы.

1. Күн жүйесінде неше планета бар? – Сегіз.

2. Жол қандай шама? – Скаляр.

3. Булану дегеніміз не? – Сұйықтың буға айналу құбылысы.

4. Күштің әрекеті тоқтағаннан кейін дене пішіні мен көлемін өзгертетін деформация қалай аталады? –пластикалық деформация.

5. ХБЖ жылдамдықтың бірлігі? –

6. Жылдамдық қандай әріппен белгіленеді? – v

7. Дене деформацияға түскен кезде әсер ететін күш? –Серпімділік күші.

  1. 1тоннадақанша килограмм бар? – 1000 кг.

10. Күшті қандай әріппен белгілейді? - F

11. Тығыздықтың өлшем бірлігі? -

12. Күшті өлшейтін прибор қалай аталады? - динамометр

13. Деформация дегеніміз не? – дененің пішінін немесе көлемін өзгертуі.

14. Барометрмен нені өлшейді? – Атмосфералық қысымды.

15. Күнді 30 жылда бір айналатын планета?- Сатурн.

2- сұрақтар тобы.

1.Конденсация дегеніміз не? – бу молекулаларының сұйыққа қайта оралуы.

2. Дененің массасы қандай әріпен белгіленеді? – m

3. Орын ауыстыру қандай шама? – Векторлық.

4. Деффузия дегенімізне? – .

5. Жылдамдық қандай прибормен өлшенеді? – Спидометр.

  1. Қысымның өлшем бірлігі? –

7.Уақыт қандай әріппен белгіленеді? - t

8.Серпімді нененің ұзаруы мен оған түсіретін күштің арасындағы байланысты анықтаған ғалым? – Роберт Гук.

9. 1кПа неше паскаль бар? -  1000 Па=103Па

  1. Дененің массасын өлшейтін прибор? – Таразы.

11.Техникада қолданылатын металл манометрлер қалай аталады? –Бурдон манометрлер.

12. Уақыт қандай прибормен өлшенеді? – Сағат.

13. Күштің өлшем бірлігі ? – Н

14.1 мм.сын бағ қанша паскаль бар? –133,3Па=1,33гПа

15.Атмосфералық қысымды анықтаған ғалым? –Эванжелиста Торричелли.

3-сұрақтар тобы.

1.Дене тең уақыт аралығында ұзындығы бірдей жол жүрсе ондай қозғалысқалай аталады? – бірқалыпты қозғалыс.

2. Заттың неше күйі бар? – үш, қатты,сұйық, газ тәрізді.

3. Дененің температурасын өлшейтін құрал? – Термометр.

4. ХБЖ уақыттың бірлігі? -

5. Көлем қандай әріппен белгіленеді?-v

6. Қозғалыстың шапшаңдығын және бағытын сипаттайтын физикалық векторлық шама? – Жылдамдық.

7. Деформацияның қандай түрлері бар? – Пластикалық және серпімді.

8. Қысым  қандай әріппен белгіленеді?- Р 

9.  1Мпа қанша паскаль бар? – 1000000Па=106Па.

10. Зат неден тұрады? – Молекуладан.

  1. Заттың тығыздығы дегеніміз не? – сол заттың көлем бірлігіндегі массасына тең физикалық шаманы айтады .

12. Сұйықтар мен газдардағы қысымды анықтаған ғалым кім? –Блез Паскаль

14.Броундық  қозғалыс дегеніміз не? – Сұйықта немесе газдарда қалықтаған бөлшектердің жылулық қозғалысы.

15.Атмосфералық қысым қандай шамаға байланысты ? – Биіктіке.

3- тур.

«Формулалар әлемінде».

Тақтаға әр командадан үш-үштен оқушылар шығып,карточкаларды таңдап алып, ондағы берілген формуладан көрсетілген шаманы табулары  керек.

4-тур.

 «Капитандар сайысы».

Әр команданың капитандар тақтаға шығып, берілген есепті шығарулары керек.

Капитандар есептерін шығарғанша КВН тамашалайық.

1-есеп.

Бос ыдыстың массасы 10 кг, суы бар ыдыстың массасы 20 кг болады. Судың тығыздығы 1,0*103кг/м3.Ыдыстың көлемін анықтаңдар. Жауабы: 0,03м3

2-есеп.

Қар үстінде тұрған шаңғышының  салмағы 78Н.Оның әр шаңғысының ұзындығы 1,95м, ае ені 6 см. Шаңғышының қарбетіне түсіретін қысымын табыңдар? Жауабы: 51,5кПа

3-есеп.

Көлемі 18,75 л керосиннің салмағын есептеңдер. Керосинніңтығыздығы 800 кг/м3.

Жауабы: Р=150Н

5-тур.

«Физикалық жұмбақ ».

 Барлық командаға бірдей жұмбақтар оқылады, әр команда жарыса жауап береді. Әр бір дұрыс жауапқа 1ұпай беріледі.

 

1-жұмбақ.

Жердің жүзін шарлайсың,

Онсыз еш жерге бармайсың.

Көлікпен де, жаяу да,

Саралайсың, таңдайсың.   (Жол)

2- жұмбақ.

Көп болса, асықпайсың,

Мезеттен қашықтайсың.

Асықсаң аз болады,

Табасың мұны қайсың?  (Уақыт)

3- жұмбақ.

Қозғалыста сипаттар шапшаңдықты,

Тағы да бір белгісіз шама шықты.

Ол болмаса денелер қозғалмайды,

Шешеді бұл жұмбақты қандай мықты?   (Жылдамдық)

4- жұмбақ.

Жылдамдықты өзгертеді,

Қозғалысты тездетеді.

Қарсы шықса қозғалысқа,

Тоқтарына көз жетеді.   (Үдеу)

5- жұмбақ.

Қозғалысқа келтіріп,

Жылдамдығын береді.

Өлшемдерін қарасаң,

Ньютонға ол келеді.     (Күш)

6- жұмбақ.

Бірдей көлемдегі масса кейде көп,

Аз болса да кейде дөп.

Делінеді бұл шама,

Аталуын тапшы тек.  (Тығыздық)

7- жұмбақ.

Күш көбейсе артады,

Аукадан артқа тартады.

Жүзі жұқа үшкір зат,

Одан бірақ қорқады

(Қысым)

8- жұмбақ.

Барлық денелерге тән,

Онсыз болмайды сән.

Әр затта болады әр түрлі,

Өлшеуге болады дәл.

 (Масса)

  1. Қөрермендермен ойын. Көрермендерге сұрақтар қойылады. Ең көп сұраққа жауап берген оқушы силық алады.

V. Қорытынды.

 Ойынның соңында мұғалім командалардың жинаған ұпайларын санап қай команданың жеңгенін, соның ішінде қандай оқушылардың сабаққа белсене тысқанын айтады.Жеңген командалар мақтау қағазымен силықтармен марапатталады.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
«Қазына» танымдық сайысы.
Жас физик
Күш. Деформация
Масса және күш тарауын қайталау
Глоссарий
«Физика және табиғат» физикалық сайыс
МИФ мейрамханасы, білімді достар ортасы
Физика пәнінен жарыс
Денелердің өзара әрекеттесуі. Дененің массасы. Күш
Қуат 7 сынып
Бөлім: Уроки / Физика | Көрсетілім: 17536 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык