Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Әртүрлі ортадағы электр тогы. Металдардағы электр тогы


Әртүрлі ортадағы электр тогы. Металдардағы электр тогы

Әртүрлі ортадағы электр тогы. Металдардағы электр тогы

Сабақтың тақырыбы: Әртүрлі ортадағы электр тогы. Металдардағы электр тогы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: 1. Әртүрлі ортадағы электр тогы» атты тарауға түсінік беру.

2. Металдардың жақсы өткізкіштігі туралы білу.

3. Көптеген тәжірибелермен дәлеледенген металдардағы электр тогын электрондардың бағытталған қозғалысы тудыратынын түсіндіру.

Тәрбиелік: Оқушыларды ынтымақтастыққа , татулыққа тәрбиелей отырып, ізденуге, тапқырлыққа баулу. 

Дамытушылық: Оқушыларды ұқыпты тыңдауға , сұрақтарға нақты жауап беруге , тез  шешім, қабылдай білуге , өз білімін көрсете алу қасиеттерін ашуға дағдыландыру.

Сабақтың түрі: Жаңа материалды меңгерту.

Сабақта қолданылатын әдіс: Сұрақ-жауап, арқылы өтілетін материалдарды бекіту, топпен жұмыс, көрнекілік әдіс.

Сабақтың көрнекілігі: Менделеев кестесі, карточка, интерактивті тақта арқылы слаидтар,   амперметр, вольтметр.

Пәнаралық байланыс: Химия, география, биология және еңбек.

Пәнішілік байланыс: 7 сынып Физика курсынан «Қатты денелердің негігі қасиеттерін» еске түсіру.

Сабақтың  барысы:

 І Ұйымдастыру кезеңі.

а) Сыныпты түгелдеу.  б) Оқу құралдарын тексеру.

ІІ Оқушыларды «Ток көзі», «Кернеу», және «Кедергі» топтарына бөлу.

1)      Топ басшыларын ұлттық салт – дәстүрімізге сай ер балалар етіп сайлау. «Білмеймін деп қысылма,

Талабың болса бойыңда» - демекші топ басшыларының білімін сарапқа салу.

2)      Үш топтағы оқушыларға тапсырмалар жазылған парақтар беру арқылы өткен тарау бойынша білімдерін тексеру және өздеріне тексертіп, өзін-өзі бағалауға үйрету.

Ітоп  «Ток күші»

1-тапсырма «Кесте»

Физикалық шаманың аты

Белгіленуі

Өлшем бірліктері

Анықтамасына сәйкес өрнегі

Ом заңы бойынша өрнегі

 

 

 

 

 

 

2-тапсырма «Тірек - сызба»

3-тапсырма. «Деңгейлік тапсырмалар»

І деңгей

Ток  күшін өлшейтін құралды _________________деп атайды.

Ол тізбекке қалай  ______________қосылады?

ІІ деңгей

1А═                                           1мА═                                1мкА═                           1кА═

ІІІ деңгей

Ток көзін, қыздыру шамынан, кілттен және амперметрден  тұратын электр тізбегін құрастыр.

Амперметрдің бөлік құнын есептеңдер.

ІІ топ.  «Кернеу»

1-тапсырма. «Кесте»

 

Физикалық шаманың аты

Белгіленуі

Өлшем бірліктері

Анықтамасына сәйкес өрнегі

Ом заңы бойынша өрнегі

 

 

 

 

 

 

2-тапсырма.  «Тірек-сызба»

3-тапсырма. «Деңгейлік тапсырмалар»

І деңгей

Кернеуді өлшейтін құралды _________________деп атайды.

Ол тізбекке қалай  ______________қосылады?

ІІ деңгей

1В═                            ;               «220 В» деген жазу нені білдіреді?

ІІІ деңгей

Ток көзін, қыздыру шамынан, кілттен және амперметр мен вольтметрден   тұратын электр тізбегін құрастыр.

Вольтметрдің бөлік құнын есептеңдер.

 

ІІІ топ. «Кедергі»

1-тапсырма. «Кесте»

 

Физикалық шаманың аты

Белгіленуі

Өлшем бірліктері

Анықтамасына сәйкес өрнегі

Ом заңы бойынша өрнегі

 

 

 

 

 

 

2-тапсырма.     «Тірек-сызба»

3-тапсырма.      «Деңгейлік тапсырмалар»

І деңгей

Кедергіні өзгертетін құралды _______________деп атайды.

Ол қалай ________________________________бөлінеді.

ІІ деңгей

1 Ом═                   ;                       1кОм═                           ;                1МОм═                       ;

ІІІ деңгей

  1. Кедергілері  6Ом, 3Ом және 5 Ом үш өткізгіш тізбектегі қосылған. Жалпы кедергісі неге тең?
  2. Кедергілері 6 Ом және 4 Ом екі өткізгіш параллель қосылған. Жалпы кедергісін есепте.

ІІІ Жаңа сабақ.

1)      Тарауға мұғалімнің кіріспе сөзі.

      Слаид бойынша «Әртүрлі ортадағы электр тогы» тарауындағы «әртүрлі» сөзінің   

      физикалық мәнін түсіндіру. (слаид 1)

2)       Металдардағы электр тогы тақырыбын түсіндіру. Әдеттегі жағдайда металл электр бейтарап, өйткені еркін электрондардың теріс заряды абсолюттік шамасы бойынша тордың оң зарядына тең.

Егер металды электр өрісіне енгізсе, онда электр өрісі күштерінің эрекетінен электрондар 10-4 м/с орташа жылдамдықпен ретті қозғала отырып, электр тогын тудырады. Металдардағы электр тогы еркін электрондардың реттелген қозғалысы. Металдардың электрондық өткізгіштігінің эксперименттік дәлелдемелері      

Мандельштам мен Папалекси (1913ж) және Стюарт пен Толмен (1916ж) орындаған тәжірибелерде берілген.

Стюарт пен Толмен бөлшектер зарядының олардың массасына қатынасын анықтады.

- меншікті заряд.     -ға тең.

Сонымен , металдардағы электр тогы еркін электрондардың реттелген қозғалысы екені дәлелденді.

ІV. Жаңа сабақты бекіту.

а) Дағдылы жағдайда металдардың электр бейтарап екенін қалай түсіндіруге болады?

ә)Металдардағы электр тогы дегеніміз не?

V. Үнемі есіңде ұста.

     1. «Адам өміріне токтың қатері» туралы түсіндіру.

     2. Электр энергиясын үнемдеу үшін қуаты 100Вт және 75 Вт болатын электр шамдарын  пайдаланбау туралы Үкімет қаулысымен таныстыру

     3.«ЭКСПО - 2017» халықаралық көрменің еліміздегі мақсаты туралы түсінік беру.

VІ. Оқушыларды бағалау.

VІІ. Үйге тапсырма.  Металдардағы электр тог


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Токтың жұмысы мен қуаты Джоуль- Ленц заңы.
Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы.
Газдардағы электр тогы
Металдардағы электр тогы. Электролиттердегі электр тогы. Электролиз заңы
электр үтігі, шаңсорғыш) микротолқынды пеш, электр шаңсорғыш) (практика)
Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы Электр кедергісі
Электр тогы
Тұрақты ток заңдары
Тұрақты электр тогын тарауын қорытындылау
Металдардағы, электролиттердегі және газдардағы электр тогы. Электролиз заңы
Бөлім: Уроки / Физика | Көрсетілім: 9642 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык