Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Физика – әлем кілті


Физика – әлем кілті

Физика – әлем кілті

Тақырыбы: Физика – әлем кілті

Мақсаты:  

Білімділік 8-сынып оқушыларының «Электр құбылыстары, Тұрақты электр тогы» тарауларынан  алған білімдерін пысықтау,тексеру,тиянақтау.

Дамытушылық:  Логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, зейінін шоғырландыру, пәнге деген қызығушылықтарын  арттыру, дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастыру.

Тәрбиелік:        Шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, өз бетінше ізденуге, мейірімділікке баулу. Бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру.

Сабақтың түрі: Сайыс сабақ.

Сабақтың типі: Қайталау, қорытындылау, білімдерін жинақтау. 

Сабақтың әдісі: ойын элементтері, сұрақ-жауап, тест сұрақтары, есептер шығару, талдау,викториналық сұрақтар,

Сабақтың көрнекілігі:  плакаттар, интерактивті тақта, электронды оқулық,слайдтар,физикалық құралдар, тест сұрақтары, викториналық сұрақтар, есептер жинағы, суреттер,

Пәнаралық байланыс:  математика, әдебиет, астрономия, химия

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. 

Топтардың сәлемдесуі,белгісін қорғау, ұраны.  

Сабақтың өтілуі:

1-сайыс.   «Бәйге»  Әр топ өздерінің дайындап келген викториналық сұрақтарын  кезектесіп қояды.        /7сұрақтан/  Әрбір дұрыс жауапқа 1ұпайдан беріледі.

2-сайыс.     «Ойлан тап»   Төмендегі сөздердегі  әріптерді    физикалық  шамалардың аттары мен өлшем бірліктері  шығатындай етіп, кестеге орналастыру керек.

3-сайыс.  «Кім жүйрік»   Есептер шығару.  

4-сайыс.   «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар»

5-сайыс. «Кім мықты» , «Білімді мыңды жығар, білекті бірді жығар» 

 Топ басшыларының сайысы.    Тест сұрақтарын  шешу.

6-сайыс. Оқушы шығармашылығы және оны қорғау. /5 ұпайдан/

1-сайыс.   «Бәйге»  Әр топ өздерінің дайындап келген викториналық сұрақтарын  кезектесіп қояды. /7сұрақтан/  Әрбір дұрыс жауапқа 1ұпайдан беріледі.

2-сайыс.     «Ойлан тап»   Төмендегі сөздердегі  әріптерді    физикалық  шамалардың аттары мен өлшем бірліктері  шығатындай етіп, кестеге орналастырыңдар:  

кош тікү,  неурек, дерекгі, элекзартрыяд, элекдылықсымыйтр, шікнемті дерекгі, зұқыдын, трме,пемар, тьлов,  мо, нолук, дафар, м*мо, неурекікл, тоньюн/ ноклу, шкү

Әрбір дұрыс жауапқа 1ұпайдан беріледі.

 3-сайыс. «Кім жүйрік»   Есептер шығару.   /Әр дұрыс есепке 3ұпайдан/

I  топ . «Атом»

1. Аккумулятордағы 0,25 Кл зарядты орын ауыстырғанда 0,7 Дж жұмыс жасалса, онда аккумулятор үйектеріндегі потенциалдар айырымы қандай?

2. Арақашықтығы 2см, 2*10-9Кл және 4*10-18Кл зарядтармен зарядталған вакуумдегі  бірдей  екі кішкене шар қандай күшпен әрекеттеседі?

3. Реостатқа 12В кернеу түсірілген. Егер реостаттың кедергісі 600Ом болса, одан өтетін ток күші неге тең?

II топ. «Электрон»

1. Сыйымдылығы 3*10-6Ф конденсаторға 4,4*10-4Кл заряд беру үшін  конденсаторды қандай кернеуге дейін зарядтау керек?

2.  Ұзындығы 80см, көлденең қимасының ауданы 0,2мм2 алюминий сымның кедергісін анықтаңдар.Алюминийдің меншікті кедергісі  2,7*10-8  Ом*м

3.  Өзара параллель өткізгіш пластиналар  арасындағы кернеу 1000В. Пластиналардың арақашықтығы 4м болса, олардың арасындағы өрістің кернеулігін анықтаңдар.

III топ. «Протон»

1. Ток көзі ішінде 10Кл зарядты оның бір полюсінен екінші полюсіне тасымалдау үшін бөгде күштер 30Дж жұмыс атқарады. Ток көзінің ЭҚК-і неге тең?

2. Ұзындығы 200м,көлденең қимасының ауданы 2мм2 мыс сымның кедергісін анықта. Мыс сымның меншікті кедергісі 1,68*10-8 Ом*м

3. Кернеулігі 130Н/Кл болатын жердің электр өрісінде орналасқан электрондарға осы өріс қандай күшпен әсер етеді

Жанкүйерлерге қойылатын физикалық жұмбақтар:

Пайдаланған мені жұрт,

Отын және жарыққа.

Қызмет етем әрқашан

Түсіне білген халыққа       ( Электр тогы –электрический ток)

Қозғалысқа келтіріп,

Жылдамдығын береді.

Өлшемдерін қарасаң,

Ньютонға ол келеді.      ( Күш- сила) 

Көкке қараған, жұлдыз санаған.  (Телескоп)

Қара бұлтты жамылып, Сыр тұнған алқа.

Алуан түске малынып,құлпырған алқа.(Кемпірқосақ- радуга)

Дамыл таппай жұтқаның,

Өмір нәрі,ұққаным. (Ауа-воздух)

Өзі затты құрайды,

Теңесуге таразыны сұрайды.  (Масса)

Дұрыс жауаптарын тапқан оқушы өз ұпайын қалаған тобына беруге болады.

4-сайыс.        «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар»

«Мың рет естігенше,бір рет көзіңмен көрде, қолыңмен жаса»

«Табиғатты зерттеудің ғылыми әдісі - эксперимент»

I  топ . «Атом»

Жұмыстың аты: Тізбек бөлігі үшін Ом заңын тексеру.

Берілген құралдар: амперметр,вольтметр, қыздыру  шамы, гальвани элементі, кілт, өткізгіш сымдар.  Тапсырмалар:

 а) Электр тізбегін құрастырып, сызбасын сыз.

б) Амперметр мен вольтметрдің бөлік құнын анықта.

в) Ток күші мен кернеудің мәнін біле отырып, электр кедергісін есепте.

II топ. «Электрон»

Жұмыстың аты: Электр тогының қуатын өлшеу.

Берілген құралдар: амперметр,вольтметр, қыздыру  шамы, гальвани элементі, кілт, өткізгіш сымдар.  Тапсырмалар:

 а) Электр тізбегін құрастырып, сызбасын сыз.

б) Амперметр мен вольтметрдің бөлік құнын анықта.

в) Электр тогының қуатын  есепте.

III топ. «Протон»

Жұмыстың аты: Электр тогының  жұмысын  өлшеу./электронды оқулықтан/

Берілген құралдар: амперметр,вольтметр, қыздыру  шамы, гальвани элементі, кілт, өткізгіш сымдар,секундомер.  Тапсырмалар:

 а) Сызбасын сыз.

б) Амперметр мен вольтметрдің бөлік құнын анықта.

в) Электр тогының  жұмысын  есепте.

5-сайыс.   «Кім мықты» ,   «Білімді мыңды жығар, білекті бірді жығар» 

 Топ басшыларының сайысы. Тест сұрақтарын  шешу.  

1. Кремний атомында 14электрон бар. Дұрыс жауапты таңда.

А)Кремний атомының ядросында 14 бөлшек бар.

В)Кремний атомының ядросына 14 протон кіреді.

С) Кремнийдің оң ионының массасы кремнийдің атомының массасынан үлкен.

2.Электр шамдарында  токтың қандай әсері қолданылады?

А)Магниттік   В)Механикалық  С)Жылулық

3. Кулон   заңының  формуласы:

А)  F = m*g          В) F =   E/g         С) F =  k*g1*g2/r2  

4.  Конденсатордың шартты белгісі:

5. Екі резистор тізбектей қосылған, біреуінің кедергісі 25Ом,екіншінікі 50Ом. Дұрыс жауапты таңда:  А) Резисторлардың жалпы кедергісі 50 Омнан кем.

В) Екі резисторда кернеу бірдей. С) Ток күші екі резисторда бірдей.

6. Магнитпен детальды көтергенде токтың қандай әсері қолданылады?

А)Магниттік   В)Механикалық  С)Жылулық

7. Күміс атомының ядросында 107 бөлшек бар. Ядроның айналасында 47 электрон айналады.Дұрыс жауапты таңда.

А) Күміс  атомының ядросында 107 бөлшек, 47 нейтрон бар.

В) Күміс  атомының ядросына 47 нейтрон, 60 протон кіреді.

С) Күмістің атомының ядросына  47 протон, 60 нейтрон кіреді.

8. Шамдағы ток күші мен кернеуді өлшеу үшін амперметр мен вольтметр шамға қалай қосылу керек? Дұрыс жауапты таңда.

А) Амперметрде, вольтметрде  тізбектей. 

В)Амперметр,вольтметр параллель.

С) Амперметр тізбектей, вольтметр параллель.

9. Дұрыс сызбаны көрсет.

10.   Екі резистор параллель  қосылған, біреуінің кедергісі 2Ом,екіншінікі 4Ом. Дұрыс жауапты таңда:  А) Бірінші  резисторда ток күші  екіншіге қарағанда  артық.  В)  Бірінші  резисторда кернеу артық. С)  Резисторлардың жалпы кедергісі 4 Омнан үлкен.

11. Кремний атомында 14электрон бар. Дұрыс жауапты таңда.

     А)Кремний атомының ядросында 14 бөлшек бар.

     В)Кремний атомының ядросына 14 протон кіреді.

    С) Кремнийдің оң ионының массасы кремнийдің атомының массасынан үлкен.

12.Өткізгіш арқылы ток жүреді. Дұрыс жауапты таңда?

     А) Егер өткізгіштегі кернеуді 3 есе көбейтсек, ток күші 3 есе көбейеді.

     В) Егер өткізгіштегі кернеуді 3 есе көбейтсек , оның кедергісі 3 есе көбейеді.

    С)  Өткізгіштегі ток күші түсірілген кернеуге  кері пропорционал.

13. Тізбектің бөлігі үшін Ом заңының формуласын көрсет.

 А)    I = U*R     В)  I = U/R       С) U = I / R

   14.  Екі резистор параллель  қосылған, біреуінің кедергісі 2Ом,екіншінікі 4Ом. Дұрыс жауапты таңда:  А) Бірінші  резисторда ток күші  екіншіге қарағанда  артық.  В)  Бірінші  резисторда кернеу артық. С)  Резисторлардың жалпы кедергісі 4 Омнан үлкен.

15. Кедергі /резистор/ шартты белгісі:

6-сайыс. Оқушы шығармашылығы және оны қорғау. /5 ұпайдан/

Музыкалық үзіліс,ән -күй

Әділ-қазылар  алқасы ұпайларын есептеп, қорытындысын шығарады,орын береді. Оқушылар  марапатталады.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы.
Өткізгіштің электр кедергісі.Тізбек бөлігі үшін Ом заңы
Тұрақты электр тогы тарауын қайталау
Жас физик
Токтың жұмысы мен қуаты. Джоуль – Ленц заңы
Тұрақты электр тогы
Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы Электр кедергісі
Электр тогы
Тұрақты ток заңдары
Тұрақты электр тогын тарауын қорытындылау
Бөлім: Уроки / Физика | Көрсетілім: 5793 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык