Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Жас физик



Жас физик

Тақырыбы: Жас физик

Білімділік: 7-сынып оқушыларының «Физика және астрономия, заттың құрылысы, қозғалыс,масса және күш» тарауларынан  алған білімдерін пысықтау,тексеру,тиянақтау.

Дамытушылық: Логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, зейінін шоғырландыру, пәнге деген қызығушылықтарын  арттыру, дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастыру.

Тәрбиелік: Шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, өз бетінше ізденуге, мейірімділікке баулу. Бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру.

Сабақтың түрі: Сайыс сабақ.

Сабақтың типі: Қайталау, қорытындылау, білімдерін жинақтау. 

Сабақтың әдісі ойын элементтері, сұрақ-жауап, тест сұрақтары, есептер шығару, талдау.

Сабақтың көрнекілігі:  плакаттар, интерактивті тақта, электронды оқулық,слайдтар,физикалық құралдар, тест сұрақтары, викториналық сұрақтар, есептер жинағы, суреттер,

Пәнаралық байланыс:  математика, әдебиет, астрономия, химия

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.   Топтардың сәлемдесуі,белгісін қорғау, ұраны.  

Сабақтың өтілуі:

1-сайыс.   «Бәйге»  Әр топ өздерінің дайындап келген викториналық сұрақтарын  кезектесіп қояды. 

2-сайыс.     «Ойлан тап»   Төмендегі сөздердегі  әріптерді    физикалық  шамалардың аттары мен өлшем бірліктері  шығатындай етіп, кестеге орналастыру керек.

3-сайыс. «Кім жүйрік»   Есептер шығару.  

4-сайыс.  «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар»

5-сайыс. «Кім мықты» , «Білімді мыңды жығар, білекті бірді жығар» 

Топ басшыларының сайысы.    Тест сұрақтарын  шешу.

 1-сайыс.   «Бәйге»  Әр топ өздерінің дайындап келген викториналық сұрақтарын  кезектесіп қояды. 

/10сұрақтан/  Әрбір дұрыс жауапқа 1ұпайдан беріледі.

2-сайыс.     «Ойлан тап»   Төмендегі сөздердегі  әріптерді    физикалық  шамалардың аттары мен өлшем бірліктері  шығатындай етіп, кестеге орналастырыңдар:  

шкү,дықмаджыл,лож,қауты, самас, дықзытғы,лөмке,үйкісел шіүк, лықауры шіүк, мақалс,сықмы, дауан,тоньюн,ермт,ундкес, гк,ермт куб,калсапь, ермт , пімліксерді шіүк.

Физ шама/ң

аттары

Физ.шама/ң

белгіленуі

 

Физ. шама/ң өлшем бірлігі

формуласы

1

 

 

 

 

2

 

 

 

 

3

 

 

 

 

4

 

 

 

 

5

 

 

 

 

6

 

 

 

 

7

 

 

 

 

8

 

 

 

 

9

 

 

 

 

10

 

 

 

 

11

 

 

 

 

12

 

 

 

 

13

 

 

 

 

Әрбір дұрыс жауапқа 1ұпайдан беріледі.

 3-сайыс. «Кім жүйрік»   Есептер шығару.  

I –топ . «И.Ньютон»

1.Мына жылдамдықты метр секундына (м/с) есебімен өрнектеңдер.

72км/сағ =............ м/с

2. 8кг керосин сиятын құтының көлемі неге тең? Керосиннің тығыздығы 800кг/м3.

3. Массасы 70кг шкафты орнынан жылжыту үшін қандай күш жұмсау керек?  Үйкеліс коэффициенті     =0,3

II-топ. «Б.Паскаль»

1. Тығыздықтың осы мәнін кг/м3-пен өрнекте:

2,5 г/см3 = ........... кг/м3

2.  4т мұнай тасу үшін цистернаның сыйымдылығы қандай болу керек?

Мұнайдың тығыздығы  800кг/м3.

3. Массасы 2кг денеге қандай ауырлық күші  әсер етеді?  

Жанкүйерлерге қойылатын физикалық жұмбақтар:

Пайдаланған мені жұрт,

Отын және жарыққа.

Қызмет етем әрқашан

Түсіне білген халыққа       ( Электр тогы –электрический ток)

Қозғалысқа келтіріп,

Жылдамдығын береді.

Өлшемдерін қарасаң,

Ньютонға ол келеді.      ( Күш- сила) 

Көкке қараған, жұлдыз санаған.  (Телескоп)

Қара бұлтты жамылып, Сыр тұнған алқа.

Алуан түске малынып,құлпырған алқа.(Кемпірқосақ- радуга)

Дамыл таппай жұтқаның,

Өмір нәрі,ұққаным. (Ауа-воздух)

Өзі затты құрайды,

Теңесуге таразыны сұрайды.  (Масса)

Дұрыс жауаптарын тапқан оқушы өз ұпайын қалаған тобына беруге болады.

4-сайыс «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар»

«Мың рет естігенше,бір рет көзіңмен көрде, қолыңмен жаса»

«Табиғатты зерттеудің ғылыми әдісі - эксперимент»

Тапсырмалар

А)  Дененің көлемін анықта.

 Берілген құралдар:  мензурка, су құйылған ыдыс,пішіні дұрыс емес дене.

Ә)  Дененің ауадағы және судағы салмағын анықта.

Берілген құралдар:  динамометр, жүк,су құйылған ыдыс

Б)  Мыс сымның массасын анықта.

Берілген құралдар:  сызғыш,мыс сым,мыс сымның тығыздығы.

5-сайыс.   «Кім мықты» ,   «Білімді мыңды жығар, білекті бірді жығар» 

Топ басшыларының сайысы. Тест сұрақтарын  шешу.

I –топ . «И.Ньютон»

  1. Зат түрінде, жарық толқындары түрінде бізді қоршаған барша болмыс.

 А) Материя    В) Зат   С) Табиғат құбылысы

  1. Химиялық элементтің қасиеттерін бойына сақтаған оның ең кіші бөлшегі

 А) Молекула   В) Атом  С) Дене

  1. Сол заттың көлем бірлігіндегі  массасына тең физикалық шама

 А) Зат көлемі  В) жылдамдық  С) зат  тығыздығы

4. Денелердің  жерге тартылу күші

А) Үйкеліс күші  В) Серпімділік күші С) Ауырлық күші

5. Физикалық құбылыстарды, олардың өзара байланыстарын түсіндіретін жүйелі білім  А) физикалық білім  В) физикалық теория С) эксперимент

6. Дене тең уақыт  аралығында ұзындығы бірдей жол жүретін қозғалыс

А) Бірқалыпты қозғалыс  В)  Механикалық қозғалыс  С) Бірқалыпсыз қозғалыс

7. кг/м3 – қандай физикалық шаманың өлшем бірлігі?

А) Тығыздық       В) Масса            С) көлем

8. Берілген көлемді түгел қамтып орналасады. Заттың қай күйіне тән қасиет?

А) қатты   В) сұйық  С) газ

9. Дене массасының  формуласын көрсет.

А) m= p/V   В) m=  p*V  С)m= F*k

10. Сұйықтың көлемін өлшейтін құрал    А) спидометр  В) мензурка  С) сағат

II-топ. «Масса»

 1.Пішіні мен көлемін сақтау – заттың қай күйіне тән қасиет?

А)  Газ  В) сұйық  С) қатты

2. Қозғалыстағы дененің бастапқы орны мен келесі орнын қосатын бағытталған  кесінді А) орын ауыстыру  В) жол  С) жылдамдық

3. Берілген уақыт ішіндегі орын ауыстырудың сол уақыт аралығына қатынасы   А) орын ауыстыру  В) жол  С) жылдамдық

4. Дененің тірекке немесе аспаға түсіретін күші

А) серпімділік күші    В) салмақ күші  С) ауырлық күші

5. Бір зат молекулаларының екінші заттың молекулааралық бос орындарына өзара өтуі А) броундық қозғалыс  В) диффузия  С) инерция

6. Жылдамдықты  өлшейтін құрал.  А) спидометр  В) динамометр С) таразы

7. м/с – қандай физикалық шаманың өлшем бірлігі? 

А) жол  В) орын ауыстыру   С) жылдамдық  

8. Серпімділік күшінің формуласы:  А)  F = m*g    В) F =  k*x  С)  F = P*S

9.  k – қандай физикалық шама? А) серіппенің қатаңдығы  В) серіппенің ығысуы   С) үйкеліс коэффициенті

10. Бүкіләлемдік тартылыс заңын ашқан ғалым 

А) Б.Паскаль  В) Э. Торричелли     С) И.Ньютон


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
«Қазына» танымдық сайысы.
Архимед күші тақырыбына есептер шығару және қайталау
Күш. Деформация
Ойлан, тап! ойыны
Масса және күш тарауын қайталау
Глоссарий
Физика – әлем кілті
Механикадағы күштер
Денелердің өзара әрекеттесуі. Дененің массасы. Күш
Озық ойлы оқушы
Бөлім: Уроки / Физика | Көрсетілім: 4336 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык