Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Ақпаратты – логикалық саяхат сабағы


Ақпаратты – логикалық саяхат сабағы

Ақпаратты – логикалық саяхат сабағы

Сабақтың  мақсаты:

Білімділік: Информатика  мен  география пәндерінен оқушылардың алған білімдерін жинақтау, олардың  картамен және компьютермен жұмыс  істеу шеберліктерін бақылап, бағалау.

Дамытушылық: Оқушылардың теориялық  алған білімді практикаға ұштастыруды дамыту, ойлау, танымдық қабілетін, логикалық  сауаттылығын дамыта  отырып, олардың  пәнге  деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру.

Тәрбиелік: Пәнге, білімге, шығармашылыққа, ойын еркін жеткізе білуге, топта бірлесе жұмыс істеуге, тәртіптілікке, сабырлылыққа, еңбек сүйгіштікке, ұқыптылыққа  тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Қазақстанның географиялық картасы, магнитті тақта, фишкалар, нақыл сөздер, Paint және MS Word программасындағы құралдар тақтасындағы батырмалардың бейнелері, дербес компьютер, деңгейлік тапсырмалар.

Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, практикум, көрсете баяндау.

Жаңа технология әдісі: топпен және деңгейлеп оқыту.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес «Ақпаратты – логикалық саяхат» атты интегративтік сайыс сабағы.

Сабақтың типі: Қалыптан тыс

Сабақтың  барысы.

1.Ұйымдастыру  кезеңі.

І Бөлім. Кіріспе ( мұғалімнің  сөзі).

ІІ Бөлім. Негізгі ( оқушылар  сайысы).

ІІІ Бөлім. Қорытынды ( марапаттау).

І Бөлім.  Кіріспе.

Құрметті  ұстаздар  мен  оқушылар, қонақтар!

Бүгін  біз заманымыздың талабына  сай «Ақпаратты – логикалық саяхат» сабағын өткіземіз. Сабағымыз сайыс түрінде өткізіледі. Сайысымыз  4 кезеңнен тұрады, яғни  топтар  арасында блиц – турнир өткіземіз:

  1. « Облыс  орталығын тап !».
  2. « Тез ойла!».
  3. « Тез тер!».
  4. « Топ басшылары».

Бүгінгі сайысымызға екі топ қатысады: «Компьютер» және «Монитор».

Сайыстың шарты: Тпқтада ілулі тұрған « Қазақстанның географиялық картасына облыс орталықтарының қалалары фишканың  астында жасырын тұрады. Ең алдымен географияның  сұрақтарына жауап  бергеннен  кейін, 2- ші логикалық сұрақтарға  жауап береді, содан  кейін компьютерде деңгейлік тапсырманы орындайды. Егер 1- ші кезеңнің сұрағына  жауап  бере  алмаса, қарсылас  топ жауап береді де , фишканы өздеріне алады.

Ал, енді сайысымызды  бастаймыз.

Сайысымыздың  1- ші кезеңі.

Географиядан «Облыс орталығын  тап».

1. Алматы облысының  облыс орталығы қай қала? ( Талдықорған).

2. Шығыс Қазақстан облысының облыс орталығы қай қала? ( Өскемен).           

3. Павлодар облысының  облыс орталығы қай қала? ( Павлодар).

4. Ақмола облысының  облыс орталығы қай қала?    ( Астана).

5. Солтүстік  Қазақстан облысының  облыс орталығы қай қала? (Петропавл).

6. Ақтөбе облысының  облыс орталығы қай қала? (Ақтөбе).

7. Батыс Қазақстан облысының  облыс орталығы қай қала? (Орал).

8. Маңғыстау  облысының  облыс орталығы қай қала? (Ақтау).

9. Оңтүстік облысының  облыс орталығы қай қала? (Шымкент).       

10. Жамбыл облысының  облыс орталығы қай қала? ( Жамбыл).

Сайысымыздың  2- ші кезеңі. « Тез ойла!»

“Paint” және MS Word программасындағы құралдар тақтасындағы батырмалардың бейнесі көрсетіледі. Сол батырмалардың  аталуын  тез  айту керек.

Сайысымыздың  3- ші кезеңі. « Тез тер!»

Деңгейлік  тапсырма бойынша 4 тапсырма  орындалады.

Сайысымыздың  4- ші кезеңі. « Топ  басшылары »

1- ші топ «Монитор» тобының топ  басшысына тапсырма.

а) 16-17 ғасырдағы Ресейдегі алғашқы есептеуіш  машинаны ата.

( Шот (счеты)).

б) Әлемдегі ең алғашқы программист  әйел кім? ( Ада Лавлейс- ақын Байронның қызы).

в) Бір жолға қанша символ жазуға болады? ( 256 ).

2- ші топ «Компьютер» тобының  топ  басшысына  тапсырма.

а) Сандық есептеуіш машинасының негізгі құрылыс принципін ойлап тапқан математик кім ( Джон фон Нейман).

б) Қай жылы ІВМ фирмасы шығарған 1- ші дербес компьютер Жер шарының барлық континентіне танымал болды? ( 1981 жылы)

в) Компьютердің миы және ең негізгі элементі не? (Микропроцессор)

Сонымен бүгінгі сайысымыз өз мәресіне де келіп жетті. Келесі кезек, бүгінгі сайысымыздың жеңімпазы кім екенін  анықтау  үшін, сөз әділқазылар алқасына  беріледі.

Сайысымыздың қорытындысы: оқушыларды бағалау. Сайыстың нәтижесі бойынша жеңген оқушылар марапатталады


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Машина жасау кешеніне тақырыптық тест сұрақтары
Қазақстан облыстары
«Атажұрт» этногеографиялық ойын сабағы
Атажұрт
Қазақстан қалалары
Менің Отаным – Қазақстан
Мәтін туралы түсінік
Жалқы есім
Шығыс Қазақстан
Қазақстанның физико- географиялық сипаттамасы. Қазақстанның географиялық орны мен шекарасы. Қазақстан аумағындағы уақыт айырмасы. Сағаттық б
Бөлім: Уроки / География | Көрсетілім: 2204 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык