|
|
Табиғаттың тарылтпайық тынысын
Сабақтың тақырыбы: Табиғаттың тарылтпайық тынысын
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушылардың қоршаған орта жайлы танымдық әрекеттерін шыңдау.
Дамытушылық: экологиялық мәдениетін қалыптастыру, туған жер табиғатына
деген сүйіспеншілігін арттыру.
Тәрбиелік:табиғаттағы сұлулықты көре білуге,табиғатты аялай білуге тәрбиелеу; экологиялық тәрбиені дамыту, оқушыларды топтағы іс-әрекетін жоспарлап ұйымдастыруға, бірін-бірі тыңдай білуге тәрбиелеу.
Ұйымдастыру кезеңі
Сабақ барысы:
Нақыл сөздер:
1. Экология – ел тағдыры.
2. Табиғатсыз адамдардың күні жоқ,
Мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ.
3. Жер байлығы – ел байлығы.
4. Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас.
5. Өз елінің тасын сыйламаған,
Өзге елдің тауын да сыйламайды.
6. Күте білсең, жер жомарт.
Мұғалім сөзі: Құрметті ұстаздар мен оқушылар!Табиғат – бізді қоршаған орта, ол адам баласының санасынан тыс, өздігінен пайда болған. Демек, адам табиғатсыз өмір сүре алмайды. Табиғаттың ерекше қасиеті – ол өзінің бөліп шығарған қалдығынан адамның көмегінсіз-ақ өзін тазартып алады. Ал адам баласының іс-әркеттерінен болған қалдықтардан өзін-өзі тазарта алмайды, табиғат уланып, ластанады.
Таза табиғат үшін күрес — өмір үшін күрес, келешек, болашақ үшін күрес әрқайсымыз өзіміз өскен ортаның табиғатын қорғауға міндеттіміз. Табиғат адам баласын дүниеге келтірген аяулы ана бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы, аялы бесігі, құтты қонысы және өсіп-өнген мекені. Сондықтан Табиғат-Анамыздың неден зардап шегіп тұрғанын анықтап, өз көмегімізді беруге дайын болуымыз керек.Міне,бүгінгі «Табиғаттың тарылтпайық тынысын»атты кешіміз осы бағытта ұйымдастырылып отыр.
1-жүргізуші: Эльвира
Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі «Табиғаттың тарылтпайық тынысын»атты кешімізді ашық деп жариялаймыз.
Табиғаттың тарылтпайық мөлдір кәусар тынысын,
Пәк табиғат – жүрегімнің тамылжыған тынысың.
Ей, адамдар, қалай ғана қатігездік жасайсың,
Ол – анаң ғой, ал сен – кенже ұлысың!
2-жүргізуші: Аяулым
Ей, адамдар!
Күн мен гүлден жаралған,
От сезім мен мейірім содан таралған.
Тіршілік иесі – Жер анаға қараңдар!
Зор қайғыдан күрсінгенде,
Ах, ұрады дүние,
Жаратылыс заңдылығы бұзылса,
Сонда болар, табиғатқа кім ие?
Көрініс: «Аналар мұңы»(сахнада)
Ана немересімен шығады.Жай басып Жер анаға жақындайды.
Ана: Аймен-Амансың ба,Жер ана? Көрмегелі көп болды,күнкөріс күйкілжіңі мойын бұрғызбады.Әдейі арнап немеремді алып,амандасып жүз көріскелі келдім.
Жер ана: Жансая-Амансың ба,Ана? Немереңнің өмірі ұзақ болсын.Келгенің дұрыс болды. Өзіңді асыға күтуде едім. Қаладағылар аман ба? Өзіңнің өңің сынық қой,шаршағансың ба әлде?
Ана: Иә,дұрыс айтасыз, Жер ана! Қалаға барғалы күннің көзін де дұрыстап көре алмадым. Бір түрлі тұманданып, қошқылданып, тіпті кейде түнеріп тұрады. Көшеге шығып көкірегіңді керіп демалсаң, көкірегің көк түтінге толады.
Жер ана: Дұрыс айтасың.Ай сәулесі сағалап, өзен жағасында сырласа тылсым түнді жамылған ғашықтар тыныштығыңды ұрлады ғой. Мен бәрін сезіп тұрмын .Бұрыш-бұрыштан айқалаған музыка сендер тұрмақ менің де тыныштығымды бұзады.
Ана: Осының бәрін адамдардың өзі ғой жасап жатқан. Зауыт мұржалары мен машина түтініне қақалудамыз.Айтып жатса да адамдар санасына жетер емес.
Жер ана: Өзің көрген аңдар мен жануарлар да өкпелі ме,кете бастады.Оның қалған бір-екі талын «Қызыл кітап» дей ме,соған жазып қоя салады. Мен жетім қалармын өсти берсе.
Немересі: Мұратбек- Жоқ,әжетай! Олай болуы мүмкін емес! Мына біздер ағалар қатесін түзерміз! Омырауыңды гүлге орап,баурайына бақ орнатамыз.
Ана: О,Жер ана,кешір бізді,күндеме тентегіңді,
Көрдік рас,көбісін еркеліктің,
Әркім бірақ не ексе,соны орады,
Көсіп алып жатқам жоқ мен тегінді.
«Жер зардабы енді қайтіп келмесін» деп,
«Жауыздықты Жер ана жерлесін» деп
Сөйлеймін мен төтенше елшіндей бір
Ұлдарымды мақтан ғып «Гүл ексін» деп.
Немересі: Рухы мықты азаматтар дүниеге келсін десең
Ана: Халқымыз бақытты да мәнді-сәнді өмір сүрсін десең
Жер ана : Ауамыз ластанбай, көліміз тартылмай, суымыз ластанбасын десең, табиғатты қорғайық!
Ана: «Сәкеңді туған, Абайды туған, құрметте,достым, қазақтың жерін» деп ақын ағаларымыз айтқандай, Жер ананы құрметтейік!
1-жүргізуші:
Пәк ауаға кешегі кім налады?
Түтін, тұман аспанды тұмшалады.
Кір шалады аққулардың қанатын,
Соны ойласаң, көңілді кір шалады.
2-жүргізуші:
Сексеуілдің орнында көмір қалып,
Аман ба, өзі тұрған өңір налып?
Ақ мамықтай ақша қар шаһарларға,
Енді жауса жауады қоңырланып.
1-жүргізуші:
Бар дейсің бе, өмірде азап ондай,
Дүние озса, ол енді азады оңбай.
Адам таза болмайды ешқашанда,
Айналайын табиғат таза болмай!
Сергіту сәті: Табиғат туралы жұмбақтар
1.Бір халық аспанда ұшқан, аяғы жоқ, Ұстаған қолдарында таяғы жоқ. Күніне талай жерге кетер кезіп, Нәрсенің бұл секілді саяғы жоқ.
2.Көзге ілінбейді, Жұтсаң білінбейді.
3.Қолы жоқ, сурет салады, Тісі жоқ, тістеп алады.
4. Шым - шытыр, Шидай қотыр.
5. Қанаты жоқ, ұшады, Аяғы жоқ, жетеді. Аузы жоқ,ұлиды.
6. Ат шаптырым аумағы, Байқалмайды салмағы. Мың кессең де ол мейлі, Жүреді,ұшып өлмейді.
7.Қараңғыда жымыңдайды,жанады, Жарық түссе,бірден сөніп қалады.
8.Аяқсыз жетіп барады, Қолсыз есік қағады.
9. Арыстан арқырады, Орман жарқырады.
10.Қуып едім-мойнын бұрмады, Ұстайын деп едім-қолға тұрмады.
Жібек: Халқымыз ежелден табиғаттың кейбір туындыларын «киелі», «қасиетті» деп ұғып, оларды өлтіруге,жоюға болмайтындығын уағыздаған. Сонымен бірге табиғат пен адамды біртұтас бірінен-бірін бөлуге болмайды деп қараған. Сондықтан адам табиғаттан өз керегін алып, қалғанына еш уақытта зиянын тигізбеген.
Жаратылыстану фильмі
1-оқушы:Абзал
-Экология! Бөтен сөз.
Бір туғаның бірақ та.
Білгенге бұл көсем сөз,
Мәңгі қалар құлақта.
«Эко-эко» — үй, Отан,
Ежелден-ақ грекше,
Сөз патшасын ұнатам.
Жүрегіме гүл ексе,
Бізге ғылым – «логия».
Тұтқасы бар әлемнің,
Онсыз мекен жоқ ұя.
Жоқ киесі өлеңнің,
Өз үйің — өлең төсегің,
Табиғат боп қалады.
Оған атқан кесегің,
Өз басыңды жарады.
2-оқушы:Мейірман
Экология — өмірдің,
Соғып тұрған жүрегі.
Ей, табиғат, балаңмын,
Ертеңіңе алаңмын.
Денсаулығы ғаламның,
Денсаулығы адамның!
Ән:Заман-ай (Жанерке)Семей туралы слайд көрсетіледі.
1-жүргізуші:
Табиғаттың сұлу-сымбат мүсіні, көрікті келбеті бір тамаша туындылардың бірі – хайуанаттар. Халқымыз ежелден-ақ көптеген жануарларды көзінің қарашығындай аялап, қамқорлыққ алған. Әсіресе, қарлығаш пен аққуға деген жан ашырлық ерекше орын алған.
Тиме аққуға!
Мендейлердің атын ал, түйесін ал,
Тиме аққуға! Аққудың киесі бар.
Мендейлердің затын ал, биесін ал,
Тиме аққуға аққудың иесі бар…
Кеудемде жүрек барда басыла ма ой,
Тиме аққуға кіршіксіз асыл ар ғой,
Тимеңдерші көлімнің көркі болсын.
Жанарында мұңлықтың жасы бар ғой…
2-жүргізуші:
Республикамыздың табиғат жағдайы нашар. Алайда жағдайы қиын деп туған мекенді тастап қайсыбір ұлт, ұлыс өкілдері тәрізді басқа жаққа көшіп кететіндей біздің екінші отанымыз жоқ, не көрсек те, өз жерімізде көреміз. Ендеше ауыр табиғат жағдайына қарсы күрес әрқайсымыздың азаматтық борышымыз.
Жер бетінде ала шұбар дақтар көп. Соның бәрі де адам қолымен салынған таңбалар. Сулы-нулы көкорай жер шарын талай ғасыр мекен етіп келген адамдар өзен, көлді суалтып, қу тақырға айналдырып, жасыл шалғынды орман тоғайды күйдіріп өртеуде, тау мен даланы тескілеп, шаңын аспанға шығаруда.
Табиғат туралы мақал-мәтелдер:
Нөсер алдында найзағай ойнайды.
Күн күркіресе, көп дүркірер.
Күркіреген бұлттың жаңбыры аз.
Боранда күні ит пен бала құтырады.
Алпыс күнде тасыған су,
Алты күнде қайтар.
Жауынмен жер көгереді,
Батамен ел көгереді.
Қыстың көзі қырау.
Сәуір болса күн күркірер.
Сәуір болмай, тәуір болмас.
Жаңа айдан жақсылық.
Жел дауылды шақырады,
Бұлт жауынды шақырады.
Қорытынды сөз (мұғалім сөзі).
Табиғат — бәріміздің ортақ үйіміз. Қазіргі кезде табиғат бізден үлкен көмек күтуде. Өз туған ауылымыздың, ауданымыздың экологиялық жағдайын сауықтыру үшін жерді дұрыс пайдаланып, жасыл өсімдіктерді молайтып, суымызды ластамай табиғатымызды аялайық, сақтайық, оны таза күйінде болашақ ұрпаққа табыс ету – біздің парызымыз. Осымен бүгінгі «Табиғаттың тарылтпайық тынысын» атты кешімізді аяқтаймыз. Келіп қатысқандарыңызға рахмет!
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |