|
|
Күш моменті. Айналатын дененің тепе-теңдік шарты. Иінді таразылар
Сабақтың тақырыбы: Күш моменті. Айналатын дененің тепе-теңдік шарты. Иінді таразылар
Сабақтың мақсаты: Күш моменті.Өлшем бірліктері.Иіндіктің тепе-теңдік жағдайы, бір иінді таразылардың жұмыс істеу принципіне түсінік беру.
Міндеттері :
- Негізгі ұғымдарын қалыптастыру, иіндік, күш иіні,тіреу нүктесі, күш моменті, ондық таразылар.Моменттер ережелері,тең иінді және ондық таразылардың жұмыс принциптерін түсінуді қалыптастыру.
- Эксперимент ғылыми білімдердің дамуының және пайда болуының көзі бола алатынын көрсету, ойлау қабілеттерін жетілдіру.
3.Алған білімдердің әртүрлі ситуацияларда пайдалану іскерліктерінің қалыптасуы бойынша жұмыс істеуді жалғастыру.
Оқытудың нәтижелері:
- Жаңа тақырып жөнінде түсінік қалыптасады.
- Берілген тақырыптың мағынасы мен мазмұнын түсіне отырып, тереңірек ойлауға талаптанады.
- Өз пікірін жеткізу арқылы берілген тапсырманы орындай отырып, сыни тұрғыдан ойлауға дағдыланады.
- Оқушы өз ойын еркін түрде жеткізе және талдай отырып, өз идеяларын айта алады.
- Кейбір оқушылар топтың көмегімен берілген тапсырманы орындайды.
Қамтылатын модульдер:
1-модуль оқыту мен оқудағы жаңа тәсіл (топтық жұмыс),
2-модуль диалогтық оқыту, Блум жүйесі бойынша оқыту,Модуль: СТО. Әдіс: Ассоциация,
3-модуль –бағалау,
4 –модуль-АКТ пайдалану (электрондық оқулық),
7 модуль-көшбасшылық (топты басқару және барлық сабақтарда белсенділікпен қатысып отыру)
Қадамдар:
- Үй тапсырмасын тексеру
- интерактивті тақтамен жұмыс
- Топпен жұмыс.
- рефлексия
Сабақ барысы:
Мұғалімнің іс-әрекеті:
- Ұйымдастыру
- Оқушының зейінін сабаққа аудару
- Топқа бөлу, ережесімен таныстыру, топбасшы тағайындау.(3 мин)
- Блум таксономиясы: Білу,түсіну,қолдану,анализ,синтез,бағалау.
- Мәтінді тарату
Оқушының іс-әрекеті
І.Үй тапсырмасын тексеру.Білу
1- тапсырма. Мысалдар беріледі сол мысалдардың өткен тақырып бойынша мағынасын ашып потерге түсіру.(8 мин)
І-топ.
Садақ ату.
II-топ.
Детальді соғушы балғаның құлауы.
III-топ.
Болат шардың болат плитаға құлауы.
IV-топ.
Автомобильді тежеу кезінде тежеуіш қалыбы, автомобиль дөңгелектері, асфальт қызады.
2-тапсырма. Модуль АКТ
Электрондық оқулықпен жұмыс
Жаңа сабақтың мағынасын ашу.Түсіну.(7 мин)
3-тапсырма. Қолдану.Деңгейлік есептер шығару.(10 мин)
1.Иықтары 0,1 м және 0,3м иінтірекке екі күш әрекет етеді.Қысқа иыққа әрекет ететін күш 3Н-ға тең .Иінтірек тепе-теңдік те болу үшін ұзын иыққа әрекет ететін күш неге тең болуы керек.
2.Иінтірекке 4Н-ға тең күш әрекет етеді.Егер күш моменті 0,8Н*м болса,онда иық күші неге тең?
3.Иінтірекке 3Н-ға тең күш әрекет етеді.Егер күш иіні 15см болса,осы күштің моменті неге тең?
4.Жұмысшы100Н күш жұмсай отырып, құмы бар арбаны жылжытады.Арбаны 20м орын ауыстырып,жұмысшы қанша жұмыс істейді?
4-тапсырма.Анализ.Тест тапсырмаларын орындау.(8 мин)
1.Қозғалмайтын тіреудің немесе біліктің төңірегінде айнала алатын кез-келген дене
а)таразы ә)иіндік б)күш момент
2 .Айналатын денеге түсірілген күштің күш иініне көбейтіндісі
а)таразы ә)иіндік б)күш моменті
3.Күш моменті қандай әріппне белгіленеді?
а)Е ә)А б)М
4.Күш моментінің өлшем бірлігі.
а)Н*м ә)Дж б)м
5.Иінді таразыларды дененің ……өлшеу үшін қолданады?
а)энергиясын ә)массасын б)қуатын
6.Айналу осі бар денелердің тепе-теңдік шартын анықтау үшін……деген ұғымды енгізілген.
а)күш моменті ә)энергия б)иін
7.Күш моментінің формуласы.
а)Е=mgh ә)A=F*s б)M=F*d
8.Дененің потенциалдық және кинетикалық энергияларының қосындысы...
а)механикалық энергия ә)ішкі энергия б)жұмыс
9.Энергияның өлшем бірлігі.
а)Н*м ә)Дж б)м
10.Массаның өлшем бірлігі.
а)Н*м ә)Дж б)кг
4-тапсырма.Синтез.Бес жолды тұжырым.(6 мин)
Топтарға Иін,Таразы,Күш,Жер деген сөздер беремін.
Зат есім- Кім?______
Сын есім-Қандай?____,_____.
Етістік-Не істеді?____,____,_____.
Сөз тіркесі._____ ______ ______
Синоним______________________
Рефлексия
Бағалау . Бағалау, өзін-өзі бағалау, формативті бағалау, жиынтық бағалау(3 мин)
Үйге тапсырма: §58 оқу,жай механизмдер
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |