Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Жай механизмдерге түсінік беру


Жай механизмдерге түсінік беру

Жай механизмдерге түсінік беру

Сабақтың мақсаты: Жай механизмдерге түсінік беру

Міндеттері :

  1.  Негізгі ұғымдарды  қалыптастыру:жай механизмдер,қозғалмайтын және қозғалатын блоктар.Жай механизмдер жұмыста ұтыс бермейтінін меңгеруді үйрету.
  2.  Оқушыларға дәлелдеуді мәліметтер негізінде өрістету, ойлау қабілеттерін жетілдіру.
  3. Ғылыми көзқарасын қалыптастыру, оқушыларды ұжымдыққа,шапшаңдыққа  тәрбиелеу.

Оқытудың нәтижелері:

  1. Жаңа тақырып жөнінде түсінік қалыптасады.
  2. Берілген тақырыптың мағынасы мен мазмұнын түсінеді
  3. Өз пікірін жеткізу арқылы берілген тапсырманы  орындай алады.
  4. Оқушы өз ойын еркін түрде жеткізе және талдай алады.
  5. Кейбір оқушылар топтың көмегімен берілген тапсырманы орындайды.

Қамтылатын модульдер:

1-модуль оқыту мен оқудағы жаңа тәсіл (топтық жұмыс),

2-модуль сыни тұрғыдан ойлауға үйрету (миға шабуыл),топтастыру стратегиясы бойынша тапсырма орындау,

3-модуль –бағалау,

 4 –модуль-АКТ пайдалану (электрондық оқулық),

 7 модуль-көшбасшылық (топты басқару және барлық сабақтарда белсенділікпен қатысып отыру)

Қадамдар:

  1. Үй тапсырмасын тексеру
  2. интерактивті тақтамен жұмыс
  3. Топпен жұмыс
  4. рефлексия

Сабақ барысы:

Мұғалімнің іс-әрекеті:

  1. Ұйымдастыру
  2. Оқушының зейінін сабаққа аудару
  3. Топқа бөлу, ережесімен таныстыру, топбасшы тағайындау.(3 мин)
  4. Мәтінді тарату
  5. Деңгейлік тапсырма

Оқушының іс-әрекеті

І.Үй тапсырмасын тексеру

"Кір жаятын жіп" ойын элементі сұрақтарға жауап беріп жауаптарын жіпке іліу.(12 мин)

1- тапсырма. Модуль СТО. Әдіс: Ассоциация

І-топ

1.Қозғалмайтын ось төңірегінде дене қай бағыттарда айнала алады?

2.Иіндік дегеніміз не?

ІІ-топ

1.Күш иіні деп нені айтамыз?

2.Күш моменті дегеніміз не?

ІІІ-топ

1.Қандай шарт орындалғанда қозғалмайтын ось төңірегінде айнала алатын дене тепе-теңдікте тұра алады?

2.Теңиінді таразылар мен ондық таразылар арасындағы айырмашылықтар қандай?

ІV-топ

1.Салмақсыздық жағдайында таразы жұмыс істей ме?

2.Бір ғана гір тасымен жұмыс істейтін таразы түрі бар ма?

2-тапсырма. Модуль АКТ-ны пайдалану.

Электрондық оқулықпен жұмыс.(5 мин)

3-тапсырма.Жаңа сабақтың мазмұнын ашу.(5 мин)

Модуль СТО. Әдіс: Суретпен жұмыс.

Оқулықтағы 169-сурет бойынша .

4-тапсырма. Модуль СТО. Әдіс: 6 ойлау шляпасы арқылы жаңа сабақтың  негізгі түйіндерін атап шығу.(12 мин)

1.Ақ қалпақ-Иіндік,күш иіні,күш моменті

2.Қызыл қалпақ-Теңиінді таразылар мен ондық таразылардың арасындағы айырмашылықтар.

3.Қара қалпақ-Бір ғана гір  тасымен жұмыс істейтін таразы түрі бар ма? Бар болса,оның жұмыс істеу  принципі қандай?

4.Сары қалпақ-Қозғалмайтын ось  төңірегінде  дене қай бағыттарда  айнала алады?

5.Жасыл қалпақ-Таразының Ай бетіндегі көрсетуі мен Жер бетіндегі  көрсетуі  бірдей бола ала ма?

6.Көк қалпақ-Қандай шарт орындалғанда  қозғалмайтын ось төңірегінде  айнала алатын дене тепе-теңдікте тұра алады. 

Рефлексия. "Сағат бойынша достар"(4 мин)

Бағалау .Топ басшылары топ мүшелерін жетондар таратып,бағалау парақшасына бағалайды.Сабақ қорытындыланып, жиынтық баға қойылып отырды.(4 мин)

Үйге тапсырма. § 59 Көлбеу жазықтық.Механикалық алтын ережесі. §60  Механизмнің ПӘК-і


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Күш моменті. Айналатын дененің тепе-теңдігі.
Физикадан орта мерзімді жоспар
Күш моменті. Айналатын дененің тепе-теңдік шарты. Иінді таразылар
Энергия. Энергияның сақталу және бір түрден екінші түрге айналу заңы
Жай механизмдер
Күш моменті. Айналатын дененің тепе-теңдік шарты. Иінді таразылар
Менің заттарым, Тәуелдік жалғау
Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға - мұғалім
Заттың атын білдіретін сөздер. Жауқазын. Бәйшешек
Айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген теңдеулер
Бөлім: Уроки / Физика | Көрсетілім: 2684 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык