Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Күш моменті. Айналатын дененің тепе-теңдігі.


Күш моменті. Айналатын дененің тепе-теңдігі.

  Күш моменті. Айналатын дененің тепе-теңдігі.

Сабақтың тақырыбы: Күш моменті. Айналатын дененің тепе-теңдігі.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: оқушыларға ғылыми түрде тақырыптың мазмұнын ашу.

Дамытушылық мақсаты: оқушылардың логикалық пайымдылығын жетілдіру.

Тәрбиелік мақсаты: оқушыларды ынталандыру.

Сабақтың түрі: кіріктірілген сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: лекция, сұрақ-жауап, салыстыру

Сабақтың көрнекіліктері: компьютер, электронды оқулық, плакаттар, суреттер,

Сабақтың барысы:

І.  Ұйымдастыру кезеңі: 

1. Сәлемдесу;

2. Оқушыларды түгендеу;

3. Сынып болмесінің тазалығын тексеру;

4. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері);

5. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.

А) теориялық білімдерін тексеру.

Ә) практикалық тапсырмаларын тексеру.

Б) есептерін тексеру.

ІІІ.Білімді жан-жақты тексеру.

Энергия дегеніміз қандай шама?

Жұмыс пен энергияның  бірліктері қандай?

Энергияның қандай түрлері бар?

Қуат дегеніміз қандай шама?

Жұмыс дегеніміз қандай шама?

Энергияны  салыстыр.

ІV.  Жаңа материалды қабылдауға әзірлік, мақсат қою. 

Мұғалім сабақтың мақсатымен таныстырып өтеді.

V. Жаңа материалды меңгерту:

1. Айналу осі бар денелердің тепе-теңдік шартын анықтау үшін күш моменті деген ұғым енгізіледі. Бұл ұғымды түсіндіру үшін айналатын дененің қарапайым түрі иіндікті (рычагты) қарастырайық. Қозғалмайтын тіреудің немесе біліктің (осьтің) төңірегінде айнала алатын кез келген дене иіндік (рычаг) деп аталады.

Төмендегі суретте көрсетілгендей иіндікке екі күш: Ғ1 және Ғ2 әрекет етеді. Иіндіктің айналу осі өтетін О нүктесін тіреу нүктесі деп атайды. АА1 және ВВ1 түзу сызықтар бойымен Ғ1 және Ғ2 күштері орналасқан. Тіреу нүктесінен күштер орналасқан түзулерге түсірілген  перпендикулярдың ұзындығын күш иіні деп атайды. Суретте Ғ1 күшінің иіні d1=OC, ал Ғ2 күшінің иіні  d2=OD болып табылады.

2.Түсетін күштің өз күш иініне көбейтіндісі күш моменті деп аталады: M=F·d

Күш моментінің бірлігі үшін иіні 1 метрге тең 1Н күштің моменті алынады. Ол Н·м деп белгіленеді.

 1 Н·м= 1Н·1м

Күш сияқты, күш моменті де векторлық шама. Оның бағыты түскен күштің бағытымен сәйкес келеді. Суреттегі Ғ1 күшінің моменті M1=Fd1   

 Ғ2 күшінің моменті: M2=F2·d2

М1 моменті иіндікті сағат тілі қозғалысына қарама-қарсы бағытта бұруға тырысады. М2 моменті, керісінше, сағат тілі қозғалысымен бағыттас әсер етеді.

3.Иіндік тепе-теңдікте тұруы үшін сағат тілі жүрісіне бағыттас күш моменті сағат тілі жүрісіне кері бағыттас күш моментіне тең болу керек. М12

Айтылған тәжірибелерден мынадай моменттер ережесі деп аталатын қорытынды туындайды: айналатын дененің тепе-теңдігін сақтау үшін, денені сағат тілі жүрісіне бағыттас айналдыратын күш моменттерінің қосындысы оны сағат тілі жүрісіне қарсы бағытта айналдыратын күш моменттерінің қосындысына тең болуы керек. Екінші сөзбен айтсақ: біліктің оң жағындағы күштердің күш моменттерінің қосындысына тең болуы керек.                    

Моменттер ережесі

Архимед иіндер ережесін тағайындағаннан бері, бұл ереже бастапқы нұсқада 1900 жыл айтылып келді. Тек қана 1687 жылы француз ғалымы П. Вариньон күш моменті туралы түсінікті пайдаланып, оған жалпылама көрініс берді.                              

Күш моменті

M=  F·d                                           

Иінді таразылар дененің массасын өлшеу үшін қолданылады.

Зертханалық теңиінді таразының жұмыс істеу принципін демонстрациялау.

 Таразы тепе-теңдікте тұрғанда бұл күштердің күш моменттері тең болуы керек, яғни    немесе

Зертханалық теңиінді таразыда күш иіндері тұрақты шама:

d1=d2

m1g=m2g

m1=m2.

Егер кір тастарының массасы өлшенетін дененің массасына тең болса, онда теңиінді таразы тепе-теңдік күйде болады.

Аса ауыр денелердің массалырн анықтау үшін қолданылатын таразылардың оң және сол иіндері әр түрлі ұзындықта жасалады.

Ондай таразының тепе-теңдік шарты:

mgℓ=MgL, мұндағы m-кір тастарының массасы, М-өлшенетін дененің массасы.

Иіндері үшін он саны еселік болып келетін таразылар ондық таразылар деп аталады.

Күшті түрлендіріп, қозғалыс бағытын өзгерту үшін қолданылатын құралдар механизмдер деп аталады.

VІ. Оқытылып отырған  оқу материалын қабылдаудағы оқушы түсінігін тексеру.

 Күш моменті дегеніміз не?

Иіндік дегеніміз не?

Моменттер ережесі?

№ 619

Шырпыны ортасынан сындырыңдар,алынған бөліктерді тағыда ортасынан сындырыңдар және бөліктер тым ұсақ болғанға дейін осылайша шырпыны бөле беріңдер.

№1

Күш иіні 1см, әсер етуші күш 4Н иіндіктің күш моментін табыңдар.

№2

Күш моменті 1Н*М,иінінің ұзындығы 20см иіндікке әсер ететін күшті табыңдар

VІІ.  Оқытылып отырған оқу материалын бекіту немесе дағдыландыру жұмыстарын жүргізу.

 Бағалау. Үй тапсырмасын беру: §57 дайындық сұрақтары,

Шығу парағын толтыру

-Бүгінгі сабақтан не білдіңіз

-Пікіріңіз

-Кімге рахмет айтамыз? 


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Жай механизмдер
Жай механизмдерге түсінік беру
Дененің тепе-теңдігінің тұрақтылығы. Тепе –теңдіктің түрлері
Күш моменті. Айналатын дененің тепе-теңдік шарты. Иінді таразылар
Жай механизмдер
Күш моменті. Айналатын дененің тепе-теңдік шарты. Иінді таразылар
Денелердің өзара әрекеттесуі. Дененің массасы. Күш
Архимед заңын тексеру
8 сыныпқа арналған күнделікті сабақ жоспарлары
Күш моменті. Айналатын дененің тепе-теңдігі.
Бөлім: Уроки / Физика | Көрсетілім: 10513 | Қосты: Асылгул | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык