Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Табу сөздер


Табу сөздер

Табу сөздер

Күні

  1. 10.14

Сабақтың тақырыбы

Табу сөздер

Сілтеме

Қазақ тілі 5-сынып

Жалпы мақсаты

Лексика саласы туралы білімдерін кеңейту, табу сөздердің қолдану аясы мен алатын орынын ұқтыру;

Міндеті

Табу сөздердің ұлттық менталитетімізде алатын орыны, ұлттық-салт-дәстірді насихаттау, ардақ тұтуға үйрету

Оқыту нәтижесі

Теориялық білімдері кеңейеді, өзіндік ой-пікір, тұжырым айтуға дағдыланады. Сыни ойлауы қалыптасады.Ұлттық санасы оянады.

Ресурстар

Табу сөздергеарналған мәтін, интерактивті тақта,
 

Сабақтың барысы;

Уақыты

Бөлімдері, қолданатын әдіс-тәсілдер

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

1 мин.

І.Ұйымдастыру

Амандасу, түгендеу, сабаққа назарларын аудару

Үй тапсырмасын еске түсіріп, ойын жинақтайды.

10 минут

ІІ.Үй апсырмасын сұрау

а/.«Ыстық орындық»

б/. Жаттығу жұмысын тексеру

«Мұғалім-оқушы» оқыта үйрету ойыны

Лексика тарауы бойынша қамтылмай қалған сұрақтар болса, мұғалім «Зымыран сұрақтар» арқылы толық қамтып қайталайды.

 

*Қатар отырған оқушылардың бірінің дәптерін бірі алып, тексеруін өтінеді.

*Оқушылар жоғары не төмен бағалап отырған жұмыстарға жеке назар аударады.

Өзіне сенімді оқушылар ыстық орындыққа отырып, сұрақтарға жауап береді. Қалғандары бір-біін қайаламауға тырысып сұрақтар қояды.

Оқушылар кім қалай орындаған, қателіктер болса ескертеді.

Өз бағаларын қояды

10 мин

ІІ Қызығушылықты ояту

Мәтінмен жұмыс

1-топқа.  Ат тергеу

Ат тергеу – біздің халқымыздың адам сыйлау жөніндегі ізеттілік,көргендік, кішіпейілділік қасиеттерінің биік көрінісі. Өзінен үлкен адамның атын тура атау анайылық болып табылады. Халық аузында мынадай қызықты әңгіме бар: Бір келіншек«сарқыраманың ар жағында, сылдыраманың бер жағында маңыраманы ұлыма жеп жатыр! Білемені жанымаға жанып-жанып тез келіңдер!» - депті. Сөйтсе ол Өзенбай, Қамысбай, Қойлыбай, Қасқырбай, Қайрақбай, Пышақбай деген қайны, қайнағаларының атын атай алмай тұр екен!;

2-топқа

Халық дәстүрінде адамға құрмет көрсетудің жолдары көп. Соның бірі – ат тергеу. Ұлт дәстүрі бойынша әйелдер атасының, қайнаға, қайынсіңілісінің атын атамай, өзіне лайықты ат қойып «мырза қайнаға», «бай атам», «би атам», «жалқы бала», «тентегім», «еркем», әйел болса «шебер шешей», «ақ әже», «сырғалым», «шашбаулым», «күлімкөзім» деп атайды. Жеңгелер жағы небір күлкілі аттар да қоя береді. Мысалы: тапалды «сұңғағым», жайбасарды «жүйрігім» дейді. Мұның бәрі шын мәнінде сыйластық пенқұрметтің ерекше белгісі болып табылады.

Мәтінді топта оқып, талқылап, өз пікірлерін айтады

1-2- топ оқушыларына мәтін беріледі

 

10 мин

ІІІ Мағынаны тану

3-4-топ оқушылары оқулықпен жұмыс жасауғ тапсырма береді

3-4-топ оқушылары оқулықпен жұмыс жасайды.

Жаңа сабақты түсіндіреді.

2 мин

ІҮ сергіту

Жаңа сабақты бекітуге арналған

«Зымыран сұрақтар»

1. Мына сөйлемдерден табу сөздерді теріп жазу.
- Тентекжан – ау, мені тастап бара жатқаның ба? – деп Зәйкүл де тұра жөнелді. (Б. Майлин)
Шешей, сонда сен де бар шығарсың деймін, түнде күйеуден ақша алып, Шырайлымды алып барып көрсетпекші болдың қой.
- Кеше Дәуқара бар, біздің үйдегі қайның бар – бәрі бас қосып сөйлесіп отырды.
Еркежанның сүйіп жүрген жігіті бар еді, соны кедейсініп, Биағалар бермеді.
Дәл осы кезде, есіктен шығып жатқан қонақтарға қарсы жүріп, сығылыса кірген Қалила Абайға жақындап кеп:
- Телғара, қалқам, сені апаң шақырады, - деді.

 

Оқушылар сұрақты тыңдай отырып, тез арада табу сөздерді тауып,ауызша жауап береді.

10 мин

ІҮ Жаттығу жұмысы

 

 

Оқушылар

 

Жақсы жауап берген1-1-ін бағалайды;Бас бармақ оқушыны бағалауды өтінеді      

1 мин Үйге тапсырма«Менің асыл жеңешем біздің үйдегі...» тақырыбында

шағын эссежазу. Ішінде табу сөздерді қолдану.

 

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Зат есімді қайталау.
Сөз таптары
Табу
Грамматикалық ойындар арқылы тіл ұстарту сабағы
Табу
Жалпылама лексика
Табу
«Табу сөз», «Эвфемизм мен дисфемизм»тақырыптары бойынша
Заттың атын білдіретін сөздер. Құстарым, келіңдер
Қысқарған сөздер,жасалу жолдары.
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 17470 | Қосты: Гумарова Агзия Зулхарнаевна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык