|
|
Мұғалімнің аты-жөні: Сайнова Нурлы
Подстепный қазақ жалпы орта білім беретін мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі.
Біліктілік санаты: І санатты
Қазағым менің. Күләш Ахметова
Сабақтың тақырыбы: Қазағым менің. Күләш Ахметова
Сабақтың мақсаты:
а/ Өлең мазмұны арқылы идеясын талдап ашуға мүмкіндік беру.
ә/ Талдау, өздік жұмыстар арқылы оқушының шығармашылық қиялын дамыту.
б/ Еңбек етуге, ұлттық сана-сезімдерінің оянуына, сыйластық пен бірлік арқылы бір-бірінің күшіне арқа сүйеу, сенім арқылы достыққа, елдікке жол салу.
Түрі: Жаңа білімді игерту
Әдісі: Сұрақ-жауап. Түсіндіру.
Көрнекілігі: Қазақстан картасы, қосымша материалдар, оқулық.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру бөлімі
Қызығушылықты ояту.
«Туған өлкем-тұнған шежіре» деген тарау аты тақтаға жазылады. Тақтаға Қазақстан картасы ілінеді.
-Балалар, тарау тақырыбы болып тұрған 4сөз, 2тіркестің мән-мағынасын қалай түсінесіңдер?
-Оқушылардың сөздерін тыңдап, қорытындылау. Тарау тақырыбының тақырыбын ашу. «Шежіре» сөзіне түсінік беріп, дәптерлеріне жаздыру.
-Балалар, осы тарау тақырыбындағы шежірелі елге қай халық ие?
Қазақ халқы.
Қазақ қандай халық?
Тақта немесе плакатқа көк маркермен топтау жүргізу.
өнерлі --------- Қазақ -------- қонақжай
ақылды --------- азат -------- батыр
Қазақтың үш қасиетіне қарай топқа бөлініп отыруға ұсыныс жасалады.
-батыр-қонақжай-өнерлі
Оқушылар өз аттарына сай қасиеттерін топпен, шығармашылық түрде көрсетеді. Мысалы, 1-топ батырлықты дәріптейді.
2-топ қонақжайлықты (өз қалаулары бойынша) кез келген түрде көрсетеді, дәріптейді.
3-топ өнерлерін көрсетеді.
2.Мағынаны тану.
-ақын Күлаш Ахметова «Қазағым менің» деген өлең жазған екен, -деп, автормен таныстырып өтіп, сабақты жалғастыру.
Өлеңді мәнерлеп оқып беру.
1-топ. Өлеңде қазақ халқының өткен өмірі туралы не айтылған?
2-топ. Халықтың Отанына деген сүйіспеншілігін қалай суреттеген?
3-топ. Ақын қазақтың қандай қасиеттерін мақтан етеді?
3.Ой толғау.
Тған жер, қазақ халқы туралы жазбаған ақындар жоқ дей келіп, Қадыр Мырза Әлидің «Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру» өлеңінен үзінді алып, интерактивті тақтаға немесе плакатқа жазылған түрінде ілу.
Осы өлеңді мәнерлеп оқыту.
а) «Венн» диаграммасы арқылы немесе сызба арқылы өлеңді салыстыру.
ә) Қадыр ақынның қазақтың бейнесін қалай толықтырғанын өлеңнен тауып, сызбаны толықтыру керек. мысалы, тілге бай, дос, бауырмал, атбегі, әнші, күйші,...
Енді топтаудың төбесіне «Қазағым менің» деген сөз жазылады.
- Бугін біз сабақта топтау арқылы не жасадық?
- Қазақ халқын сөзбен мүсіндегендей болдық.
- Біз өзіміз үшін не жаңалық ашқандай болдық?
Қазақ бейнесін шығаруда оқушылар 4 немесе 5 жолды өлең жазуына болады.Немесе «Бақыттымын» атты эссе жазуды да тапсыруға болады.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |