|
|
Тік төртбұрыштың ауданы - тақырыбы бойынша есептер шығару
Пән: Геометрия
Сабақ тақырыбы Тік төртбұрыштың ауданы - тақырыбы бойынша есептер шығару
Мақсаты:
- Тік төртбұрыштың ауданының формуласын есептер шығаруда қолдана білуге үйрету, алған білімдерін нақтылау.
- Сабақ тақырыбы бойынша қорытынды және талдау жасай білуін жетілдіру. Тиімді әдіс- тәсілдерді қолдана отырып оқу материалының ұзақ есте сақтауына көмектесу.
- Оқуға саналы сезімге, өздігінен жұмыс істей білуге, ұжымдыққа, шығармашылққа тәрбиелей отырып, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақ түрі: Білімді нақтылау.
Формасы: Ұжымдық ойлау әрекеті.
Сабақ әдісі: мини- диалог, ауызша жаттығулар, кестемен жұмыс, есептер шығару, шығармашылық тапсырма.
Сабақ көрнекілігі: кестелер, үлестірмелі карточкалар, тең бүйірлі үшбұрыш моделі.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
- Сәлемдесу, балаларды түгендеу (сынып үш топқа бөлінген).
ІІ. Өткенді саралау:
а) Мини- диалог ретінде:
- Біз қандай тақырыпты өтіп жатырмыз?
- Ендеше бүгінгі сабағымыздың мақсаты не деп ойлайсыздар?
Сұрақтар қою:
- Жазық фигура дегеніміз не?
- Жазық фигураның қасиеттері?
- Тік төртбұрыштың ауданы? (Әр бала осы сұрақтар төңірегінде өз ойларын ортаға салады.)
ә). Ауызша жаттығулар орындау: Әр топқа тапсырмалар беріледі:
- Бос орынды толтыр:
Тең фигуралардың _________________ да тең болады.
- Сәйкестікті тап:
|
|
|
|
- Тіктөртбұрыштың ауданын есептеуге арналған формуланы анықта:
а) S = 2 (a+ b) b) S = ab c) S = 2ab d) S =
- Тік төртбұрыш берілген. Бос орынды толтыр:
а қабырғасы |
b қабырғасы |
Периметр, Р |
Аудан, S |
3 |
2 |
|
|
5 |
|
24 |
|
|
9 |
|
72 |
- Тең фигуралардың аудандарының бірі 15 см2- қа тең. Екінші фигураның ауданын тап.
- Фигура аудандары 20 см2- қа және 8 см2- қа тең болатындай екі бөлікке бөлінген. Фигураның барлық ауданы неге тең?
- Қабырғасы 8 см- ге тең болатын квадраттың ауданын тап.
- Қабырғалары 12 см және 2 см-ге тең болатын тік төртбұрыштың ауданын тап.
- Ауданы 48 см2 – ге тең, ал қабырғаларының бірі 12 см. Тік төртбұрыштың екінші қабырғасын тап.
ІІІ. Есептер шығару. Карточкамен жұмыс: Әр топқа бірдей мазмұнды тапсырмалар беріледі:Орындарында өздігінен орындап, тақтада тексереді.
|
|
||||
|
|
IV. Сабақты қорытындылау: Шығармашылық тапсырма:
1. “Құрылысшы”- шығармашылық ойыны.
Құрылыстық өндіріс – қазір ірі өлшемді детальдар мен блоктардан зәулім- зәулім ғимараттарды жинақтап құрастыратын механикаландырылған құрылыс. Осы құрылыс жүріп жатқан ғимараттың есік, терезелерін орнатуда, еден төсеуде, ғимараттың қабырғаарын тұрғызуда бізге геометрия көмекке келеді. Енді қазір білімімізді өндіріспен байласын қарастыра отырып тапсырмалар орындап көрейік.
Тапсырма: Берілген тең бүйірлі үшбұрыштардан:
- Ауданы 16 см2 болатын квадратты құрастыр.
- Ауданы 32 см2 – қа тең болатын тік төртбұрышты құрастыр.
- Ауданы 64 см2 – қа тең болатын квадратты құрастыр
2. Тақырыпқа байланысты аудан, тік төртбұрыш оның өмірде қажеттігін ескере отырып 4 жол өлең шығару.
3. Бағалау.
4. Үй тапсырмасын беру:
- Тік төртбұрыштың бір қабырғасы екінші қабырғасынан 3 есе үлкен. Ауданы 27 см2- қа тең. Тік төртбұрыштың үлкен қабырғасына салынған квадраттың ауданын тап.
- Тік төртбұрыштың қабырғаларына салынған квадраттардың аудандары сәйкесінше 81 см2 және 169 см2- қа тең. Тік төртбұрыштың периметрін тап.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |