Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Компьютер пайдалы ма, әлде зиян ба?


Компьютер пайдалы ма, әлде зиян ба?

Компьютер пайдалы ма, әлде зиян ба?

Мақсаты:

Білімділік: іс-шара кезінде білімгерлерді ізденімпаздық,  тапқырлыққа, шыдамдылыққа және өз ойын мәдени түрде жеткізе білуге үйрету.

Дамытушылық: пікірталас аты іс шара білімгерлердің зердесін көтеріп, ақыл- ойын дамытады.

Тәрбиелік: Білімгерлерді ұстанымдылыққа мәдени сөйлеуге тәрбиелеу.

Түрі: дебат (пікірталас)

Көрнекілік:  плакаттар (тақырыпқа байланысты), ұлағатты сөздер, сандық фотоаппарат.

Барысы:

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар, білімгерлер және қонақтар! ХХІ ғасырдың басы адамзаттың индукциялық эрадан ақпараттық эраға өтуімен ерекшеленеді. Осыған байланысты ақпаратты ала білу, оны өңдеу және күнделікті пайдалану өркениетті дамудың қажетті шарты болып табылады. Оқи білу және ойын жазып жеткізе білу адамзаттың сауаттылығының белгісі бола бастады. Ал ақпаратпен жұмыс істеудің незізгі құралы болып компьютер пайда болды. Алайда, жаңа ақпараттық технологияларды өте шапшаң қарқыны қоғамда кез келген жерде адамдардың жұмысын жеңілдету үшін компьютерді пайдалануға әкеліп соғады. Қазіргі кезде жаңа ЭЕМ-дер күнбе күн пайда болып, олардың  даму үрдісі үздіксіз ғылыми техникалық үрдіске айналып отыр. Дегенмен компьютердің де пайдалы және зиянды жақтары бар екен.

Сонымен, бүгінгі ойынымызды бастайық! Бүгінгі біздің резолюция: «Компьютер пайдалы ма, әлде зиян ба?» деген пікірталасты 9 сынып оқушылары талқыламақшы.  

Ал, ендеше пікірталасқа қатысушы екі фракцияны қарсы алайық. Қошемет!

(Екі фракция шығады.)

Жүргізуші:

Пікірталастың  мазмұны:

  1. Пікірталасқа екі фракция (пайдасы және зиянын айтатын) қатысады.
  2. Конструктивті бөлімде фракция  мүшелері ақпаратты баяндайды. Баяндауға әр фракция мүшесіне 5 минут, 7 минут және 10 минут беріледі.  беріледі.
  3. Конструктивті бөлімнен кейін пікірталасқа келіп отырған көрермендерге 10  минут сөз беріледі.
  4. Аналитикалық бөлімінен кейін сайлау жүреді. Жеңімпаздарды әділқазылар анықтайды.

Пікірталас ережелері:      

Пікірталас кезінде екі фракция да

-           өз ойларын баяндаған кезде бір - бірімен мәдени сөйлесуге,

-           сұрақтарға нақты жауап қайтаруға,

-       сұрақтарға сыйластықпен жауап беруге,

-       бір-бірін ренжітпеуге,

-       қарсы фракцияның ойын кекетпеуге,

-       берілген уақыттан аспауға міндетті.

Сонымен пікірталасымызды  бастайық. Алдарыңызға  «компьютер пайдалы» позициясын ұстанатын  «Намыс» фракциясының 1-спикерін шақырамын. Сізге баяндауға 5 минут уақыт беріледі.

«Намыс»   фракциясы

1-спикер: Сәлеметсіздер ме, құрметті көрермендер, спикерлер және қарсы фракция.Біз бүгін ˝Компьютер пайдалы ма, әлде зиян ба?˝ деген мәселені қарастырамыз. Біздің пікіріміз: компьютер пайдалы. Неге? Осыған байланысты біздің аргументтеріміз:

1)              уақытты үнемдейд;і

2)              ойындар;

3)               сана сезімді жетілдіреді.

Қазіргі кезде адам өмірінде компьютерді пайдаланбайтын сала жоқ деуге болады. Ол оқу- тәрбие жұмыстарынан бастап, ғылым, экономика, басқару, өндіріс, мәдениет және т.б. салаларда кеңінен қолданылады.

1. Уақытты үнемдейді.

Бұрынғы кездерде адамдар хаттарын, керекті, қажетті қағаздарын, мағлұматтарды белгілі бір уақытта жүргізетін. Ол күн 1 күн, 1 апта, кейде 1 жылға дейін созылатын. Компютер мұндай іс-әрекеттерді сол бірер сағатқа жеткізеді. Адамдардың бір-бірімен араласуын интернет арқылы жүзеге  асырады. Адам бір жерде отырып компютер арқылы көптеген мағұлұматтар алады. Ол біздің уақытымызды үнемдейді.Біз бір жерде отырып басқа мемлекеттердің  кітапханаларынан  кітап ала аламыз. Адам сол кітапты алу үшін басқа мемлекетке ұшып жатпайды. Біз  күнделікті  тұрмыста  қолданып  жүретін  құралдарды да  компютер алмастыра алады: калькулятор, теледидар, магнитафон және т.б. соны ескерсеңіз.

2. Қазіргі кезде ойындардың неше түрлісі  бар. Сіздердің көкейлеріңізге  Ойынның  қандай  пайдасы  бар? Деген сұрақ  туған  шығар.  Бұл  сұраққа көптеген жағдайлар, мәліметтер  бар. Компютер  арқылы  балалар,  жастар  үйлерінде,  салондарда  бір  орнындарында  отырйды. Әрине,  кейбір  балаларда жағдайлары  бар  өздеріне  компютер  сатып  алуға, ал  кейбір  балалардың  жағдайлары  келмейді. Бірақ  балалар   компьютер  алдында  отырып ойындарды, интернет арқылы сөйлесуді үйренеді.Ол тамағын ішіп алып,бос уақытын далада өткізбейді. Ал компьютер болмаса бала сабақтан келіп,тамағын іше салып далаға безіп шығады.Ол оған зиян.Өйткені ата-анасы оның қандай ортада жүргенін,қандай жағдайларға тап болғанын біле алмайды. «Ол бала қайда жүр екен,не істеп жүр екен?» деген сұрақ туады. Ол бала далада жүріп нашақорлыққа, темекі шегуге, қылмыстиы жасауға жол береді. Соны болдырмау үшін, баланы далаға шығармай, үйде компьютер арқылы ұстауға болады. Осы жағдайды қарастырып кетіңіз.

3. Компьютер адамның сана-сезімін дамытады. Адам компьютер алдында отырып, басқа мемлекеттермен ақпарат алмасады, басқа адамдармен танысады және бұл оны қызықтырады. Компьютер адамның саясатқа, музыкаға, экономикаға, мәдениетке және т.б. нәрселерге деген қызығушылығын тудырады. Оның сана-сезімін жан-жақтан дамытады. Жаңағы айтып кеткен ойындар осыған дәлел бола алады. Ойындар адамның ойлау қабілетін дамытады. Ойын арқылы көптеген қиын жағдайларға тап болады. Адам сол жағдайлардың дұрыс шешімін табуды ойластырады. Қиын жағдайлардан қалай шығуды ойлайды. Сол үшін адамның сана-сезімі, ойлау қабілеті дамиды. Осыны ескеріңіздер. Сұрақтарыңыз болса, қоюға рұқсат.

Жүргізуші: Рахмет, келесі бізге компьютер зиянды позициясын ұстанған «Тұлпар» фракциясының 1-спикерін ортаға шақырамын. Қарсы фракциясының 1-спикері сияқты сізге де, баяндауға 5минут уақыт беріледі.

 («Тұлпар» фракциясының 1-спикерінің сөзі).

«Тұлпар» фракциясы

1-спикер:

Біздің топ: Тұлпарлар.

Біздің ұран: Болсада нәзік талдырмаш,

Адал досы адамның,

 Зұлымдыққа қаны қас,

 «Тұлпар» тобы жаңылмас.

Сәлеметсіздер ме, құрметті көрермендер, спикерлер, танькипер және қарсы фракция. Біз бүгін сіздермен «Компьютер пайдалы ма, әлде зиян ба?» деген тақырыпта дебат өткізіп, пікір таласпақпыз.

Компьютер деген не? Компьютер дегеніміз - ақпаратпен жұмыс істейтін құрылғы. Компьютерді біз бес мүше арқылы сеземіз:

1)      газет, кітап, журнал оқығанда біз ақпаратты көреміз;

2)      теледидар, радио тыңдағанда біз ақпаратты көреміз;

3)      адам хабар әкелгенде біз ақпаратты сеземіз (қуанамыз немесе ренжиміз);

4)      түтін иісі пайда болса, мұрнымыз иісін сеземіз;

5)      оқылмаған кітап, журнал, газет ұстап тұрсақ біз ақпаратты ұстаймыз;

Дегенмен, компьтер ғылыми тұрғыдан өте тез дамып келе жатса да, оның да зиянды жақтары бар. Зиянды жақтарын дәлелдейтін аргументтер тізімін келтірейін.

1)      Денсаулыққа өте зиян. Мысалы, адамдарды әр түрлі ауруларға ұшыратады. Көзге зиян. Компьютер адамның көзіне кері әсер береді.

2)      Ойлау және сөйлеу қабілетін нашарлатады. Компьютер сөйлемейді, яғни адам жұмысты пернелер арқылы жазып, жауап беріп, жұмыс орындайды және компьютер жұмысты автоматты түрде орындайды. Адам ойланбайды, жұмыстарды компьютер атқарады. Соның салдарынан адамның ойлау қабілеті нашарлайды.

3)      Жеткіншектерді зорлық-зомбылыққа үйретеді. Қазір компьютерде көптеген атысып ойнайтын ойындар бар, бұл баланы қатыгездікке үйретеді.

Жүргізуші: Рахмет. Келесі кезекте «Намыс» фракциясының 2-спикерінің сөзін тыңдайық. Сіздің баяндау уақытыңыз 7 минут.

 («Намыс» фракциясының 2 спикеріне сөз беріледі. )

2-спикер: Сәлеметсіздер ме, дебатқа қатысушылар, қонақтар, қарсы фракция. Мен біздің фракцияның 1-спикерінің айтқан аргументтерін толықтырып кетемін.

1. Компьютер уақытты үнемдейді. 

Мысалы, бөлмеде көп өрмекшілер бар, олардың әрқайсысы өз өрмегін тоқиды. Бөлмедегі өрмектің көптігі соншалық өрмекшілер еш қиындықсыз өрмек арқылы бөлменің кез келген нүктесіне бара алады. Дәл солай телефон арқылы үйде отырып, жер шарының кез келген қаласындағы телефонмен сөйлескенде интернет арқылы планетаның кез келген нүктесіндегі компьютер мен және оны пайдаланушы байланыс жасай алады. Интернеттен біз медицинадан  бастап, техниканың барлық салаларының шексіз ақпараттарын ала аламыз. Уақытты үнемдеу үшін біз бір жаққа барып, оны іздеп жүрмейміз, осы интернет арқылы керек хабарды ала аламыз. Дәл солай, электронды пошта арқылы біз хат тез арада жетіп және ол хат жоғалып кетпейді деп айта аламыз. Ол бізге не үшін керек? Хабар тез арада жетеді.

 2. Ойындар.

 Көптеген балалар бос уақытында далада жүріп, жаман ортаға ілігіп, нашақорлықпен, темекімен, түрлі есіріткі заттарымен айналысып, өз денсаулықтарына зиян келтіріп, өз өміріне қауіп-қатер төндіреді. Олар неге бұзылады? өйткені олар бос уақыттарын қалай өткізерлерін білмейді. Ал егер олар сабақтан кейін компьютермен ойындар ойнаса ше? Компьютерде әр түрлі бағдарламалар бар, осы бағдарламаларды бала өз бетінше немесе мұғалімнің көмегімен талдай алады, яғни ол сол бағдарламамен танысады. Бағдарламалар әр түрлі болады. Яғни бұл баланы қызықтырады. Өйткені олар далада жүрмейді, олар жаман әдеттерден аулақ болады.

3. Компьютер адамдардың сана-сезімін жетілдіреді.

 Мысалы кәдімгі ойынды алсақ, онда бір лабиринттен шығу керек болады дейік, ойлап отырған адам бірінш қалай шығу керек екенін ойланады.   Не үшін компьютерлерде мұндай ойындар бар. Өйткені, бұл ойындар адамның ойлау қабілетін арттырады. Педагогика және медицинада мынадай тұжырым бар: баланың,жеткіншектің ойын дамыту үшін оның іс-әрекетін проблемалық жағдайға тақау керек.Сондықтан компьютер адамға пайдалы да маңызды.

Сонымен, біз сіздердің алдарыңызға компьютердің пайдалы жақтарын дәлелдейтін аргументтерді атап кеттік.

Жүргізуші: Рахмет, келесі сөз   «Тұлпар» фракциясының 2-спикеріне  беріледі. Баяндауға 7 минут беріледі.   

2-спикер: Сәлеметсіздер ме, құрметті көрермендер, дебатқа қатысушылар, қарсы фракция және танькипер. Біз қазір «Компьютер пайдалы ма, әлде зиян ба?» деген тақырыпты қарастырып отырмыз. Біздің фракция компьютер зиян деген фракцияны талдайды. Біздің фракциямыздың 1-спикері айтып кеткен аргументтерге мен өз сөзіммен нақты тоқталып кетейін.

  1. Компьютер денсаулыққа зиян.

«Компьютер көзге зиян» деген мысал айтылып өтілді. Ол адамның басқа да мүшелеріне зиян келтіреді. Мен бұл мәселеге тоқталып кетейін. Адам компьютерде қимылсыз отыра береді, тек қолы ғана қозғалады, сондықтан омыртқа, желкеде хондроз ауруы пайда болады және тырысқақ ауруы пайда болады. Ол ауруда желкеде тұз, сарысу жиналады және компьютерде бәрі дұрыс отыра бермейді, қисық отырғандықтан омыртқа қисаяды. Адам компьютерде қимылсыз отыра бергеннен семіреді. Өте семіз адамдардың жүрегі ауырады, қан айналымы бұзылады. Содан кейін, «давление» пайда болады, одан кейін инфаркт кез келген кезде болады. Және компьютерге сағаттан артық отырғанда көзің ауырады, яғни компьютер көзге де зиян. Ал тіпті 5-6 сағат отырса, баланың көзі тіпті нашарлайды. Ол бала көзі ауыратынын білмей жүре береді де, көзін мүлдем асқындырып алады. Көзі ауырса, міндетті түрде әр түрлі дәрілер ішеді немесе көзілдірік алады, яғни ата-анасы аз емес шығын шығырады. Ақшаны құр босқа ауаға шашқанымен тең.

  1. Компьютер балалардың ойлау және сөйлеу қабілетін нашарлатады.

Біз компьютермен жұмыс істегенде тек пернелер немесе тышқан арқылы барлық бұйрықтарды немесе іс-әрекеттерді орындаймыз. Яғни, адам өзі ойламайды, адамның ойлау қабілеті төмендейді. Және де компьютер адамның сөйлеу қабілетін нашарлатады. Компьютер адаммен сөйлеспейді, мәдени сұхбат жүргізбейді. Мысалы, сіз компьютердің алдына отырып, «Ал, енді «Microsoft Word» бағдарламасы ашыл» десеңіз, сіздің бұйрығыңыз орындалмайды ғой. Бүйтіп жүре берсек, біз туған тілімізді ұмытамыз. Ойланбасақ және сөйлемесек, біз кім боламыз?

  1. Компьютер жасөспірімдерді зорлық-зомбылыққа үйретеді.

Қазір компьютерде неше түрлі ойындар бар. Әрине, олардың көбі төбелес немесе соғыс туралы. Ойынды  балалар, көбінесе 5-6 сынып оқушылары күні бойы ойнайды. Ертеңіне осы ойындардан үйренген әрекеттерді достарына немесе жалпы адамдарға қолданбайтынына кім күмән келтіреді. Содан кейін оны кіші інілері қайталайды. Тағы да компьютер арқылы кинолар көруге болады. Әсіресе, жасөспірімдер неше түрлі диск алып көреді. Әрине, дисктің көбі тәлім-тәрбиесіз, зорлық-зомбылық, ұрыс, соғыс туралы. Бәрі осылай жалғаса берсе, біз мәдениетімізден, ұлтымыздан, салт-дәстүрлерімізден айырыламыз. Тағы да бір айтып  кететін жайт – қазір қаланың кез келген бұрышында компьютерлік салондар қаптап кетті. Балалар таңертең сабаққа шығады, бірақ жете ме, жетпей ме біз білмейміз және де оған қосымша ақшаларын жұмсайды.

Жүргізуші:  Сөз кезегі  «Намыс» фракциясының 3-спикеріне беріледі. Сіздің баяндау уақытыңыз 10 минут.  («Намыс» фракциясының 3 спикеріне сөз беріледі. )

3-спикер:

Армысыздар, құрметті көрермендер, қарсы фракция. Бүгінгі ˝Компьютер пайдалы ма, әлде зиян ба?˝ деген пікірталаста біздің алға ұсынып отырған позиция «Компьютер пайдалы және ол біздің өмірімізге қажетті құрылғы».

  1. Компьютер уақытты үнемдейді.  Оған айтар дәлеліміз күнделікті көп қолданылатын жазбалар,  рефераттар, ғылыми жұмыстар, мақалалар, шығармалар және т.б. жатады. Осы аталған жұмыстарды қолмен, яғни жай сиямен жазғаннан гөрі компьютерде басып шығарған өте тиімді. Ал осы жазылған жұмыстардың бірнеше көшірмесі керек делік, ондай жағдайда қолмен қайта жазып отырғаннан, компьютердегі принтер көмегімен аз уақыт ішінде бірнеше көшірмесін шығара аламыз.
  2. Ойындарға келетін болсақ, сіздер компьютерлік ойындар (атыс-шабыс) балаларға кері әсер етеді дедіңіздер. Ал осының  екінші жағын ойлап қарадыңыздар ма? Спорттық ойындардың, қолөнерлерінің баланың уақытын тиімді пайдаланады дедіңіздер. Ал осыған қабілеті жетпейтін, тіпті мүгедек, тіпті қызықпайтын оқушылар бар, солар қайтпек? Әрине, бұл жағдайларда компьютерлік ойындардың көп көмегі тиеді.  Барлық компьютермен енгізілген ойындар оқушылардың жан-жақты жетілуіне жақсы көмектеседі.
  3. Қазіргі балалардың психологиясы басқаша. Олар кітаптағы үздіксіз жолдар мен шектеулі парақтағы ақпаратты оқуға қызықпайды. Компьютерде электрондық оқулықтар, тесттер,іздеген бір тақырыптың нақты мағлұматтары және қызықты тапсырмалар бар.
  4. Осы отырған көрермендердің көкейінде  «Компьютермен жұмыс жасап отырғанда кенеттен электр тогы сөнгенде қайтпекпіз?» деген сұрақ болуы мүмкін. Компьютермен жұмыс жасап отырғанда кенеттен электр тогы сөнді делік, бұл жағдайларда компьютерге UPS қоректендіру блогы қосылуы тиіс.Ол 20-30 минут аралғына дейін ток сақтап тұрады. Бұл уақытта, сіз жұмысыңызды сақтап, тіпті бірнеше көшірмесін жасап үлгересіз. Мұны әрбір пайдаланушы білуі тиіс.
  5. Сіздер жаңа компьютер адам денсаулығына зиян деп айтып кеттіңіздер. Бірақ, олай емес. Әрбір адамның денсаулығы өздерінің қолында. Денсаулықты сақтау үшін адам компьютермен жұмыс жасап отырғанда техникалық қауіпсіздік ережелерін   сақтау керек. Ережелер талапқа сай орындалса, денсаулыққа зиян емес. Көзге әр 20-25 минут сайын жаттығулар жасалып тұруы қажет. Көз бен компьютердің ара қашықтығы 50-60 cм болу керек. Жұмыс кезінде ақ халат кисе, ультракүлгін сәулесінен сақталады. Ал көзді сақтау үшін, қазіргі кезде  қорғаныс көзілдірігі бар. Ал ол жоқ жағдайда, компьютер алдына кактус гүлін қою керек. Кактус гүлі бойына компьютерден бөлінген сәулелерді бойына тартып алады, ал осы айтылған ережелер орындалса, денсаулығымызды сақтаймыз. Компьютер заман талабы болғандықтан: сауда саттық қатынастарда, банктерде, мектептерде, зауыттарда т.б. салаларда қолданылады. Тіпті бір сөзбен айтқанда, адамның компьютерсіз күні жоқ.
  6. Ал енді медицина саласына келетін болсақ, Гарворд және Принстон университетінің ғалымдары микроскопиялық құрылымда биокомпьютерлер жасауда аса маңызды қадам жасады. Ол емдеуге алынған жеке ауру жасушаны табуға қолданылады, яғни қатерлі немесе ауру жасушаны сау жасушадан бөлек емдеу қиын, бүгінде оны емдеу тек компьютердің арқасында дей аламыз.
  7. Компьютер тек жұмысқа ғана қажетті құрал емес, ол бірсыпыра қосымша ақпараттық құрылғылар мен бағдарламалар болған жағдайда музыкалық орталыққа немесе үйдегі шағын кинотеатрға да айналып, көңіл көтеруге қажетті құралдардың бірі болып табылады. Компьютердің әуендерді ойнату мен фильм көрсету мүмкіндіктері арқылы дыбыстық файлдарды түрлендіріп, бейнеклиптерді жасап, сүйікті әндерәіәздә орындап, оны цифрлық түрде дискілерге жазып шығаруға болады. Әрине, бұның барлығы компьютердің арқасында жүзеге асып отыр.

Өздеріңіз білетіндей, болашақта Ақтау City қаласы салынады деген жоспарымыз бар. Сол Ақтау City қаламыздың болашағы қандай болатындығын біз қалай білдік? Әрине компьютер көмегімен мұндай әсем қаламызды қағаз бетіне түсіру мүмкін емес!  Бұның бәрі компьютер жемісі емес пе? Сөзімді қорытындылай келе, «Компьютер уақыт талабы, компьютер адамның сана сезімін жетілдіреді». Компьютердің болашағы өте зор және болашақты компьютерсіз елестете алмаймыз!

Жүргізуші: Рахмет. Келесі кезекте «Тұлпарлар» фракциясының 3-спикерінің сөзін тыңдайық. Сіздің баяндау уақытыңыз 10 минут.  («Тұлпарлар» фракциясының 3 спикеріне сөз беріледі. )

3-спикер:

Сәлеметсіздер ме, құрметті көрермендер, спикерлер, танькипер және қарсы фракция. Біз бүгін сіздермен бірге «Компьютер пайдалы ма, әлде зиян ба?» деген тақырыпта  пікір таласпақпыз. Мен өз тобымдағы әріптестерім атап өткен пункттерді толықтырып өтемін.

Қазіргі таңда компьютер қарқынды дамып келе жатса да, оның біз үшін зияны жоқ емес.  

  1. Компьютерде қажетсіз зиянды болып табылатын атап айтқанда: ойындар, интернет сайты т.б. программалар жүйесі бар. Ойындар терраристік, антиимпериалистік бағыттарда құрылады.

Бұл ойындарды жастар, соның ішінде әлі толық өзіндік пікірі қалыптаспаған 7-8 жастағы жас-жеткіншектер ерте әрі көп ойнайды. Ол адамды неге үйретеді? Жауыздыққа, қатыгедік пен кекшілдікке, айналасындағы адамдарға немқұрайлы, мейірімсіз қарауға, қылмыс істеуге үйретеді. Еліміздегі кең қанат жайған жекеменшік клубтарындағы: төбелес, суық қару қолдану деген секілді оқиғалардың орын алуы.

Қазіргі таңда шетелдерден әкелініп дүкендерде сатылып жатқан компьютер ойын таспаларындағы қызыл қан төгіс, атыс, бір-біріне шабуылдау көріністері осыған дәлел. Таспаның іші емес, сыртқы мұқабасында суреттің өзі «жан түршіктіреді». Осыны өздеріңізге көрсету үшін осыны өздеріңізге көрсету үшін 3-4 дана таспасын алып келіп отырмын. Бәріміз жақсылап қарайық. Не көріп отырмыз? Бұған қарай отырып, біз бұл ойындар сана-сезімі жетілген ойлау қабілеті жоғары, мәдениетті, жауапкершілікті азамат болуға баулиды деу негізсіз. Міне сондықтан, қарсы фракция айтып өткен «ойындар, ондағы ойыншының алдына қойылған ауқымды мәселелер адамның сана-сезімін жетілдіріп, ойлау деңгейін көтереді», деген пікір қате. Мен бұған мүлде қарсымын.

  1. Компьютердің дүниеге келуімен елімізде оң өзгерістен гөрі сол өзгеріс басым. Атап айтсақ, жастардың білім деңгейі төмендеді. Бұрын бос уақытын кітапханаға барып, кітап оқитын, әдеби шығармаларға қызығатын балар саны азайды, мемлекеттік тілдің даму аясы тарылды. Яғни, мемлкеттік тілін жоғалтқан ел, мемлекет бола алмайды. Осы орайда, біз компьютерсіз өмір сүре аламыз. Сонау заманда ата-бабаларымыз компьютерсіз табиғаттың тылсым сырларын ашып, есеп-қисаптарды өздері жүргізді. Сонда да халық арасынан ұлы данышпан ғалымдар, математиктер алға шықты. Осы қаралған мәселелерге ұсыныс мынадай ойын таспаларына жұмсаған ақшаны неге кітап сатып алуға жұмсамасқа? «Ұлттық ойыны ұмыт болған жұрттың баласында ойыншық та болмайды» - демекші, электрондық ойындардың орнына ұлттық ойындарымызды шығарып, ұмыт қалған ойындарымызды  қайта жаңғыртамыз. Неге салт-дәстүріміз дәріптелген кино туындыларын жасамасқа?
  2. Елбасы Н.Ә.Назарбаев және бүкіл мемлекет болып алға қойған биік мақсат – 2030 жылыдамығанелуелдіңқатарынақосылудағыайқараесіктіашаркомпьютеремесол – еліміздің келешегі болып табылатын жастар – еліне адал, жемісті еңбек еткенде ғана, бұл мақсат орындалады. Осы биікті бағындырып, елудің арасына қалқайып емес, шалқайып тұрып, бабалардың аманатын арқалап, қазақша марқайып барсақ, не сын? Рахмет!

Жүргізуші: Сонымен конструктивті бөліміміз аяқталды. Біз әр фракцияның ақпараттық кейсін тыңдадық. Ендігі кезекте дебатқа келіп отырған көрермендерге өз ойын айтуға мүмкіндік берейік.

Көрермендер сөйлейді.

Жүргізуші: Сонымен, құрметті көрермендер, пікірталастың шешуші сәтіне келіп жеттік. Жеңімпаз анықталады.

Соғыста мәселе жеңуде емес, мәселе қатысуда дейді. Сондықтан, екі фракцияға да шығармашылық табыс тілейміз. Ал көрермендерге көп-көп рахмет айтқым келеді. Кездескенше, күн жақсы болсын.

Бағалау бетшес

Фракция аты

           «Намыс»

 (компьютер пайдалы)

 

           «Тұлпар»

  (компьютер зиян)

 

        1- с                       1-с

2-с

 3-с

Жалпы

  ұпай

 

         1- с                      1-с

 2-с

 3-с

Жалпы

  ұпай

Сөйлеу манері (2)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өзін ұстауы (1)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сөйлеу шешендігі (1)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сендіре білуі (2)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қарсыласты сыйлауы (2)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Аудиторияны тарта

білуі (2)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Факт дәделдеуі (5)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жалпы ұпай:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информатика және өмір.
Компьютер.
Қауіпсіз ғаламтор
Интернет және оның пайдасы мен зияны
Компьютер пайдалы ма, әлде зиянды ма? атты пікір сайыс
Берілген мәтін үзіндісіндегі ақпарт көлемін бағалау» Компьютер деген не? Программалық жабдықтамалар. Ақпаратты компьютерде сақтау
Компьютердің көмегімен хабарларды қабылдау және беру. Жергілікті желі
Компьютер. Компьютердің негізгі құрылғыларының міндеттері және мүмкіндіктері
«Компьютердің пайдасы мен зияны»
Информатика және Мультимедиялық кабинетте техника қауіпсіздігі ережесін сақтау
Бөлім: Уроки / Информатика | Көрсетілім: 9320 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык